Кәсіби дайындыққа мынадай талаптар қойылады: Өз мамандығының тұлғалық және әлеуметтік мәңділігін сезіну; Мәдениетінің берілуін қамтамасыз ететін білім беру жайында тұтас түсінікті меңгеру; Ғылыми гуманистік көзқарасты меңгеру; Табиғат пен қоғам дамуының негізгі заңдылықтарын білу; Қазақстан Республикасы Конститутциясының этикалық және құқықтық нормаларын білуі; Білім беру процесінің заңдылықтары жайындағы біліммен түсініктер жүйесін меңгеруі ғылымитану мен әдістерін білуі; таным тәсілдерін меңгеруі; Пәндік білімін кәсіби тілмен жеткізе білу; Қарым-қатынас орнату іскерлігін ойлау мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, қарым-қатынас мәдениетін меңгеруі жұмысқа психикалық әдістемелік дайындау. - Педагогикалық қызметтің ойдағыдай болуының қажетті шарты- баланы жақсы көру.
- Мұғалім - бұл болашаққа ұмтылған адам. Оның қызметі адамды қалыптастыруға солардың алдағы жағдайдың өзгеруіне қарай белсенділігін арттыруға бағытталған.
- Л. Н. Толстой былай деп жазды: «Болашаққа жарамды адамды тәрбилеу үшін, оларды тамаша жетілген азамат етіп тәрбиелеу қажет, тек сонда ғана тәрбиелеуші өз ортасында өмір сүретін ұрпақтың лайықты мүшесі бола алады».
- Н.В.Кузьмина бойынша педагогикалық қызметінің құрылымында мынадай компоненттерді атауға болады:
- конструктивтік,
- ұйымдастырушылық
- коммуникативтік.
- А.И.Щербаков бойынша:
- конструктивтік,
- ұйымдастырушылық,
- коммуникативтік,
- зерттеулік.
- Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметінің жоғары деңгейде меңгерілуі: педагогтың оқытушылардың (студенттердің) оқу-танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсермен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.
- И. А. Зязюн бойынша педагогикалық шеберлік құрылымына оқытушының тұлғалық ізгілік (мейірімділік) бағыты, педагогикалық білім, педагогикалық техникасын енгізді.
Достарыңызбен бөлісу: |