“Гуманитарлық білім ” факультеті


Жеке тұлға теориясының методологиялық негізі



бет6/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.06 Mb.
#134096
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Жеке тұлға теориясының методологиялық негізі



(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлға теорияларына талаптар;

2. Методологиялық принциптер
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

  1. Асмолов А.Г. Психология личности:

  2. Басов М.Я. Избр. психологич. произв. М., 1975.

  3. Божович Л. И. Личность и ее формирование в детском возрасте. М., 1968.

  4. Брушлинский А.В. О субъекте психологии. М., 1995.

  5. Лурия А.Р. Мозг человека и психические процессы. Т. 1. М., 1963; Т. 2. М., 1970.

  6. Мясишев В.Н. Психология отношений. Москва—Воронеж, 1995.

  7. Петровский А.В. Вопросы истории и теории психологии. М., 1984.

  8. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. История и теория психологии. Ростов-на-Дону, 1996.

  9. Петровский В.А. Личность в психологии. Парадигма субъектности. Ростов-на-Дону, 1996.

  10. Психология развивающейся личности/Под ред. А.В. Петровского. М., 1987.

  11. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. Т. 1, 2. М., 1989.


Лекцияның мәтіні:

ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап жеке адамдарды зерттеуде ең бір қарқынды кезең белсенді бағыт ала бастады. Соның нәтижесінде жеке адам туралы түрлі теориялар қалыптасып қазіргі бұл теориялардың 48 нұсқасын бөліп көрсетуге болады. Бұл теориялардың негізіне 5 көрсеткішті жатқызамыз.

1.Мінез құлықты түсіндіру тәсілі;

2.Жеке адам туралы мәлімет;

3.Жеке адамдарға деген көзқарас;

4.Жас ерекшелігі;

5.Жеке адамдарды сипаттайтын ұғымдар.

Мінез-құлықты түсіндіру жолдары бойынша жеке адам туралы теорияларды негізінен психодинамикалық, социодинамикалық, және ракционисттік деп бөлуге болады.

Психодинамикалық теориялар типіне жеке тұлғаны сипаттаушы және психологиялық және ішкі субьективтік мінездемесіне сүйене отырып әректтерін түсіндіретін теориялар жатады. Егер К.Левин ұсынған символикавлқ көріністегі формулалы теорины пайдалансақ онда B– құлық, F - функционалды тәуелділік, P - жеке адамның ішкі субьективті психологиялық көріністері, E - әлеуметтк орта, онда психодинамикалық теорияның символикавлқ көрінісі мынадай үлгіде болады:

B = F ( P )

Социодинамикалық теориялар жеке адамның мінез – құлқының сыртқы орта әсеріне тәуелді және ішкі күйіне мән бермейді деп түсіндіріледі. Оладың мәні символикалық түрде:

B = F ( E )

Интеракционисттік теориялар бойынша адамның мінез-құлқының мәселесін шешудегі әрекеттері сыртқы және ішкі факторлардың әсерінен пайда болады. Мұндай әрекеттер адамның өзекті әрекеттерін басқарады.Символикалық түрде:

B = F ( P,E )

Теорияларды типтерге бөлудің келесі негізі - тұлға мәліметтер алу жолы. Осы тұрғыдан барлық теорияларды эксперименталды жэне эксперименталды емес деп бөлуге болады. Эксперименталды теорияларға тәжірибе барысында жинақ мәліметтерді сараптау және жалпылау арқылы құрастырылған теориялар жатқызылады. Эксперименталды емес теория авторлары эксперимент жасамай-ақ өмірден алған байқа сүйеніп, теориялық түрде талдап қорытады.

Тұлғаға құрылымдық және динамикалық құрылым көзқарастағы авторлар тұлға теорияларын басқаша және құрылымдық теория үшін басты мәселе - тұлға құрылымын оны сипаттауға көмектесетін ұғымдар жуйесін анықтау. 1 тақырыбы - тұлға дамуындағы кайта құрылу, өзгерістер оның динамикасы болып табылатын теориялар динамталъ аталады. Сонымен қатар бірқатар теориялар жас кезеңдік педагогикалық психология шеңберінде пайда болған. Олар дамуындағы шектелген жас кезеңін қарастырады, туылғаннан орта мектепті бітіргенге дейінгі, яғни нәресте бс ерте бозбалалык шакка дейінгі. Кейбір, басқа теория авторлары тұлға дамуын бүкіл өмір бойында бақылайды.

Тұлға теорияларын жіктеу кезінде көңіл бөлінетін нәрселер: ішкі қасиеттері, тұлғанын, қырлары мен қасиеттері немесе ол сыртқы көріністері, мысалы, мінез-құлқымен жасаған іс-әрекеті. Осылай қасиеттер теориясын бөліп қарастыруға болады. Бұл теорияларының қағидаларына орай, барлық адамдар бір бірінен жеке, тәуелсіз қырларының жиынтығы мен даму дәрежесі бойынша ажыратылады, бірнеше адам бір адамның мінез-құлықтартарын байқап, оларды жалпылау арқылы тұлғаға біртұтас сипаттама бере алады, Тұлға қырларын бағалаудың екінші жолы барлық адамдарды типологиялық топтарға біріктіруді жорамалдайды. Мұндай топқа кіретін адамдардың психологиялық сипаттамалары жақын, мінез-құлықтары ұқсас. Сонда әрбір типологиялы психологиялық сипаттамалары өзгеше, баскаға ұқсамайды деген сөз.

Тұлға теорияларының жіктелуін қарастырған тек Р.С Немов қана емес. Б.В.Зейгарник теориялардың пайда болуы және жағдайларына тәуелді мазмұнды-мағыналық және тарихи аспектілерде қарастырған. Ол келесі теория топтарын бөліп көрсетеді мен неофрейдизмнің тұлға теориялары, гуманистік тұлғалары, экзистенциалды психологияның тұлға теориясы, әлеуметтік мектебінің тұлға теориялары және т.б. Осылардың кейбіреулерін жалпы түрде карастырайық.

Қазіргі кезде тұлға зерттеуде жеті негізгі тұлға теорисы дамыды. Әрбір бағыт өзінің теориясымен және өзінің құрылымымен ерекшелінеді.

Тұлғаның психологиялық сипаттамасы. Қазіргі кезде психологияның ерекшелігі психиканы зерттеуші бағыттың көптігі тұлға теориясының кеңдігі мен мәселенің күрделілігі психологияның, алдында тұрған теориялық міндеттерге және ғылымның қажеттіліктеріне байланысты. Тұлға - психологиялық сипаттамасы, бірқалыпты жоғары даму жүйесі, индивидуалды қажеттіліктермен қамтамасыз ететін, және белгілі бір жағдайларда адамның тұрақты жүріс-тұрысы.

Тұлға теориясы - бұл болжамдардың жиынтығы мен немесе тұлға дамуының табиғаты мен механизмінің болжамы.

Тұлға теориясын тек түсіндіруге тырысып қана қоймай ол адамның жүріс-тұрысын сипаттайды .

13-лекция

Жеке тұлғаның онтологиялық моделі


(1 сағат)

Жоспары:

1. Жеке тұлғаның негізгі категориялары;

2. Үш методологиялық дәлелді міндеттер;

3. Теория принциптеріне жауап беруші принциптер;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. — М., 1997.

4. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений: Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я. Деятельность. Сознание. Личность. — 2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8. Теплое Б. М. Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.
Лекцияның мәтіні:

Көп жағдайда адамның көздеген тұрмыстық қажеттеліктері қандай да себептермен орындала бермейді, оларды қанағаттандырудың мүмкіндігі болмай қалады. Мұндайда әрекет қылық писхологиялық қорғаныс тетіктерімен реттеліп барады. Психологиялық қорғаныс адамның қалыпты, табиғи болмысына тән нәрсе, ол арқылы адам қимыл әрекетінде кезігетін ауытқуларды күні бұрын сезіп, олардың алдын алып отырады. Мұндай писхикалық қасиеттер адамға көңіл-күй күйзелістері жағдайында өзінің кісілік дәрежесін сақтап қалуға жәрдем береді.

Психологиялық қорғаныс қызметі өзінің мән-мағынасы бойынша қарама-қарсы екі тарапты құбылыс: бір жағынан, ол адамды өзінің шын мәніндегі ішкі жан дүниелік болмысына сәйкестенуге ойыстырса, екінші жағынан, адамның қоршаған сыртқы әлеуметтік ортаға деген икемділігін кемітеді. (Р.М.Грановская) Психологияда көптен белгілі бітпеген іс-әсері деп аталатын құбылыс бар. Оның мәні - әрқандай кедергі нақты істі доғаруға себепші болады да, адам сол кедергіні жеңбегенше, әрекетін әрі жалғастырмайды не кедергіні жеңу жолдарын іздестіруден бас тартады. Көптеген зерттеушілердің пайымдауынша, бітпеген іс адамды әрдайым қимыл-әрекетке итермелейді, ал егер істі орныдаудың тікелей жолы табылмаса, ол сол іске тең болған баламалы басқа әрекетке кіріседі. Осыдан, мұндай психологиялық қорғанысты баламалы әрекеттердің арнайы ойластырылған формасы деп түсінсе де болады.

Қорғаныс механизмдері табысқа жетудің қалыпты шарттары мүмкін болмаған кезде немесе адам істің түбегейлі бітпейтінін сезген кезде әрекетке келеді. Психологиялық қорғаныстың түрлері: жоққа шығару, ығыстыру, көшіру, сәйкестендіру, жаңалау, ауыстыру, оқшаулау және т.б.



Жоққа шығару. Мұндай психологиялық қорғаныстың мәні: адамды қатерлендіріп, оны дау-дамайға соқтыруы мүмкін ақпарат еленбейді, қабылданбайды. Дау-дамай деп отырғанымыз жеке адамның жан-дүниелік көрсетпелеріне қайшыы келіп, оның өз болмысына, абыройына, өзіндік бағасына қатер төндіретіндей сеп-түрткілердің пайда болуынан көрінетін қайшылықтар. Бұл қорғаныс әдісінде шындықты қабылдау көбіне бұрмалаумен сипатталады. Жоққа шығару қорғанысы бала жастан қалыптасып, көп жағдайда төңіректегі болмысқа сай обьектив бағалауды шектейді, осыдан әрекет-қылықтағы кейбір келеңсіздіктер орын алады.

Ығыстыру – ішкі жан күйзелістерінен үйлесімсіз мотивтер не ұнамсыз ақпараттарды ойланып жатпастан, санадан шығарып тастау жолымен құтылудың ең әмбебеап әдісі. Намысқа тию не өкпелеуден болған істің төркінін басқалардан, кейде тіпті өзіңнен де жасыру үшін өз әрекеттерінің жалған себептерін алға тартатын жағдай да болады. Шын, бірақ жағымсыз түрткілер әлеумет сенгендей, содан біршама ұятын жасыратындай жалған себептермен ығыстырылады. Бұл жағдайда жалған мотивтер өте қатерлі, себебі олар жеке бастың эгоистік мүдделерін ақтау үшін қоғамда қабылданған ресми дәлелдерді орынсыз пайдалануға итермелейді. Қызығы сол, адамның тез ұмытатыны – бақалардың оған істеген жамандығы емес, ал оның өзіне өзі не төңірегіндегілерге жасаған кесапаты. Ығыстырылып, тез ұмыт болатын жәйттердің көбі басқаға істеген жамандық, қызғаншақтық, тұлға кемшіліктерінен болатын мінез олқылықтары. Өзіне жақпайтын, күйзеліске түсіретін ақпараттарды санасынан ығыстырайын деген адам сыңай көрсетіп, әлек болмайды, олар өзінен өзі естен шығып қалады.

Көшіру – адамның өзгелер қабылдамайтын өз басындағы мінез-қылық кемшіліктерін мойындағысы келмей, ойланып, толғанбастан басқа біреуге өткізе салудан болатын жаманшылық, өзінің ұрыншақтығын қарсыласына таңа салып, оны дау-дамайдың себепшісі етіп, көрсету әрекеті.

Сәйкестендіру – адамның өзі қолы жетпейтін, бірақ аңсаған, басқа біреудің жақсы әдет-қылықтарын иемденуі. Балалардың әлеуметік тәртіп пен игі этикалық өнегелерді игеруі осы әдіске негізделген. Мысалы, жас өспірім баланың әкесінің әрекеттерін ойланбастан қайталап, оның мақтау мадағына ұмтылуы осыдан. Жалпы мағынада, сәйкестендіру қорғанысы адамның өзінің әлсіз тараптарын жеңіп, сезім олқылықтарын толықтыру үшін үлгі, өнеглерге ойсыз еліктеп, мақсат – мұраттарды ешқандай ниетсіз-ақ арқау етуінен туындайды.

Жаңалау – адамның істеген келеңсіз әрекетін мойнына алса, өз қадірінің жоғалатынын түсінуден, болған оқиғаға байланысты ниеттері мен қылықтарын өтірік-шынды жанастырып дәлеледеуге тырысуы, мүмкіндіктері кемдігінен қолы жетпеген не жетпейтін заттардың обьектив құндылығын өзінше кеміте салып, өз көңілін арбауы. Мысалы, баланың жегісі келіп тамсанып, бірақ қаншва тырысса да, қолы жетпеген тәтті жүзімді “ой, әлі піспеген, ащы ғой” деп қолын сілтей салуы.

Ауыстыру – адамның баста өз әліне қарамай, күрделі іске ұрынып, кейін бітпесін білген соң , оған деген әрекетін оңай жұмысқа бұра салуы. Осындай ауыстырудан қол жетпес қажеттіліктің орындалмауынан болған күйзеліс бәсеңдейді, бірақ ізгі мақсат адыра қалады. Өз алдына қойған, бірақ орындалуы мүмкін емес мақсатқа бағышталған әрекет іске аспаған жағдайда адам кез-келегн мәнсіз қимылға ауыса саладаы, осыдан көңіл-күйі жеңіл деп , үлкен күйзеліске түспейді. Кейде аусытыру әрекеттерінен адамның бағыт-бағдары алғашқы нақ, мәнді істен, болымсыз, фантазиялық кейіпке де түсуі мүмкін.

Оқшаулау – адамға соққы болатын жәйттердің сана деңгейінен шегеріліп, басылуы. Мұндайда жағымсыз эмоциялар саналы, яғни әдейі оқшауландырылып, болған оқиға мен одан келетін әсерлер көңілег алынбайды, адам бұрын қандай да мәнге ие болағг оқиға немесе өз толғаныстарының шындығын іші сезіп тұрса да, оларды байқамайтындай кейіп көрестеді.

Психологиялық қорғаныс әсері адамға қай жағдайда да өзінің ішкі қалыпты көңіл-кейпін тұрақты сақтауына жәредемдеседі. Тіпті әлеуметтік шектеулерді бұзғанның өзінде де, өз қылығының зиян тарапын кеміте , оған ақтау табуға тырысады. Егер адам өз қадірін танибілсе, өзінің қандай әректте болмасын кемшілік, олқылықтарын ұғынумен оларды жоюға ұмтылады. Мұндайда адам өз әрекеттері мен мінезін өзгертеді, ал өзгерген ұнамды тұлға саапсы оның санасын жаңалап, өмірлік серігіне айналады. Егер адамның өз қадірін сақтауына тірек боларлық ниеттелген қылық пен күнделікті жүріс тұрыс арасындағы сәйкессіздік туралы ақпарат санамен қабылданбаса, қайшылық сигналдары психологиялық қорғанысты іске қосып, ниет пен ақиқат арасындағы қарсылықтардың шешімі табылмайтын болса , адамның өзін өзі жетілдіруі мүмкін емес.



14-лекция

Жеке тұлға бағыттылығы мен әрекет мотивациясының ұғымы

(1 сағат)

Жоспары:

1. Бағыттылықтың негізгі формалары;

2. Мотив жайлы түсінік;

3. Қажеттілік жайлы түсінік;
Пайдаланылатын әдебиеттер тізімі

Негізгі:

1. Ананьев Б. Г. О проблемах современного человекознания / АН СССР, Ин-т — М.: Наука, 1977.

2.Братпусь Б. С. Психологические аспекты нравственного развития личности. М.: Знание, 1977.

3. Гиппеирейтер Ю. Б. Введение в общую психологию: : Учебное пособие для вузов. — М., 1997.

4. Ильин Е. П. Мотивация и мотивы. — СПб.: Питер, 2000.

5. Немое Р. С. Психология: Учебник для студ, высш. пед. учеб. заведений: Кн. 1: Общие основы психологии. — 2-е изд. — М.: Владос, 1998.

6. Леонтьев Л. Я. Деятельность. Сознание. Личность. — 2-е изд. — М.: Политиздат, 1977.

7. Рубинштейн С. JI. Основы общей психологии. — СПб.: Питер, 1999.

8. Теплое Б. М. Избранные труды: в 2-х т. Т. 1. — М.: Педагогика, 1985.
Лекцияның мәтіні:

Өмірлік бағыт-бағдар жеке адамның жүйелестіруші қасиеті ретінде оның психологиялық қалпын анықтайды.

Жеке тұлғаның негізгі сипаты, адамның іс-әрекетін бағыттаушы әрі оны нақты жағдайларға икемдестіруші тәуелсіз тұрақты мотивтер жиынтығы жеке адам бағыт-бағдары деп аталады. Бағыт-бағдар әрдайым әлеуметтік негізге ие болып, ол тәрбие нәтижесінде қалыптасады. Бағыт-бағдар адамның қасиеттеріне айналған көрсетпе талаптар. Бағыттылық адам алдына қойған мақсатты анықтайды, сол мақсатты орындауға ұмтылысы тән, түрткілер арқылы адам іс-әрекеттер жасайды, қызығуларды адам іс-әрекетте басшылыққа алады.

Белсенділік – жеке тұлғаның басты жалпы қасиеті, ол іс-әрекетте, қоршаған ортамен қарым-қатынас үрдісінде байқалады. Адамды белгілі бір жағдайда әрекет етуге, алдына, мақсат қоюға және оны орындауға итермелейтін не? Осындай итермелейтін себепке қажеттілік жатады. Қажеттілік адам тарапынан белгілі бір затқа мұқтаждық, бір нәрсенің жетіспеуі, белгілі бір нәрсеге қанағаттанбау тұрғысында іске асады, ал жеке тұлғаның белсенділігі қажеттіліктерді қанағатандыруға бағытталады.

Адам қажеттілігі әр түрлі. Ең алдымен адамның өмір сүруін тікелей қамтамасыз ететін табиғи қажеттіліктерді атап өтуге болады: тамаққа, ұйқыға, киімге, суықтан және ыстықтан сақтау құралы ретінде тұрғын уйге қажеттілік. Бұл негізінен биологиялық қажеттіліктер, сонымен қатар олар жануарлардың қажеттіліктерінен түбірлі айырмашылықтары бар. Оның ішінде, біз оны қанағаттандырудың әлеуметтік сиапты туралы айтып отырмыз.

Адамда табиғи қажеттіліктермен қатар таза адами, рухани немесе әлеуметтік қажеттіліктер болады. Басқа адамдармен сөздік қарым-қатынас қажеттілігі, еңбекке деген қажеттілік, мәдени қажеттіліктер (кітап және үн қағаз оқу, радио, теледидар тыңдау, музыка тыңдау, киноға және театрға бару) болады.

Адам қажеттілігі – адамзат қоғамының қоғамдық-тарихи дамуының жемісі. Осы даму үрдісінде адамдардың табиғи және рухани қажеттіліктері пайда болды, өзгерістерге ұшырады және күрделене түсті.

Жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі, оның қажеттілігі болып табылады. тек қана қажеттілік адамды белгілі бағытта әрекет етуге итермелейді.

Қажеттілік – бұл өмір сүрудің нақты жағдайларына тәуелділігін білдіретін жеке тұлғаның қалпы. Қажеттілік - жеке тұлғаның белсенділігінің қайнар көзі. Қажеттілік жалпы түрде байқалады.

Адамның нақты қылығы, ісі, белгілі іс-әрекеті туралы айтқанымызда, түрткілері (мотивтері) немесе нақтылы қылығы, іс-әрекетті итермелейтін себептері туралы деп түсінеміз.

Түрткілер – қажеттіліктің нақты көрінуі.

Түрткілер (мотивтер) – бұл қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты іс-әрекетке итермелеу. Егер де қажеттілік адам белсенділігінің барлық түрлерінің мәнін, қызметін құрайтын болса, ал түрткілер бұл қажеттіліктің нақты көрінуі болып табылады.

Адамның мінез-құлқын қарастыра отырып, оның қылығын талдай келіп, оның түрткілерін дұрыс түсінуі қажет. Түрткілер бір-бірінен онда іске асатын қажеттіліктің түріне, аумағына, іс-әрекеттің мазмұнына (еңбек әрекетінің түрткілері, оқу әрекетінің түрткілері) байланысты ерекшеленеді.

Түрткілер мақсатты (саналы) және мақсатсыз (санасыз) болып бөлінеді. Ғылыми психология осы түрткілердің бір-бірімен жеке тұлға дамуының қоғамдық-тарихи жағдайы бір-бірімен байланысты екендігін атап көрсетеді.

Адамның танымдық қажеттіліктерінің көрінісі қызығу деп аталады. Қызығу – бұл адамның белгілі бір затқа , құбылысқа немесе іс-әрекетке, жағымды эмоциялық қатынасқа байланысты белсенді танымдық бағыттылығы. Қызығудың мәні орасан зор: білімді меңгеруге, ой-өрісін кеңейтуге, адамды терң білімді меңгеруде оның белсенді жолдары мен тәсілдерін іздестіруге, қиындықтар мен кедергілерді жоюға итермелейді.

Қызығулар өзінің мазмұны, ауқымы, тереңдігі, тұрақтылығы және тиімділігі бойынша сипатталады.

Мазмұны жағынан қызығулар бағытталған нысанына қарай анықталады (техникаға, химияға, спортқа, өнерге, суретке, шахматқа т.б. қызығу). Мазмұны жағынан әртүрлі қызығулар қоғамдық мәніне қарай: біреулері, егер де қоғамдық және жеке мүдделер дұрыс ұштасқанда жағымды бағаланады, басқалары жағымсыз бағаланады (өздерінің ұсақ сезімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты).

Жан-жақты, ауқымды және тар қызығулар болып бөлінеді. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту үлкен ауқымды және жан-жақты қызығуды қажет етеді. Қызығудың тарлығы адамда бір немесе екі шектеулі және тұйықталған қызығу ғана болады.

Терең қызығу нысанды, оның барлық бөліктерін жеткілікті зерттеу қажеттілігі болып табылады. Ол атүсті, жеңіл-желпі қызығуға қарсы бағытталады, адам құбылыстарды атүсті қарастырады, зерттеу нысанын терең пайымдайды.

Тұрақты қызығулар (олар ұзақ сақталады, адамның өмірі мен іс-әрекетінде мәнді рол атқарады, жеке тұлғаның салыстырмалы түрде бектітілген еркешеліктеріболып тадыблады) және тұрақсыз қызығулар салыстырмалы түрде қысқа мерзімді құбылыстар сипатында және тез пайда болады, тез сөніп қалады.

Адам тұрақсыз қызығулармен жеңіл әуестенеді және тез суып қалады.



Тиімді қызығулар дегеніміз адамның өмірі мен қызметіне терең ықпал ететін, белгілі бағытта біржүйелі және мақсатты іс-әрекетке, белсенді және ынталы ізденстер көздерін қанағаттандыруға итермелейтін қызығуды атайды. Бейжай қызығулар – осындай іс-әрекеттің түрлеріне итермелейтін қызығуларды айтады.

Жанама қызығулар – нысанның мазмұнымен пайда болмайды, болашақ басқа нысанмен, адам қызығуымен (мәселен, мектеп оқушысы үшін матиматикаға қызығуы, оның сүйіп айналысатын авиамоделдеу ісімен) байланысты. Жеке тұлғаның қылығы моралдық түрткілермен, борыш сезімімен, қоғамдық тапсырмалармен реттеледі және анықталады. Адам қылығының моралдік түрткілері идеалдарда байқалады.

Моралдік немесе адамгершілік идеал – бұл адамның өз іс-әрекеті мен қылығының үлгісі. Әрбір тарихи кезеңде идеал, үлгі болатын адамдар аз болған жоқ. қазақ халқының тарихы мен мәдени өмірінде идеал, үлгі боларлық қайраткерлер мен ғылымда академик Қаныш Сатпаев, әдебиет пен өнерде Абай, Мұхтар, Махамбет, Құрманғазы т.б. есімдерін ерекше атауға тұраралық. Жеке тұлғаның қылығының негізгі түрткісі сенімдер болып табылады.

Сенімдер – бұл өздерінің көзқарасына, қағидаларына, дүниетанымына сәйкес итермелейтін жеке тұлғаның мақсатты қажеттіліктер жүйесі. Сенімдер түрінде байқалатын қажеттіліктер мазмұны – бұл қоршаған дүние табиғат пен қоғам туралы білімдер, оларды түсіну. Бұл білімдер ішкі ұйымдасқан көзқарастар жүйесін құрайды (философиялық, эстетикалық, этикалық, ғылыми-жаратылыстану және т.б.), ол адам-дүниетанымы болып қарастырылады.

Ұмтылу – мінез-құлық түрткілер (мотивтер), онда қажеттілік түрінде аңғарылады, қазіәргі жағдайда берілмеген, бірақ жеке тұлғаның арнайы ұйымдасқан іс-әрекетінің нәтижесі түрінде жасалуы мүмкін. Ұмтылу түрінде берілген қажеттілік ерекше ұйымдасқан іс-әрекет арқылы қанағаттандыра алмайды, бұл түрткілер категориясы ұзақ мерзімге жеке тұлғаның белсенділігін қолдауға қабілетті.

Мәселен, бір топ студент қайықпен среуенге шығу туралы жоспар жасап, пайда болған ұмтылу нәтижесінде жоспарды іске асыруда өзінің іс-әрекетінің белсенділігін арттырады, сол жоспарды орныдауда студенттер әртүрлі даярлық жұмыстарын жүргізеді. Ұмтылу әртүрлі психологиялық түрде іске асады.

Барлық түрткілер туралы айтқанымызда (қызығу, сендіру, ұмтылу) ең алдымен олар саналы, мақсатты түрде сипатталады. Басқа сөзбен айтқанымызда, адамда ол пайда болғанда, өзіне-өзі есеп береді, іс-әрекетке итермелейді, оның қажеттілігінің мазмұны болып табылады. Сонымен қатар бұл категорияға түрткілердің барлығы кіре бермейді. Адамдардың іс-әрекеттері мен қылықтарының ерекше саласына саналы емес талпынулар жатады. Саналы емес талпынуларды психологияда зертеу ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қолға алынды.

Ұстаным мәселесі, ұстаным теориясының біздің елімізде негізінен грузин психологы Д.Н.Узнадзе және оның әріптестері негізін салған болатын.

Ұстаным дегеніміз қажеттілікті қанағаттандыруға белгілі дәрежеде даярлықты айтады.

Ұстаным – бұл белгілі бір іс-әрекетке жеке тұлғаның саналы емес талпыну дайындығы, оның көмегімен белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыруы мүмкін.

Д.Н.Узнадзе зерттеуі бойынша ұстаным орталық жүйке жүйесінде пайда болады және оның перифериялық бөлімінің қызметінің жемісі болып есептелмейді. Мәселен, бірінші сынып оқушыларының мұғаліміне ұстанымын жатқызуға болады: ұстаным мұғалімнің кез-келген тапсырмасын мүлтіксіз орындау даярлығы түрінде аңғарылады. Қоғамдық өмірдің әртүрлі деректері бойынша ұстанымдар (оқиғаларға, адамдарға және т.б.) жағымды болуы да (ауру дәрігердің барлық айтқандарын дәл орындауы, оны емдеген доктордың ұстанымын басшылыққа алуы), жағымсыз болуы да мүмкін.

Мотивтер жоғары не төмен деңгейде, саналы немесе санаға тіпті де байланыссыз болуы мүмкін. Адам бағыт-бағдарының басым болуынан саналы мотивтер туындайды. Айта кету керек, қажетсінулер мен мотивтер адам бағыт-бағдарының белгілі бір бөлігін ғана сипаттап, оның бастау түйіні, іргетасы ғана іспеттес. Осы ірнетас негізінде адамның өмірлік мақсат, мұраты қаланады. Мақсат нақты іс-әрекеттік және өмірлік болып ажыратылады. Адам өмір барысында көптеген, сан қилы іс-әрекеттерді орындауына тура келеді, ал олардың әрбәрә өзінің нақты мақсатына ие. Дегенмен, әрбір дара іс-әрекеттің мақсаты және адам бағыт-бағдарының осы әрекетте көрінетін қайсы бір қырына ғана сәйкес болуы ықтимал. Өмірлік мақсатқа келетін болсақ, ол дара іс-әрекеттермен байланысқан барша жекелеген мақсаттарды біріктіруші фактор. Жеек мақсаттардың әрқайсысы өз орнымен орындалып баруы жеке адамның жалпы өмірлік мақсатының біршама іске асуын қамтамасыз етеді. Адамның жетістік деңгейі өмірлік мақсаттарға байланысты. Осыған орай адам өз келешегін санадағы болмысын жобалайды. Мақсатты айқын түсіну мен сол мақсаттың іске асу жолдарын сезінуден қоғамдық тұлғаның болашағы айқындалады.

Өз болашағын көрегендікпен тани білуге қажет адам қасиеттеріне кедергі болатын жан күйзелістері мен түңілулері психологияда – фрустрация делінеді. Мұндай психикалық қалып адамда оның мақсатқа жету жолында бой бермес кедергілері кезіккенде туындайды. Фрустрациялық жағдайдың белгілері-мақсатқа ерісудің кедергі бары да көрініп тұр. Адам мұндайда фрустрациияға түспей, үлкен қиыншылықтарды да жеңе алуы мүмкін. Ал кейбір сындарлы кезеңдерде қиыншылық басымдау келіп, фрустрация өрістеп, ол адамның мақсат жолындағы әрекетінің берекетсіздікке ұшырауына себепші болады. Мақсатты әрекет бұзылысының келесі түрлері (Ф.Е.Василюк) белгілі а) қозғалысты қозу – мәнсіз қимыл әрекеттер; б) түңіліс; в) ашуға беріліп, әрекеттен қалу; г) сереотипия - үйреншікті әрекеттерді ойсыз қайталай беру; д) регрессия - өмірдің алғашқы кезеңдерінде игерілген үлгілерге еліктей, ойсыз қимылдау (қазақта “балалығына түсті”).

Психологияның өзекті мәселелерінің бірі мотивацияны іс-әрекет мәселесі және мотивтердің шығу тегін Х.Хеккаузен “Мотивация және іс-әрекет” жұмысында қарастырған. Мотивация – бұл тұлғалық және іс-әрекеттік жүйелердің бірігуі негізінен пайда болған психологиялық ерекшелік.

Адам іс-әрекеті мотивациясының ең маңызды мәселелерінің бірі- оның қылықтарын себепті тұрғыдан түсіндіру. Психологияда осындай түсіндіру каузальды атрибуция деп аталады.

Каузальды атрибуция адамның мінез-құлқы туралы қабылданған ақпаратты мағыналауға, қылықтарының себебін анықтауға, адамның оларды алдын ала болжау қабілетін дамытуға бағытталған когнитивті түрдегі мотивацияланған мінез-құлық болып табылады. Бір адам басқа біреудің істеген қылығының себебін біліп жатса, оны түсіндірмек түгілі болжай да алады. Бұл адамдар арасындағы қатынастар мен әрекеттер үшін өте маңызды.

Бұған қоса каузальды атрибуция адамның көріп жүрген құбылыстарын түсіндіруге деген қажеттілігі ретінде болып келеді. Каузальды атрибуция адам қатынастарын реттеумен тікелей байланысты болып, адамдардың қылықтарын түсіндіру, ақтау және кінәлау сияқты әрекеттерді біріктіреді.

Каузальды атрибуцияны зерттеу Ф.Хадердің 1958 жылы шыққан “Жеке адамның аралық қатынастар психологиясы” деген еңбегінен бастау алған. Осы кітаппен бірге баспада адам туралы ақпаратты көрсету арқылы адамдардың бірін-бірі қабылдау жайында маңызды зерттеулер пайда болған. Білімнің осы саласында Г.Келлидің жеке адамдық құрылымына адамның әлемді қабылдауға мүмкіндік беретін ұғымдар жүйесі болып табылатын тұрақты когнитивті-бағдарлама құрылымдар теориясы жөніндегі жұмыстары үлес қосты. Жеке адамдық құрылым деп айтатынымыз – бір адамның басқа бір адамға немесе айналасында болып жатқан жағдайларға беретін мінездемелерінде жиі кездесетін қарама-қарсы бағаламалық қос ұғым (мысалы, “ақ-қара, “жақсы-жаман”). Бір адамға сай жеке адамдық құрылымдары арқылы оның әлемге деген өзгеше көзқарасын бейнелуге болады. Мұндай құрылымдар адамның мінез-құлқын болжау , оны мотивациялық-когнитивтік тұрғыдан түсіндіру (каузальды атрибуция) қызметін тақарады.

Мотивацияның Ресейлік теоияларында іс-әрекет пен жеке адам бірлігі принципі негізінде мотивтердің келесі қызметтері бөлініп сипатталған:

1. Мағына құрушы қызметі. Бұл қызметті ең алғаш барлық іс-әрекеттің анықтаушы негізгі функциясы ретінде А.Н.Леонтьев қарастырған.

2. “Мен - әрекет” арасындағы мағыналық байланыстарды реттеуші қызметі (Рубинштейн С.Л., Шороховыа Е.В., Асеев В.Г.).

3. Мотивация әсерінің белсенділігін сипаттайтын қызметі (Божович Л.И., Рубинштейн С.Л., Леонтьев А.Н.).

4. Селективті қызметі. Бір ғана әрекет кем дегенде 2 мотив арқылы себептеніп, мотивтердің біреуінің әрекеті, екіншісінің жетістігіне кедергі жасау мүмкіндігі.

5. Энергетикалық қызмет. Интенсивтілігін, орындау үшін жіберілген іс-әрекет субъектісінің энергиясының санымен шарттануын сипаттайды. (Гальперин П.Я., Шорохова Е.В., Асеев В.Г.).

6. Мақсат құрушы қызметі. Қажеттілікті мотивациялық сферадағы иерархия, мотивацияның мәнділігі мен мазмұны, мақсаттың ерікті қалыптасуының құрылымын анықтаушы фактор ретінде шығады.


15-лекция


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет