ИНТЕРВЕНЦИЯ –зорлық жолымен кірісу.
ИНТЕРНАЦИОНАЛИЗМ (лат.) - әртүрлі мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың
немесе олардың жекелеген бӛліктерін – таптардың, әлеуметтік жіктердің немесе
топтардың бірігуі үшін мүдделері мен саясат пен кӛзқарастар.
ИНФРАҚҰРЫЛЫМ (лат.) – қосымша бағынышты сипаты бар және экономикалық
немесе саяси жүйенің нормальдіқызметін қамтамасыз ететінэкономикалық немесе саяси
ӛмірдің жалпы құрылысының құрамдас бӛлімі.
ИНЦИДЕНТ (лат.) – жағымсыз мінездегі оқиға.
ИСТЕБЛИШМЕНТ (англ.) – мемлекеттік, экономикалық, қоғамдық-саяси институттар
және ұйымдар, сонымен қатар олардың ӛкіл адамдары, топтары, қоғамда билікке беделге
ие адамдар.
“К”
КАМПАНИЯ (фр.) – 1) белгілі бір мерзімге есептелген қоғамдық саяси немесе
шаруашылық шараларының жүйесі. (мысалы, сайлау науқаны, егін-орақ науқаны). 2)
ауыспалы түрде – қайсы бір адамға ұйымға және сол сияқтыларға немесе олардықолдауға
қарсы жүйелі және мақсатты бас кӛтерулер. 3) белгілі біл кезеңде, белгілі бір әскери
әрекеттердің әскери операциялардың әскери жорық.
КАПИТУЛЯЦИЯ (лат.) – соғысушы жақтардың біреуінің қаруланған қарсыласуды
тоқтатуды және оларға қойылған шарт бойынша жеңімпазға берілуі.
КЛЕРИКАЛИЗМ (лат.) – қоғамдық ӛмірдің барлық саласын дінменен шіркеудің
ықпалын күшейту үшін кең қолданылатын саяси бағыт.
КЛИКА (фр.) – адамдар тобы, әр түрлі деңгейдегі билігінің құрылымы басында тұратын
не оларға жақын тұрғандардан құралатын, әрекеті ӛзінің жеке мүдделерін, жеке басының
баюын қанағаттандыруға бағытталады.
КЛУБ (ағыл.) – саяси, ғылыми, кӛркем шығармашылық, спорттық және басқа да
мүдделерін байланыстыратын адамдарды, топтарды қарым-қатынас мақсатында
біріктіретін қоғамдық ұйым.
КОАЛИЦИЯ (лат.) – белгілі бір мақсаттарға жетудегі құрылған одақ.
КОГОРТА (лат.) – жалпы бір идеяға, мақсатқа, біріккен адамдар тобы.
Достарыңызбен бөлісу: |