Государственное учреждение «национальный банк республики казахстан»



Дата27.02.2016
өлшемі89.6 Kb.
#28446


Жоба


«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

ҰЛТТЫҚ БАНКІ»
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ





РЕСПУБЛИКАНСКОЕ

ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ


«НАЦИОНАЛЬНЫЙ БАНК

РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН»

_________________________________________________________________________________________________________________


БАСҚАРМАСЫНЫҢ

ҚАУЛЫСЫ




ПОСТАНОВЛЕНИЕ

ПРАВЛЕНИЯ

2015 жылғы ______________



№ __

Алматы қ.

г. Алматы





Қазақстан Республикасы

ұлттық валютасы

банкноттарының қатар айналыста

болуының кейбір мәселелері туралы

«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңін ұзарту қажеттілігіне байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы банкноттарының қатар айналыста болу кезеңі:

1) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 2 000 теңгелік – 2013 жылғы 29 наурыздан бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында;

2) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2011 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 5 000 теңгелік – 2011 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында;

3) 2006 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – ескі үлгідегі ақша белгісі) және 2012 жылғы үлгідегі (бұдан әрі – жаңа үлгідегі ақша белгісі) номиналы 10 000 теңгелік – 2012 жылғы 10 сәуірден бастап 2016 жылғы 3 қазан (қоса алғанда) аралығында белгіленсін.

2. Ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерінің қатар айналыста болу кезеңінде:

1) екінші деңгейдегі банктер және Ұлттық почта операторы:

ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін өз кассаларынан, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға банкоматтар арқылы беруді жүзеге асырады;

жеке және заңды тұлғалардан келіп түсетін ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2001 жылғы 3 наурыздағы № 58 қаулысымен бекітілген Банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда кассалық операцияларды және банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі – Ұлттық Банк) филиалдарына тапсырады;


2) Ұлттық Банктің филиалдары:

ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін жеке және заңды тұлғаларға беруді жүзеге асырады;

заңды тұлғалардан ескі және жаңа үлгідегі ақша белгілерін Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10204 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жеке және заңды тұлғалармен кассалық операциялар жүргізу қағидаларына сәйкес кейіннен екінші деңгейдегі банктердің тиісті корреспонденттік шоттарына қолма-қол емес баламасын аудара отырып шектеусіз қабылдайды.

3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы қаулыларының күші жойылды деп танылсын.

4. Қолма-қол ақша айналысы департаменті (Балахметов А.А.) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

5. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ғалиеваға жүктелсін.

7. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.


Ұлттық Банк

Төрағасы Д. Ақышев

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы «___» желтоқсандағы

№ ___ қаулысына

қосымша


 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі

Басқармасының күші жойылған қаулыларының

тізбесі
1. «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7382 тіркелген, 2012 жылғы 26 қаңтарда «Егемен Қазақстан» газетінде № 3738 (27110) жарияланған).

2. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7622 тіркелген, 2012 жылғы 17 мамырда «Егемен Қазақстан» газетінде № 244 (27318) жарияланған).

3. «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8562 тіркелген, 2013 жылғы 7 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде № 184 (28123) жарияланған).

4. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 5000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 213 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 284 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9042 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

5. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2012 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 285 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9043 тіркелген, 2014 жылғы 16 қаңтарда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

6. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «2006 жылғы үлгідегі және 2012 жылғы үлгідегі номиналы 2 000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 127 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10209 тіркелген, 2015 жылғы 3 наурызда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған).

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының

«Қазақстан Республикасы ұлттық валютасы

банкноттарының қатар айналыста болуының кейбір мәселелері туралы»

қаулысының жобасына түсіндірме жазба





Р/с№

Жоба туралы мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші бөлімшенің ақпараты




1.

Әзірлеуші бөлімше


Қолма-қол ақша айналысы департаменті




2.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қабылдау қажеттігіне негіздеме

Қолма-қол ақша айналысы қажеттілігіне байланысты 2006 жылғы үлгідегі және 2011 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңі ұзартылсын




3.

Нормативтік құқықтық актінің жобасына қысқаша сипаттама

Изменение периода параллельного обращения банкнот номиналами 2 000, 5 000 и 10 000 тенге образца 2006 года.

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік банкноттардың қатар айналыста болу кезеңін өзгеруі






4.

Нормативтік құқықтық актінің жобасы Ұлттық Банк орталық аппаратының мүдделі бөлімшелерімен, сондай-ақ Ұлттық Банктің филиалдарымен және/немесе өзге де мемлекеттік органдармен келісу туралы мәліметтер

Қаулысының жобасы Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен және ҚРҰБ Басқарма мүшесі/Төрағаның орынбасарымен келісілді.




5.

Нормативтік құқықтық актінің жобасын қаржы ұйымдарымен, өзге де мүдделі заңды тұлғалармен келісу туралы мәліметтер

Қажет емес




6.

Сараптама кеңесінің және Ұлттық Банк аккредиттеген (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) жеке кәсіпкерлік субъектілері бірлестіктерінің қарауына жіберу туралы мәліметтер

«Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-нің ___.11.2015 ж. № _______ сараптамалық қорытын-дысы

(өзгерістер мен ұсыныстар жоқ).

«Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ___.11.2015ж. № ______ сараптамалық қорытындысы

(өзгерістер мен ұсыныстар жоқ).

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жанындағы Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің ____.11.2015ж. № ___ хаттамасы





7

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін Сарапшыға жіберу туралы мәліметтер

Қажет емес




8

Нормативтік құқықтық актінің (жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын Ұлттық Банктің нормативтік құқықтық актілері үшін) қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуін және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп айырысулардың нәтижелері

Жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының төмендеуіне және (немесе) ұлғаюына әсер етпейді.





9

Өзге де мәліметтер

Жоқ





Қолма-қол ақша айналысы

Департаментінің директордың м.а.


А. Балахметов

Орындаушы: Даутова Д.С.

Тел: 8(727) 270 45 69





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет