Грамматикалық талдау Фонетикалық талдау



бет1/5
Дата01.04.2023
өлшемі23.76 Kb.
#471570
  1   2   3   4   5
Ақмарал байқау екі


Грамматикалық талдау
Фонетикалық талдау
Дауыссыз дыбыстарға талдау жасау
Дауыссыздардың дауыс, үннің, салдырдың қатысына қарай жіктелуі. Дауыссыздарды үшке бөлеміз.

  1. Үнді дауыссыздар: ____й,л,м,н,ң,р,/у/,

  2. Қатаң дауыссыздар: ___к,қ,п,с,т,ф,х,ц,ч,ш,щ.

  3. Ұяң дауыссыздар: _____б,в,г,ғ,д,ж,з,һ.

Үні басымын-үнді дауыссыздар, тек салдырдан тұратынын -қатаң, үннен гөрі салдыры басымын-ұяң деп жіктеп жүрміз.
Дауысты дыбыстарға талдау жасау

  1. Еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік;

Еріндік дауыстылар: о, ө, у, ұ, ү
Езулік дауыстылар: а, ә, э, е, ы, і

  1. Иектің (жақтың) қаысына қарай: ашық, қысаң;

Ашық дауыстылар: а, ә, е, э
Қысаң дауыстылар: ы, і, ұ, ү, и
3. Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке деп бөледі.
Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ, (и), (у);
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і, е, (и), (у)
Тіл дыбыстарынан кейінгі сөздің бөлшегі-буын. Сөздің құрамында қанша дауысты болса, сонша буын болатыны белгілі.Сөздерді буынға жіктеуде:
Құрамындағы дауысты және дауыссыз дыбыстардың орын тәртібіне қарай қазіргі қазақ тіліндегі буынның үш түрі: ашық, тұйық, бітеу буын.
Ашық буын – жеке дауыстыдан тұратын немесе дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын. Мұның дыбыстық құрамы:
1) А: а-та, е-не, ы-дыс
2) ВА: ба-ла-сы.
3) ВВА: ста-нок, ста-қан, пла-кат
4) ВВВА: стра-те-ги-я, стра-тосфера
Тұйық буын – соңы дауыссызға аяқталатын буын. Дыбыстық құрамы:
1) АВ: ат, ән-детті, ой-ланды
2) АВВ: ант, ырс-ырс, ұлт.
Бітеу буын – дауыссыздан дыбыстан басталып, дауыссызға аяқталатын буын түрі. Дыбыстық құрамы:
1) ВАВ: бас-тар, тас-тай.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет