Грамматикалық талдау Фонетикалық талдау
ҚҰРАМЫНА ҚАРАЙ: ДАРА Бір ғана түбірден (негізгі немесе туынды) тұрады. Мысалы: баста, кес, тасы, тара, аяқта. КҮРДЕЛІ Кемінде екі сөздің тіркесуі арқылы жасалады. Бірінші сыңары негізгі етістік, ал кейінгі тұрғандары көмекші етістік болып саналады. Мысалы: бара жатыр еді, алып кел. ТҰЛҒАСЫНА ҚАРАЙ: НЕГІЗГІ Заттың қимылын білдіретін төл етістік. Сөздің түбірі етістік болады. Мысалы: кел, кет, жүр, жаз, көрген, айтпады ТУЫНДЫ Түбір етістікке және басқа сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік. Мысалы: ой-ла, есеп-те, сан-а, жу-ын. ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ-АСПАУЫНА ҚАРАЙ: БОЛЫМДЫ Іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді. Мысалы: кел, санады, жаздыр, өшірген БОЛЫМСЫЗ Іс-әрекеттің болмауын, жүзеге аспауын білдіреді. Негізгі және туынды етістікке –ма, -ме,-па,-пе,-ба,-бе жұрнақтарының жалғануы немесе жоқ, емес сөздерінің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: келме, санамады, жаздырма, өшірмеген МАҒЫНАСЫНА ҚАРАЙ САЛТ Өзінің алдынан табыс септігіндегі сөзді қажет етпейтін етістік. Мысалы: үйге кел, үйден шық, үйде отыр. САБАҚТЫ Алдындағы сөздің табыс септікте тұруын қажет ететін етістік. Мысалы: хатты оқы, ақшаны сана, есепті шеш. Көсемше – етістіктің ерекше түрі.Есімше сияқты көсемше де екі түрлі мәнде,екі түрлі қызметте қолданылады.Іс-әрекеттің жай күйін білдіріп, пысықтауыш болады,жіктеліп немесе көмекші етістікпен тіркесіп,баяндауыш болады. Көсемшенің жұрнақтары жүктеу/скачать 23.76 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |