Государственное учреждение



бет2/7
Дата09.07.2016
өлшемі0.77 Mb.
#186842
1   2   3   4   5   6   7

Ұлттық Банк

Төрағасы Қ. Келімбетов
«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Ұлттық экономика министрлігі
2015 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі


2015 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігі


2015 жылғы «___» _________

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрлігі


2015 жылғы «___» _________

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі

Басқармасының

2015 жылғы «___» ____________

№ ____ қаулысына

1-қосымша
Қазақстан Республикасында

валюталық операцияларды

жүзеге асыру қағидаларына

1-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

«Бұзушылық жөніндегі карточка»


Есепті кезең: ____ жылғы _________ айы

Индексі: ПР-1


Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын: уәкілетті банк
Ұсыну мекенжайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың соңғы күніне дейін

Нысан


Уәкілетті банктің атауы ______________________________________

 

Жолдың коды

Ақпарат түрi

Бұзушылық жөнiндегi

ақпарат


10

Банктің клиентi бойынша ақпарат:




11

Атауы (заңды тұлғалар үшiн)
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) (жеке тұлғалар үшiн)

 

12

БСН/КҰЖЖ (заңды тұлғалар үшiн)




13

ЖСН (жеке тұлғалар үшiн)

 

14


клиенттің белгiсi:
1 – заңды тұлға, 2 – жеке тұлға




15

мекенжайы

 

16

облыстың коды

 

20

Валюталық операция бойынша ақпарат:




21

күнi




22

сомасы




23

валютасы




30

Бұзушылық жөнiндегi ақпарат:




31

түрi




32

бұзушылықтың сипаты




33

келiсiмшарттың нөмiрi




34

келiсiмшарттың күнi




35

қосымша мәлiметтер




 
Басшы (Бас бухгалтер) _________ _______ __________________________

(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))

Орындаушы __________ __________________________ телефоны_________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))


20 ____ жылғы «____» _____________

Мөр орны

(ол болған жағдайда)



Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме

«Бұзушылық жөніндегі карточка»
1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме «Бұзушылық жөніндегі карточка» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 29-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Нысанды Қазақстан Республикасының уәкілетті банктері есепті кезеңдегі олардың клиенттерінің валюталық заңнаманы бұзуы бойынша ай сайын толтырады.

4. Бірінші басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген Нысанға қол қояды және мөр басылады (ол болған жағдайда).





  1. Нысанды толтыру

5. Нысан осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген жағдайларда ұсынылады.

6. Коды 11-жолда жеке тұлға үшін жеке тұлғаның тегі, аты және әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлға атауы көрсетіледі, бұл ретте жеке тұлға атының және әкесінің атының инициалдарын көрсетуге болады.

7. Коды 16-жолда әкiмшiлiк-аумақтық объектiлердiң жiктеуішiне (ҚР СК ӘАОЖ 11-2009) сәйкес облыс кодының бастапқы 2 цифры көрсетiледi.

8. Коды 21-23-жолдар құжаттар немесе ақпарат беру мерзiмдерi бұзылған жағдайларда толтырылмайды.

9. Коды 21-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып валюталық операция жүргiзiлген күн көрсетiледi.

10. Коды 22-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операциялардың сомасы операция валютасының мың бiрлiгiмен көрсетiледi.

11. Коды 23-жолда валюталық заңнаманы бұза отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша валютаның коды ҚР АК 07 ИСО 4217-2001 «Валюталарды және қорларды белгiлеуге арналған кодтар» мемлекеттiк жіктеуішiне сәйкес көрсетiледi.

12. Коды 31-жолда Экспорттық-импорттық валюталық бақылауды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес ақпарат алмасудың Ұлттық Банк пен уәкілетті банктердің келісілген форматтарының сипаттамасына сәйкес код форматындағы бұзушылықтың түрi көрсетiледi, ал коды 32-жолда бұзушылықтың қысқаша сипаты мәтiндiк форматта келтiрiледi.

13. Коды 33 және 34-жолдар валюталық заңнама бұзыла отырып жүргiзiлген валюталық операция бойынша келiсiмшарт болған кезде толтырылады.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы __ _________

№ ___ қаулысына

2-қосымша
Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
2-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

«Валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы есеп»
Есепті кезең: ____ жылғы _________ айы

Индексі: ПР-2


Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын: уәкілетті банк
Ұсыну мекенжайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на (қоса алғанда) дейін

Нысан
Уәкілетті банктің атауы ________________________________________




Р/с №

Операцияның коды

Жіберуші/Шетел банкі

Резиденттiк белгiсi

Экономика секторы

Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Рези-денттiң КҰЖЖ/ СТН

Рези-дент-тiң БСН/ЖСН

Елі

1

2

3

4

5

6

7

8




 

 

 

 

 

 

 
























кестенің жалғасы




Бенефициар/Шетел банкі

Төлем/аударым

Ескерт-пе

Рези-дент-тiк бел-гiсi

Эко-номи-ка сек-торы

Атауы/ тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Рези-денттiң КҰЖЖ/ СТН

Рези-дент-тiң БСН/ЖСН

Елі

Күні

Валютасы

Сомасы, төлем валютасының мың бірлігі

ТМК

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басшы (Бас бухгалтер) _______ _____ ________________________

(лауазымы) (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Орындаушы ________ ____________________________телефоны ________

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))


20 ____ жылғы "______"_____________

Мөр орны

(ол болған жағдайда)



Әкімшілік деректерді жинауға арналған



нысанды толтыру бойынша түсіндірме

«Валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы есеп»


1. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме «Валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Нысанды ай сайын Қазақстан Республикасының уәкілетті банктері меншікті валюталық операциялар және резидент клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына) жүргізілген валюталық операциялар бойынша жасалған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары (олар бар болған жағдайда) бойынша ұсынады.

4. Бірінші басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген Нысанға қол қояды және мөр басылады (ол болған жағдайда).

2. Нысанды толтыру
5. Нысан клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына), оның ішінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген, және осы Қағидалардың 9, 58, 60-2, 63, 66, 68-тармақтарында көрсетілген жағдайларда жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша және де осы Қағидалардың 60-1, 64-тармақтарында көрсетілген жағдайларда банктердің меншікті операциялары бойынша ұсынылады.

Төлемдер және (немесе) ақша аударымдары есепте клиенттің уәкілетті банктегі банк шотына қаражат есепке алынған (клиенттің уәкілетті банктегі банк шотынан қаражат есептен шығарылған) күні көрсетіледі. Тіркеу куәлігі талап етілетін валюталық операция бойынша резиденттің пайдасына түскен ақшаны жіберушінің нұсқауларын валюталық заңнамаға сәйкес сақтау шотына есепке алу күні 19-бағанда көрсетіледі.

Төлем сомасы төлем валютасының мың бірлігімен көрсетіледі.

6. Клиенттерде хабарлама туралы куәліктер болмаған кезде (осы Қағидалардың 9-тармағына сәйкес) 2-бағанда мынадай операциялар кодтары көрсетіледі:

01 – резидент - заңды тұлғалардың резидент еместерге жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуға байланысты сомасы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлемдері. Жылжымайтын мүлік (объект, ел) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

02 – резидент - заңды тұлғаларға резидент еместерден жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуға байланысты сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша түсімдер. Жылжымайтын мүлік (объект, ел) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

03 – резидент - заңды тұлғалардың шетел банкіндегі меншікті банк шотына (меншікті банк шотынан) ақша аударымдары. Шетел банкі туралы ақпарат резидент шетел банкіндегі банк шотына ақша аударған кезде 9-14-бағандарда немесе резидент шетел банкіндегі банк шотынан аударған кезде 3-8-бағандарда көрсетіледі;

04 – резиденттердiң резидент емес эмитенттердiң бағалы қағаздарын, резидент еместердің капиталына қатысу үлестерін (тiкелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуға байланысты сомасы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлемдерi. Резидент емес эмитент (инвестициялау объектісі) (атауы, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

05 – резиденттерге резидент эмитенттердiң бағалы қағаздарын, резиденттердің капиталына қатысу үлестерін (тiкелей инвестицияларды қоспағанда) сатып алуға байланысты бойынша сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша түскен түсiмдер. Резидент эмитент (инвестициялау объектісі) (атауы, БСН) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

06 – резиденттер мен резидент еместер арасындағы туынды қаржы құралдарымен операциялар бойынша төлем немесе аударым сомасы (төлем сомасына базалық актив кiрмейдi) жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын төлемдер және (немесе) ақша аударымдары. Туынды қаржы құралының түрі туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

07 – резиденттердiң резидент еместерге ақша мен өзге мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге байланысты сомасы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлемдерi. Өзге мүлiк туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

08 – резиденттерге резидент еместерден ақша мен өзге мүлiктi сенiмгерлiк басқаруға беруге байланысты сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша түскен түсiмдер. Өзге мүлiк туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі.

7. Өзге жағдайларда осы Қағидалардың 58, 60-2, 63, 64, 66, 68-тармақтарына сәйкес клиенттердің тапсырмалары бойынша (пайдасына) жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша 2-бағанда операциялардың мынадай кодтары көрсетiледi:

11 – брокер немесе басқарушы компания болып табылмайтын резиденттiң резидент еместен резиденттiң акцияларын, қатысу үлестерiн, инвестициялық қорлардың пайларын сатып алу бойынша бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы төлем және (немесе) аударым (егер резидент активті бастапқы сатып алу туралы тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынбаса). Резидент эмитент (инвестициялау объектісі) (атауы, БСН) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

12 – брокер немесе басқарушы компания болып табылмайтын резиденттiң резидент емеске резидент еместiң акцияларын, қатысу үлестерiн, инвестициялық қорлардың пайларын сатуы бойынша бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада түскен түсім және (немесе) аударым (егер резидент активті бастапқы сатып алу туралы тіркеу куәлігін және (немесе) хабарлама туралы куәлікті ұсынбаса). Резидент емес инвестициялау объектісі (атауы, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

13 – резидент жеке тұлғаның резидент емеске жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы төлемi және (немесе) аударымы. Жылжымайтын мүлiк (объект, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

14 – резидент жеке тұлғаға резидент еместен жылжымайтын мүлiкке меншiк құқығын сатып алуға байланысты бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомада түскен түсім және (немесе) аударым. Жылжымайтын мүлiк (объект, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

15 – жеке тұлғаның қолма-қол ақшадағы жарналарын қоса алғанда, резидент жеке тұлғаның шетел банкіндегі меншікті банк шотына (меншікті банк шотынан) түсімі (аударымы). Шетел банкі туралы ақпарат резидент шетел банкіндегі банк шотына ақша аударған кезде 9-14-бағандарда немесе резидент шетел банкіндегі банк шотынан аударған кезде 3-8-бағандарда көрсетіледі. Жеке тұлға туралы ақпарат тұлғаны сәйкестендірмей көрсетіледі;

16 – жұмыс, көрсетілетін қызмет экспорты (импорты) бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға байланысты операциялар бойынша резиденттер және резидент еместер арасындағы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын сомадағы төлем және (немесе) аударым;

17 – резидент резидент еместен алған (резидент резидент емеске төлеген), сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын дивидендтер төлемі және (немесе) аударымы;

18 – резидент эмитенттердің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыруға, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды резидент эмитенттердің бағалы қағаздарына орналастыруға байланысты төлем және (немесе) ақша аударымы. Резидент эмитент туралы ақпарат (атауы, БСН) 19-бағанда көрсетіледі;

19 – резидент емес эмитенттердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздарын орналастыруға, сондай-ақ Қазақстанның депозитарлық қолхаттарын орналастыруға байланысты төлем және (немесе) ақша аударымы. Резидент емес эмитент туралы ақпарат (атауы, елі) 19-бағанда көрсетіледі;

20 – резидент еместердің сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына, инвестициялық портфельді басқарушыға тікелей инвестицияларына байланысты сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары;

21 –сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының шетелге тікелей инвестицияларына байланысты сомасы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық операциялар бойынша төлемдер және (немесе) ақша аударымдары.

8. Банктердің меншікті операциялары бойынша осы Қағидалардың 60-1, 63, 64-тармақтарына сәйкес 2-бағанда операциялардың мынадай кодтары көрсетiледi:

31 – банктің шетелге тікелей инвестицияларына байланысты меншікті операциялары бойынша, сондай-ақ резидент еместің 10%-дан аз акцияларымен, қатысу үлестерімен, пайларымен операциялары бойынша сомасы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы. Резидент емес инвестициялау объектісі (атауы, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

32 – банктің резидент еместердің Қазақстан Республикасына тікелей инвестицияларына байланысты меншікті операциялары бойынша, сондай-ақ резидент еместің 10%-дан аз акцияларымен, қатысу үлестерімен, пайларымен операциялары бойынша сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлем және (немесе) ақша аударымы. Резидент эмитент (инвестициялау объектісі) (атауы, БСН) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

33 – банктің резидент еместен резиденттің акцияларын, қатысу үлестерін, инвестициялық қорларының пайларын сатып алу бойынша сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын төлем және (немесе) аударым. Резидент эмитент (инвестициялау объектісі) (атауы, БСН) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

34 – банктің резидент емеске резидент еместің акцияларын, қатысу үлестерін, инвестициялық қорларының пайларын сату бойынша сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын түсім және (немесе) аударым. Резидент емес инвестициялау объектісі (атауы, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

35 – банктің басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес және олардың аумағында шығарылған бағалы қағаздарын орналастыруға, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды банктің бағалы қағаздарына орналастыруға байланысты төлемі және (немесе) ақша аударымы;

36 – банк резидент еместен алған (банк резидент емеске төлеген), сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын дивидендтер төлемі (немесе) аударымы;

37 – банктің жылжымайтын мүлік құқығын сатып алуына байланысты сомасы жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлем және (немесе) аударым. Жылжымайтын мүлік (объект, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі;

38 – банктің жылжымайтын мүлік құқығын сатуына байланысты сомасы бес жүз мың АҚШ доллары баламасынан асатын валюталық шарттар бойынша төлем және (немесе) аударым. Жылжымайтын мүлік (объект, елі) туралы ақпарат 19-бағанда көрсетіледі.

9. Есептің 3-18-бағандары Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1011 тіркелген «Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларын бекіту туралы» 1999 жылғы 15 қарашадағы № 388 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының қаулысымен бекітілген Экономика секторларының және төлемдер белгілеу кодтарын қолдану және төлемдер бойынша оларға сәйкес мәліметтер ұсыну қағидаларында (бұдан әрі – Төлем мақсатының бірыңғай жіктеушісін қолдану қағидалары) көзделген форматтарды және кодтарды пайдалана отырып, ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатының негізінде толтырылады. 18-бағанда төлем құжатында ақша жіберуші (алушы) көрсеткен төлем мақсатының коды (бұдан әрі – ТМК) көрсетіледі.

10. 19-бағанда төлемнің ерекше талаптары (болған кезде) көрсетіледі.

11. Есепке түзетулер есепті кезең аяқталғаннан кейін екі ай ішінде енгізіледі.

Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы __ _________

№ ___ қаулысына

3-қосымша
Қазақстан Республикасында
валюталық операцияларды
жүзеге асыру қағидаларына
3-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан

«Валюталық операциялар бойынша жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер және (немесе) ақша аударымдар туралы есеп»
Есепті кезең: ____ жылғы _________ айы

Индексі: ПР-3


Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатын: уәкілетті банк
Ұсыну мекенжайы: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 20-на (қоса алғанда) дейін

Нысан
Уәкілетті банктің атауы ________________________________________






Ақша жiберушi-нiң (алушы-ның) тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)

Ақша жiберушi-нiң (алушы-ның) резиденттiк белгiсi

Төлемді жүзеге асыру тәсілі

ЖСН

Төлем немесе ақша аударымы белгісі

Төлем мақсатының коды

(ТМК)


Төлем немесе ақша аударымы жүргізілген күн

1

2

3

4

5

6

7

8
























кестенің жалғасы




Банктің коды немесе банк филиалының коды

Төлемнің немесе ақша аударымының валютасы


Сомасы, төлем немесе ақша аударымы валютасының мың бiрлiгi

Сомасы, мың АҚШ доллары

Ақша алушы (жiберушi) ел

Ақша алушы (жiберушi) туралы қолда бар ақпарат

Рези-дент-тiк белгісі

Экономика секторы

Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) немесе заңды тұлғаның атауы

9

10

11

12

13

14

15

16
























Басшы (Бас бухгалтер) _______ ____ _________________________

(лауазым (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))
Орындаушы ________ _________________________телефоны _______

(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда))


20 ____ жылғы "______"_____________

Мөр орны

(ол болған жағдайда)



Әкімшілік деректерді жинауға арналған



нысанды толтыру бойынша түсіндірме

«Валюталық операциялар бойынша жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы есеп»




  1. Жалпы ережелер

1. Осы түсіндірме (бұдан әрі – Түсіндірме) «Валюталық операциялар бойынша жеке тұлғалар жүзеге асырған төлемдер және (немесе) ақша аударымдары туралы есеп» нысанын (бұдан әрі – Нысан) толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.

2. Нысан «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 29-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді.

3. Нысанды ай сайын Қазақстан Республикасының уәкілетті банктері жеке тұлғалардың валюталық операциялар бойынша жүзеге асырған төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша ұсынады (төлемдер (аударымдар) болған кезде).

4. Бірінші басшы немесе бас бухгалтер және орындаушы тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген Нысанға қол қояды және мөр басылады (ол болған жағдайда).



  1. Нысанды толтыру

5. Нысан осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген жағдайларда жеке тұлғаның банк шоты арқылы төлем карточкаларын пайдаланбай не банк шотын ашпай жүргізілген төлемдері және (немесе) ақша аударымдары бойынша жеке және уәкілетті банктің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген төлемдері және (немесе) ақша аударымдары немесе қолма-қол ақша алу бойынша жеке ұсынылады.

6. 3, 7, 10, 13, 14 және 15-бағандар ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатының негізінде Төлем мақсатының кодтарын қолдану қағидаларында көзделген форматтармен және кодтармен толтырылады.

7. Төлем карточкаларын пайдалана отырып төлем және (немесе) ақша аударымы немесе қолма-қол ақша алу үшін 10 және 11-бағандарда төлем (ақша аударымы) және ақша алу валютасы мен сомасы бойынша деректер көрсетіледі, ал 14 және 15-бағандар толтырылмайды.

8. 4-бағанда егер төлем және (немесе) аударым уәкілетті банктегі карт-шот арқылы жіберілсе немесе алынса - «карт-шот» жазбасы жасалады, егер төлем және (немесе) аударым уәкілетті банктегі банк шоты (карт-шотты қоспағанда) арқылы жіберілсе немесе алынса - «шот бойынша» жазбасы жасалады, егер төлем және (немесе) аударым уәкілетті банкте банк шотын ашпай жіберілсе немесе алынса - «шотсыз» жазбасы жасалады.

9. 5-бағанда ақша жіберуші (алушы) жеке тұлғаның ЖСН көрсетіледі, резидент емес жеке тұлғада ЖСН болмаған кезде, тиісті баған толтырылмайды.

10. 6-бағанда, егер төлемді немесе аударымды есеп беруші банк жіберсе, «жіберілген» деген жазба, егер төлемді немесе аударымды есеп беруші банк алса, «алынған» деген жазба, төлем карточкаларын пайдалана отырып қолма-қол ақша алынған жағдайда «ақша алу» деген жазба қойылады.

11. 7-бағанда ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатында көрсетілген төлем немесе ақша аударымы мақсатының коды қойылады. Төлем карточкаларын пайдалана отырып банк шоты бойынша жүргізілетін төлемдер және (немесе) ақша аударымдары үшін баған толтырылмайды.

12. 9-бағанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9247 тіркелген «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 14 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен банктер, сондай-ақ банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арасында корреспонденттік қатынастарды орнату қағидаларында көзделген уәкілетті банктің коды немесе оның филиалының коды қойылады. Егер жеке тұлғаның төлеміне және (немесе) ақша аударымына уәкілетті банктің филиалында қызмет көрсетілсе, банк филиалының коды көрсетіледі.

13. 12-бағанда төлем немесе ақша аударымы сомасы мың АҚШ долларымен көрсетіледі. Егер төлем немесе ақша аударымы АҚШ долларынан өзге валютада жүзеге асырылса, онда төлем сомасының АҚШ долларындағы баламасы жеке тұлғаның төлем немесе аударым жасаған күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып есептеледі.

14. 13-бағанда 6-бағанда көрсетілген белгісіне (жіберілген/алынған/ақша алу) қарай бенефициар/ақша жіберуші/ақша алу елінің коды қойылады.

15. 16-бағанда ақша аударуға (алуға) арналған төлем құжатына сәйкес төлем немесе ақша аударымы бенефициарының (жіберушінің) сәйкестендіру деректері не уәкілетті банктің осындай аударым жүзеге асырылған төлем карточкасына сәйкес келетін төлем карточкалары жүйесінде көзделген ақша бенефициары (жіберуші) туралы ақпарат көрсетіледі. Төлем карточкасын пайдалана отырып қолма-қол ақша алу үшін баған толтырылмайды.

16. Есепке түзетулер есепті кезең аяқталғаннан кейін екі ай ішінде енгізіледі.
Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкі Басқармасының

2015 жылғы __ _________

№ ___ қаулысына

4-қосымша
Қазақстан Республикасында валюталық

операцияларды жүзеге асыру қағидаларына

4-қосымша

Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан



«

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет