МӘТІНДІ ҚАБЫЛДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТАР
Оқушылар мәтінді дұрыс қабылдау үшін негізінен мынадай жұмыстар жүргізіледі:
1. Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау.
2.Мәтінге байланысты сөзлік жұмысын жүргізу.
3. Шығарманы оқу.
4. Әңгіменін жоспарын жасау.
5.Окыған шығарманың мазмұнын айту.
6.Шығарманық мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар.
Оқушылар оқыған материалдарының мазмұнын дұрыс қабылдап ондағы негізгі ойды жақсы ұғыну үшін, оқу сабақтарында алуан түрлі жұмыстар ұйымдастырыдады.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем бейнесі, суреттеуі арқылы қабылданады. Шығарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы т. б.) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі, қасқырдан қорыққан қоянға жаны ашып жылағысы келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде ұйымдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты. Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дайындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жүйесі жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты - балаларға шығарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу.
ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСЫНДА ҚАНДАЙ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР ҚОЛДАНУҒА БОЛАДЫ:
1.Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу;
2. Мұғалімнің әңгімесі.
3. Барлық сынып оқушыларының қатысуымен әңгіме айту;
4. Саяхатта байқағандарын пайдалану;
5. Суреттерді қарау;
6. Сұрақтар қою.
Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы
Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес
Мәтінді кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезенде жүргізіледі:
1) мәтінді оқуға дайындық кезінде;
2) шығарманы оқу барысында;
3) оқып болғаннан кейін.
Мұғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырылатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.
Оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмыс оқушылардың ойы мен тілін дамытудың ең маңызды шарты болып есептеледі. Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай - сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру, ол үшін оқу барысында жаңа сөз кездескенде окушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мұғалім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап - сөз бен балалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұшастырып отыру, өйткені сөз бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
ШЫҒАРМАНЫ ОҚУ
МӘТІНДІ ДҰРЫС ҚАБЫЛДАУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫСТЫҢ ҮШІНШІ ТҮРІ - ШЫҒАРМАНЫ ОҚУ. ШЫҒАРМАНЫ ОҚУШЫЛАР ДАУЫСТАП НЕ ІШТЕЙ ОҚЫП ШЫҒАДЫ НЕМЕСЕ ТЫҢДАЙДЫ. ОСЫҒАН ОРАЙ, ШЫҒАРМАНЫ АЛДЫМЕН ТҰТАС ОҚЫҒАН ДҰРЫС ПА, ӘЛДЕ БӨЛІП-БӨЛІП ОҚЫҒАН ДҰРЫС ПА ДЕГЕН СҰРАҚ ТУАДЫ. ШЫҒАРМА БІРІНШІ РЕТ ОҚЫЛҒАНДА ОКУШЫЛАР ОНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕРДІҢ ІСТЕРІМЕН ТАНЫСУҒА ТИІС. ЕГЕР БӨЛІНІП ОҚЫЛСА, БАЛАЛАРҒА ОНЫҢ МАЗМҰНЫН ТҮСІНУ ОҢАЙ БОЛМАЙДЫ.
ӘҢГІМЕНІ БӨЛІМГЕ БӨЛУ;
БӨЛІМДЕРГЕ АТ ҚОЮ
Шығармаға жоспар жасау
ЖОСПАР ЖАСАУ ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫН ТОЛЫҚ ТА ТЕРЕҢ ТҮСІНУГЕ МҮМКІНДІК БЕРЕДІ. БӨЛІМДЕРГЕ БӨЛУ ПРОЦЕСІ ШЫҒАРМАНЫ БІР РЕТ ТҰТАС ОҚЫП ШЫҚҚАННАН КЕЙІН, ҚАЙТАЛАП ОҚУ КЕЗІНДЕ ІСКЕ АСАДЫ. ЖОСПАР КЕЙДЕ ҚОРЫТЫНДЫ ӘҢГІМЕ КЕЗІНДЕ ЖАСАЛАДЫ, КЕЙДЕ ОНЫ ЖАСАП КЕЛУДІ ҮЙГЕ ДЕ ТАПСЫРУҒА БОЛАДЫ
ЖОСПАР ШЫҒАРМАНЫҢ МАЗМҰНЫН КӨРСЕТЕТІН ОҚИҒАЛАРДЫҢ ЖҮЙЕСІН БІЛДІРЕДІ. ЖОСПАР ЖАСАУ ЖҰМЫСЫ ЕКІ ТҮРЛІ ЖОЛМЕН ІСКЕ АСАДЫ
Оқылған шығарманын мазмұнын айту
Мәтіннің мазмұнын айтқызу екі түрлі жолмен іске асырылады:
1) толық
2) ішінара
Көлемі шағын мәтіндерді және жазбаша мазмұндамаға дайындық барысында толық баяндаттыру қажет. Ішінара мазмұндау көлемі үлкен мәтіндер бойынша және бөлімге бөліп оку, жоспар жасау барысында, көбіне қорытынды әңгіме кезінде іске асады.
Шығарманың жоспарын жасау мазмұнын айтумен тығыз байланысты
Шығарманың мазмұны бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар
Бастауыш сыныпта ұйымдастыруға болатын шығармашылық жұмыстың негізгілері:
a) Шығарманың баяндалу түрін өзгертіп әңгімелеу;
ә)Оқылған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу;
б) Оқылған шығарманың мазмұнын аз-кем өзгертіп әңгімелеу.
в) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу;
г) Мәтін бойынша қорытынды әңгіме ұйымдастыру
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |