“Гуманитарлық білім ” факультеті



бет1/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#134096
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

Сырдария” университеті




“Гуманитарлық білім ” факультеті

“Педагогика және психология” кафедрасы




“Жеке адам психологиясы ” пәні бойынша



050103 - Педагогика және психология мамандықтарының студенттері үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

(Силлабус)


Оқу түрі : күндізгі

Курс 3

Кредит саны: 3



Семестр YІ

Лекция: 30сағат

Практикалық (семинар) сабақтар: 15 сағат

СӨЖ: 45 сағат

ОБСӨЖ: 45 сағат

Барлық сағат саны - 135 сағат

Аралық бақылаулар саны: 2(40 балл)

Қорытынды бақылау – емтихан 60 балл




Жетісай – 2007


Құрастырған: оқытушы Таштауова Ж.Х.



ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН


(Силлабус)

Жеке адам психологиясы ” пәні бойынша

050103 - «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттері үшін әзірлеген


Оқу-әдістемелік кешен Университет Ғылыми кеңесінде бекітілген Оқу бағдарламасы

Негізінде жасалған.


№ Хаттама________ «________» 2007ж

Кафедра меңгерушісі ______________


Факультеттің әдістемелік кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама________ «________» 2007ж

Әдістемелік кеңесінің төрағасы:_______________________


Университеттің Ғылыми кеңесінде мақұлданған
№ Хаттама ________ «______» 2007 ж

050103 – мамандығын дайындайтын кафедра

меңгерушісімен келісілген _____________________________

Мазмұны


  1. Алғы сөз …….…………………………………………......................................

  2. Жалпы мәліметтер …………………………….……….....................................

  3. Курстың мақсаты мен міндеті .....……………………………………...............

  4. Курстың пререквизиттері, постреквизиттері .....…………...............................

  5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме .……................................................ ............

  6. Оқу сабақтарының құрылымы .…………………………..................................

  7. Студентке арналған ережелер ..……………………..........................................

  8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі .………..............................................................................…….

  1. Лекция сабақтарының мазмұны .........................................................................

  2. Семинар сабақтарының жоспары ........................................................................

  3. СӨЖ жоспары және орындау кестесі ..................................................................

  4. ОБСӨЖ жоспары және орындау кестесі ......................................................…..

  5. Студенттердің білімін бақылау түрлері: ............................................................

а) бақылау сұрақтары

б) жазбаша бақылау жұмысы

в) тест сұрақтары


  1. Студенттердің академиялық білімін рейтингтік бақылау жүйесі ...................

  2. Пән бойынша оқу процесінің картасы ...………………....................................


Алғы сөз

Оқу әдістемелік кешен «Жеке адам психологиясы» пәні бойынша 050103 «Педагогика және психология» мамандықтарының студенттеріне осы курс бойынша оқытушының жұмыстан неғұрылым тиімді ұйымдастыруға арналған барлық қажетті оқу-әдістемелік материалдарды құрайды. Білім беруде кредиттік технологияны пайдаланып, барлық құжаттарды бір кешенге біріктіре отырып, пәнді меңгеру процесінде студенттің білімін, машықтануын және біліктілігін жоғарғы деңгейге көтеру мақсаты көзделініп отыр.

ОБСӨЖ – оқытушының басшылығымен студенттің өзіндік жұмысы, СӨЖ- студенттердің өзіндік жұмысы.

Оқыту бағдарламасы (Syllabus), семестрдің басында әрбір студентке беріліп, студенттің білімін тереңдетуге, пәнге деген ықыласының артуына, шығармашылық және зерттеушілік қабілеттері ашылып, одан әрі дамуына себебін тигізеді деп күтілуде.

Дәрістің қысқаша жазбасы студентке қайсы бір тақырыпты қарастыруда неге назар аудару керектігіне бағыт береді, санасына негізгі ұғымдар мен терминдерді енгізеді. Пәнді толықтай меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттің барлығымен дерлік жұмыс өткізіп және өзіндік жұмысының барлық көлемін орындауы қажет.

Тапсырмалар мен жағдайлардың жиынтығы студенттерге кредиттерді тапсыруда пән бойынша өз білімдерін тексеруге және рейтингтік бақылауды тапсыруға, сынақ/емтиханды алуға арналған.


2. Жалпы мәліметтер.

Оқытушы Таштауова Ж.Х.


«Педагогика және психология» кафедрасы №1 корпус, 3-этаж, 34 кабинет

Телефон:

Кафедрада болу уақыты: 9.00-18.00

Өткізу уақыты және орны



Аты-жөні

Сабақты өткізу, орны

Байланыстырушы мәлімет

Аудиториялық сабақтар

СӨЖ




1

Таштауова Жанар Хандилдаевна

Уақыты __________

Ауд ______________




Уақыты _______

Ауд _________



Тел:___________

Каб:___________

Корпус:_______



Пәнді оқытудың мақсаты:


  • жекелік психологиялдық ой өрісін кеңейту;

  • өз қабілеттерімен, мінез-құлқын диагностикалау мен коорекциялау;

  • алған білімдерін тәжірибеде қолдану;

  • студентердің жекелік психологиялық танымын тереңдету;

Пәнді оқытудың міндеттері:

  • психологиялық білімдерді меңгерту;

  • психологиялық түсінікті меңгерту;

  • жекелік психологиялық құныдылықтарды меңгеру;

  • өзін-өзі танудағы бірінші қадам -өзіндік психологиялық портретін (сипаттамасын) құру;

  • жекелік нақты психологиялық мәнін анықтау;

  • қоршаған ортамен жекелік өзара әсер теу механизмдерін анықтау;


4. Курстың пререквизиттері және постреквизиттері





Пререквизиттер (пәннің алдында міндетті түрде игерілуге қажетті пәндер)

Постреквизиттер (пәннен кейін өтілетін, осы пәнге сүйенетін пәндер)

Кафедра

Кафедра қабылдаған

Шешім, хаттама №

күні


1

Психология

Шығармашылық писхологиясы

Педагогика және психология

Бекітемін:

Хаттама №



2

Даму психологиясы

Тұлғааралық қақтығыс психологиясы







5. Жұмыс оқу жоспарынан көшірме




С еместр

Жалпы сағат саны

Л екция

С еминар

ОБСӨЖ

СӨЖ

Қорытынды бақылау

1

6

135

30

15

45

45

6


6. Оқу сабақтарының құрылымы:

Жұмыс бағдарламасында сағаттар оқу жұмыстары түрлеріне қарай бөлінген: лекция, семинар, ОБСӨЖ (оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы), СӨЖ (студенттің өзіндік жұмысы), ЛБС-лабораториялық сабақтар.



Лекция – студентке тақырыпты игеруде неге назар аударуына бағыт береді.

Пәнді толық меңгеру үшін студент ұсынылған әдебиеттердің барлығымен жұмыс істеуі қажет



Семинар сабақтарында – студент талдау, салыстыру, тұжырымдау, проблемаларды анықтай білу және шешу жолдарын белсенді ой әрекет талап ететін әдіс-тәсілдерді меңгеруі керек

ОБСӨЖ – оқытушының бақылауындағы студенттің өзіндік жұмысы.

Материалды сабақ үстінде оқытушының көмегімен оқып меңгеру.



Оқытушы тақырыпқа сәйкес студенттің білім деңгейін тексереді, бақылайды.

СӨЖ-студенттің өзіндік жұмысы. Студент СӨЖ тапсырмаларын кестеге сәйкес белгіленген мерзімде оқытушыға тапсыруға міндетті.

Лабораториялық сабақтарда студент теориялық қорытындыларын, яғни, теория мен тәжірибе бірлігін анықтап, құрал-жабдықтарды құрастыруға, пайдалануға дағдыланады, тәжірибе кезінде алынған нәтижелерді талдауды, теориямен сәйкестеліп дәлелдеуді үйренеді.
7. Студентке арналған ережелер (Rules):

  1. Сабаққа кешікпеу керек.

  2. Сабақ кезінде әңгімелеспеу, газет оқымау, сағыз шайнамау, ұялы телефонды өшіріп қою керек.

  3. Сабаққа іскер киіммен келу керек.

  4. Сабақтан қалмау, науқастыққа байланысты сабақтан қалған жағдайда деканатқа анықтама әкелу керек.

  5. Жіберілген сабақтар күнделікті оқытушының кестесіне сәйкес өтелінеді.

  6. Тапсырмаларды орындамаған жағдайда қорытынды баға төмендетіледі.




8. Оқу сағаттарының кредитке сәйкес тақырып

бойынша бөліну кестесі.




Тақырып мазмұны

Лекция

Семинар

СӨЖ

ОБСӨЖ

1

Жеке тұлға жайлы түсінік

1

1

1

1

2

Жеке тұлғадаға әлеуметтілік пен биологиялылықтың өзара байланысы

1




2

1

3

Психологиядағы “Жеке тұлға” ұғымының қалыптасуы.

1

1

2

1

4

“Жеке тұлға” психологиялық мәселе ретінде

1




1

2

5

Л.С.Выготский жеке тұлға жайлы

1

1

2

1

6

“Жеке тұлға ұғымының диологиялық моделі”: құндылық және кедергі

1




2

2

7

“Жеке тұлға” болуға қажеттілік

1

1

2

2

8

Индивид әрекетінің мотиві мен дербестілігіндегі қажеттілік

1




1

2

9

Қарым-қатынастағы және іс-әрекеттегі жеке тұлға

1

1

2

1

10

Жеке тұлға менталитеті

1




1

2

11

Жеке тұлға теориясының постулаттары

1

1

2

1

12

Жеке тұлға теориясының методологиялық негізі

1




2

2

13

Жеке тұлғаның онтолгиялық моделі

1

1

1

1

14

Жеке тұлға бағыттылығы мен әрекет мотивациясының ұғымы

1




1

2

15

Мотивтің психологиялық теориялары

2

1

2

1

16

Мотивацияның өріс дамуының негізгі заңдылықтары

2




2

2

17

Мотивтелген мінез-құлық жеке тұлға сипаттамасы ретінде

1

1

2

1

18

Базалық қажеттілітетер (физиологиялық қажеттіліктер)

1




1

2

19

Махаббатқа қажеттілік пен тиістілік

1

1

1

2

20

Тануға қажеттілік

1




1

2

21

Өзіндік актуалдандыру қажеттілігі

1

1

2

2

22

Базалық қажеттіліктерді қанағаттандыруға алғы шарт

1




2

2

23

Эстетикалық қажеттілік

1

1

1

2

24

Оқыту тараулары (рубрификация)

1




1

2

25

Психотерапия, денсаулық және мотивация

1

1

2

1

26

Психотерапия және адамдар арасындағы жақсы қатынас

1




2

2

27

Жақсы адамдық қатынас психотерапевтік әсер ету ретінде

1

1

2

1

28

А.Г.Асмолов бойынша жеке тұлға дамуына жағдай мене қозғалыс күші

1




2

2




барлығы

30

15

45

45


Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрлігі

«Сырдария » университеті



«Гуманитарлық білім» факультеті


«Педагогика және психология» кафедрасы
«Жеке тұлға психологиясы» пәні бойынша
050103 - «Педагогика және психология»

мамандықтарының студенттері үшін

Лекцияның Қысқаша курсы


Жетісай – 2007 ж

9. Лекция сабақтары

1-лекция

Жеке тұлға жайлы түсінік

(1 сағат)

Жоспары:

  1. Жеке тұлға жайлы жалпы түсінік;

  2. Психологиядағы жеке тұлға мәселесі;


Пайдаланылатын әдебиеттер

а) негізгі

  1. Ананьев Б.Г. Психология и проблемы человекзознания. Москва—Воронеж, 1996.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности:

  3. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  4. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  5. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  6. Выготский Л.С. Собр. соч. в 6-ти томах. Т. 1. М., 1982; Т. 2. М., 1982.

  7. Лазурский А.Ф. Психология общая и экспериментальная. Л., 1925.

  8. Леонтьев А.Н. Избр. психологич. произв. Т. I, 2. М., 1983.

  9. Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва—Воронеж, 1996.

ә) қосымша

  1. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  2. Павлов И.П. Поли. собр. соч. 2-е изд. Т. 3. Кн. 1, 2. М.-Л., 1951.

  3. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  4. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  5. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

  6. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.


Лекцияның мәтіні:

Жеке тұлға психологиясы біздің ғасырдың алғашқы он жылдығында эксперименталды ғылымға айналды. Оның қалыптасуңы мен дамуы А.Ф.Лазурский, Г.Оллпорт, Р.Кеттел сияқты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты.

Тұлға психологиясы саласындағы зерттеулер бұрыннан жүргізіліп келеді, олардың өзіндік тарихы бар. Тұлға психологиясы дам­уының 3 кезені келесідей: философиялық-әдеби, клиникалық және тәжірибелік.

Зерттеулердің, бірінші кезеңі яғни философиялық-әдеби кезең көне ойшылдардың жұмысынан басталып, XIX ғ. басына дейін жалғасқан. Бұл кезеңдеп тұлға психологиясының негізгі мәселелеріне адамның енегелік және әлеуметтік табиғаты жөніндегі сұрақтар жатады. Тұлға туралы алғашқы анықтамалар айтарлықтай ауқымды. Ол анықтамаларға адамны бойындағы бар нәрсе, оның жеке басына деп саналатынын бері жатқызылған: биологиясы,психологиясы,мүлігі,мінез-құлқы, мәдениеті және т.б. Тұлға туралы осындай түсінік кейін уақытқа дейін сақталыпты. Нақты мазмұнға толы, тұлғадан бөлек көптеген басқа да түсініктер мен ғылыми категориялары бар психологияшіл мұндай анықтама өте көп, болып табылады.

XIXг. бірінші он жылдығында тұлға психологиясының мәселелерімен философтармен қатар дәрігер-психиатрлар да айналыса бастады. Олар ең бірінші рет клиника жағдайында науқасқа тұлға ретінде жүйелі түрде байқаулар жүргізіп, оның жүріс-тұрысын, өзін-өзі ұстауын жақсырақ түсіну үшін өмір тарихын зерттей бастаған. Психикалық ауруларды диагностикалау және емдеумен байланысты кәсіби қорытындылар ғана жасалып қоймай, адамзат баласының табиғаты жөнінде жалпы ғылыми қорытындылар да көрсетілген. Философиялық-әдеби кезеңмен салыстарғанда клиниалық кезеңде тұлға ерекше құбылыс деген түсінік мағынасы айтылған. Психиатрлардың аса мән бергені - әдетте, науқас адамнан табылатын тұлғаның ерекшеліктері дәрігерлер тапқан ерекшеліктер барлық дені сау адамдарға тән болғанымен, наукастарда олардың көріністері гипертрофияланатыны (асырабілінетіні) аныкталды. Мысалы, күйгелектік пен ригидтілік, тежелу мен қозғыштық..

Қалыпты, патологиялық және акцентуацияланған (норманың екі варианты) тұлғаны сипаттауға мумкіндік беретін терминдерді дәрігерлер тұлғаға анықтама беру үшін қолданған. Алайда мұндай көзқарас психология үшін жеткіліксіз деп танылды. Өйткені, қалыптыалғаны тұтас сипаттау үшін ол анықтамалардың мазмұны тар, Шй анықтамаларға шектен тыс көріне бергенімен кез келген жағдайда "калыпты" деп саналатын тұлға қасиеттері (мысалы, түррлі қабілеттердің болуы, адамгершілік касиеттер) енгізілмеген.

XX г. басына дейін тұлға философиялық-әдеби және клиникалық тұрғыдан ғана зерттелсе, кейін бұл іске таным процестері мен адамның күйін зерттеумен айналысқан психологтар кірісті. Ғасыр басында психологияда тәжірибелік зерттеулер қарқынды гипотезаларды нақты тексеру және айқындалған фактілерді алу максатымен психологтар зерттеулерге мәліметтерді математикалық.-статистикалық өңдеу әдістерін енгізуге тырысқан. Осыған байланысты психологтар ұзақ жылдар бойы қалыпты тұлғаны сенімді және валидті тестер арқылы зерттеу тәсілдерін жеткізуді алдарына мақсат етіп қойған.

Жеке тұлғаны зерттеудегі эксперименталды кезең негізгі таным процестерін зерттеудегі елеулі жетістіктерге жеткен уақыттардан басталады.

Ол психология ғылымының біртұтас мінез-құлық актісін түсіндіру уақытындағы психологияның қанағаттанарлықсыздығы негізгі себеп болып табылатын жалпы кризисті кезеңімен тура келеді.Эксперименталды психологиялық зерттеулерді Ресейде алғаш А.Ф.Лазурский, ал шет елдерде Г.Айзенк және Р.Кеттел бастады.
2-лекция

Жеке тұлғадаға әлеуметтілік пен биологиялылықтың өзара байланысы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлға дамуының биологизаторлық концепциясы;

2. Жеке тұлға дамуының социологизаторлық концепциясы;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі


  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  6. Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.

  7. Павлов И.П. Поли. собр. соч. 2-е изд. Т. 3. Кн. 1, 2. М.-Л., 1951.

Қосымша

  1. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  2. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  3. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  4. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

  5. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.


Лекцияның мәтіні:

“Жеке тұлға” және “Индивидуалыдылық” Ресейлік психологтар көзқарастары бойынша бір-бірімен сәйкес келмейді. Сонымен қатар ресейлік психология ғылымында осы ұғымдардың байланысы жайында көптеген келіспеушіліктерде бар. Бұл ұғымдардың қайсысы кеңіре деген мәселелер төңірегінде мезгіл-мезгілімен ғылымда талас-тартыстар да туады. Бір көзқарас бойынша (Санкт-Петербургтық психологиялық мектеп өкілдерінің жұмыстарында көбірек көрсетілген) индивидуалдылықта оны басқаларға ұқсатпайтын өзіндегі биологиялық және әлеуметтік еркешеліктерін байланыстырады немесе “индивидуалдылық” ұғымы осы позициямен “жеке тұлға” ұғымына қарағанда кеңірек түсіндіріледі. Тағы да бір көзқарстар бойынша (Москвалық психологиялық мектеп өкілдерінде көбірек кездестіруге болатын), “индивидуалдылық” ұғымы адам құрылымының құрылысындағы үлкен емес топтық біршама сапаларын біріктіруші ең тар мағына ретінде қарастырылады. Нақты тәсілдерді негізгісі “жеке тұлға” ұғымындағы адамның әлеуметтік қатынаасы мен байланысының қалыптасу бағытындағы әлеуметтік деңгейде көрінетін сапаларының барлығы болып табылады.

Сонымен қатар жеке тұлға қоғамдық қатынастар жүйесінің субьект ретінде ғана қарастырылмайды, ол адамның біртұтас интегративті, білім, сондай-ақ биологиялық, психологиялық және әлеуметтік ерекшеліктері бар психологиялық концепциялар қатары бар. Сондықтан арнайы жекелік сұрақ-жауаптар арқылы адамды толық зерттеуге болады. Бұндай айырмашылқтар адам жекелік құрылымының биологиялылық пен әлеуметтілік байланысын қарастырудағы тәсілдер пікірлерінде еркешеліктерімен келтірілген.

Биологиялылық пен әлеуметтілік байланыс мәселесі жаңашыл психологияның негізгі мәселелерінің бірі. Психология ғылымының дамуы мен қалыпитасу поцесінде “психикалылық”, “әлеуметтілілік” және “биологиялылық” ұғымдары арасындағы мүмкін болған байланыстардың барлығы қарастырылған. Психикалық даму биологиялылыққа да әлеуметтілікке де тәуелсіз толық спонтанды роцесс ретінде және тек биологиялылық немесе әлеуметтілік даму туындысы не индивидке олардың паралелді әрекетінің ннәтижесі ретінде түсіндіріледі.

Психикалық дамудың спонатандылығы дәлелденетін концепция тобында, психикалылық биологиялылық пендп әлеуметттілікпен де ешқандай байланысы жоқ, толығымен өзінің ішкі заңдылықтарына бағынушы құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл концепцияда ең жақсы жағдайдағы адам құрылысына психикалық іс-әрекеттің “кең орны” роліне қойылған.

Биологиялылық концепцияларда психикалылық, организм дамуының сызықтық қызметі, осы даму соңымен бір қатар жүруі ретінде қарастырылады. Осы концепциялар позициясында психикалық процестің барлық ерекшеліктері, адамның жағдайы мен қасиеттері биологиялылық құрылым ерекшеліктерінен анықталады, ал олардың дамуы биологиялылық заңдылықтарға ерекше бағынышты.

Осыдан адам құрылысы дамуының ерекшеліктерін ескермейтін, жануарларды зерттеуде заңдылықтар жиі қолданылады. Бұл позициядағы соңғы көрініс, психикалылық табиғаттағы өзіндік құбылыс ретіндеболмайды деген қорытынды болып табылады, солай болғандықтан барлық психикалық құбылыстарды биологиялылық (физиологгиялылық) түсіндірмелері мен түсіндіруге немеес көрсетуге болады. Тағы да бір айта кететін жайт, бұл көзқарас физиологтар арасында өте кең тарған. Мысалы, бұндай көзқарасты И.П.Павлов ұстанған.

Қайталап жазылған ойлар ішінен социологизаторлық концепциялардың да көптеген түрлері бар. Бұл концепция аумағында, индивидердің психикалылық дамуы конспектілі ретінде қоғамның тарихи даму процесінің негізгі сатысы, ең алдымен рухани өмірі,мәдениетін суреттейді.

Сол сияқты едәуір айқын мәнді концепциялардың бірін Б.Штерн көрсетті. Оның ұсынылған баян етуіндегі қайта жасау негізінде жануарлдар психикасының эволюциясы да, қоғамның рухани даму тарихы да қаматамасыз етіледі. Оның айтуынша: “Адамдық индивидтер бірінші айлық нәрестелік кезеңде ең төмен сезім басымдылығында, рефлекторлық ұғынбауы және импульсивтіліктен, сүт қоректі жануарлар стаысында болады; екінші жарты жылыдғында, іс-әрекеттік ұстау мен әржақты еліктеушілікке дамып, ол жоғары сүтқоректі жануарлар – маймылдар жетістігіне дамып жетіледі, ал екніші жылда, тіке жүру мен сөйлеуді меңгеріп, - қарапайым адамдар жағдайында болады. Бірінші бес жылда ойындар мен ертегілерде алғашқы қауымдағы адамдар деңгейінде. Одан соң мектепке барады, оның бір міндеттерімен әлеуметтік тұтастықта едәуір ынталы нығайтылуымен, - адамның мемелекеттік және экономикалық ұйымдар мәдениетіне енуі онтогенетикалық салыстырулар. Алғашқы мектептегі жылдар едәуір адекватты бала рухына антикалық және көне өсиеттік дүниенің қарапайым мазмұны, орта жылдар христиандық мәдениет фанатизмнің кескініде болады, ер жету кезеңінде ғана жаңа уақыттық мәдените жағдайна сәйкес келетін рухани дифференциацияға жетеді ”

Кейбір ғалымдар біренеш ұқсатықтарды келтіре отырып, әрбір қоғамдық ортада дамитын және әрбір қоғамдық тарихи формация өзінің спицификасына ие тәрбие мен оқыту жүйеісн есепке алмасақ болмайды дед. Осылайша әрбір ұрапқ адамдары нақты даму сатысының қоғамдық ортасында болады және сол сатыда қалыптасқан қоғамдық қатынас жүйесіне қосылады. Сондықтан адам қщінің дамуындағы барлық өткен тарихын қайталауға , бұруға еш қажеттілік жоқ.

Адам анық бір биологиялық түрдің өкілі ретінде туылады деген мәліметте ешкім талспайды. Сондай-ақ адам туылған сәттен бастап нақты әлеуметтік ортада болады, сондықтан тек биологиялық обьект ретіндеғана емес нақты қоғам өкілі ретінде де дамиды. Бұл екі тенденцияда адамның даму заңдылықтарында бейнеленеді және бұл екі тенденция үнемі өзара байланыста болады, психологияда бұлардың сипаттамасы мен өзарар байланысын анықтау өте қажет. Адам психикасы даму заңдылықтарын зерттеу нәтижелерінің көбінде адамның дамуының негізгі алғы шарты оның биологиялық дамуы юолып табылады деп көрсетілген. Индивид, оның психикалық дамуының негізгі роллінде көрентін, нақты биологиялық қасиеттер мен физиологиялық механизм жиынтығымен туылады. Бірақ бұл алғы шарттар, тек адам адами қоғамдық жағдайда кезде ғана жүзеге асады.

Адам психикасы дамуындағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің өзарар әрекеттестігі мен өзарра әсер теуі мәселесні қарастыра отырып, адам ұйымдастырылуының үш деңгейі бөлінген: биологиялық ұйым деңгейі, әлеуметтілік ұйым және психикалық ұйым жеңгейі. Осылайша сөз биологиялылық – психикалылық - әлеуметтілік үштігінің өзарар әрекеттестігі жайлы кетіп жатқаныны ескеруіміз қажет. Үштік конмпоннеттерінің өзарар байланысын зерттеудегі тәсіл “жеке тұлға” ұғымының психикалық мәні түсінігінен қалыптасуда. Кейде психологиялық жоспардағы жеке тұлға дгеніміз не деген сұраққа жауап беруде, бұл өзімен-өзі оңай еместапсырма болып табылады және бұл сұрақ шешеімінің өзіндік атрихы бар.

Ресейдегі бірнеше психикалық мектептерде “жеке тұлға” ұғымы, әсіресе жеке тұлғадаға биологиялылық пен әлеуметтелік байланысы, олардың писхиккалық дамуындағы ролі, жайлы әртүрлі түсініктер бар. Көпшілік ресейлік психологтар “жеке тұлға” ұғымы адам ұйымдатсырылуының әлеуметтік деңгейіне жатады деген қортындыдағы көзқарастарды сөзсіз қолдаса да, жеке тұлғадағы әлеуметтілік пен биологиялылық негіздеулерінің көріну деңгейі жайлы сұрақтарда кейбір келіспеушіліктер болады. Бұл мәселеге көптеген көзқарастарды Ресейлік психологиясының басқарушысы болып табылатын Санкт-Петербургтық және Москвалық университет өкілдерінің жұмыстарынан табуға болады. Мысалы,Москвалық ғалымдар жұмыстарында көбіне жеке тұлға жамуы мен қалыптасуында маңызды ролді әлеуметтік негіздер алады деген пікрілерді кездестіреміз. Сондай-ақ Санкт-Петербургтық университет өкілдерінің жұмыстарында жеке тұлға дамуында әлеуметтік және биологиялық негіздер мақсатындағы тепе-тең деген пікірлер дәлеледенген.

Ал кейбір көзқарастар бойынша, жеке тұлғаның жеке аспектілерін зерттеудегі көзқарастар бір-біріне сәйкес келмеуіне қарамастан жалпы бұл позициялар бір-бірін толықтырып отырады деген.


3-лекция

Психологиядағы “Жеке тұлға” ұғымының қалыптасуы.

(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлға – индивид, бейне, әрекет, мотив, қатынас. Әсерленушілік

2. Жеке тұлға құрылымы;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі:

Негізгі

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва—Воронеж, 1996.

  6. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  7. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

Қосымша

  1. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  2. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  3. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

  4. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.


Лекцияның мәтіні:

Психологиялық ғылымда “тұлға” категориясы іргелі ұғымдардың қатарына жатады. Бірақ “тұлға” ұғымы тек психологияға тән емес, ол барлық қоғамдық ғылымдармен зерттеледі, оның ішінде философиямен, әлеуметтанумен, педогогикамен, т.б. Сонда психологиялық ғылым шеңберінде тұлғаны зерттеу спецификасы неде және психологиялық тұрғыдан тұлға дегеніміз не?

Алдымен сұрақтың екінші бөлігіне жауап беруге тырысайық. Мұны жасау оңай емес, себебі тұлға деген не деген сұраққа барлық психологтар түрліше жауап береді. Олардың жауаптары мен ойларының әр қилы болуы тұлға феноменінің күрделі екендігін білдіреді. Осы орайда И.С.Кон былай деп жазады: “Бір жағынан, ол нақты индивидті әрекет субьектісі ретінде, оның барлық жеке бас қасиеттерімен, әлеуметтік рольдерімен бірге белгілейд. Екінші жағынан, тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеттері ретінде, осы адамның басқа адамждармен тура немесе жанама өзара әрекеттесуі нәтижесінде түзілген бойындағы әлеуметтік маңызы бар қасиеттердің жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Тұлғамен қарым-қатынасқа түсетін адамдар оны еңбек, таным және қарым-қатынас субьектісінде көреді ”.

Ғылыми әдебиеттегі тұлға анықтамаларының әрқайсысы тәжірибелік зерттеулермен және теориялық негіздеулермен бекітілген, сондықтан “тұлға” ұғымын қарастырғанда оларды ескеру қажет. Тұлға деп жиі әлеуметтік даму барысында бойына әлеуметтік және өмір үшін маңызды қасиеттерді жинаған адамды атаймыз. Демек, тұлға сипаттамалары қатарына адамның генотиптік және физиологиялық ұйымдасуымен байланысты ерекшеліктер жатқызылмайды. Адамның танымдық психикалық процестерінің немесе әрекеттерінің жеке дара стилі даму ерекшеліктерін сипаттайтын қасиеттер тұлға қасиеттері қатарына жатқызылмайды, ал адамдар мен қоғамға қатысты көрініс беретін қасиеттер тұлғаның қасиеттері болып саналады. “Тұлға” ұғымының мазмұнына, көбінесе басқа адамдарға қатысты маңызды іс-әрекеттерді анықтайтын қасиеттерді де қосады.

Сонымен, тұлға дегеніміз – ол тұрақты психологиялық сипаттамалар жүйксінде алынған нақты адам. Ондай сипаттамалар қоғамдық байланыс пен қатынастарда көрініс беріп, адамның өзі мен оны қоршағандар үшін маңызды орын алады, оның адамгершілік қылықтарын айқындайды және оның өзіне, ортасы үшін маңызды мәнге ие.

Ғылыми әдебиетте “тұлға” ұғымының мазмұнына кейде адам ұйымдасуының генетикалық және физиологиялық деңгейлері қосылатынын айта кету керек.

Адамды жүйелі зерттеу сұрақтарын қарастырғанда психолгиялық өзіндік түсініктері қалыптасады. Б.Г.Анантев бойынша адам ұйымдасуының төрт деңгейі ғылыми зерттеулер үшін қызығушылық тудырады. Олардың қатарына индивид, іс-әрекет субьектісі, тұлға, жеке даралық жатқызылған.

Адам – бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, санасы бар жануар, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті. Жоғары ұйымдасқан жануар ретінде адамға денемсімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ерекше дамыған ми сияқты дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан, адам қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір және қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық , дене құрлымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Адам туралы айтқанда, психология және философия ғылымдары “жеке тұлға” ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға – бұл сол адам, бірақ тек қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынстардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Биологиялық түр болғандықтан әр адамның туа біткен ерекшеліктері бар, мысалы, дене құрылысы тік жүруге мүмкіндік береді, ми құрылымы интеллектің дамуын қамтамасыз етеді, қол құрылысы еңбек құралдарын пайдалануға мүмкнідік береді, т.с.с. осы белгілер адам баласын хайуаннан ажыратады. “Индивид” ұғымы адамды белгілі биологиялық қасиеттерді иеленушіретінде сипаттайды.

Индивид ретінде туылған адам қоғамдық өзара қатынастар мен процестер жүйесінде қосылады, нәтижесінде ерекше әлеуметтік сапа иеленеді, тұлға болып қалыптасады. Бұндай болу себебі, қоғамдық байланыстар жүйесінде қосылған адам – субьект, іс-әрекет процесінде қалыптасатын және дамитын сананы иеленуші.

Психологияда “адам” және “жеке тұлға” ұғымдарымен қатар “даралық” ұғымы да қолданылады. әрбір адамның мәні, оның өмірі мен қызметі жағдайларының өзіндік қайталанбайтын рекшелігі бар, сондықтан да тіптен екі бірдей жеке тұлға болмайды және болуы да мүмкін емес.

Өз кезегінде, осы үш деңгейдің даму ерекшеліктері нақты адамның қайталанбастығын сипттап, оның жеке даралығын анықтайды. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі айтылады.

Сонымен, “тұлға” ұғымы адамды әлеуметтік тіршілік иесі ретінде сипаттау үшін керек. мәскеулік және Санкт-Петербургтық психологилық мектеп өкілдерінің әдебиеттерінде адам ұйымдасуының иерархиясына әр түрлі көзқарас берілген. Мысалы, Мәскеулік мектеп өкілдері “субьект” деңгейін бөлмей, адамның биологиялық және психикалық қасиеттерін “индивид” ұғымына біріктіреді. Бірақ бұған қарамастан, “тұлға” ұғымы адамның әлеуметтік ұйымдасуымен ұштасқан.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:

Біріншіден, жеке тұлғаның қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл – жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі. Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мәселен, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кдергілерді жеңе отырып, жо,ары моральдық сезімдерімен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға “жеке бөліктерге” бөлініп қалыптаспайды, тәрбиеленбейді, әруақытта да жеке тұлға тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл – жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүниені өзгертуге, түрлендіруге бағытталғагн көптеген және жан-жақты іс-әрекетте бейнелейді.

Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі (философия, этика, заң және т.б) жеке тұлғаның рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын зерттейді. Психология ең алдымен жеке тұлғаның себептерін, сезімін, қажеттілігн, қызығуын зерттейді. Психология іс-әрекетті ойдағыдай орныдаудың психологиялық алғы шарттарын және темпераменті мен мінез-құлқының психолгиялық еркешеліктерін қарастырады. Сонымен қатар психология жеке тұлғаның қалыптасу және даму үрдісін зерттейді.



2. Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымын белгілеуге болады. Тұлга кұрылымын карастырғанда оған кабілеттерді, темпераментті, мінезді, мотивацияны және әлеуметтік нұскауларды енгізеді.

Жеке тұлғаның құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды немесе адамның шындық дүниеге таңдамалы қатынасы. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажетттіліктер мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды.

Ондай жағдайда бағыттылық бөліктерінің бірі үстемдік етеді және басты мәнге ие болады, сол уақытта басқалары тірек қызметін тақарады. Үстемдік ететін бағыттылық жеке тұлғаның бүкіл психикалық қызметін анықтайды. Мәселен, танымдық қажеттіліктің үстемдік етуі соған сәйкес еріктік өз кезегімен интеллектуалдық іс-әректтің белсенділігін арттырады. Бір уақытта табиғи қажеттіліктер біршама тежеліп, күнделікті тіршілік күйді кейінге, екінші кезекке ығыстырады.

Жеке тұлға өзінің айналысқан қызығуының мақсаттылығын негіздей бастайды, оған ерекше қоғамдық және жеке мән береді.

Жеке тұлғаның психологоиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетті нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіліктерді қамтиды. Қабілеттер дегеніміз - бұл тұрлі әрекеттердегі табыстарын анықтаушы адамның жеке басының тұрақты касиеттері. Қабілеттіліктер өзар байланысты және бір – бірімен өзара әректе етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіліктердің бірі үстемдік етеді, басқалары оған бағынады. Мәселен, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етеді, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Сол сияқты М.Ю.Лермонтов туралы да айтуға. Қабілеттіліктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың құрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіліктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалылығына әсер етеді.

Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінезде бір адамның басқа адамдарға катынасын анықтайтын касиеттер бар. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлғаны тұтас көрсете алмағанмен, бірақ оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді.

Мінез жүйесінде сонымен қатар басты қасиеттерді бөліп көрсетуге болады. Олрға ең алдымен – моральдық, екіншіден – ерік-жігер сапалары жатады, олар белгілі мінез-құлық стилін және практикалық міндеттерді шешу тәсілін қамтамасыз етеді. Сондықтан да моральдық – ерік-жігерсапаларын мінездің негізін құрайды деп айт аламыз.

Мотивация дегеніміз - әрекет етуге деген ынтаның жиынтығы болса, әлеуметтік нұскаулар - адамдардың наным-сенімдері. Темперамент - адамның психикалык процестерінің динамикалық сипаттамасы.

Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, көп жағдайда “мен” деген ұғымды білдіреді. “Мен” – жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңсіту, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әректті жоспарлап отыру, сонымен, өзін-өзі басқару жеке тұлғаның мақсаты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның құрылымы егер психикалық үрдістер мен қалыпты алып тастағанда толық болмай шығар еді.

Бұдан басқа, кейбір авторлар тұлга кұрылымына ерік пен эмоция түсініктерін қосады. Психикалық кұбылыстардың кұрылымының психикалық процестерді, психикалық күйлерді және психикалы қасиеттерді бөліп көрсету керек. Психикалық процестер, өз кезегін танымдық еріктік, эмоционалдык, болып бөлінеді. Ерік пен эмоция өзіндік кұбылыс ретінде психикалык, процестер шебінде карасты рылуға лайыкты.

Алайда осы кұбылыстарды тұлға кұрылымы шебінде үшін де авторларда негіз бар. Мысалы, сезімдері жиі бағдары бар эмоцияның бір түрі, ал ерік қасиеттері қоғам болып табылатын адамның қылықтарын реттеуге қатысады. айтылғанның бәрі қарастырылып отырған мәселенін күрделі және тұлға мәселесінің кейбір аспектілеріне қатысты белгілі жетіспеушіліктердің болатындығын көрсетіп отыр. Көбірек келіспеушілік тудыратын мәселелері адам ұйымдасуы құрылымының иерархиясы, тұлғадағы биологиялылық пен әлеуметтіліктің қатынасы.


4-лекция

Жеке тұлға” психологиялық мәселе ретінде



(1 сағат)

Жоспары:

1. “Жеке тұлға” барма?

2. Жеке тұлғаның өз себептілік теориясы;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Абульханова К.А. О субъекте психической деятельности. М.: Наука, 1973.

  2. Ананьев Б.Г. Психология и проблемы человекознания. Москва—Воронеж, 1996.

  3. Асмолов А.Г. Психология личности:

  4. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  5. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  6. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  7. Ланге Н.Н. Психический мир. Москва-Воронеж, 1996.

Қосымша:

  1. Леонтьев А.Н. Избр. психологич. произв. Т. I, 2. М., 1983.

  2. Ломов Б.Ф. Системность в психологии. Москва—Воронеж, 1996.

  3. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  4. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  5. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  6. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.


Лекцияның мәтіні:

Тұлға дамуының мәселелерін қарастырған авторлар адам дамуының шарты болып табылатын себептерді анықтауға тырысады. Көпте­ген зерттеушілердің ойынша тұлға дамуының қозғаушы күші - түрлі қажеттіліктердің кешені. Олардың ішінде маңызды орын алатыны өзін-өзі дамыту кажеттілігі. Бірақ ол қол жетпес идеалға ұмтылу деген сөз емес. Тұлға үшін нақты мақсатқа жету немесе белгілі әлеуметтік статус алу маңыздырақ.

Келесі меселе тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі. Көптеген тұлға теорияларының негізінде тұжырым- тұлға әлеуметтік-психологиялық феномен ретінде негізгі көріністері тұрақты құрылу. Тұлға қасиеттерінің тұрақтылық дәрежесі әрекеттердің бірізділігін, мінез-құлықты болжау мүмкіндігін анықтап, оның қадамдарының заңдылықтарына сипат береді.

Алайда бірқатар зерттеулердің көрсеткеніндей, адамның жүріс-тұрысы өзгермелі. Сондықтан еріксіз туындайтын сұрақ адамның жүрісі-тұрысы, тұлға болуы қаншалықты тұрақты және неде?

И.С.Конның ойы бойынша бұл теориялық сұрақта әркайсысы білек карастырылатын жеке сұрақтардың тұтас сериясы бар. Мысалы, 613 ненің тұрақтылығы жайлы әңгіме қозғап отырмыз, жүріс-тұрыстың ба, өзін-өзі ұстаудың ба, әлде психикалық процестердің, тулганың қасиеттері мен қырларының ба? Бұл жағдайда бағаланатын қасиет тұрақтылығы мен өзгеретінінің индикаторы не? Ол қасиеттер және өзгермелі екендігін көрсететін уақыт көлемі қандай? Осыған дейін жүргізіліп келе жатқан зерттеулер бірыңғай жауап бере алмағандығын айта кеткен жөн болар, олардың нәтижелері де әр түрлі, үнемі тұрақты болуы тиісті деп саналатын тұлғаның қырлары емес болып шыққан. Кейде, тіпті бір адамның бойындағы қасиетердің көріністері жағдайға байланысты елеулі түрде ауысады екен. Ал лонгитюд-п зерттеулер тұлғада тұрақтылықтың белгілі дережесі Р деп көрсетеді, муұдай тұрақтылықтың, өлшемі түрлі тұлға қасиеттері үшін бірдей емес. 35 жыл жүргізген осындай зерттеулердің бірінде адам белгілі тұлғалық сипаттамаларының жиыны бойынша бағалан-ған. Олар алғашқы рет орта мектеп жасында тексерілсе, кейін мектептің жоғарғы сыныптарында, ал соңғы рет 35-45 жас шамасында тексерілген. Бірінші тексеруден кейін екінші тексеруге дейін 3 жыл аралығында сыналғандардың тұлғалық сипаттамаларының 58%-ы сақталғаны анықталған. 30 жыл бойы жүргізген зерттеулердің нәтижесі тұлгалық сипаттамалардың 31%-ы сақталатынын көрсетті.
5-лекция



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет