A) 1-А; 2-В; 3-С
B) 1-В; 2-А; 3-С
C) 1-С; 2-В; 3-А
D) 1-В; 2-С; 3-А
E) 1-А; 2-С; 3-В
13_13_02
&&&
Ботай мәдениеті
Аталмыш мәдениетті ғылыми айналымға археология профессоры В.Ф.
Зайберт енгізген. Ботай мәдениеті біршама түрде Солтүстік Қазақстан далалық
энеолитін толыққанды сипаттайды. Оның хронологиялық шеңбері б.з.б.
ІІІ-ІІ
мыңжылдықтарды қамтиды. Әйтсе де, 2008-2009 жылдары алынған
жаратылыстану ғылымдарының мағлұматтары Ботай қонысындағы кейбір
төменгі мәдени қабаттар б.з.б. V мыңжылдыққа баратындығын дәлелдеп берді.
Бұрын бұл мәдениеттің қалыптасуында атбасар
және маханжар мәдениеттері
елеулі рөл атқарғандығы айтылып келсе, ендігі жерде соңғы мәліметтер
бойынша энеолиттік Ботай мәдениеті осындағы жергілікті неолиттен бастау
алатындығы айқын болып отыр. Бірақ көршілес археологиялық мәдениеттердің
де оған тигізген ықпалы зор болғандығын жоққа шығаруға болмайды.
Қазақстанның солтүстік аймақтарындағы энеолит жайын қозғаған кезде Торғай
өңіріндегі «Терсек мәдениеті» жайлы да айтып өтуге болады. 1946-1951
жылдары азды-кемді жинастырылған материалдар негізінде А.А.
Формозов
энеолиттік «Терсек-қарағай мәдениетін» бөліп көрсету қажет екендігін
айтқанымен, мұнда далалық жұмыстар ұзақ уақыт жүргізілмегендіктен, бұл
мәдениеттің ғылымдағы орны нақтылана қоймады. Осында 1970 жылдардан
бастап зерттеулер жүргізген В.Н.Логвин кейіннен терсек мәдениетін бөліп
көрсеткенімен, оның да тарихнамадағы орны нақты көрсетілген жоқ.
В.Н.Логвин, С.С.Қалиева сынды археологтар ойынша «терсек мәдениеті» өз
алдына жеке мәдениет болып табылады. Ал белгілі ғалым В.Ф.
Зайберт оны
ботай мәдениетінің батыс нұсқасы деп есептейді. Келесі бір ғалымдар (В.С.
Мосин, С.В. Захаров) екеуінің өзара ұқсастығын айта келіп, оларды «ботай-
терсек» мәдениеті деп атауды ұсынады.
151.Ботай мәдениеті жататын дәуір
A) энеолит
B) мезолит
C)
неолит
D) кейінгі палеолит
E) ерте палеолит
152.Ботай мәдениетін ғылыми айналымға енгізген ғалым
A) З.
Самашев
B) В. Зайберт
C) В. Радлов
D) К. Риттер
E) Ә. Төлеубаев
153.Мәтін бойынша энеолиттік терсек-қарағай мәдениетінің ғылымдағы
орнының нақтыланбау себебін анықтаңыз
A) ауа райының қолайсыздығынан
Достарыңызбен бөлісу: