Көз қимыл нервтері (III, IV и VI жуптары) Дуйсембаев А.М. 610 ЖПД Көздің қозғалғыш нервтері (III, IV и VI жұптары) - Көз алмасының қозғалысы ішкі үш жұп нерв талшықтарынан тұратын сыртқы бұлшықеттермен жүзеге асырылады : көз қозғалтқыш (III), блоктаушы (IV) және бағыттаушы (VI). Соңғы екі жүйке жүйесі тек бір ғана бұлшық етпен қамтамасыз етеді, көз алмасының қозғаласын қамтамасыз ететін бұлшықеттің үлкен бөлігі жүйке жүйесінің III жұбымен байланысты. Клиникалық зерттеу жүргізгенде бұл үш жүйке жүйесін бірге зерттейді, сол себепті оларды бірге қарастыруға болады.
міндеті Көзқимыл нерві, N.oculomotorius — аралас нерв. Көзқимыл нервтің ядролары ми аяқшасы жамылғысында, мидың су құбырында, жоғарғы төмпешіктер деңгейінде жатады. Көзқимыл нерв ядроларының құрамына екі бүйір ядро , nuclei laterales, бір медиалді ядро, nucleus medialis; және жұп орталық парасимпатикалық ядролар кіреді. Ми затынан көзқимыл нерві ми негізіне көпірдің алдыңғы жиегі маңында, ми аяқшалары арасында, tossa interpeduncularis, аймағында көрінеді. Кейін көзқимыл нерві алға бағытталып, a.cerebri posterior және a.cerebellaris superior арасындағы саңылауда жатып, қатты ми қабығына тесіп өтеді, ішкі ұйқы артариясынан тысқары үңгірлі қойнаудың жоғарғы саңылауы арқылы көзұя қуысына кіреді. - Кейін көзқимыл нерві алға бағытталып, a.cerebri posterior және a.cerebellaris superior арасындағы саңылауда жатып, қатты ми қабығына тесіп өтеді, ішкі ұйқы артариясынан тысқары үңгірлі қойнаудың жоғарғы саңылауы арқылы көзұя қуысына кіреді.
- Көзқимыл нерв көзұя қуысына кірмес бұрын екі жоғарғы және төменгі тармақтарға бөлінеді.
- Көз қимыл нервінің барлық үш жұбына (III, IV, VI) бір уақытта зерттеу жүргізіледі. Науқастан қосарлануып көріну бар немесе жоқтығын сұрайды. Көз саңылауларының енін, көз алмаларының орналасуын, көз ұяшықтарының көлемі мен улкендігін , ұяшықтардың тітіркенгіштігін, жоғарғы қабақ пен көз алмасының қозғалыс көлемін анықтайды.
- Көз саңылауларының енін анықтау: птоз кезінде жоғарғы қабақтың тарылуы(біржақты, екіжақты, симметриялы, симметриялы емес); көз саңылауларының кеңдігі жоғарғы қабақтың көтерілуіне байланысты. Көз алмасының орналасуындағы өзгерістерді анықтайды: экзофтальм (біржақты, екіжақты, симметриялы, симметриялы емес); энофтальм, қыликөздік (бір -, екіжақты, көлденең жинақталуы, тігінен жинақталуы— Гертвиг-Мажанди симптомы), бір бағытқа қарағанда күшейеді.
Достарыңызбен бөлісу: |