Сабақ тақырыбы Өз ойыным



Дата21.09.2024
өлшемі15.39 Kb.
#503846
түріСабақ
Сабаққа талдау


Сабаққа талдау
Күні 13.10.2023. Сыныбы 4а. Мұғалімі Жанабергенова А.
Пәні информатика
Оқушы саны -----
Қатыспағаны ----
Сабақ тақырыбы Өз ойыным.
Сабақ мақсаты 4.4.2.2 өз сценарийі бойынша ойын жасау
Барлық оқушылар: Scratch программалау ортасын іске қосады
Көптеген оқушылар: Берілген сценарий бойынша ойынның скриптін құрады
Кейбір оқушылар: программаның скриптін тексереді
Қатысу мақсаты:Әдістемелік көмек көрсету
Мұғалім оқушылармен амандасты, сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстырды. «Арқаға сурет салу» ойыны арқылы психологиялық жағымды орта құра алды. Бұл ойын оқушыларға жағымды көңіл күй сыйлайды.
Мұғалімнің сабақ мақсатының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес жоспарлаған. Тапсырмалар қолжетімді. Қолданылған әдіс-тәсілдердің сабақ мақсатына сәйкес келеді.
Сабақты жоспарлауда белсенді оқу мен оқыту тәсілдерін тиімді пайдалана алды. Тапсырмаларға критерий, дескриптор құрастыра білген, бірақ қалыптастырушы бағалау әдістерін қолданды, өзіндік бағалау, өзара бағалау, бірін бірі бағалау болмады, яғни уақыт тиімді пайдаланбады. АКТ-ны пайдаланды, әр оқушыны компьютерге отырғызып, жұмыс жасатты. Сабақ барысында талантты және дарынды баламен жұмыс болмады. Мұғалімнің сыныпты басқара алғанымен, кері байланыс уақытында іске асырылмады. Оқушыларға өзін-өзі бағалауды ұйымдастыра алмады. Топтық жұмыс болмады.
Үй тапсырмасы уақытында берілді, талдап түсіндірілді.
Рефлексияны басқаруы жетілдіруді.

Қорытынды: жас маман өз ісіне жауапкершілікпен қарайды, ізденеді.


Ұсыныс:

  • сабақ барысында критериалды бағалау жүйесін пайдалана білуіне талдау және үйренуі,

  • рефлексиялық әрекеттерді жүзеге асыруын бақылауы,

  • сабақ барысында диалогтік оқытуды пайдалануы мен сұрақ қоя білу деңгейін бақылау және үйренуі үшін көмек қажет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет