Өзендердің қауышуы. Бір ағынның көршілес өзеннің бөлігін бөліп тастауы
немесе онымен бірігіп кетуі маңызды орын алады. Қауышулар (бұрып әкетулер)
қатар орналасқан аңғарлардың әркелкі дамуы салдарынан болады. Оның
себептері:1) эрозия базисінің әртүрлі жағдайларда болуы; 2) жалпы эрозия
базисіне дейінгі қашықтықтың әртүрлі болуы; 3) әртүрлі сулылық 4)
таужыныстар беріктігінің әркелкілігі. Қауышу үш типке бөлінеді: 1) бүйірлік; 2)
төбелік; 3) жапсарлық. Бүйірлік және төбелік қауышулар шегіністі эрозиямен
байланысты, ал жапсарлас қауышу – асимметрияның дамуы кезінде аңғардың бір
бүйіріне ығысуынан пайда болады.
Аңғарлар асимметриясы.
Өзен аңғарларының беткейлері әдетте
симметриялы болмайды. Олардың бір беткейі қиялау, екінші беткейі – жайпақ
және кең болып келеді. Ағын арнасы қиялау беткей етегі жағына ойысады. Бұл
құбылыс аңғарлар көлденең кескінінің ассиметриясы деп аталады. Оның пайда
болу себептері әртүрлі. Аңғар ассиметриясының пайда болуы себептері ретінде
гидродинамикалық, планеталық, климаттық
және
гидрогеологиялық,
гипсометриялық жағдайларды айтуға болады.
Атыраулар. Ірі өзендердің мұхитқа, көлге немесе шығанаққа құйған
сағасында олардың ағысы кенеттен баяулайды. Соның салдарынан ағызып келген
лай-құмдар су қоймасынан түбіне шөгіп су астында ысырынды конус түзеді.
Осылайша ол бірте-бірте биіктей береді де, құрлыққа айналып атырау деген
ерекше бедер пішінін құрайды. Оның сыртқы бейнесі үш бұрышты, яғни гректің
(дельта) әрпіне ұқсас, сүйір бұрышы өзен жақта орналасады.
Атыраудың құрылуына өзен ағысының мөлшері, жылдамдығы, сонымен
бірге, неотектоникалық қозғалыстар мен климат режимі де әсерін тигізеді. Осы
факторлардың күрделі байланыстары жер бетінде әр түрлі атырау пішіндерін
құрады.
Атыраудың қалыптасуында өзен шөгінділерімен қатар басқа да факторлар
қатысады, сол себептен атырау шөгінділерін ерекше бір геологиялық формация
ретінде қарастыруға болады. Бұның құрылымында арна және жайылма
шөгінділерімен бірге теңіз тұнбалары, көл, батпақ шөгінділері қабаттаса
кездеседі. Көл-батпақтар түбінде өсімдік қалдықтары, шымтезектер (торфяники)
пайда болады. Ежелгі атыраулар қойнауында мұнай мен газ кенорындары болуы
мүмкін.
Негізгі әдебиет: 1 [67-76], 2 [114-165; 199-205], 4 [100-130; 142-149; 205-239],
Бақылау сұрақтары:
1. Флювийлік процестер, арналық және арналық емес ағындар.
2. Өзендерде жайылма терраса жаралуы және олардың сипаттамасы.
3. Өзен аңғарларының типтері.
4. Бедер түзілімдерінде ағын сулардың ролі.
5. Өзен аңғарларының морфологиялық және генетикалық түрлері.
Достарыңызбен бөлісу: |