62 бет
Өз ғұмырында ұйықтауды білмейтін, «бел жазып» демалуды білмейтін шыбын руынан шыққан осынау құйтақандай ғана АРАның сана-сезімі, түйсігі, түсінігі болмаса да, табиғат жаратқан, біздер үшін беймәлім әрекеті әрқашанда дамдар ақыл-ойынан асып кетер еді: өмір сүру, ұрпақ қалдыру ұранына, «конструкциясына» қылау түсірмей, өңдеп-өзгертпей, қатып қалған заңын бұзақыланып бұзбай, ғасырдан-ғасырға ұластыруы қайран қалдырар еді; ата-бабасынан бермен қимыл-әрекет, «ой-сана, салт-дәстүрін» бір жұп-жалғыз арнаға түсіріп алған АРАЛАР мемлекетінен адамдардың үйренері ұлан-ғайыр.
Мемлекеттің ішкі құрылысы, еңбек бөлінісіне өзгеріс кірмеген, тек ұяның сыртқы түрі ғана цивилизацияланған.
Тек қана сан қуған, көлем көздеген Ерік өз омартасындағы қанаттылардың тектілігі, еңбекқорлығы жоғалып, қабілет-мүмкіндіктері күн өткен сайын кеміп бара жатқынын бағамдайтын.
Достарыңызбен бөлісу: |