Гормондар-аз мөлшерде арнайы жасушаларда түзілетін,қанға не лимфаға бөлініп,нысана тіндерде зат алмасуды реттейтін,рецепторлар арқылы әсер ететін заттар



бет1/13
Дата23.04.2024
өлшемі43.12 Kb.
#499578
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
бх сессия рзч


Биохимия пәні бойынша сұрақтар:
16. Нейроэндокриндік реттелу сызбанұсқасы.
Гормондар тұралы түсінік.Гормондар-аз мөлшерде арнайы жасушаларда түзілетін,қанға не лимфаға бөлініп,нысана тіндерде зат алмасуды реттейтін,рецепторлар арқылы әсер ететін заттар.Гормондар эндокринді бездерде түзіліп,қанмен тасымалданып,алыста жатқан нысана жасушаларға ,сол безге жақын орналасқан тіндерге ,түзілген гормонның өзі түзілген жеріне әсер етуі мүмкін.
Екінші механизмі - ақуыз синтезінің жылдамдығының өзгеруі.
Гипофиз гормондары .
Гипофиздің алдыңғы,ортаңғы,артқы.Алдыңғы бөлімінде гипофиздің тропты гормондары:СТГ;АКТГ;ТТГ;пролактин ,ФСГ;ЛГ түзіледі.Ортаңғы бөлімінде меланоцитстимулдеуші гормон-бета эндорфин түзіледі.Артқы бөлімінде гипоталамуста түзілетін екі гормон –вазопрессин мен окситоцин қорға жиналады.Гипофиздің алдыңғы бөлігінің гормондарының нысана жасушалары шеткі эндокриндік бездерде болады және олар бұл бездердің гормондары секрециясына әсер етеді.ТТГ әсері тиротропин негізгі әсерінен басқа тироидты гормондардың активтілігіне көрсетеді.ЛГ орталық жүйке жүйесіне де әсер етеді.
СТГ
Хим,таб:191 АҚ-ның қалдығынан тұратын арнайылығы бар жай белок.
Әсер ету мех:біріншілік және үшіншілік механизм арқылы әсер етеді.Өзінің әсерін тирозинкиназды-фосфатазды каскад,фосфатидилинозидтік жүйе және сомамединдер арқылы тигізеді.Өсу гормондарының әсерінен бауырда соматомединдер түзіледі,олар үш түрлі болады-А В С.А С соматомединдер шеміршек,сүйек,дәнекер тіндеріне инсулин тәрізді ,В соматомединдер-ОЖЖ ға әсер етеді.Инсулин тәрізді эффектісі соматомединдердің нысана жасушаларының өткізгіштігі жоғарылап,аденилатциклазаның активтілігі төмендеуімен түсіндіріледі.А және С соматомединдерді дәнекер тіндерінің жасушаларының тұтасып өсуін,сүйек және шеміршек тіндерінде ДНҚ мен РНҚ синтезін артады,В соматомединдер тек жүйке тіндеріне әсер етеді.
Нысана жасуш:ағзаның барлық жасушалары
Физ,әсері:гормондардың әсері былай реттеледі-
-нысана жасушаларының пролиферациясын стимулдейді.СТГ бауырда соматомединдер мен аз мөлшерде инсулинді стимулдейді.Осы кезде АҚ,уридин ,тимидин және сульфаттардың саны шеміршек жасушаларына түсуі артып,белок, нуклеин қышқылдарының синтезі және хондроциттердің және басқа да тін жасушаларының пролиферациясы артады.
-метаболикалық эффект-СТГ көмірсулар алмасуына инсулин тәрізді әсер етеді,бірақ қысқа уақыт.Глюкозаның жасушаларға түсуін және тотығуын арттырып,одан кейін көмірсуларға контринсулярлы әсер көрсетеді-глюкозаның май тіндері мен бұлшықеттерде пайдаланылуы төмендейді,бауырда глюконеогеенез артады.Осы сияқты липидтер алмасуына әсерін тигізеді,30-40 мин ішінде инсулин тәрізді әсер етіп,липогенезді күшейтеді,одан соң май тіндерінде глюкоза жұмсалуы төмендейді.Қанда БМҚ мөлшері артады,липолиздің жоғарлауынан кетогенездің туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет