Гобелен өнерінің дамуы Сәндібек Мадина -№163мектептің 8 сынып оқушысы Омарова Зәуреш-№163 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі



Дата09.06.2016
өлшемі9.51 Mb.
#124308
Гобелен өнерінің дамуы

Сәндібек Мадина -№163мектептің 8 сынып оқушысы

Омарова Зәуреш-№163 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі

Қызылорда облысы, Жаңақорған кенті

Кіріспе

Қазақ халқының қолөнері

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2030» стратегиясында алға міндет етіп қойған ішкі және сыртқы саясатының аса маңызды 30 бағытының бірі – мәдени мұра бағдарламасы аясындағы халықтың мәдени құндылықтар мен дәстүрін дамыту. Осы бағытты ескере отырып көнере бастаған қолөнерді бүгінгі күнде өз кәдемізге жаратып, қолданудың маңызы өте зор. Қазақ халқының қолөнері – сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап жатқан өте бай қазына. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру, тоқу, тігу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармышылық жиынтығын айтады. Қолөнер – ұрпақтан ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан халық мұрасы.







Қазіргі кезде егеменді елімізде бізге жастарға әсемдік тәрбие беруде ерте заманның мәдени мұрасы айрықша қызмет атқарады. Дүкенде сатылатын түрлі түске боялған қытай, үнді салфеткаларын көріп, өз халқымыздың өнерінде гобеленнің алар орны ерекше деп білемін. Қазақ халықтың тамаша бұйымдары киіз басу, кілем тоқу өнерлерін білеміз. Әр шебердің түсінігімен, қолмен жасалатын дүние болғандықтан гобелен қайталанбайтын дүние. Гобеленді бағалау үшін оны жай көзбен көру жеткіліксіз, қолмен сипап жасалу техникасына назар аударғанда шебердің шеберлігін байқауға болады. Қазақтын кілемдері түкті және түксіз болып келеді. Түксіз кілемнің екі жағыда тақыр, ал түкті кілемнің бетіне түк салынады. Түксіз кілем тоқу әдісімен тоқылатын бұйымдар елімізде жақсы дамыған, әсіресе Торғай, Қостанай, Қызылорда, Шымкент облыстарында кең дамыған тоқу өнері ұрпақтан ұрпаққа ауысып, қадір қаситетін жоймаған. Тоқу өнерін қазақтың көшпелі тұрмысымен салыстыра айтуға болады.



ІІ. Негізгі бөлім

Қолөнер – халқымыздың ұлттық мұрасы. Қазақтың ұлттық қолданбалы өнер тарихы көшпелі өмірдің салт-дәстүрімен тығыз байланысты. Халық шеберлері ұлттық қолөнер мұраларын өмірге әкелді. Атап айтатын болсақ, ұсталар: найза, қылыш, айбалта, семсер сияқты қару-жарақ түрлерін әзірлеген. Ал ағаш шеберлері киіз үйдің сүйегінен бастап, үй мүліктері: сандық, кебеже, асадал, тостаған, ожау, астау және музыка аспаптары: домбыра, қобыз, шертер, т.б. даярлаған. Зергерлер сәндік әшекейлік бұйымдар: сырға, білезік, алқа, өңіржиек, бойтұмар, шашбау, т.б. жасаған. Ісмерлер тоқыма, киіз басу, киім тігу өнерін дамытқан. Қолөнер қашанда заман, өмір ағымымен бірге туындап, дамып отырады. Қазақ қолөнерінің өсу жолы, өзіне тән даму тарихы бар. Ол тарих сонау көне замандардан басталады. Қазақ халқы кең байтақ республика жеріндегі ертеден қалыптасқан көне мәдениеттің тікелей мұрагері ғана емес, сол дәстүрді дамытушы, жаңғыртып байытушы. Бұл процеске әр кезеңде Қазақстан аумағына жан-жақтан келген көшпелі тайпалар мен халықтардың, сондай-ақ Ресей, Орта Азия халықтарының да мәдениеті әсер етті. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері айтарлықтай жоғары деңгейге көтерілді. Жүннен басылған бұйымдардың ішінен кілем, текемет, сырмақ, алаша, тұскиіз, қоржын, т.б. түрлерін атауға болады. Тоқыма өнері де көнеден келе жатқан қолөнердің бір түрі болып табылады. Кілем тоқушы шеберлер қазақтың ұлттық өнеріне өз үлестерін қоса білді. Тоқыма өнерінің түрлері – кілем, алаша, ши тоқу, гобелен өнері жылдан жылға дамып келеді.

Суретті кілем-гобелен өнерінің шығу тарихы ХV ғасырдан басталады. Ең алдымен Франция, Италия, Германия елдерінде дамыды. Кейіннен Балтық жағалауында, Кавказ және Ресей елдерінде кең өріс алды. Мұнда гобелен тоқуға негізінен кендір жіп, су өсімдіктері және жүннен иірілген жіп пайдаланылады. Балтық жағалауы суретшілері гобелен тоқуда көбінесе тоқыма тәрізді табиғат көрінісін белгілесе, Кавказ гобелен тоқымашылары тарихи оқиғалар мен эпостарды бейнеледі. Ресей суретшілері тақыр кілем үлгісімен суреттер салып тоқыды.

Гобелен көркем шығармашылық туындыға жатады. Сонымен гобелен өнерінің сәндік – қолданбалы өнерде алатын орны ерекше. Гобелен өнерінің қазақ қолөнеріне қадам басуы, қарқынды дамуы 1970 жылдардан басталды. Осы жылдары біздің елде тақырыптық, терең философиялық мазмұнды көркем туындылардың алғашқы бастамасы қалыптасты. Ұлттық дәстүрлі тоқыма өнері аз уақыт ішінде жаңа сипатқа ие болып, гобелен өнерімен тоғысты.



ІІ. 1 Гобелен өнеріне үлес қосқан суретшілер.

Бұл өнерді дамытуға ерекше үлес қосқан еліміздің суретшілері – Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, К.Жұбаниязова, Б.Өтепов, Ш.Қожанов, Г.Қастеева, Р.Базарбаева, т.б. айтуға болады.



Қ.Тыныбеков Б.Зәуірбекова И.Ярема

К.Жұбаниязова

Ә.Бапанов

Б.Өтепов Ш.Қожанов Г.Қастеева

Құрасбек Тыныбеков (1947 – 1980) шығармашылығының дамуы тікелей гобелен тоқу өнерімен байланысты. Оның шығармашылық ізденістегі басты жетістігі – классикалық гобелен тоқу дәстүрін ұлттық өнер дәстүрімен сабақтастыру болып табылады. Ең алғаш орындаған гобелендері: «Шолпан», «Отбасы», «Көктем», «Тау мен дала». Осы туындылар қазақ гобелен өнеріндегі компазициялық құрылымы күрделі бояу үндестігі басым туындылар болып табылады. 1970 жылы студент кезінде Қ.Тыныбеков ҚазССР-нің 50 жылдығына арналған Республикалық халықтық сән және қолөнер көрмесінде өзінің түнғыш туындысын көпшілік назарына ұсынды. Алғашқы жұмыстарын өзі-ақ өн бойында жеке нақыштарды айрықша компазициялық сапаларды жинақтады. Қ.Тыныбеков гобелендер, текеметтер жасау барысында әр түрлі техникада жұмыс істеді.

Батима Зәуірбекова (1946 ж. туылған) ең алғашқы туындыларында сәндік ұлттық ою-өрнекті сюжеттік көрініске ұластырып көзге түссе, кейіннен тақырыптық дүниелер жасауда гобелендері нәзік бояулармен дараланады. Оның «Керуен», «Дала аруы», «Жер ана» атты шығармалары сиқырлы әуенге толы.Ал «Қазақстан» атты көркем туындысы көп тұлғалы композициялық шығарма болып табылады.Мұндағы Қазақстанның кең байтақ даласының көріністері ою-өрнек бояу үндестігінің табиғи шешімдері арқылы табылған. Белгілі шебер Б.Зәуірбекова көлемі шағын туындыларымен қоса кең тынысты лирикалық – эпостық мазмұндағы күрделі іргелі туындылар жасау жолында жемісті еңбек етіп келеді. Оның гобелендері көрген жанның көңілін тербеп, ерекше әсерге , терең сезімге бөлейді. Көрерменнің ой зердесіне, таным түсінігіне лайықталған туындылары шым-шымдап әсер етіп, терең толғаныспен ойланып барып, асықпай қабылдауға жетелейді. Өзіне тән қайталанбас қолтанбасымен баршаға танымал Б. Зәуірбекованың еңбектері талғамды бояумен, мәнерлі суретімен әр сындарлы композициясымен ерекшеленеді. Бірқатар туындылары қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің төл дәстүрін шығармашылықпен дамытудың үлгісі болып табылады.

Ирина Яреманың (1931 жылы туылған) гобеленді шығармалары Қазақстан өнеріне қосқан үлкен үлес болып табылады. Әр алуан геометриялық фигуралар ою-өрнектер симметриялық үлесін тапқан. Нәзік үндескен бояу айшықтары сыршыл сезімдерге жетелейді.

Зейнелхан Мұхамеджанұлы қазақтың кесте өнерін халқымен қайта қауыштырған шебер ретінде танылды. Әрбір суреткердің жүрегінде құлыптаулы сыр жатыр. Зейнелхан жас шебер болмаса да, ата-бабадан қалған өшпес мұра – кесте тігу өнерінің қыр-сырын терең меңгеріп, көркем туынды тудыруда. «Қорқыт ата», «Жауынгер», «Балбалдар» атты көркем шығармалары бар.

ІІ.2 Гобелен өнерінің қажеттілігі.

Дүкендегі, базардағы бағасы.



Қолдан жасалған гобелен.





  1. Бұйымды берілген уақытқа дейін бітіру керек. Ол әрі арзан, әрі адамның көңілінен шығатындай әдемі болуы шарт.

  2. Дизайны: әдемі жіптермен тоқу, түрлерінің үйлесімдігін табу, әр түрлі суретермен келістіріп тоқу, мықты тоқылған, көлемі аса үлкен емес.

Бұйымға қажетті материалдар.

Техникалық қауіпсіздік ережесі:

  1. Инемен жұмыс жасағанда сөйлеуге болмайды. Инені ауызға салуға болмайды. Тоқып болған соң ине түйрейтін арнайы жастықшаларға түйреп қою керек.

  2. Қайшыны біреуге ұсынғанда ұш жағымен беруге болмайды.

ІІ.3 Гобелен өнерін өңдеу жолы .

Гобеленді әр түрлі әдіспен тоқиды.



  1. Түк салу әдісі: Екі жіпті арқау жіпке орап астынан аламыз.Түк шалынып болған соң шынышқымен ұрып тығыздаймыз.

  2. Гобелен инесімен тоқу: кенеп, бөз мата бетіне өзіме ұнайтын суреті саламын. Енді салынған суретті тоқуға кірісемін. Тоқитын инеге жіпті жіңішке сары сым арқылы өткізіп ине жіпті дайындаймын. Сонан соң, матадан өткізіп инеден шыққан жіпті басып қалып отырамын. Осылайша салынған суретті толтырып шығамыз. Медициналық инемен ақ қапқа тоқуға да болады.

  3. Ілмек бізбен тоқу әдісі: кенеп матаны немесе ақ бөзді ағаш бетіне керемін. Алдын ала дайындаған сурет бойынша әр түрлі жіптерді ұшын түйып кенептің теріс жағынан оң бетіне ілмекпен оң бетіне ілмекпен шығарып аламыз. Жіп матаның екінші ұшы әр уақытта жұмыстың теріс жағын да тұра береді. Осылайша ілмекті қайта шығарып аламыз. Кілемшенің астында артық жіп мата қалмауы тиіс. Жіп матаның оң бетіне шығарылуының ұзындығы 1,5 – 2 см болуы керек.

Мен инемен және ілмек бізбен тоқу әдісін таңдадым. Бір кілемшені тоқу мерзімі 4 – 5 күн. Гобеленнен көрпеше, шәйнектің астына қойятын қойғыш тоқыдым. Қазіргі біздің тоқымашыларымыз гобеленнің түк салу әдісімен тоқып жүр. Суретші Бапановтар әр түрлі гобелендер тоқып жүр. Гобеленнен жасалған бұйымдардың басты қасиеті оған еш нәрсе жоламайды, экологиялық жағынан таза. Ешқандай өзгеріске түспейді, иісі шықпайды, қоршаған ортаға еш жағымсыз әсері жоқ.







II.4 Бұйым жасауға жұмсалатын материалдар шығыны.

Картинаны әзірлеу кезінде, қаржыны үнемдеу мақсатында бұйымды дайындауға

кететін шығынды есептедім.

Р/с

Бұйымға қажетті материалдар

Базардағы не дүкендегі бағасы

Бұйымға жұмсалған материалдар бағасы

Шыққан шығын

1

Бөз мата

1м – 100т

0,5м

50 тенге

2

Жіп

1 орам – 60 т

10 орам

600 тенге

3

Барлығы:







650 тенге




II.5 Гобеленге байланысты қысқаша кеңестер

Өзіңіздің ең тамаша сезімінізді суреттеу барысында қолыңыз жеңіл қозғалу үшін кейбір кесте тігуге қажетті пайдалы кеңестерге құлақ түремін.

Кестешілікпен айналыспастан бұрын шебер өзінің жұмыс орнын сайлап алғаны жөн.

Кестені күндіз немесе жарық мол түсетін жерде тіккен дұрыс. Жұмыс орнына шамның жарығы сол жақтан түсуі керек.

Кестеленетін бұйымыныз мойныңыз бен омыртқаңызға салмақ түспейтін қашықтықта болғаны жөн. Басыңызды тік немесе сәл алға қарай еңкейтіп ұстаңыз. Істеп отырған ісіңізді ешқашан тізеңізге қойып тікпеңіз, оның орнына бұйымыңызды ауыр кесте жылжып кетпейтіндей заттың үстіне бекітіп қойыңыз.

Бекітілген матаны сол қолыңызбен ұстап отырған дұрыс. Инені тіккен кезде орта жерінен оң қолыңыздың бас бармағы мен сұқ саусақтың көмегімен ұстаңыз. Матадан инені өткізу қиындық тудырса, ортанғы саусағыңыздағы оймақтың көмегімен өткізуге болады.



ІІ.6 Гобелен өнерінің дамуы

«Қазақстан » Гобелен 1980 жыл

Қазақ халқының қолөнері ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа, атадан балаға жалғасын тауып келе жатқан бай қазына. Қолөнерін біртіндеп дамытып, үй жиқазына керекті заттарды қолдан жасап, әжелеріміз бен апаларымыз ой белсенділігінің арқасында қолөнердің ең бір тамаша да, қарапайым түрі гобелен өнерінің даму жолдарына үлкен мән берген. Мысалы: 1980 жылдардан бастап гобеленді қоғамдық орындарды безендіруге кеңенен қолданылды. Алматыдағы «Қазақстан» мейманханасының салтанат залын әсемдеуге арналған «Қазақстан» гобелені үшін Ярема, Зәуірбекова және Тыныбековке 1980 жылы Қазақстан мемлекеттік сыйлығы берілді. Кәзіргі таңда Қазақ мемлекеттік көркем сурет академиясы, Алматы мемлекеттік университеті және Қазақ Ұлттық өнер академиясы гобеленді тоқуына баулитын арнайы мектептер қалыптасқан.



ІІ.7 Жобаның экологиялық негізі:

Менің жұмысым көп мөлшердегі ресурстарды: энергия шығыны, қымбат материалдар, энергиялық құрылғыларды қажет етпейді. Өз жобамды жасау үшін мен қайшы, ілмек бізді ғана пайдаландым. Қоршаған ортаға ешқандай зиян келген жоқ.



Қорытынды.

Гобеленнен жасалған заттар сәнді, ерекше өз қалағанымдай болып шықты. «Мал жұтайды, өнер жұтамайды» ,- деп Абай атамыз айтқандай әр адамның өнер түрін үйрену арқылы ішкі дүниелері байиды, түсініктері кеңейеді. Гобелен өнері адам бойында төзімділікті, ұқыптылықты, істі аяқтауды қалыптастырады. Аудандық көрмелерге жүйелі түрде қатысып тұрамыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан халқына жолдауы» 2003ж 4 сәуір

  2. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы №3 48 бет

  3. «Қазақ халқының қолөнері» С.Қосиманов, Алматы 1969ж

  4. «Өнер» 10 сынып оқулығы

  5. «Мектептегі технология» әдістемелік журнал №5 2010ж, №5 2007ж

  6. «Қазақтың кесте өнері» Алматы кітап баспасы 2007ж


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет