Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты



Дата14.06.2016
өлшемі131 Kb.
#135427

Үстеу





  1. Үстеудің лексика-грамматикалық сипаты.

  2. Үстеудің мағыналық топтары: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі, сын-қимыл үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, топтау үстеуі.

  3. Үстеудің жасалуы.

  4. Үстеудің басқа сөзбен тіркесу ерекшеліктері.

  5. Үстеудің сөйлемдегі қызметі.

Үстеуді жеке сөз табы деп танытатын оның басты белгісі - семантикалық сипаты болып табылады. Ол қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр алуан мезгілдік, мекендік, мөлшерлік, сындық-амалдық белгілерін, болу себебі мен мақсатын, т,б. білдіреді. Үстеудің басты грамматикалық сипаты – оның арнайы морфологиялық түрлену жүйесінің және грамматикалық категорияларының жоқтығы. Кейбір жекелеген үстеу сөздерге шырай жұрнақтары да жалғанады: жоғары-рақ, төмен-ірек, тез-ірек, ақырын-дау, әрі-рек, ілгері-леу, ерте-рек, ерте-леу, бері-рек, дәл-ірек, т.б. Осыдан көрінетіндей, шырай жұрнақтары кейбір мекен үстелеріне де (жоғары-рақ, әрі-рек), мезгіл үстеулеріне де (кеш-іре, ерте-рек), сын-қимыл үстеулеріне де (тез-ірек, ақырын-дау) жалғанады. Бірақ үстеудің мағыналық түрлерінің ешқайсысы да толық түрінде шырай категориясымен түрленбейді. Мысалы, мекен үстеулерінің (әлдеқайда, жол-жөнекей, әріде, сонда, алға, т,б.), мезгіл үстеулерінің (бүгін, былтыр, биыл, әлі, енді, қазір), сын-қимыл үстеулерінің (тікелей, бірден, әлінше, лезде, зорға) кейбіріне шырай жұрнақтары қосылмайды. Бұның өзі «негізгі үстеулердің көпшілігінен шырай категориясы жасалады» (А. Ысқақов) деген пікірдің қате екенін көрсетеді. Үстеуде ондай категория болу үшін я шырай категориясының қосымшалары барлық үстеуге немесе үстеудің белгілі тобына енетін барлық сөзге немесе барлық негізгі түбір үстеуге түгел жалғана алуы керек. Ондай жаппайлық қасиет мұнда жоқ, сондықтан үстеуде шырай категориясы жоқ. Әрине, бірлі-жарым үстеуге шырай категориясының қосымшалары жалғануы кездейсоқ емес. Олар көбіне негізгі түбір және қимылдың сапалық мәнін білдіретін үстеулер болып келеді. Бұның өзі тарихи жағьнан үстеудің сын есіммен жақындығын, төркіндес екендігін ғана көрсетсе керек. Синтаксистік қызметі, ең алдымен, үстеудің семантикалық ерекшелігіне байланысты болғандықтан, яғни үстеу қимылдың, іс-әрекеттің алуан түрлі белгілерін білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесіп, көбіне пысықтауыш қызметін атқарып тұр.



Үстеудің мынадай мағыналық түрлері бар: мезгіл үстеуі, мекен үстеуі, сын-қимыл (бейне) үстеуі, мөлшер үстеуі, күшейткіш үстеуі, мақсат үстеуі, себеп-салдар үстеуі.

Мезгіл үстеуі. Мезгіл үстеуі қимылдың, әрекеттің мезгілін, мерзімін білдіреді де, қашан? қашаннан? деген сұрақтарға жауап береді. Мезгіл үстеуі етістікпен тіркесіп қолданылады. Мысалы: бүгін келді, ертең барады, таңертең тұрады, бұрын жүрді, күні бойы дайындалды, күні-түні оқиды, жазғытұрым келеді, т.б.

Мекен үстеуі. Мекен үстеуі іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіріп, қайда, қайдан? деген сұрақтарға жауап береді. Мекен үстеулері де негізінен етістікпен тіркеседі. Мысалы: ілгері жүр, жоғары тартты, төмен түсті, алды-артынан орады, әрі-бері жүрді, жолшыбай ала кетті, т.б.

Сын-қимыл (бейне) үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің амалын, сынын, бейнесін, тәсілін білдіріп, қалай? қайтіп? қалайша? кімше? деген сұрақтарға жауап береді. Сын-қимыл (бейне) үстеуі көбінесе етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: ақырын жүрді, тез келді, бірден сөйледі, шалқасынан құлады, балаша мәз болды, емін-еркін отырды, бостан-бос жүрді, т.б.

Сын-қимыл үстеулері де құрамы жағынан негізгі я туынды түбір немесе күрделі түбір бола береді.



Мөлшер үстеуі. Мөлшер үстеуі қимылдың немесе сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін, шама-шарқын білдіреді де, қанша? қаншама? қаншалық? қаншалап? және кейде қалай? қалайша? сияқты сұрақтарға жауап береді. Мөлшер үстеулері бірде етістікпен тіркесіп, қимылдың мөлшерін, шама-шарқын білдірсе, енді бірде сын есімдермен тіркесіп, сынның мөлшерін білдіреді. Мысалы: онша жараспайды, анағұрлым көбейді, едәуір өсіпті дегенде, онша, анағұрлым, едәуір мөлшер үстеулері жараспайды, көбейді, өсіпті деген етістіктермен тіркесіп, қалай? қанша деген сұрақтарға жауап беріп, қимылдың шама-шарқын білдіріп тұр. Ал онша биік емес, анағұрлым үлкен, недәуір ұзын дегенде, онша, анағұрлым, недәуір мөлшер үстеулері биік (емес), үлкен, ұзын тәрізді сын есімдермен тіркесіп, қалай? қанша? деген сұрақтарға жауап беріп, сынның мөлшерін, көлемдік дәрежесін білдіріп тұр.

Мөлшер үстеулері құрамы жағынан туынды не күрделі түбір болып келеді.



Күшейткіш үстеу. Күшейткіш үстеу сынның немесе қимылдың, іс-әрекеттің белгісін я сапасын күшейтіп я солғындатып көрсетеді. Күшейткіш үстеулер көбінесе сапалық сын есімдермен тіркесіп жұмсалады да, онымен тұтасып келіп сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасауға негіз болады. Мысалы: ең әдемі, тым биік, өте жақсы, аса терең, орасан зор, т.б.

Күшейткіш үстеулердің біразы етістікпен тіркесіп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, қимылдың сипатын күшейте я солғындата көрсетеді. Мысалы: мүлдем білмейді, әбден шаршаған, сәл жүріңкіре, керемет сөйледі, т.б.

Құрамы жағынан күшейткіш үстеулер негізгі түбір болып келеді.

Мақсат үстеуі. Мақсат үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, қалай? не мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Мақсат үстеулері сан жағынан көп емес. Оған: әдейі, жорта, әдейілеп, қасақана, т.б. сөздер жатады. Мысалы: әдейі келдім, жорта айтты, әдейілеп шақырды, қасақана үндемеді., т.б.

Себеп-салдар үстеуі. Себеп-салдар үстеуі қимылдың, іс-әрекеттің болу себебін немесе салдарын (нәтижесін) білдіреді де, не себепті? неге? қалай? деген сұрақтарға жауап береді. Себеп-салдар үстеуіне: босқа, құр босқа, амалсыздан, лажсыздан, шарасыздан, бекерге, жоққа сияқты сөздер жатады. Мысалы: босқа әуре болма, амалсыздан келіп отыр, бекерге айтқансың, т.б.

Морфологиялық құрамы жағынан үстеу негізгі түбір үстеулер (ерте, еш, сәл, қазір, жоғары, т.б.), туынды түбір үстеулері (балаша, соншалық, жасырын, т.б.), күрделі түбір үстеулер (бүгін, биыл, қолма-қол, жапа-тармағай, күні кеше, ала жаздай, томаға тұйық, қаннен қаперсіз, т.б.) болып бөлінеді.

Үстеудің жасалуы төмеңдегідей:

1.Синтетикалық (морфологиялык) тәсіл: -ша,-ше: қазақ-ша, қысқа-ша, ескі-ше; -лай,-лей,-дай,-дей,-тай,-тей: өлер-дей, шикі-лей, қыс-тай, т.б. -дайын.-дейін: тоты-дайын таранған,; -шалық, -шелік, -шама,-шеме: сон-шалық, осын-шама; -дайлық: сон-дайлық,; -шаң, -шең: көйлек-шең, етік-шең; -сыз,-сіз: қаннен қапер-сіз, ысырап-сыз: -ын,-ін, -н: жасырын, үстіртін, қырын; -сын,-сін: кешкісін, ертеңгісін; т.б. -ы,-і: жылы, жолы, күні, түрі, өмірі.

2.Лексика-семантикалық тәсіл:

а) басқа тілден енген үстеулер: қазір, әуелі, таман, т.б.

ә) семантикалық процесс арқылы, яғни адвербиалдану арқылы жасалған үстеулер: соң (зат атауынан соң дегеннен), кеш (мезгіл атауынан), аса, өте, лықа, айнала, т.б. көсемше тұлғаларынан қалыптасқан.



3.Семантикалық-синтетикалық тәсіл. Көлемдік септік формалары мен кейбір сөз таптарына қатысты жұрнақтар жалғанған сөздер адвербиалдану (семантикалық) процесі арқылы үстеуге айналып кеткен. Сөйтіп, бұл жерде екі түрлі процесс, бірі – қосымша үстелу, екіншісі – семантикалық процесс (таза семантикалық тәсілден айырмашылығының өзі осында, өйткені бұл қосымшалардың үстеу тудыру – негізгі сипаты, мәні емес), қатар жүріп отыр. Олар: а) барыс септік арқылы: босқа, жатқа, артқа, т.б.). ә) жатыс септік арқылы: мұнда, түнде, алда, б) шығыс септік: шетінен, тосыннан, қатеден, төтеден, кеңінен; в) көмектес септік: жайымен, жөнімен, шынымен, кезекпен,; -лап,-леп, дап,-деп, тап, теп; ойыншылар, жездейшілеп, т.б.

4.Аналитикалық тәсіл. а) сөздердің бірігуі: бүгін (бұл күн), биыл (бұл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), ендігәрі (ендігіден әрі), т.б. ә) сөздердің қосарлануы: жата-жастана, аунап-қунап, жапа-тармағай, бірте-бірте, бет-бетімен, аз-аздап. б) сөздердің тіркесі мен идиомаланған тіркестер: ала жаздай, күні кеше, ертеден қара кешке, томаға тұйық, күн ұзаққа.



Үстеудің емлесі. Негізгі және туынды түбір үстеулер көбінесе айтылуынша жазылады. Мысалы: ертең, кешке, бұрын, сонда, әрі, бері, төмен, бірге, әрең, талай, т.б.

Сөздердің бірігуінен жасалған күрделі үстеулердің көпшілігі айтылуынша, яғни сыңарларының дыбысталуынша өзгеріске түскен күйінде жазылады. Мысалы: бүгін, биыл, қыстыгүні, жаздыгүні, ендігәрі, анағұрлым, т.б. сөздер айтылуынша жазылады. Бұлар бұл+күн, бұл+йыл, қыстың+күні, жаздың+күні, ендігіден+әрі, ана+құрылым деген сөздерден біріккен. Ал таңертең (тәңертең емес), бірқыдыру (бәрғыдыру емес), әлдекімше (әлдегімше емес) сияқты күрделі үстеулердің сыңарлары түбір тұлғасын сақтап жазылады.

Сөздердің қайталануынан я қосарлануынан жасалған күрделі үстеулер дефис (-) арқылы жазылады. Мысалы: тез-тез (киді), бірте-бірте (жүріп кетті), жол-жөнекей (соқты), қолма-қол (берді), емін-еркін (отырды), күні-түні (істеді) т.б.

Сөздердің тіркесуінен құралған күрделі үстеулердің әрбір сыңары бөлек жазылады. Мысалы: таң сәріде (тұрды), күні бойы (дайындалды), қаннен қаперсіз (отыр), ала жаздай (ән салып) т.б.



Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Үстеу сөйлемде көбіне етістікпен тіркесіп пысықтауыш қызметін атқарады. өйткені үстеу мағынасы жағынан көбіне-көп қимылдың, іс-әрекеттің (яғни етістіктің) әр түрлі сын-сипатын, яғни мекенін, мезгілін, амалын, мөлшерін, болу мақсаты мен себебін білдіреді. Мысалы: Шыңғыстың сырты тез жылына қоймайтын да ерте көктемейтін (М.Ә.). Ескі бише отырман бос мақалдап (А.). Кетпеннің жоғары көтерілуі де, қарқыны да, жерді алымы да бір қалыпқа түсті (Ғ.Мұст.).

Берілген мысалдағы тез (қалай жылына қоймайтын?), бише (қалай отырман?), жоғары (қайда көтерілу) деген сөздер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

Кейбір үстеулер жіктеліп келіп баяндауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Сендер осындасыңдар ма? Бірлік қайда болса, жеңіс сонда. Бұл сөйлемдердегі осындасыңдар (ІІІ жақ), сонда (ІІІ ж) үстеулері жіктеліп келіп баяндауыш болып тұр.

Кейде үстеу атау септікте тұрып, заттанып келіп, бастауыш қызметінде де жұмсалады. Мысалы: Еріншектің ертеңі таусылмас (мақал). Бүгін – мереке.

Күшейткіш үстеулер сапалық сын есімдермен тіркесіп келіп, онымен бірге күрделі анықтауыш құрамында жұмсалады. Мысалы: Сауықшыл сорлы бүкшиді. Тым-ақ қиын іс болды (А.). Мәжіліске ең қадірлі, ең таңдаулы адамдар келмек.

Берілген сөйлемдердегі тым-ақ және ең деген күшейткіш үстеулері қиын және қадірлі, таңдаулы сын есімдерімен тіркесіп келіп, іс және адамдар сөздерінің күрделі анықтауышы болып тұр.



Пысықтау үшін сұрақтар

  1. Үстеудің мағыналық сипаты қандай, яғни үстеу нені білдіреді?

  2. Үстеудің ерекшелігі неде?

  3. Үстеу қай сөз табымен тіркесіп қолданылады?

  4. Үстеудің құрамдық түрлері қандай?

  5. Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтарды атап, мысал келтір.

  6. Күрделі үстеулер қалай жасалады?

  7. Үстеудің сөйлемдегі қызметі қандай?

Әдебиеттер:

  1. Қазақ тілінің грамматикасы. À.,1967. 201-219-á.

  2. А. Ысқақов.Қазіргі қазақ тілі . À.,1974. 347-358-á.

  3. А. Искаков. Наречие в казахсом языке, À.,1950. 5-139-á

  4. Қазақ тілі. Энциклопедия. À.,1998.432-á.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз


1. Морфологиялық өзгеріске түспей, іс-қимылдың әр

түрлі белгісін, сипатын білдіретін сөз табы

А) шылау

В) үстеу


С) етістік

деп аталады.

2. Үстеулер құрамына қарай:

А) екіге


В) үшке

С) төртке

Д) беске

бөлінеді.

3. Балаша күлді, бұлбұлдай сайрады.

А) негізгі үстеу

В) туынды үстеу

С) күрделі үстеулер

болып табылады.

4. «Жылдам – жылдамырақ – жылдамдау» үстеулеріне

А) үстеу жұрнақтары

В) етістік жұрнақтары

С) сын есімнің шырай жұрнақтары

жалғанған.

5. Туынды түбір үстеу тудыратын жұрнақтар:

А) –ша,-ше.

В) –лау,-леу.

С) – рақ,-рек.

Д) –ма,-ме.

6. Жоғары-төмен, анда-санда, әрең-әрең -

А) тіркесті

В) қосарланған

С) біріккен

күрделі үстеулер.

7. Барыс септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеулер

А) кешке, босқа

В) баяғыда, ертеде

С) кеңінен, етпетінен

8.

А) Жаздыгүні –



В) Күні бүгін –

С) Бет-бетімен –

Д) Осыншалық –

- біріккен күрделі үстеу.

9. Сөйлемде үстеу негізінен

А) анықтауыштың

В) пысықтауыштың

С) баяндауыштың

қызметін атқарады.

10. Туынды үстеу -

А) тез.

В) ерте.


С) бұрын.

Д) жаздай.

11. Биыл, бүгін, ендігәрі үстеулері

А) бірігу арқылы

В) қосарлану арқылы

С) тіркесу арқылы

жасалған

12. Кейбір септік жалғауларының түбірге кірігіп,

көнеленуінен жасалған үстеулер

А) дара үстеулер

В) күрделі үстеулер

болып табылады.

13. Шығыс септігінің көнеленуінен қалыптасқан үстеу

А) кешке


В) кезекпен

С) аңдаусызда

Д) шалқасынан

14. Қайталау я қосарлану арқылы жасалған үстеулер:

А) дефис арқылы

В) бірге


С) бөлек

жазылады.

15.

А) Байқаусызда



В) Зорға

С) Ілгері

Д) Жөнімен

үстеулері көмектес септігінің қатысуымен жасалған.

16.

А) –ша,-ша, -лай,-лей



В) –дайын,-дейін, -шама,-шеме

С) –майынша, -мейінше

Д) –ма, ме, -ба,-бе

үстеу тудырушы жұрнаққа жатпайды.

17.

А) Қолма-қол, бетпе-бет -



В) Тезірек, қапыда -

С) Күн ілгері, ертеден қара кешке дейін -

Д) Тосыннан, шетінен, текке –

- тіркесу арқылы жасалған күрделі үстеулер.

18. Күндіз кіріп үйшікке,

Ұйықтайды, дем алады.

Түні бойы көз ілмей,

Есік алдын бағады (Қ. Аман.). Өлеңде

А) 1

В) 2


С) 3

Д) 4


үстеу бар.

19. «Түні бойы» сөзі

А) негізгі

В) туынды

С) күрделі

үстеу
20. Үстеулер мағынасына қарай

А) беске

В) алтыға

С) жетіге

Д) сегізге

бөлінеді.

21. Жазғытұрым қалмайды қыстың сызы (А.) Сөйлемде

А) мезгіл

В) мекен


С) мөлшер

Д) мақсат

пысықтауыш бар.

22. «Бүгін» үстеуінің құрамы -

А) бү-гүн.

В) бұл-гун.

С) бү-күн.

Д) бұл күн.

23. Мезгіл үстеуі:

А) жоғары-төмен.

В) бүгін-ертең.

С) анағұрлым, недәуір.

Д) бостан-бос, емін-еркін.

24. Мезгіл үстеуінің сұрақтары:

А) қашан, қашаннан?

В) қайда, қашан?

С) қанша, қалай?

25. Бүгінді ертең жеңеді (Ғ.Сл.) «Бүгінді» сөзі

А) үстеу, пысықтауыш.

В) үстеу, толықтауыш.

С) зат есім, толықтауыш.

26. Күн сайын бір жаңалық болады, бірақ оған ешкім

таңданбайды (Ғ.М).

Сөйлемдегі үстеу -

А) мөлшер үстеуі, күрделі үстеу, пысықтауыш.

В) мезгіл үстеуі, күрделі пысықтауыш.

С) мезгіл үстеуі, дара бастауыш.

27. Олар теңізге ерте шықты (Ә.Нұр).

Қазір өзен мұзы ери қойған жоқ (Ә.Нұр).

Ажар ертерек келгенде, іс бұлай аяқталмайтын еді.

Сөйлемдерде

А) 2


В) 3

С) 4


Д) 5

мезгіл үстеуі бар.

28. Абай Ерболдың ақындығын бұрын да білуші еді, бірақ

көңіл аудармаған

(М.Ә.). Сөйлемдегі үстеу -

А) мезгіл үстеуі.

В) мекен үстеуі.

С) мөлшер үстеуі.

29. Жаз айларында бұл жердің суы тартылып қалады,

сондықтан мұнда ел болмайды. Сөйлемде мезгіл үстеуі

А) бар

В) жоқ.


30. Үйге жаңа келдік. «Жаңа» сөзі қай сөз табы?

А) зат есім

В) сын есім

С) есімдік

Д) үстеу

31. Іс-әрекеттің болу орнын, бағытын білдіретін үстеудің

түрі

А) мөлшер



В) мекен

С) мезгіл

Д) мақсат үстеуі.

32.


А) Биыл, қыстай, әлгінде -

В) Әрмен, тысқары -

С) Қыруар, бірталай -

Д) Амалсыздан, текке –

мезгіл үстеуі.

33. Көксерек артына қарап тұрып, байқамай қалып еді

(М.Ә.). Сөйлемдегі үстеу сөз:

А) мезгіл

В) мекен

С) мөлшер

Д) сын-қимыл

үстеуі.


34. Мекен үстеуінің сұрақтары:

А) қалай? қайтіп?

В) қайда? қайдан?

С) қаншама? қаншалық?

35. Күрделі мекен үстеуі:

А) әрі-бері, алды-артынан.

В) емін-еркін, бостан-бос.

С) керемет,орасан.

36. Туынды мекен үстеуі:

А) төмен, бері, кейін.

В) мұнда, жоғарыда, алда.

С) мүлдем, әбден.

37. Ерте-кеш, жоғары-төмен, баяу-тез антонимдері

А) сын есімнен

В) үстеуден

С) зат есімнен

Д) есімдіктен

жасалған


38. Барлық аттылар жан-жаққа шаба жөнелді ( М.Ә.)

Сөйлемде

А) негізгі мекен үстеуі бар.

В) туынды мезгіл үстеуі бар.

С) күрделі мекен үстеуі бар.

Д) сын-қимыл үстеуі бар.

39. Мекен үстеуі

А) барыс септігінің

В) жатыс септігінің

С) көмектес септігінің

сұрағына жауап береді.

40. Байырғы септік тұлғасындағы үстеу -

А) адамша.

В) кешкісін.

С) соншалық.

Д) артта.

41. Асан екеуміз ақырын әңгімелесіп келеміз.

Сөйлемдегі сын-қимыл үстеуі:

А) ақырын.

В) әңгімелесіп.

С) екеуміз.

Д) келеміз.

41. Сын-қимыл үстеуі:

А) қандай? қай?

В) неше? нешеу?

С) қайда? қайдан?

Д) қайтіп? қалай?

деген сұрақтарға жауап береді.

42.

А) Әбден, тым, аса, өте -



В) Әрең, қолма-қол, емін-еркін -

С) Әрі, бері, әрмен, мұнда -

Д) Былтыр, күні-түні, баяғыдан -

сын-қимыл үстеулері.

43. Сын-қимыл үстеулері:

А) бостан-бос, тез.

В) қыстыгүні, ала жаздай.

С) едәуір, недәуір.

Д) әдейі, жорта.

44. Көзіңді ашып-жұмғанша, жылдам хабар алғызды.

Сөйлемдегі негізгі үстеу -

А) көзіңді.

В) ашып-жұмғанша.

С) жылдам .

Д) хабар алғызды.

45. «Ашып – жұмғанша» -

А) негізгі, мөлшер үстеуі.

В) туынды, себеп-салдар үстеуі.

С) күрделі, сын-қимыл үстеуі.

46. «Тотыдайын, сұңқардайын» сөздері:

А) негізгі, сын-қимыл үстеулері.

В) туынды, сын-қимыл үстеулері.

С) күрделі, мөлшер үстеулері.

47. Сауықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды (А).

Күшейткіш үстеу сөйлемнің

А) анықтауышы

В) толықтауышы

С) пысықтауышы

болып тұр.

48. Кілең семіз сәйгүлік

Кідірмейді елең ғып (Ғ.Орм.)

Сөйлемдегі үстеу

А) Мөлшер үстеуі, пысықтауыш.

В) күшейткіш үстеуі, анықтауыш.

С) сын-қимыл үстеуі, анықтауыш.

49. Күлімкөз деп атыңды жорта қойдым (халық әні).

« Жорта» сөзі -

А) мөлшер үстеуі.

В) себеп – салдар үстеуі.

С) күшейткіш үстеуі.

Д) мақсат үстеуі.

50. Әдемі әнді құмарта тыңдаған қалың жұрт лажсыздан

таң ата тарады.

«Лажсыздан» сөзі

А) мөлшер үстеуі.

В) мекен үстеуі.

С) себеп-салдар үстеуі.

Д) сын-қимыл үстеуі.

Åëiêòåó ñ¼çäåð


  1. Åëiêòåó ñ¼çäåðäi» ëåêñèêà-ãðàììàòèêàëûº ñèïàòû.

  2. Åëiêòåó ñ¼çäåðäi» ò¾ðëåði: åëiêòåóiø æ¸íå áåéíåëåóiø ñ¼çäåð.

  3. Åëiêòåóiø ñ¼çäåðäi» äûáûñòûº åðåêøåëiêòåði.

  4. Åëiêòåóiø ñ¼çäåðäi» áàñºà ñ¼ç òàïòàðûí æàñàóäà¹û ðîëi.

  5. Åëiêòåó ñ¼çäåðäi» ñ¼éëåìäåãi ºûçìåòi.

Табиғаттағы әр түрлі құбылыстардың дыбыстарына, қимыл-әрекеттеріне еліктеумен немесе олардың бейнелерімен байланысты туған сөздер еліктеу сөздер деп аталады. Мысалы тырс (етті), сарт (етті), жалт (берді), саңқ (етті), былш (етті), шорт (сынды), гүрс (етті), тарс (айрылды), шық (етті), ду (етті), сырт (ете қалды), дыз (ете түсті), қолп (ете қалды), жалт-жұлт, қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, арбаң-арбаң, сарт-сұрт, қаңғыр-күңгір, ыржың-ыржың, т.б. Мысалдан анық көрінетіндей, еліктеу сөздердің басқа сөз таптарынан өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, бұл сөздер айналадағы құбылыстардың әр түрлі дыбыстарына, есту арқылы және көру арқылы әр түрлі қимылдарына еліктеуден туған. Мысалы: сарт (етті), саңқ (етті), гүрс (етті), қорс (етті), сарт-сұрт, бұрқ-сарқ, қаңғыр-күңгір тасыр-тұсыр, т.б. дыбысқа еліктеуді білдірсе, жылт (етті), қалт-құлт, бүгжең-бүгжең, т.б. әр түрлі қимыл-әрекетке, құбылысқа еліктеуді көрсетеді. Сондықтан да олар еліктеу сөздер деп аталады. Екіншіден, еліктеу сөздер көбінесе көмекші етістіктермен (негізінен ет етістігімен) тіркесіп немесе қайталанып келіп қолданылады.

Еліктеу сөздер айналадағы құбылыстар арасындағы әр түрлі қатынастарды бейнелі түрде дәл жеткізудің бір құралы болып табылады. Сондықтан да еліктеу сөздер көбінесе көркем әдебиетте жиі қолданылады.

Еліктеу сөздердің түрлері. Еліктеу сөздер мағынасы жағынан айналадағы әр түрлі дыбысқа және қимылға, іс-әрекетке еліктеуді білдіруіне байланысты еліктеуіш сөздер және бейнелеуіш сөздер болып екіге бөлінеді.

Еліктеуіш сөздер. Табиғаттағы заттардың қозғалуы, бір-бірімен қақтығысуы, соғылуы сияқты алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Сол дыбыстарға еліктеуден туатын сөздер еліктеуіш (тарс етті, дар-дар айрылды, сарт-сұрт етті, тарс-тұрс ұрды, т.б.) деп аталады. Мысалы: Боз, күрең, жирен, ала, шұбар, Өтеді ауыздығын қарш-қарш шайнап (Ж.Ж.). Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік жерге салп етті (А). Еліктеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: тырс етті, сарт етті, қыңқ етеді, топ ете түсті, қор ете қалды, гүрс ете түсті, саңқ етті, т.б. Еліктеуіш сөздер қайталанып, қосарланып та жұмсалады. Ондайда көмекші етістікпен тіркесіп, онымен бір қызметте немесе жеке тұрып қимылдың амалын білдіреді. Мысалы: тарс-тұрс етті, дүңк-дүңк етті, ырс-ырс етеді, сарт-сұрт болды, шаң-шұң болды, арс-арс етеді, шарт-шұрт сынды, пыр-пыр ұйықтайды, т.б.

Бейнелеуіш сөздер. Бейнелеуіш сөздер – табиғаттағы әр түрлі қозғалыс, әрекеттерді бейнелейтін сөздер (жалт қарады, елең етті, жалп ете түсті, қорбаң-қорбаң жүгірді, т.б.). Мысалы: Аттылар бұрылып келіп, дөңгелене отырған жиынға жапыр-жұпыр сәлем берісіп амандасып қалды (М.Ә). Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «е» деуге үлгермей, жүрісін кілт тоқтатып, жалт қарады (С.М.). Селк ете қалды кең далам, Селк ете қалды тау іші (Ж.Ж.).

Берілген мысалдардағы жапыр-жұпыр сөзі бірнеше адамның (аттылардың) бірінен соң бірі рет сақтамай-ақ тез-тез сәлем беруін, кілт сөзі бірден, тез тоқтауды, жалт етіп бұрылып қарауды, селк сөзі бейғам даланың (тау іші) бірден шоши қозғалуын білдіріп тұр.

Бейнелеуіш сөздер көмекші етістікпен (көбінесе ет көмекші етістігімен) тіркесіп жұмсалады. Мысалы: Жылт ете түсті, жалт қарады, қалт етті, ербең етті, т.б. бейнелеуіш сөздер қайталанып, қосарланып, көмекші етістікпен тіркесіп жұмсалады. Мысалы: маң-маң басты, жалт-жұлт етті, жылт-жылт етті, жарқ-жұрқ етті, далаң-далаң жүгірді, қызараң-қызараң етті, қиқаң-қиқаң етті, ербең-ербең етті.

Негізгі және туынды еліктеу сөздер. Еліктеу сөздер құрамына қарай негізгі, туынды және күрделі түбір болып келеді.

1.Негізгі еліктеу сөздерге әр түрлі дыбыстар мен қимыл, іс-әрекетке тікелей еліктеуден туған түбір сөздер жатады. Мысалы: тарс, тұрс, күрс, дік, жылт, жалт, топ, шіңк, морт, қорс, ырс, борт, қыңқ, ірк, шаңқ, т.б.

2.Туынды еліктеу сөздер негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа да сөздерден –аң, -ең, -ың, -ң жұрнағы жалғану арқылы жасалады. а) негізгі түбір еліктеу сөздерден жасалған туынды еліктеу сөздер: арс-аң, бор-аң, болп-аң, елп-ең, жылт-ың, жалт-аң, томп-аң, быж-ың, кілт-ің, жымп-ың, сымп-ың,т.б.

ә) етістіктерден жасалған туынды еліктеу сөздер: ағар-аң, былға-ң, домала-ң, иір-ең, қызар-аң, сыла-ң, т.б.

б) осы жұрнақ арқылы жасалған кейбір туынды еліктеу сөздердің түбірі қазіргі кезде жеке қолданылмайтын өлі түбірге айналып кеткен. Олардың түбірін түбірлес басқа сөздермен салыстырып қарау арқылы болжауға болады. Мысалы: арб-аң (арби), ерб-ең (ерби), жарб-аң (жарби), кірб-ең (кірби), адыр-аң (адырай, адырақ), ажыр-аң (ажырай), майм-аң (майми, маймақ), кірж-ің (кіржи), қайқ-аң (қайқи, қайқы), қылм-ың (қылми, қылымси), соп-аң (сопи, сопай), сид-аң (сиди, сида), т.б.

3. Күрделі еліктеу сөздер негізгі және туынды еліктеу сөздердің қайталануынан немесе қосарлануынан жасалады. Мысалы: борт-борт, гүрс-гүрс, гүр-гүр, дүр-дүр, дір-дір, зырқ-зырқ, бүрсең-бүрсең, жалбаң-жалбаң, қожаң-қожаң, тарс-тұрс, арс-ұрс, баж-бұж, арбаң-ербең, адыраң-едірең, тапыр-тұрып, т.б.

Еліктеу сөздер жұрнақ арқылы басқа сөз таптарынан (негізінен зат есім мен етістік) да жасалады. Мысалы: тарс-ыл, сыр-ыл, ыңқ-ыл, бұл-аң, бүлк-ек, даң-ғыр, қаң-ғыр, дүң-гір, т.б. еліктеу сөздерден -ыл, -іл,-л, -ақ,-ек, -ғыр,-гір жұрнақтары арқылы зат есімдер жасалған болса, желб-іре, салб-ыра, үлб-іре, қалб-ыра, күкр-іре, дүрк-іре, арбаң-да, ербең-де, бұраң-да, күбір-ле, қоқаң-да,т.б еліктеу сөздерден -ыра, -іре, -ла, -ле, -да, -де жұрнақтары арқылы етістіктер жасалған.

Еліктеу сөздердің сөйлемдегі қызметі. Еліктеу сөздер жалаң түрінде де, қосарланып келіп те көбіне көмекші етістікпен, кейде негізгі етістікпен тіркесіп жұмсалады.

Еліктеу сөз көмекші етістікпен тіркесіп қолданылғанда, көбіне күрделі баяндауыш құрамында жұмсалады немесе етістіктің әр түрлі тұлғасында келіп, басқа да қызмет атқарады. Мысалы: Боқай келіншегінің сөзіне мыңқ етпеді (Ғ.Мұст.). Жаппамыз теңселіп тұрғандай, астымыз дір-дір етеді (Ғ.М.). Қасқыр тыпырлап жатқан қозыны көре сала, ыр етіп барып бас салды (М.Ә.). Қалт еткенді аңдып отыр. Оның сөзіне елең еткен адам болмады.

Берілген мысалдағы көмекші етістікпен тіркескен мыңқ етпеді, дір-дір етеді деген еліктеу сөздер (Боқай қайтпеді?) күрделі баяндауыш болса, ыр етіп барып (қалай?) пысықтауыш, қалт еткенді (нені аңдып отыр?) – толықтауыш, елең еткен (қандай адам?) – анықтауыш қызметін атқарып тұр.

Пысықтау үшін сұрақтар

1.Еліктеу сөздер қалай жасалады?

2. Еліктеу сөздердің қандай түрлері бар?

3.Еліктеуіш сөздер қалай пайда болады?

4.Бейнелеуіш сөздер қалай пайда болады?

5.Туынды еліктеу сөздер қалай жасалады?

6.Күрделі еліктеу сөздер қалай жасалады?

7. Еліктеу сөздер сөйлемде қандай қызмет атқарады?



°äåáèåòòåð:

  1. ²àçຠòiëiíi» ãðàììàòèêàñû. À.,1967. 254-260-á.

  2. À. Ûñºàºîâ. ²àçiðãi ºàçຠòiëi. À.,1974. 359-373-á.

  3. Ø. Ñàðûáàåâ. ²àçຠòiëiíäåãi åëiêòåóiø ñ¼çäåð. À.,1960.

  4. Ø. Ñàðûáàåâ. ²àçຠòië áiëiìi ì¸ñåëåëåði. À.,2000

  5. ²àçຠòiëi. Ýíöèêëîïåäèÿ. À.,1998. 108-á.

Тест сұрақтарына жауап беріңіз

1. Туынды еліктеу сөздер:

А) тарс-тұрс

В) болпаң, елпең.

С) тарс, селк.

Д) борт, ірк.

2. Қосарланған еліктеуіш сөздер:

А) жалт қарады.

В) опыр-топыр.

С) жылтың етті.

Д) морт сынды.

3. Кемпір-шал құржаң қағып, бала бүрсең,

Көңілсіз қара суық қырда жүрсең (С.Тор.).

Белгіленген сөздер құрамына қарай

А) негізгі еліктеуіш сөздер.

В) туынды еліктеуіш сөздер.

С) күрделі еліктеуіш сөздер.

4. Жүрегім зу ете қалды. «Зу» сөзі -

А) одағай.

В) еліктеу.

С) шылау.

Д) көмекші есім.

5. Туынды еліктеуіш сөздер:

А) –ған,-ген.

В) –п, -ып, -іп.

С) –ма, -ме

Д) –аң, -ең, -ың, -ің.

Жұрнақтары арқылы жасалады.

6. Сарт (етті), күмп (берді), саңқ (етті) сөздері -

А) еліктеуіш сөздер.

В) одағай сөздер.

С) шылау сөздер.

Д) үстеу.

7. Дос айтады: бермесең, бұлт берем деп.

Сөйлемдегі еліктеуіш сөздің мағынасы:

А) сытылып шығып кету.

В) қолындағының бәрін беру.

С) тығылып қалу.

Д) бұлтты әперу.

8. Еліктеу сөздерден жасалған туынды зат есімдер:

А) ағар-аң, былға-ң.

В) арс-аң, балп-аң.

С) тарс-ыл, сыр-ыл.

Д) борт-борт, бырт-бырт.

9. Қосарланған еліктеуіш сөздер:

А) айтып-айтпай, жүзбе-жүз.

В) өз-өзінен, үп-үлкен.

С) жарқ-жұрқ, үйдей-үйдей.

Д) тарс-тұрс, жалт-жұлт.

10. Туынды еліктеуіш сөздерге тән жұрнақ:

А) –ыл,-іл, -л, -ек, -ғыр,-гір

В) –ыра, -іре, -ла, -ле.

С) –аң, -ең, -ың,-ің, -ң

Д) –ғалы, -гелі, -қалы, -келі.

11. Дыбыстық еліктеуіш сөзі бар сөйлем:

А) Төртеуі жалп-жалп құлады.

В) Селк ете қалды кең далам.

С) Ол анадайдан мені көріп, далаң-далаң жүгірді.

Д) Баяғы жартас – бір жартас, қаңқ етер, түкті байқамас

(А.).

12. Еліктеуіш сөздер мағынасы жағынан:



А) негізгі, туынды, күрделі

В) еліктеуіш, бейнелеуіш

болып бөлінеді.

13. Бейнелеуіш сөздер -

А) қалт етті.

В) қарқ етті.

С) қор етті.

14. Дыбыстарға еліктеуден туған сөздер:

А) еліктеуіш

В) бейнелеуіш

деп аталады.

15. Дыбыстық еліктеуіштер:

А) сарт етті, шарт-шұрт сынды.

В) жалт-жұлт етті

С) жарқ-жұрқ етті.

Д) ербең-ербең етті.

16. Бүгжең-бүгжең жүгірді, қиқаң-қиқаң етті.

А) дыбыстық еліктеуіштер.

В) бейнелеуіш сөздер.

С) үстеулер.

17. Еліктеуіш және бейнелеуіш сөздердің қатар келуі:

А) Мен жалт қарадым. Жарқ-жұрқ етіп найзағай

ойнады.

В) Айнала аяқ астынан шаң-шұң болды. Мен селк ете



қалдым.

С) Беті шып-шып терлеп, бүгжең-бүгжең жүгірді.

18. Үйдегі жұрттың бәрі .... боп тысқа қарай ақтарылды.

А) шақыр-шұқыр

В) абыр-сабыр

С) лек-лек



Д) қалбалақтай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет