Мазмұны
Кіріспе
|
3
|
1
|
Ә. Бөкейхановтың патша үкіметі тұсындағы қоғамдық-саяси қызметі
|
6
|
1.1
|
Өскен ортасы мен заманы
|
6
|
1.2
|
Ә. Бөкейхановтың азаматтық тұлғасының қалыптасуы
|
12
|
1.3
|
Қазақ халқының азаттығы үшін күресі
|
21
|
2
|
Ә. Бөкейхановтың саяси көшбасшылық қызметі және «Алаш Орда»
|
28
|
2.1
|
Саяси көшбасшы Ә. Бөкейханов және біртұтас Алаш идеясы.
|
28
|
2.2
|
Алашорданың большевиктер мен «Үш жүз» партиясы мен текетіресі
|
31
|
2.3
|
Алаш бағдарламасының қазіргі Қазақстан тәуелсіздігімен сабақтастығы
|
41
|
3
|
Ә. Бөкейхановтың кеңестік жүйесі тұсындағы қызметі және шығармашылық мұрасы
|
51
|
3.1
|
Кеңес мемлекеті кезіндегі қоғамдық-саяси қызметі
|
51
|
3.2
|
Ә. Бөкейхановтың шығармашылық мұрасы және еңбектеріндегі ұлттық идея
|
55
|
Қорытынды
|
58
|
Әдебиеттер тізімі
|
59
|
Кіріспе
Тақырыптың зерттеу өзектілігі. Қазіргі таңда қазақ халқы ұлттық жаңғыртуға, егемен мемлекет қалыптасуы мен оның даму барысындағы дүние жүзілік тарихи процесте алатын орнын айқындауда оның өткен тарихын жан-жақты оқып-үйрену мен зерттеудің қажеттілігі артып отыр. Қазақстан Республикасының халықаралық қауымдастық мойындаған ұлттық зайырлы және құқықтық мемлекет дәрежесі қазақ халқының ғасырлар бойындағы отаршылдық пен тоталитарлық жүйеге қарсы жүргізген ұлт-азаттық күресі сипатындағы ұлттық мемлекеттілікке бағытгалған күресі болды. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақтың бүкіл тарихы-бірігу тарихы, тұтастану тарихы» деген пікірін белгілі дәрежеде, әрине мемлекеттікті гуманистік, демократиялық құндылық ретіндt бағалау деп қабылдауға болады. Осындай қажеттілік Қазақстан тарихының кейбір күрделі кезендерін толық зерттеп, қалыптасқан көзқарастарды өзгертіп отыр [1].
Ұлттық тәуелсіздік күресінің жемісі болып саналатын Алашорда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясы тарихы ұлт зиялылары, оның ұлттық мемлекеттілікті жаңғыртудағы жемісі ретінде болды. Себебі кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе негізінде қалыптасқан ойлар ел өміріндегі елеулі оқиғалар мен фактілерді көп жағдайларда біржақты етіп көрсетіп, ақиқатты бұрмалап теріс пікірлерге негізделген теориялық тұжырымдамалардың пайда болуы мен орнығуына жол ашты. Алайда, Қазақстан Республикасының өз егемендігі мен тәуелсіздігін алуына байланысты, тарихи оқиғаларды жаңа тарихи таным бағытында зерттеу мен тың деректер негізінде қайта зерттеп, зерделесу мүмкіндігі туды. Отан тарихында халықтың өзін-өзі тануы, мемлекеттілік мәселесіндегі қиын да күрделі процестерді зерттеу нәтижесінде, әрбір тарихи кезеңдерде ұлттық зиялылар кызметі арқылы жүретіндігі мәлім. Солардың бірі өзінің көп үлесін қосқан елім, жерім деген тұлға Әлихан Бөкейханов болды. Жалпы зерттеп отырған «Әлихан Бөкейхановтың өмірі, саяси көшбасшылық қызметі және шығармашылық мұрасы» атты ғылыми жобаның өзіндік бір мәні бар. Яғни, ел есінде қалған тұлғаларымыздың барлық ерлігін жаңғырта отырып, өскелең ұрпаққа танытуымыз қажет. Олардың патриоттық сезімін ояту, біз секілді жас ғалымдарға міндет болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |