Герундий — The Gerund
Герундий – бір уақытта болып жатқан процесті көрсететін етістіктің бір формасы. Оған етістіктің қасиеті және зат есімнің қасиеті тән. Етістіктің түбіріне – ing жалғануы арқылы жасалады.
Мысалы: to read – reading.
We like sleeping. – Біз ұйықтағанды жақсы көреміз.
Герундий арқылы көрсетілетін іс-әрекет адам немесе затқа ара қатынасын білдіреді. Қазақ және орыс тілдерінде герундий жоқ. Мағынасы жағынан оған оглаголенные зат есімдер сәйкес келеді, мысалы, оқу (чтение), күту (ожидание) және т.б.
I go in for swimming — Мен жүзумен айналысамын.
Go on doing your exercises — Жаттығу жасауды жалғастырыңыз.
Ол сөйлемде зат есім және етістік қызметін атқарады. Бұл екі қасиеттерді герундий жиі атқарады. Етістік сияқты герундий де үстеумен анықталып, өзінен кейін тура толықтауышты қажет етеді:
Thank you for helping us with our work. — Біздің жұмысымызға көмектескеніңіз үшін сізге рахмет.
Ал зат есім сияқты демеуліктермен қолданылып, тәуелсіздік есімдіктермен немесе зат есімнің тәуелсіз формасымен анықталады.
I am fond of reading travel books. — Мен саяхат туралы кітаптарды оқығанды жақсы көремін.
Герундий формалары
|
Active
|
Passive
|
Simple
|
writing
|
being written
|
Perfect
|
having written
|
having been written
|
The Simple forms – негізгі етістіктегі іс-әрекетпен қатар болып жатқан іс-әрекетті білдіреді. Мысалы: We think of going there in the summer. — Біз онда жазда баруды ойластырып отырмыз.
He likes being invited by his friends. — Ол достары шақырғанды ұнатады.
The Perfect forms – негізгі етістіктегі іс-әрекеттен бұрын болған іс-әрекетті білдіру үшін қолданылады.
Мысалы: He denied having done it. — Ол оны істегенін мойындамады.
I remember having been shown the letter. — Менің хатты көрсеткендері есіме түсті.
Noun Characteristies of the Gerund
Сөйлемдегі қызметі
1) Subject (бастауыш): Going in for sport is useful.— Спортпен шұғылдану пайдалы.
2) Predicative (баяндауыш): My hobby is reading books. – Менің хоббиім кітап оқу.
3) Object (толықтауыш):
a) non- prepositional object (предлогсыз тура толықтауыш): I like reading— Маған кітап оқыған ұнайды.
b) prepositional object (предлог бар жанама толықтауыш): I am found of reading. — Мен кітап оқығанды ұнатамын.
4) attribute (анықтауыш)- of, for, in предлогтары қолданылады. I have pleasure of reading books. – Мен кітап оқығаннан лаззат аламын.
5) adverbial modifier (пысықтауыш) мынадай предлогтардан кейін қолданылады:
а) adverbial modifier of manner: by, without: You can’t take your skirt tighter by taking in a little at one seams. -Сен юбкаңды 1 тігіспен біріктіріп тіге алмайсың.
b) of time (уақыт пысықтауыш): on, upon, after, before бұл предлогтардан кейін герундийдің I nd формасы: After reading I went for a walk – Оқып болғаннан кейін қыдыруға шықтым.
с) of reason (себеп-салдар пысықтауыш): through, because – of: We were ashamed because of coming so early. – Біз соншама ерте келгеніміз үшін ұялдық.
d) of concession (уступки): in spite of: In spite of being diligent pupil this time he couldn’t cope with the task. — Ол ұқыпты оқушы бола тұра бұл жолы бұл тапсырманы орындай алмады.
е) of circumstances (сопутствие): without: She crossed the room without looking at us. — Ол бізге қарамастан, бөлмені кесіп өтті.
6) Complex verbal predicate (күрделі баяндауыш): He stopped reading.- Ол оқуды тоқтатты.
Модальдық етістіктерден кейін герундий қолданылмайды.
Төмендегі етістіктерден кейін герундий күрделі баяндауышта қолданылады:
to finish, to beep on, to go on, to stop, to give up, to leave off – бәр нәрсе істеуді тоқтау
to burst out – қатты айту
to continue- жалғастыру
to begin, to start – бастау
to result in – нәтижесі болу
to spend in – уақытын кетіру
to succeed in – табысқа қол жеткізу
to look forward to – сүйсіне күту
to be engaged in – шұғылдану
to be interested in – бір нәрсеге әуес болу
to be in danger of – қауіпті жағдайда болу
to accuse of smth – айып тағу
to approve of (disapprove of) – бір нәрсені мақұлдау (мақұлдамау)
to believe in – бір нәрсеге сену
to suspect in – бір нәрседен күдіктену
to think of – бір нәрсені ойлау
to be afraid of – бір нәрседен қорқу
to be capable (incapable) of – бір нәрсе істеуге жағдайы болу
to take to – байлану, үйрену
to be found of – қатты жақсы көру
to be pround of – тәккаппарлану, мақтан ету
to count on (upon) – бір нәрсеге сену, санау
to depend on (upon) – тәуелді болу
to complain of – шағымдану
to insist on – дегенінде тұру
to object to – бір нәрсеге қарсы болу
to get used to – бір нәрсеге үйрену
to put up with – достасу, шыдау
to be in the habit of – бір нәрсе істеуге дағдылану
can’t (could’t) stand – шыдау
It’s no use – пайдасыз
It looks like – ұқсас
a) төмендегі етістіктерден кейін тұра толықтауыш демеуліксіз қолданылады:
to appreciate – бағалау
to consider – санау, шешу
to defer, to delay –кейінге қалдыру
to deny – мойындамау
to detest – жек көру
to dislike – ұнатпау
to endure – шыдау
to enjoy – лаззят алу
to escape – қашу
to excuse, to forgive, to pardon – кешіру
to forbid – тыйым салу
to imagine – елестету
to postpone – кейінге қалдыру
to practice – жаттығу
to understand — түсіну
b) келесі етістіктер демеулікпен қолданылады:
to be disappointed at – көңілі қалу
to be surprised at – таң қалу
to be responsible for – жауапты болу
to see to – бақылау, қамына кірісу
to prevent from — бір нәрсе істеуге жол бермеу, сақтандыру
to agree to – келісу
to be (get) tired of – шаршау
Verbal Characteristies of Gerund
Герундийдан кейін үстеу қолданылуы мүмкін: He likes reading books aloud. – Ол кітапты дауыстап оқығанды ұнатады.
Герундийдан кейін тура толықтауыш қолданылуы мүмкін. – He likes reading books.
Герундийда шақ және етіс айырмашылықтары болуы мүмкін.
to want, to need, to deserve, to require етістіктерінен кейін және It’s worth, Can’t stand, Can’t bear тіркестерінен кейін герундий Passive формасында ешқашан қолданылмайды.
My shoes need repairing. – Менің аяқ киімім жөндеуді қажет етеді.
Бекіту жаттығу
Жаттығу №1
Герундийге назар аудара отырып, қазақ тіліне аударыңыз.
Repairing cars is his business. 2. It goes without saying. 3. Living in little stuffy rooms means breathing poisonous air. 4. Iron is found by digging in the earth. 5. There are two ways of getting sugar: one from beet and the other from sugarcane. 6. Jane Eyre was fond of reading. 7. Miss Trotwood was in the habit of asking Mr. Dick his opinion. 8. Have you finished writing? 9. Taking a cold shower in the morning is very useful. 10. I like skiing, but my sister prefers skating.
Достарыңызбен бөлісу: |