Қызылорда облысы
әкимиятының
2005 жылдың 20 желтоқсанындағы
№ 625 қаулысымен
Мақұлданған
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ
ЖАСТАР САЯСАТЫНЫҢ 2006-2008 ЖЫЛДАРҒА
АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ
Қызылорда қаласы, 2005 жыл
БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАЗМҰНЫ
|
Беті
|
1.Бағдарлама паспорты
|
3
|
2.Проблема мазмұны және оны бағдарламалық әдістермен шешудің қажеттігіне негіздеме:
|
|
Кіріспе
|
5
|
2003-2005 жылдардардағы жастар саясаты бағдарламасының орындалуы туралы
|
7
|
Қазіргі таңдағы проблемалардың жай-күйіне талдау жасау
|
8
|
3. Бағдарлама мақсаттары мен міндеттері
|
13
|
4. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері:
|
|
Жастар арасында салауатты өмір салтын және денсаулықты нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру
|
14
|
Жас азаматтардың әлеуметтік және құқықтық қорғалуы
|
14
|
Жастардың экономикалық дамуы мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау
|
15
|
Жастар саясатының ақпараттық қамтамасыз етілуі
|
16
|
Жас дарындарды қолдау мен дамыту
|
16
|
Жастар қоғамдық бірлестігінің қызметі үшін жағдай жасау және жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен азаматтық белсенділігін арттыру
|
17
|
Жастардың дамуына және әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау
|
18
|
5. Қажет ресурстар және оларды қаржыландыру көздері
|
19
|
6. Бағдарламаны жүзеге асырудан күтілетін нәтижелер
|
19
|
7. Бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары
|
20
|
1. БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ
Бағдарлама атауы
|
Қызылорда облыстық жастар саясатының 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы
|
Әзірлеу үшін негіздеме
|
«Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылдың 18 шілдесіндегі №734 қаулысымен бекітілген 2005-2007 жылдарға арналған Республикалық жастар саясаты бағдарламасы
|
Бағдарламаны әзірлеуші
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті
|
Орындаушылар
|
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті, аудандар мен Қызылорда қаласының әкімдері, Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаменті, Қызылорда облысының білім беру департаменті, Қызылорда облысының денсаулық сақтау департаменті, Қызылорда облысының мәдениет басқармасы, Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті, Қызылорда облысының сәулет, қала құрылысы және құрылыс департаменті, Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу департаменті, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті (келісім бойынша), Қызылорда облысының ішкі істер департаменті (келісім бойынша), жоғарғы және арнаулы орта оқу орындарының басшылары (келісім бойынша), ҚР мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы (келісім бойынша).
|
Мақсаты
|
Әлеуметтік бағдарланған жастар саясатын жүргізу, жастардың рухани, мәдени, білімді, кәсіби қалыптасуына және дене дамуына, бүкіл қоғам мүддесіне олардың шығармашылық әлеуетін ашуға, жастарды әлеуметтік бағдарлама негізінде және республикадағы жастар ұйымдарының жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасауға арналған әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепілдіктерді қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды әзірлеу және қабылдау.
|
Міндеттері
|
Салауатты өмір салтын қалыптастыру және денсаулығын нығайту мен сақтаудың тиісті дағдыларын қалыптастыру.
Жас азаматтарды әлеуметтік және құқықтық қорғау.
Жастардың экономикалық дамуы мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау.
Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету.
Жас дарындарды қолдау мен шыңдау.
Жастардың азаматтық белсенділігін арттыру оларды отансүйгіштікке тәрбиелеу және жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметін жақсарту үшін жағдай жасау.
Жастардың дамуы мен әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау.
|
Негізгі бағыттары мен іске асыру тетіктері
|
Бағдарламаны іске асыру тетігі Бағдарламаның іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шараларды жастармен жұмыс істейтін барлық мүдделі құрылымдарды тарта отырып, кезең-кезеңмен іске асыруға бағытталған мемлекеттік органдардың үйлестірілген іс-әрекеттерінен тұрады.
|
Жүзеге асыру мерзімі
|
2006 – 2008 жылдар
|
Қаржыландыру көзі мен көлемі
|
Бағдарламаны жүзеге асыру облыстық бюджеттен мынадай қаржылық шығындар бөлуді көздейді:
2006 жылы – 8 млн. 500 мың теңге;
2007 жылы – 8 млн. 925 мың теңге;
2008 жылы - 9 млн. 371 мың 250 теңге.
Ескерту: Бағдарламаның іс-шара жоспарының 3, 9, 10, 17, 24, 25, 29, 34 тармақтарындағы іс-шаралар бюджеттің нақтылануына байлынысты қаржыландырылады.
|
Күтілетін нәтиже
|
Бағдарламаны жүзеге асыру мынадай мүмкіндіктерге жол ашады:
1) жастар саясаты саласында еңбек ететін мемлекеттік органдардың қызметін бағыттауға және жүйелендіруге;
2) әлеуметтік-экономикалық жағынан жастардың өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау;
3) жастармен жұмысты ұйымдастыру деңгейін арттыру;
4) жастардың саяси, әлеуметтік және іскерлік белсенділігін арттыру;
5) жастарды отансүйгіштік пен азаматтыққа тәрбиелеу деңгейін арттыру;
6) жас ұрпақтың денсаулығын жақсарту.
|
2. Проблема мазмұны және оны бағдарламалық әдістермен шешудің қажеттігіне негіздеме
Кіріспе
Мемлекетіміздің тұрақты дамып отырған аймағының бірі ретінде Қызылорда облысын одан әрі дамыту үшін қажетті шарттардың бірі – жас ұрпақтың әлеуметтік бағытталуы және азаматтық қалыптасуы үшін ұйымдастырушылық, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық жағдайлар жасау және оларды нығайту.
Бәрімізге мәлім, облыста соңғы жылдары жастармен белсенді түрде жұмыстар жүргізілуде – жастардың жаңа қоғамдық бірлестіктері құрылды, сонымен қатар облыс аудандарында әлеуметтік қызмет көрсету жұмыстары атқарылды, жыл сайын жастар форумдарын, кәсіптік конкурстар, фестивальдар, отансүйгіштер шеруін өткізу дәстүрге айналды, жастарды әлеуметтік қорғаудың әртүрлі нысандары енгізіліп отыр.
Алайда, қазіргі таңдағы қоғамдағы беталыс, қоғам мен мемлекет тарапынан жас ұрпақтың қалыптасуы мен тәрбиеленуі проблемаларына ерекше назар аударылуы облыстағы жастар саясатын жүзеге асырудың жаңа сапалы тәсілдерін әзірлеуді қажет етеді. Осы ретте, жастар саясаты бүгінгі күні жас ұрпақтың қоғамдық өмірге әлеуметтік кірігуінің бірден-бір мүмкін боларлық тетігі болып табылады.
Қызылорда облыстық ішкі саясат департаменті осы Бағдарламаны мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру жүйесін құру мақсатында мемлекеттік органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың тығыз қарым-қатынасы мен әріптестігінің негізінде әзірледі.
Жастар халықтың қоғамдық белсенді бөлігі және аймақтың перспективалық дамуы үшін стратегиялық ресурсы болып табылады. Жастар саясаты мемлекет мүддесі мен мемлекеттің болашақта дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндіктері бар интеллектуалды және рухани-саналы тұлғаның қалыптасу қажеттілігі аясында айқындалады.
Облыстық статистика басқармасы ұсынған мәліметтерге сәйкес 2005 жылдың 1 қаңтарына облыста 14 пен 29 жас аралығында 189049 азамат тіркелген, оның ішінде 96687 ер және 92362 әйел азаматтар. Бұл көрсеткіш 2003 жылға қарағанда 1,6 пайызға жоғары. Осы мәлімет облыста жастардың демографиялық өсу тенденциясының сақталып отырғанын көрсетеді.
Облыс халқының жалпы санының 29,5 пайызын жастар құрап отыр. Оның ішінде қала жастары – 60093 адам (31,7 пайыз), ауыл жастары -128956 адам (68,3 пайыз).
Жастар саясатын жүйелі жүргізу қажеттілігі өзінің әлеуметтендіру процесінде жас адамның кезігіп отыратын өмір қиыншылықтарымен айқындалады. Әсіресе, экономикалық проблемалардың шешілмей отырғандығын атап өтуге болады. Жастар өзінің біліктілігі және кәсіби даярлығы деңгейінің төмендігіне байланысты халықтың аз қорғалған бөлігі болып табылады. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі және рухани шектелу қылмыс, нашақорлық, маскүнемдік, жезөкшелік және осы сияқты әлеуметтік құбылыстардың таралуы - олардың басты факторы болып отыр.
Жастар дамушы әлеуметтік-демографиялық топ ретінде репродуктивті жаста бола отырып, сонымен бірге тұрғын үймен аз қамтылғандар қатарында.
Осындай проблемалар қысқа және ұзақ мерзімде жастардың барлық санаттары келешекте өзіндік белсенді азаматтық санасын тәрбиелеуге, олардың қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге белсене қатысуына бағытталған жастардың қоғамдық маңызды бастамаларын тиімді қызмет ететін мемлекеттік органдармен қорғау жүйесін қалыптастыруды қажет етеді.
2005 жылғы 1 қазанға облыста 21 жастар ұйымы тіркелген, оның ішінде ұйымдардың басым көпшілігін құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастардың құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қамтамасыз ету мәселелері бойынша оларға ақпараттық-кеңес берушілік, әлеуметтік көмек көрсету бойынша қызмет ететін бірлестіктер құрайды.
Барлық қоғамдық бірлестіктердің жұмыс атқару формалары мәдени-көпшілік және патриоттық акциялар, қайырымдылық іс-шаралары, концерттер, пікір-сайыстар, интеллектуалдық ойындар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, семинарлар, «дөңгелек үстелдер» және басқалары болып табылады.
Алайда, жастар қоғамдық бірлестіктерінің саны өскеніне қарамастан, олар әлі күнге дейін көпшілік үшін қызмет атқара алмай отыр. Қазіргі таңда облыстың 7 ауданында тіркеліп, қызмет етіп отырғаны - 3 жастар қоғамдық бірлестігі қатарында Сырдария ауданындағы «Мирас», Қармақшы ауданындағы «Қармақшы жастары» және Жаңақорған ауданындағы «Ауыл қанаттары» жастар қоғамдық бірлестігі осы кемшілікті бастан өткеруде.
Осыған орай, үстіміздегі жылдан бастап Қармақшы ауданында аудандық деңгейде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру үшін алғаш рет мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру аясында «Қармақшы жастары» қоғамдық бірлестігі тартылды. Мұндай тәжірибе әлеуметтік жастар жобаларын жүзеге асыру тетіктерін анықтауда басқа аудандарда да пайдаланылуы қажет.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының 30 мыңнан астам азаматы тұратын, оның көпшілін жастар құрап отырған Байқоңыр қаласында жастар қоғамдық бірлестіктері жоқ.
Қазіргі бар үкіметтік емес ұйымдар әлі де облыс жастарының мүддесін толық дәрежеде білдірмейді. Өйткені олар тек мектеп оқушылары, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері секілді жастардың тек белгілі бір санаттарымен ғана жұмыс атқаруда, ал жұмыс істейтін немесе жұмыссыз жүрген және басқа да санаттардағы жастар қамтылмай қалып отыр.
Демократиялық қоғам дамуының басты көрсеткішінің бірі - жастардың қабылданған шешімдерді шешуге атсалысуы болып табылады. Оң әсерлі шешім жобаларын қабылдауға жекелеген жастарды тарту мысалдарына қарамастан, бұл тетік әлі де дұрыс жетілдірілмеген.
2003-2005 жылдардардағы жастар саясаты бағдарламасының орындалуы туралы
2003-2005 жылдар ағымындағы Қызылорда облысындағы жастар саясаты облыстық маслихаттың 2003 жылдың 17 шілдесіндегі ХХ сессиясының №201 шешімімен бекітілген, 2003-2005 жылдарға арналған жастар саясатының Бағдарламасымен анықталған басты бағыттарға сәйкес жүзеге асырылды.
2003-2005 жылдары құрылған жастар қоғамдық бірлестіктері негізінде 34 жастар әлеуметтік қызметтері өздерінің басты мақсаттары етіп жастардың әлеуметтік өзін-өзі реттеуін ықпал етуді қойды. Осылайша бағдарламаның жүзеге асырылуы барысында құрылған әлеуметтік жастар қызметтері мынадай бағыттар бойынша қызмет етті:
1) жастардың дамуы мен оларға әлеуметтік көмек көрсету үшін жағдай жасау;
-
жастарға экономикалық даму мен еңбек және жұмыспен қамту саласында жағдай жасау;
-
жастардың мүддесі мен құқықтарын қамтамасыз ету;
-
жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету;
-
жас дарындарды қолдау мен шыңдау;
-
жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру;
-
жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу және азаматтық белсенділігін арттыру.
2003 жылдан 2005 жылға дейін аймақтық бағдарламаны жүзеге асыру бағытында әлеуметік қызметтер аясында 350 кездесу, 70 тренинг-семинар, 40 акция өткізілді және 3500-ден астам заңды және психологиялық көмектер көрсетілді.
Сонымен бірге, осы кезеңде жоба аясында 30 әдістемелік нұсқаулықтар әзірленді. Әлеуметтік қызметтер жұмысы барысында әр түрлі сұрақтар бойынша 5000-ға жуық облыс жастарына көмек көрсетілді.
Жастар саясатын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша біршама жұмыстар жүргізілді. Баспа және электронды БАҚ-да арнайы айдарлар ашылып, олар жастар саясатының мәселелері мен проблемалары бойынша материалдарды ақпараттандырды. Олардың қатарында “Тұлпар”, “Сыр жастары”, “Жастар және мен”, “Мен жаспын”, “М-клуб”, «17 жастар бағдарламасы» және т.б. бар. Жастар мен студентерді еңбекпен қамтамасыз ету саласында да бірқатар нәтижелі жұмыстар атқарылды. “Жасыл ел” бағдарламасы аясында 2005 жылы облыстың студент жастары аумақты көркейту мен көгалдандыру жұмыстарына белсенді түрде тартылды. Екі ай ішінде аудандарда және қалада жалпы саны 500 адамды құраған, барлығы 13 “Жасыл ел” еңбеккер жастар жасағы қызмет етті. Олардың еңбекақысын өтеу мақсатында облыстық бюджеттен 2,7 млн. тенге бөлінді.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан экомикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында” атты Жолдауының басты бағыттарын жүзеге асыру мақсатында облыста 9 студенттік құрылыс жасағы жұмыс істеп, олар Қызылорда қаласындағы тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыру аясында көпқабатты тұрғын үйдің құрылыстарына тартылды. Студенттік құрылыс жасақтарында қызмет ету үшін 190 еңбеккер тартылды.
Жастар өкілдерін құқықтық қамтамасыз ету саласында үлкен серпініс жасалды. Осылайша, “Жастарды қолдау орталығы” МКҚК жанында “Пана” құқықтық көмек қызметі ашылып, тұрақты жұмыс атқарып келеді. Онда жастар үшін ақысыз негізде құқықтық кеңестер беріледі. Барлық қызмет атқарған кезеңде 83 кеңес, сонымен бірге аудандарда іс-сапарда болып, 54 кездесу өткізді. Жастарды ақпараттық-сараптамалық қызметпен қамтамасыз ету аясында жастарға жыл сайын тегін 100 сағат Интернетті пайдалану мүмкіндігі берілді.
Сонымен бірге, “Ауыл” бағдарламасын жүзеге асыру үшін жыл сайын 6 номинация бойынша жастар арасында кәсіптік конкурстар өткізілді.
Облыс жастарының жыл сайын желтоқсан айында өткізілетін форумына 500-ден 1000-ға дейін жастар өкілдерінің жиналуы дәстүрге айналды. Оның аясында жастар өз проблемаларын талқылап, ойларымен бөлісті, билік өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен кездесті және т.б. пайдалы іс-шаралар өткізілді.
2005 жылдың екінші жартыжылдығынан бастап жаңа “Жастар қоғамдық қабылдауы” әлеуметтік қызметі енгізілді. Бұл қызмет барлық аудан орталықтарында және Байқоңыр қаласында ашылды. Оның басты мақсаты - өмірлік мүдделеріне әсер ететін сұрақтары бойынша жастардың қоғамдық пікірін зерттеу, жастар қоғамдастығымен тұрақты байланысты қамтамасыз ету. Сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешу бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы туралы ақпараттандыруды жақсарту. “Жастар саясаты туралы” Заңның жүзеге асырылуына қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, жергілікті басқару органдарында және мемлекеттік билік органдарында жас азаматтарға олардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауда көмек көрсету, жастар мәртебесін көтеру, қоғамда жастардың орны туралы ескі ұстанымдарды жою, жастардың жаңа өмірлік құндылақтарын айқындау, билік органдарында жастар мүдделерін жүзеге асыру.
Қазіргі таңдағы проблемалардың жай-күйіне талдау жасау
Сонымен бірге, қазіргі таңда облыста жастар саясатын тиімді жүргізуге кедергі болып отырған бірқатар проблемаларды белгілеуге болады:
1) аймақта жастар саясатын жүзеге асыру үшін тиісті ақпараттық, ұйымдастырушылық, қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі (жеке ғимараттың, көліктің және т.б ресурстардың болмауы);
2) жастардың әлеуметтік проблемаларының шешілмеуі. Мұнда жастарға қатысты жүргізілетін мемлекеттік саясат еңбек ету, денсаулық, білім беру және тәрбие сияқты өмірдің аса маңызды салаларына өзінің назарын аударту қажет. Бұл ретте, жас ұрпақтың құндылықтарын айқындап, олардың құштарлықтарын арттырып, өз-өздерін көрсетудің әртүрлі әдістерін, бастамаларын, әлеуметтік белсенділігін, өмір сүру салтын назарға алу қажет;
3) бүгінгі күні жастар – жұмыспен толық қамтылмаған әлеуметтік топ ретінде болып отыр, яғни, қандай да бір қоғамдық іс-әрекетке тартылмай қалған еңбек ресурстары болып табылады. Дәл осы мәселенің астарында жастардың белсенділік деңгейінің төмендігі жатыр. Осыған орай, өз еліне және де өз болашағына қатысты жастардың жауапкершілігі мен әлеуметтік және азаматтық белсенділігін арттыру мақсатында барлық мүмкіндіктерді кардиналды түрде кеңейту үшін қажетті шарттарды қалыптастыру керек.
2005 жылдың қыркүйек айында «Облыстық жастарды қолдау орталығы» МКҚК жүргізген әлеуметтік зерттеудің нәтижесі жастар арасындағы басты проблемалардың қатарына: жұмыссыздық (32,6 пайыз), өмір сүру деңгейінің төмендеуі (9,4 пайыз), ұстанымдарының (моральдің) төмендеуі (6,7 пайыз) және экологиялық қолайсыздық (6,3 пайыз) жататындығын көрсетті.
Бұдан басқа, жастар үшін өмірлік маңызды мәселе - тұрғын үймен қамтамасыз ету (сұралғандардың 4,5 пайызы) проблемасы болып табылады. Жастар бұл проблеманы шешу жолында өз тұрғын үйін сатып алуға жеткілікті жалақы табу мүмкіндігін беруді (49,1 пайыз) ұсынса, сұралған респонденттердің 37,9 пайызы үшін аталмыш мәселе – льготтық ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту арқылы шешуге болады деп есептейді.
Қоғамның трансформациялануы кезінде ұстанымы мен қалыпты нормалар туралы түсінігі байқарлықтай өзгерістерге ұшыраған сәтте қоғамның инструментальдық құндылықтар немесе өмірде жетістіктерге жету әдістері туралы ойларын білу маңызды. 24,6 пайыз жастардың көзқарасы бойынша сапалы білімнің болуы өмірде жетістікке жетудің қажетті алғы шарттары болып табылады. Екінші басты жетістікке жетудің құралы ретінде 13,8 пайыз респонденттер қабілеттілікті, талантты атайды. Қажетті байланыстар және тума-туыстар жақсы өмір сүру деңгейіне көтерілуге пайдалы түрде әсер етеді. Бұл жетістікке жету әдістерінің рейтингісінде үшінші орында тұр (13,4 пайыз), 12,5 пайыз – ақша қаражатының болуын, 9,4 пайызы үшін басты құрал болып тәуекелділікке баруды, 7,1 пайыз үшін «қажымай еңбек ету» екенін алға тартады. Сонымен қатар, жастардың үштен бірінен астамы белсенді өмірлік ұстанымда (35,3 пайыз), өмірде өз орнын табудың қолайлы жағдайлары мен мүмкіндіктері пайда бола бастады (31,3 пайыз), жастардың қоғамда өз мүдделерін сақтап қалу мүмкіндіктері өсуде (37,9 пайыз). Облыс көлемінде жастарды әлемдік өркениеттің мәдениеті мен құндылықтарына тарту бойынша мүмкіндіктері артып келеді (34,8 пайыз). Сұралған жастардың көп бөлігі (40,2 пайыз) қазіргі таңда жастар үшін білім қолжетімді болып отыр деген тоқтамға келді.
Жастар үшін жаңа және қосымша жұмыс орындарын ашу, еңбек рыногын кеңейту - тығырықтан шығудың нақты жолдарының бірі. Сондай-ақ, кәсіпкерлікпен айналысу да пайдалы. Жастар арасында 36,2 пайыз сұралған жастар кәсіпкерлікті дамытуда проблеманың бар екендігін көрсетсе, 20,1 пайыз проблеманың туу мүмкіндігін айқындайды.
Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар департаментінің мәліметтері бойынша 2005 жылы жұмысқа орналасуға ықпал ету үшін 2069 жас адам өтініш білдірген, оның ішінде 743 адам жұмысқа орналастырылған. Ал 2000 жылы еңбекпен қамту орталығында 14 пен 29 жас аралығында 20043 адам тіркеліп, оның бір де біреуі жұмысқа орналастырылмаған. 2000 жылмен салыстырғанда үстіміздегі жылы жұмыссыз жастардың саны 10 есе азайды. Бұл жастардың экономикалық дамуы үшін жағдай жасалып, оларды жұмыспен қамтуда мақсатты бағытталған жұмыс жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Бұл бағыттағы жұмыста жастарды кәсіпкерлік негізде оқыту бойынша қызметтер кешенін көрсетумен қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда ұсынылған бағдарламаға сәйкес бұл бағыттағы жұмыстар жастардың ұсынысына байланысты болған бизнес-жобаларға сараптау және баға беруді, сонымен бірге, кәсіпкерліктің негіздерін үйрету бойынша кешенді қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін - жастар әлеуметтік қызмет көрсету орындарының қызметтерін ұйымдастыруына екпінді аударуы қажет.
Жас адамдардың көпшілігі (38,8 пайыз), егер мемлекет тарапынан кәсіпкерлігі үшін жеңілдіктер мен қолдау көрсетілген жағдайда, өз жеке бизнесін ұйымдастыруға тілек білдірді. Осы ретте, қазіргі жағдайда қызмет ететін барлық бизнесті ұйымдастырушы жастардың сұралғандары ішінде 30,8 пайыз дайындығын білдірсе, тек 19,6 пайызы «жоқ» деген жауап қайтарды. Жұмыспен қамту орталықтары жанында мекемелер мен кәсіпорындарда бос жұмыс орындары туралы мәліметтер базасы жасалып, үнемі жаңартылып отырады. Еңбек рыногында сұранысқа ие мамандық және кәсіптер бойынша жас кадрлардың біліктілігін арттыру мен даярлау, қайта даярлау жұмыстары жүзеге асырылады.
Әлеуметтік зерттеудің қорытындылары бойынша 34,4 пайыз ғана жағдайында кәсіптік білім алуға қол жеткізудің басты себебі таңдалған мамандық бойынша ақылы білім алу үшін қаржының жетімсіздігі болып отыр. Бұған қоса, 23,7 пайыз жастар үшін кәсіптік білімге қол жеткізудің басты кедергілердің бірі - жоғары оқу орындарына түсушілер үшін конкурс талабының жоғарылығы болып табылады.
Студенттер әрқашан да қоғамның ең ойлы, энергиялы, жаңашыл бөлігі болып табылады. Әрине, бұл мемлекеттік-саяси, қоғамдық және бизнес орталарында кең қызығушылық туғызады.
Сонымен қатар, студент жастар қоғамның әлеуметтік сезімтал бөлігі болып табылады.
Облыс бойынша 2005 жылдың 1 қаңтарына 26947 студент жастар болса, бұл барлық жастар санының 14,3 пайызы. Олардың 70,2 пайызы (18915 адам) облыс жоғары оқу орындарында (сонымен қатар филиалдарында), 25,3 пайызы (6381 адам) колледждерде және 4,6 пайызы (1201) кәсіби мектептерде оқиды.
Бұл санатқа қатысты туындаған проблемаларға оқу және демалыс кезеңдерінде жұмысқа орналасу, оқу кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз етуі, жеңілдетілген медициналық қызмет көрсету, жас отбасыларын, жетім балалар қатарынан шыққан студенттерді және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларды әлеуметтік қорғау, дарынды студенттерді қолдау, олардың құқықтық қорғалуы, еңбекпен қамтылуы жатады.
Оқушы және студенттерге ерекше назар аударуды, әсіресе жатақханада тұратын жастармен атқарылатын жұмыстарға көңіл бөлуді қажет етеді. Облыс орталығында жоғары және орта оқу орындарының жанында 2 мыңға жуық студенттер тұратын 8 жатақхана қызмет етеді.
Студент жастар қозғалысының белсенділігін арттыру, білім беру сапасын талқылау, студенттердің жұмыспен қамтылуы және студенттік құрылыс жасақтарының жұмысын жандандыру, жастардың бос уақытын, шығармашылығын және студенттік өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру, студенттердің әлеуметтік және құқықтық мүдделерін қорғау, студенттік ақпараттық кеңістікті дамыту мақсатында «Қазақстан студенттер Альянсы» республикалық қозғалысы құрылды. Облыстың әрбір жоғары оқу орнында оның өкілдері қызмет етеді. 2005 жылдың аясында олардың облыстық филиалымен студенттер үшін «Қалай тұрасың, студент?», «Сессия-1 операциясы», «Жастар – Қазақстанның болашағы!», «Бұл біздің байрағымыз!» атты кең көлемді акциялары өткізілді.
Жастар болашақ мамандығын таңдауда ең алдымен оның болжанған келешектегі жағдайын басшылыққа алады. Жетістікке жетудің басты критериіне мыналар жатады: 18,8 пайызы – жоғары емес, бірақ тұрақты жалақы және ертеңгі күнге сенімділік, 17,0 пайызы көп жұмыс істеп, жоғары табыс табу, 15,6 пайызы қамтамасыз етілген және тыныш өмір сүру, 10,7 – ұнамды қызметпен айналысу, 8,9 пайыз – қоғамда жоғары жетістікке жету, 5,4 пайызы - әрдайым өзін-өзі дамыту мүмкіндігінің бар болуы, 4,9 пайыз - өз ісінің болуы, 4,0 пайызы – халыққа пайдалы болу және тек 2,2 пайызы қызметтік өсу мүмкіндіктерін атайды.
2003-2005 жылдардағы статистикалық мәліметтер 14 пен 29 жас аралығында жастар арасында қылмыстың өскенін көрсетеді. Осылайша 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жасалған қылмыс саны 7,2 пайызға өскен (2003 жылы – 125, 2004 жылы - 134 қылмыс). Сонымен бірге осы жылдың 9 айы ішінде облыс жастары 111 қылмыс жасаған немесе алдыңғы 2004 жылмен салыстырғанда 82,9 пайызға жеткен.
Сонымен қатар, 14 пен 29 жас аралығындағы жастардың жасаған қылмыстарын жекелей қараған кезде, олардың ішінде пәтер ұрлығы мен ауыр қылмыстардың саны өскені байқалады. Қызылорда облысы ішкі істер департаментінің ұсынған мәліметтері бойынша 2003 жылмен салыстырғанда 2004 жылы жастар жасаған ауыр қылмыстардың саны 20,8 пайызға, ал пәтер ұрлығы 14,5 пайызға өсіп отыр.
Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс жасаудың негізгі себебі- жасөспірімдердің құқықтық санасы төмендігі мен жасөспірімдер, отбасы институттарымен жүргізілетін жұмыстардың нашарлығы, әлеуметтік аз қамсыздандырылған отбасыларынан шыққан жасөспірімдерді қамтуға мүмкіндігі бар аула клубтарының, бос уақытын өткізу мекемелері санының аздығы, ақылы спорт секцияларының және басқа үйірмелердің қолжетімсіздігі болып табылады.
Облыстағы жастардың жан-жақты болып өсуінің негізгі тетігі салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорттың көпшілік арасында дамуына жағдай жасау. Облыстық дене тәрбиесі және спорт басқармасының мәліметтері бойынша қазіргі таңда 27204 жас адам немесе барлық жастар санының 14,4 пайызы спортпен тұрақты түрде айналысады. Спортпен айналысатын 81,9 пайыз жастардың басым көпшілігі мектеп, интернат және БЖСМ оқушыларын құрайды. Және жоғары оқу орындарының студенттері - 1,7 пайыз, колледж студенттері – 2,2 пайыз және кәсіби мектептердің оқушылары – 4,2 пайызды құрап отыр.
Соңғы кезде облыста спорт мекемелерінің жасақталуы және материалдық-техникалық жағдайы біршама жақсарды.
Осылайша, қазіргі таңда 3 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр (2 нысан Қызылорда қаласының шеткі жағында және 1 нысан құрылысы Жалағаш ауданында) және 2 спорт нысаны қайта жөндеуден өткізілуде (Шиелі кентіндегі спорт кешені және Қазалы қаласындағы спорт мектебі).
Облыстағы спорттың дамуын жеңімпаздар мен жүлдегерлердің санының өсуінен байқауға болады. Тек 2005 жылдың басынан бері әлем чемпионатының 1 жеңімпазы және 4 жүлдегері атанып биіктен көрінді.
Сонымен бірге, соңғы кезде жастар арасында туберкулез ауруларымен ауыратындар санының өскені байқалады. Облыстың денсаулық сақтау департаментінің ұсынған статистикалық мәліметтеріне қарасақ: 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылы диспансерлік есепте тұрған жастардың саны 5,4 пайызға өскенін көрсетіп отыр.
Қоғамның ерекше назарын қажет ететін аурулар ішінде туберкулез дертіне шалдыққандар саны көбейіп отыр. Осылайша, 2000 жылмен салыстырғанда 2005 жылы бұл диагнозбен есепте тұрғандар саны 226,2 пайызға көтеріліп отыр.
Сонымен қатар, жастар арасында жыныстық жолмен берілетін аурулардың санының азаю тенденциясы байқалады. Осылайша, 2000 жылмен салыстырғанда, 2001 жылы есепте тұрғандар саны 30,3 пайызға, 2002 жылы 32,2 пайызға, 2003 жылы 41,5 пайызға, 2004 жылы 44,1 пайызға және 2005 жылы 70,7 пайызға азайғанын көрсетті (2005 жылдың 8 айы ішіндегі нәтижелері бойынша берілген мәліметтерге сәйкес).
2005 жылы нашақорлыққа тәуелділіктен диспансерлік есепте тұрған 14 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 2000 жылдың мәліметтерімен салыстырғанда 4 пайызға өсті.
Сонымен бірге, уытқұмарлықпен ауыратындардың (таксикомания) көбейген тенденциясы байқалады. Егер 2000 жылы осы диагнозбен есепте тұрғандар 22 мың адамды қамтыса, ал 2005 жылы олардың саны 377,2 пайызға өсті.
Жастардың арасында аурулар санының өсуі келешек ұрпақтың денсаулығы үшін алаңдаушылық туғызады. Осы саладағы жағдайдың күрт өзгеруі ерекше күш-жігерді, әр түрлі аурулардың алдын-алуды және салауатты өмір салтын кеңінен насихаттауды қажет етеді.
Осы ретте жастар арасында туындап отырған маңызды сұрақтардың қатарына демографиялық саясаттың пәрменділігін күшейту және неке-отбасылық қарым-қатынастар жатады.
Сонымен қатар қазіргі таңда жас отбасылар арасындағы некелік – отбасылық қатынастардың тұрақты болмауы басты мәселе болып отыр.
Облыстық әділет департаменті ұсынған мәліметте: 2004 жылы облыс бойынша жас отбасылардың ажырасуы 16,2 пайызға жеткен. Бұл жалпы тіркелген жас отбасылардың 1/6 бөлігін құрайды.
Көптеген жағдайларда ажырасудың негізгі себебі - жұмыссыздық, маскүнемдік, ерлер мен әйелдер арасындағы нашақорлық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да тұрмыстық проблемалардың белең алуы.
Жоғарыда атап көрсетілгендей жастар арасындағы теріс әсерлі тенденцияның қалыптасуы жас отбасылар үшін қолайсыз жағдай туғызуда. Ол ажырасулар санының өсуіне әсер етіп, өңірдің әлеуметтік-демографиялық жағдайын нашарлатады.
Достарыңызбен бөлісу: |