Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» Сайыстың мақсаты



бет1/4
Дата23.01.2023
өлшемі23.03 Kb.
#468627
  1   2   3   4
1001 мақал


Сайыстың тақырыбы: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Сайыстың мақсаты: Оқушыларды мақал – мәтел, жұмбақтар айту арқылы көркем, ұтымды сөйлеуге, қиыннан қиыстыра білуге үйрету, ой-өрісін кеңейту. Өз қазақ әдебиетін құрметтеуге, өз тілін мақтан ете білуге тәрбиелеу. өз ойларын әдеби тілде жеткізе білуге баулу, ой жүйріктігін дамыту.
Сайыстың барысы:
І.Кіріспе бөлім
- Құрметті ұстаздар, оқушылар, «1001 мақал, 101 жұмбақ» атты танымдық сайысымызға қош келдіңіздер!
Ата-бабамыздан қалған өшпес мұра, көлемі жағынан шағын болғанымен мазмұны терең қымбат қазынаның бірі- мақал-мәтелдер. Оқушыларға мақал-мәтелдерді үйретіп ұғындыру, баланы көптеген жақсы қасиеттерге адамгершілікке, адалдыққа тәрбиелейді. Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, жинақталған, өтімді түрде айтылатын күрделі ойдың қорытындысы, бейнелі тіл байлығымыз. Қоғамда болып жатқан елеулі өзгерістер, салт-дәстүріміз, әдет-ғұрпымыз, мақал –мәтелдердің шығуына негіз болған. Мақал- мәтелдердің бала тәрбиесінде маңызы өте зор. Ал, жұмбақ шешу арқылы оқушының ой-өрісі, дүниетанымы кеңейеді. Оқушы ізденімпаздыққа, тапқырлыққа үйренеді. Дегенмен, мақал-мәтелді орынды қолдана білу, мағынасын түсіне білу де өнер.
-Ендеше, «1001 мақал, 101 жұмбақ» сайысымызды бастаймыз. Ойынның шартымен таңыстырайын. Ортаға үш топ шығады, «Тұлпар», «Сұңқар», «Қыран». Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады, жартылай жауап 5 ұпаймен бағаланады.
І тур. "Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
ІІ тур. «Кім жүйрік ?»тапсырмаларды орындау
ІІІ-тур."Тапқыр болсаң, тауып көр"Жұмбақ шешу.
ІҮтур. «Намыс-Дода» бөлімі топ басшылар жарысы
Ү тур. Көрермендер көрімдігі.
Әділқазы алқалары:

ІІ.Негізгі бөлім
1 тур
"Білгенге маржан"мақал-мәтелдің жалғасын табу
1. Оқу білім бұлағы..... (білім өмір шырағы)
2. Жаңбыр бір жауса,.... (терек екі жауады)
3. Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
4. Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
5. Көп жасаған білмейді....../көп көрген біледі/
6. Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
7. Жері байдың... (елі бай)
8. Досы көпті жау алмайды.... /ақылы көпті дау алмайды/
9.Жауға жаныңды берсең де...... /сырыңды берме/
10.Өз білмегеніңді кісіден сұра.... /кісі болмаса, кішіден сұра/

1. Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)


2. Әдепті бала – арлы бала,... (әдепсіз бала сорлы бала)
3. Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
4. Еңбек етсең ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
5. Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
6. Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
7. Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
8.Саналы адам сағыңды сындырмас... /жаман адам жағыңды тындырмас/
9.Бейнетің қатты болса.... /Татқаның тәтті болады/
10. Еңбек етпесең, елге өкпелеме...../Егін екпесең жерге өкпелеме/
1. Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
2. Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
3. Мың малын болғанша,... (бір балаң ғалым болсын /
4. Тіл тас жарады, ... (тас жармаса, бас жарады)
5. Ерді намыс өлтіреді, ... (қоянды қамыс өлтіреді)
6. Басқа елде сұлтан болғанша, ... (өз еліңде ұлтан бол)
7. Ердің атын... (еңбек шығарады)
8. Малы жоқ деп ерден түңілме...../Шөбі жоқ деп жерден түңілме/
9. Ер жігіт ел үшін туады,...../елі үшін өледі/
10. Білім қымбат......../Білу қиын/



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет