ГЛОССАРИЙ (Сөздік)
Материал арасындағы байланысты орнату үшін маңызды бөлімдерге бөліп оқытудың әдісі немесе сатысы талдау деп аталады. Ғылыми зерттеудің де бірден-бір әдісі бөлімдерге бөлу болып табылады. Сараптаманың кеңінен тараған түрі - жіктеу: мысалы: ақ- қара, үлкен-орташа-кішкентай. Маман-сараптамашы, ғылыми талдау әдістерін жетік меңгерген маман.
Андрагогика – ересек адамдарды оқыту шеберлігі мен ғылымы: мектеп жасындағы балаларды оқытуға негізделген педагогикаға қайшы келетін, үйрету және зерттеу ересектерді оқыту қағидасына негізделген сала.
Іскерлік ойын- еліктірудің бір түрі, алдын-ала қойылған мақсатқа жету барысында бірнеше қатысушының немесе топтардың арасында ұйымдастырылатын жарыс.
Бейнелеу ойыны – шынайылыққа негізделіп, кейде мүлде алшақ үлгімен алмастырылады.
Бейнелу ойыны ролдік ойынға қарағанда қатысушыларды шынайы өмірден өте алшақтатылған немесе толықтай шартты жағдайларға көшіреді. Үлгінің шарттылығы жұмыс барысындағы, өндірістік сипаттағы қиындықтардың қысымынан алшақтатылып, сондай-ақ үлгінің негізіне салынған іс-әрекеттер құрлымы, амал-тәсілдерді, дағдыларды ұтымды игеруге мүмкіндік береді.
Ролдік (кейіпкерлік) ойын- қатысушылардың белгілі ролді, бейресми, барынша шынайы мәнерде ойнауына негізделген оқыту әдісі. Ролдік ойын аяқ астынан туындаған немесе алдын ала құрылған үлгіде болуы мүмкін.
«Мұзжарғыш» ойыны («іс-әрекетке жұмылдыру») қатысушылардың танысуына және жұмыс жағдайын қалыптастыруға мақсатталған жаттығу түрі. Жаттығудың міндеті- адамдарды өзара қарым-қатынас жасауға итермелеу («мұзды жару»). Топтың құрылу кезеңін тез өтіп еркіндікті сезінуге, қызығушылық пен белсенділікті, ақпаратты қабылдап алмасуға, ынтымақтастық пен жайдары көңіл күй қалыптастыруға «мұзжарғыш» ойынын қолдануға болады. «Мұзжарғыш» ойыны қатысушылардың барлығын жұмысқа толық араласуына, тренингтің барысына, өз септігін тигізеді.
«Жандандыру» (энерджайзер) ойыны (ширату)-белсенділілікті арттыруға арналған жаттығу.
Кейс (нақты жағдай) (case-жағдай, мәселе)- шынайылыққа негізделген, жеке немесе топпен бір мәселені талқылау барысында іздестіруге және жүзеге асыруға бағытталған, іс әрекетін сипаттап, өзіне қосымша саладағы ақпараттандыруды енгізеді. Кейстің кейбір түрлері: қандай да бір теория және концепцияны бейнелеуші; тарихи оқиғаны жаңғыртушы; шешім қабылдауды үйренуге арналған; ақпаратты жүйелеу және талдау дағдыларына оқыту. Көптеген кейстер жоғарыда аталған аспектілерден тұратындықтан, оладың нақты анықталған бейіні жоқ.
Кейс-әдісі (нақты жағдай, кезең) (case-study)- әлеуметтік және техникалық жағдайларды шынайы сипаттап, қолданатын техникалық оқыту. Ұйымдағы нақты бір шынайы жағдайдың жазбаша сипаттауын жатқызуға болады. Мысалы: білім тарихы, ұйымның қалыптасуы, ұйымның дамуы, бизнестегі нәтижесі жатады. Қатысушыларға мәселені талқылап, жағдайдың мәнін анықтап, оның шешу мүмкіндігінің ең тиімдісін таңдауды сұрайды. Бұл әдіс 20 жылдары Гарвардта зерттеліп, жасалған. Американдық кейстер еуропалық кейстерден өзгеше. ( тақырыптың өзі 20-25 беттен тұрады). Еуропалық кейстер өте қысқа. Онда шешімнің әр түрлі нұсқасы беріледі. Жүргізуші әр кімнің көзқарасының айырмашылығын мадақтап, талқылауға ынталандыруы қажет. Бұл әдісті қолдану барысында дау – жанжалдың алдын алып, кейбір қатысушылардың талқылау барысында үстемдікке бой алдыруына жол бермей, жүргізуші өзіне тиімді шешім шығарғаны жөн. Кейс шындыққа жанасатын және ойдан шығарылған деп ажыратылады.
Әдіс-теориялық, тәжірибелік, танымдық, басқарушылық, тұрмыстық сипаттағы мәселелерді шешудің белгілі жолдары мен тәсілдері.
Моделдеу – сараптама мен талқылау жасау үшін, әр-түрлі жолдармен (макет, графика, компьютерлік үлгілер) істі, жүйені, құрлымды, көрнекі етіп жеткізу.
Миға шабуыл (мозговой штурм)- модератор немесе нұсқаушының үйлестіруімен жүзеге асатын топтағы шығармашылық жаңашыл идеялардың құрылымсыз үрдісі.
Мотивация (уәждеме)-адамның мінез– құлқы ынтасын, оның іс әрекетін басқаруда пайдалану. Қазіргі таңда басқару теориясында ынта ұйымның мақсатқа жетудегі адамдардың талабы, ниеті деп ұғындырылады.
Көрнекі-құралдар–оқытудың көрнекілік амалы. Оқыту барысында екі функция қолданылады: заттай көрнекіліктер және ақпарат көздері. Табиғи және бейнелеу деп бөлінеді. Көрнекіліктің кіріктірілген түрі де бар.
Кері байланыс орнату (feed-back)- адамға оның іс-әрекетің нәтижесі және салдары туралы ақпарат ұсыну. Жаңа тәжірбие жинақтаудың қуатты құралы.
Талқылау-тренингте қатысушылардың назарын аударып, белсенді ақпарат және тәжірибе алуы үшін негізгі техниканың бірі. Талқылау барысында топ мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынас нығаяды. Талқылауды қосымша немесе өз бетінше қолдануға болады. Бұл әдісте қатысушылардың көзқарасын әр түрлі қырынан тыңдауға, қорытынды жасауға, ақпаратты топтастырып, әр қайсына өз ойын айтуға мүмкіндік береді. Бұл әдісті пайдаланудың тиімділігі нақты бір мақсатқа жетуі үшін жаттықтырушының сұрақ қоюына байланысты. Ашық сұрақтарға негізделеді. Жаттықтырушыға фасилитация дағдыларын пайдаланған өте маңызды.
Оқытудың техникалық амалы-тиімділікті арттыру мақсатында оқыту үрдісінде ақпараттарды өңдеу және ұсынуда жүйе, кешен, құрылғылар мен аппаратураларды пайдалану.Оқытудың техникалық амалын функционалдық жағынан үш негізгі топқа бөлуге болады: ақпараттық, бақылаушы және оқытушы. Тренинг –қатысушылардың біліктілігін өзгертуге бағытталған, интерактивті әдісті оқыту негізінде құрылған топқа білім беретін және тәжірибе арқылы оқытатын іс-шара.
Фасилитация-(ағылш. facilitate — себепші болу, жеңілдету, көмектесу) — басқа адамның белсенді қатысуымен бір адамның немесе топтың іс-әрекетін жеңілдету процесі.
Достарыңызбен бөлісу: |