Хабаршысы ғылыми журналы



Pdf көрінісі
бет140/180
Дата01.02.2022
өлшемі3.07 Mb.
#455016
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   180
УДК 377.8                      
 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ СТРАТЕГИЯЛАРЫ 
 
Абилова О.А., Әуелбаева Г.С. 
 
Г.Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
В статье  рассматривается стратегия критического мышления. А также 
раскрыта   сущность понятий «критического мышления», «стратегии».  
Existence of critic thinking is given in the article. Critic thinking and strategy's meaning 
are open there. 
 
Ключевые слова: технология, критическое мышление, стратегия, стратегия 
Джик со, семантическая карта.  
Key words: Technology, critic thinking ,strategy,  Jike so strategy,   semantic map.  
 
Қазіргі таңда педагогика ғылымы баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа 
оқыту технологияларын жүзеге асыруды міндеттейді.  
Педагогикалық технологияны қолдану білімді сапалы түрлендіруге, жаңашыл 
жобаларға ірге болуға нақты негіз болып, әрбір мектепке өзіндік тұлғасын табуға, әрбір 
мұғалімге өзіндік әдістемелік жүйесін құруға септігін тигізеді. 
  
Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялардың бірі  — сын тұрғысынан 
ойлау технологиясы. 
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы — өте күрделі ойлау процесі, бұл процесс 
мәліметтердің қабылдауынан басталады және шешім қабылдауымен аяқталады. Бұл 
технологияның басты міндеті – оқушылардың сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін 
дамыту, оқу үрдісінде қолдану, қызығушылығын ояту.   
«Сыни ойлау, бұл – американдық көптеген ғалымдардың алдыңғы қатарлы 
идеялары негізінде құрылған жоба, оның тұтас құрылымы болғандықтан технология деуге 
негіз бар. Сыни ойлау не мағына береді?   
Сын тұрғысынан ойлау – (ағылшын тілінің «Critical thinking» деген сөзінің тікелей 
аудармасы) қадағалау, тәжірибе, ойлану нәтижесінде алынған ақпараттың мағынасын 
тануда, оны бағалауда және талдауда аналитикалық тәсілдің қолданылуын көздейтін 
ойлау түрі. Бұл келесі қабылданатын әрекеттерге негіз болуы мүмкін.  
Кез келген технологияны оқытудың өзіндік стратегиясы, ерекшелігі, әдіс-тәсілдері 
болады. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу жасау үшін 
алдымен «стратегия» деген сөздің пайда болу генезисіне түсінік берелік. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   180




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет