«ГҮл мереке, КҮн мереке – 8 наурыз» халықаралық Әйелдер күніне арналған орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары арасындағы сайыстың сценарийі



Дата17.07.2016
өлшемі58.35 Kb.
#205814
«ГҮЛ МЕРЕКЕ, КҮН МЕРЕКЕ – 8 НАУРЫЗ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЙЕЛДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН КІТАПХАНА ЖҮЙЕСІНІҢ КІТАПХАНАШЫЛАРЫ АРАСЫНДАҒЫ САЙЫСТЫҢ СЦЕНАРИЙІ


Жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті қауым!

Гүл көктемнің алғашқы, ең жүрекке жылы, мейірімді мерекесі – Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!

Осы мейрамға арналған орталықтандырылған кітапхана жүйесінің кітапханашылары арасындағы «Гүл мереке, күн мереке – 8 наурыз» сайысына қош келдіңіздер!


(Құттықтау. Тілек айту)

Жүргізуші:

XXI ғасыр - мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі кітапханада. Кітапхана – дүниеде ештеңе тең келмейтін білім бұлағының көзі. Қоғамның өсуі, адамзаттың өсіп-өркендеуі кітаппен тығыз байланысты. Осы кітапхана ісі саласында көп жылдан бері еңбек етіп, тер төккен майталмандар мен олардан үлгі-өнеге алып келе жатқан ізбасарлар арасындағы сайысымызды бастаймыз.

Сайысымызды бастамас бұрын біздің сайысымызға төрелік ететін, әділ бағасын беретін қазылар алқасын таныстырайық.

Әділқазылар алқасы: төрайымы – Власова Л.В.

Мүшелері: 1. Абдибекова А.

2. Курманова Б.Д.





Қатысатын командалар мүшелері:

І команда: ІІ команда:

Кудасова Л.А. Арзымбетова А.К.

Язикова Н.И. Узалина З.

Искакова Р.Г. Сопина Ж.Қ.

Жоржик Е.О. Мұхаметжанова Б.Қ.

Касенова Ф.М. Сарсекеева А.Н.


Жүргізуші:

Сайысымыз 6 бөлімнен тұрады.

Конкурс кезеңдері:

1. «Өзін-өзі таныстыру» - қатысушының визит карточкасы (3 мин.)

2. «Қиялшылдар» - қатысушылар кітаптың аттары бойынша әңгіме жазуы қажет (5 мин.)

3. «Сайра, бұлбұл»- караоке конкурсы (4 мин.)

4. «Ең үздік аспазшы» - аспаздық конкурс (8 мин.)

5. Үй жұмысы: «Кітап өміріміздің серігі» – театрланған көрініс

6. Блиц-турнир.


І кезең -Таныстыру (3 мин.)




Ортаға қошеметпен екі команданың мүшелерін шақырамыз.

Бұл кезең бойынша команда өзін таныстырады, эмблемасы, олардың сырт келбеттері, орындау шеберлігі бағаланады.



Жүргізуші: Қос команда өздерін таныстырды. Бәрін көріп, біліп отырсыздар. Әділқазылар не дейді екен? Қалай бағалайды екен, әділқазылардың бағасына зер салайық.

ІІ кезең - «Қиялшылдар» (5 мин.)

Жүргізуші:

Кезеңнің шарты бойынша команданың бір мүшесі қатысады. Үстелге 2 конверт қойылған. Конвертке 20 кітаптың аты жазылып салынған. Қатысушы жазылған кітаптардың аттары бойынша әңгіме жазуы қажет.

(музыка ойналып тұрады).

Жүргізуші:

Қыздарымыз берілген тапсырмаларын орындады, әңгімелерін айтты. Кімнің әңгімесі тартымды, қызықты, мазмұнды болғанын аз уақыттан кейін білетін боламыз. Әділқазылар бағасын беріңіздер.

ІІІ кезең «Сайра, бұлбұл» (4 мин.)

Жүргізуші:

Ал, қалқа, келді кезің жайнайтұғын,

Бұлбұлдай бақшадағы сайрайтұғын.

Өнердің қиясына шыққан сайын,

Қырандай аспандағы самғайтұғын, - деп сайысымыздың үшінші кезеңін бастайық.






Караоке конкурсы. Бұл бөлімде команда мүшелері 3 ән орындауы керек. Қапшықтан лото алып, қандай сан түссе, сол нөмірдегі ән караоке тізімінен қосылады.

Жүргізуші:

Қыздарымыз әншілік өнерін көрсетті. Оған бәріміз де куә болдық. Енді әділқазылардың берген бағасына назар аударайық.

ІV кезең – «Ең үздік аспаз» - аспаздық конкурс (8 мин.)

Жүргізуші:

Ас - адамның арқауы.

Аспен күш артады.

Тағам іш жағымды,

Тазартады жаныңды – дей отырып, сайыскерлерімізді ортаға шақырамыз.



Жүргізуші:

Өздеріңіз үйден дайындап әкелген ингридиенттерден өз фантазияларыңызға сай салат жасауларыңыз керек. Көргенде көз тоймайтын, тәбетіңді ашатын дәмді салат жасайды деп сенеміз. Олай болса, іске сәт!

(командалардың салат әзірлеуі)

Жүргізуші:

Сайыскерлеріміз бар өнерлерін салып салаттарын жасады. Дәмділігін, әдемілігін қазылар алқасы шешеді. Әділқазылардың бағасына көңіл бөлейік.

V кезең – Үй жұмысы: «Кітап өміріміздің серігі»театрланған көрініс

Жүргізуші:

Кітап көпті көрген көнекөз ақсақалдай тағылымы көп, тәрбиесі мол ақылшы сырласың. «Кітап-білім бұлағы» демекші, осынау білімнің тұңғиық мөлдір бұлағынан оқырмандарды сусындатып, олардың рухани дүниесін молайтып, тағылымы мол тәрбие ошағына айналған кітапхананың алар орны ерекше.

Сайысымыздың келесі бөлімін бастаймыз. «Үй тапсырмасы» деп аталады.Командалардың үйден дайындап келген «Кітап өміріміздің серігі» – театрланған көрінісін тамашалайсыздар.



(командалардың көрініс көрсетуі)

Жүргізуші:

Командаларымыз үй тапсырмасын көрсетті. Қойған қойылымын көрдіңіздер. Қатысушыларымыздың өнерін тамашаладыңыздар. Ендігі сөз әділқазыларда. Қазылар алқасының бағасын тыңдайық.

VІ кезең – Блиц-турнир

Жүргізуші:

Кезеңнің шартымен таныс болыңыздар.Барлығы 10 сұрақ. Командаларға 5 сұрақтан қойылады. Қатысушы қойылған сауалға тез ойланып, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса, қарсылас команданың мүшесі жауап беріп, өз командасына қосымша ұпай алу мүмкіншілігі бар. Баға ой жылдамдығына және дұрыс жауаптарға беріледі.

Жүргізуші:

Сайыскерлеріміз ұшқыр ойларын, білімдерін, біліктіліктерін көрсетті. Әділқазылар бағасын беріңіздер.

Жүргізуші:

Құрметті көрермен қауым! Біздің әріптестеріміз адал еңбектерімен сайыстың 6 кезеңінен өтті. Өздерінің бойларындағы асыл мінез, асыл қасиеттерін, ептілікті, тапқырлықты көрсете білген екі команданың бағасын қазылар алқасы өздеріңіз беріңіздер. Сөз кезегі өздеріңізде.

Қазылар алқасының төрайымы – Л.В.Власоваға сөз беріледі.






Номинациялар бойынша марапаттау кезеңі басталады.

1 . «Өтілді оптимистер» - «Оптимистки со стажем»

2. «Жайдары лингвист» - «Жизнерадостный лингвист»

3. «Кітапхананың алтын дауысы» - «Золотой голос библиотеки»

4. «Макдональдқа бізге жету қайда!» - «Куда Макдональдсам до нас!»

5. «Кітапхана оскары» - «Библиотечный оскар»

6. «Көпті білетін энциклопедист» - «Ходячий энциклопедист»
Қазылар алқасының мүшелері, көрермендер сөз сөйлейді (өз еркімен)


Жүргізуші:

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жылдың басқа мезгілінде болуға қисыны келмейтіндей. Өйткені, көктем секілді, әйелдер де адамзатқа өмір, жылылық пен әсемдік сыйлайды.

Қадірменді әріптестер! Жер – Ананы иітіп, көгілдір көктемді ала келген 8 наурыз – төл мерекелеріңіз құтты болсын! Көңілдеріңізді кір шалмасын! Құшақтарыңыз гүлге, үйлеріңіз бақыт пен қуанышқа толсын! Мереке күні әрдайым шат көңіл, ізгі үміт тілейміз.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет