Х. ДосмҰхамедов



бет31/95
Дата07.12.2022
өлшемі3 Mb.
#466729
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95
Жуйелик программалау Python

in және not in тиесілі операторлар жолдармен жұмыс жасау үшін қолданылады. in операторында берілген жолда ішкі жол бар болатын болсаTrue (ақиқат), жоқ болса False (жалған) деген нәтиже шығады:
p = 'program'
r = 'rog'
print ( r in p )
Экрандағы нәтижесі: True
немесе
p = 'program'
r = 'rg'
print ( r in p )
Экрандағы нәтижесі: False
not in операторын қолданғанда:
print ('p' not in 'republic')
Экрандағы нәтижесі: False
немесе
rint ('a' not in 'republic')
Экрандағы нәтижесі: True
Python-да символдар мен жолдарды да бір-бірімен салыстыруға болады. Мысалы:
x1='abcdefg'
x2='abcd'
print (x1>x2)
Экрандағы нәтижесі: True
немесе
x1='a'
x2='c'
print (x1>x2)
Экрандағы нәтижесі: False
Жолдармен жұмыс жасау.
Python-да жолдармен жұмыс істеу барысында кіріктірілген функциялармен қатар процедуралар, кіріктірілген әдістер және әрекетті бірнеше рет қайталау үшін for операторы қолданылады. Python-да процедуралар қандай да бір іс-әрекеттер жиынының көп рет қайталану барысында қолданылады.
Кіріктірілген әдістер функцияларға ұқсас, бірақ қандай да бір әдіс шақырылған кезде ол ең алдымен белгілі бір нысанды таңдайды, ал ол нысан әрекет орындалған кезде ғана анықталады.
Ең көп тараған әдістердің бірі – ол жолдың регистрін өзгерту. Яғни, бұлар бас әріптерді кіші әріптерге және керісінше түрлендіретін жолдың регистрін өзгерту әдістері. Мысалы, capitalize() әдісі бірінші әріптен басқасының барлығын жоғарғы регистрлі әріптерден төменгі регистрлі әріптерге алмастырады:
def printSentence(s): # процедураның атауы мен аргументі
print (s.capitalize())
s = 'i loVE progRAMMING WITH PYTHON!'
printSentence(s) # процедура орындайтын командалар
Экрандағы нәтижесі: I love programming with python!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет