Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»


Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы



бет2/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#22227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Бауыржан Момышұлының әдеби шығармашылығы 

Шығармалары :

  • Ұшқан ұя (1974 жыл)


  • Москва үшін шайқас,

  • Жауынгердің тұлғасы,

  • Майдан,

  • Майдандағы кездесулер,

  • Генерал Панфилов,

  • Төлеген Тоқтаров,

  • Куба әсерлері

  • Адам қайраты (1981 жыл)

  • Елбасына күн туса

  • Психология войны

Отбасы :
  • Бибіжамал Мұқанқызы Момышкеліні. Бауыржаннан екі жас кіші, ақсары, сұлу кісі. Бибіжамал Мұқанқызынан тұңғыш баласы Бақытжан Момышұлы дүниеге келді.


  • Строева Вера Павловна — өнер саласына еңбек сіңірген кісі. Ерінің әдебиетке келуіне себепші болды.

  • Коркина Клавдия Григорьевна — опера театрының әртісі, сыған қызы. Бұл кісіден Елена Бауыржанқызы дүниеге келді (16.09.1947 жыл)

  • Бахытжамал Калибековна — шет тілдер институтының аспиранты, 13 жыл бірге болды.

  • Бақытжан Момышұлы - Бауыржан Момышұлының ұлы.

  • Зейнеп Ахметова Бауыржанкеліні — Бақытжан Момышұлының жұбайы, жазушы, қазақы дәстүрлерді насихаттаушы. Қайынатасы туралы мемуар кітаптар мен мақалалар жазады.

Бауыржан Момышұлының аты берілген нысандар:

Астана қаласында :


  • Бауыржан Момышұлы даңғылы (Астана)

Алматы қаласында :

  • Бауыржан Момышұлы атындағы көше (Алматы)

Тараз қаласында

  • Жамбыл облысының бұрынғы Бурное ауданы қазір Бауыржан Момышұлы ауданы болып өзгертілген.


  • Бауыржан Момышұлы ауылы (Жамбыл облысы)

  • Тараз қалысының Драма театры алдындағы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына арналған ескертікіші (Жамбыл облысы)

  • 45 қазақ классикалық гимназиясына Бауыржан Момышұлының есімі берілген және мектептің алдында Бауыржан Момышұлының бюсті орналастырылған. Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің алдындағы бюст

  • Тараз қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп

  • Тараз қаласында Бауыржан Момышұлы атындағы Жеңіс саябағы

  • Жеңіс саябағы

  • Жеңіс саябағындағы стелла

Шымкент қаласында 

  • Бауыржан Момышұлы даңғылы (Шымкент)


  • Алматы (№131), Шымкент (№42) және Алматы қаласындағы әскери мектеп интернаттары да батырдың есімімен аталады.

  • Шымкент қаласындағы Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгі ғимараты мен Астана қаласында Бауыржан Момшұлыныңескерткіші орнатылған.

Наградалары :


Соғыс кезінде -11-

  • 1942 жылы 6 маусымда «Қызыл ту» орденімен;

  • 1944 жылы 6 маусымда «Москваны қорғағаны үшін» медалімен;

  • 1945 жылы шілдеде 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды

Соғыстан кейін

  • 1970 жылы «Еңбек Қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен

  • КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941-1945 жылдары соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді (медаль №11637).

  • 2000 жылы «Ғасыр адамы» деп танылды

Бауыржан Момышұлы туралы :


  • 1967 «За нами Москва», Режисеері: Мәжит Бегалин, Бауыржан Момышұлын сомдаған: Кәукен Кенжетаев

  • 2010 - Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) ҚазақфильмҚалила Нематұлы Омаров

  • Аңыз бен Ақиқат - авторы Әзілхан Нұршайықов

  • Волоколамск тас жолы - авторы Александр Бек

  • Восхождение к отцу - авторы Бақытжан Момышұлы

  • Во имя отца - авторы Бақытжан Момышұлы

  • Сыновья великого волка - авторы Бақытжан Момышұлы

  • Шуақты күндер - авторы Зейнеп Ахметова

Қызықты деректер:


Ұлы Отан соғысы жылдарында екі қазақ қана дивизия басқарған. Оның біріншісі Бауыржан Момышұлы болса, екіншісі Әбілқайыр Баймолдин.

Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері :

  • Опасызда Отан жоқ, Отанда опасызға орын жоқ.

  • Тәртіпке бас иген құл болмайды!

  • Отаның үшін отқа түс, күймейсің!

  • Ептілік пен ерлік – ерге тән қасеиет!

  • Тәрбиелі – тәріптің құлы, тәртіпті елдің құлы!



-12-
Халық қаһарманы - Бауыржан Момышұлы

Момышұлы Бауыржан (1910-1982) – екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, халық қаһарманы, қазақтың көрнекті жазушысы. Туған жері - Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы Көлбастау мекені. Бауыржан жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін біраз уақыт мұғалім болған. Сонда жүргенде кезекті әскери міндетін өтеуге шақырылып, онда бір жарым жыл жүріп, запастағы командир атағын алады. Туған ауылына қайтып оралған соң, ол біраз жыл қаржы мекемесінде қызмет істейді. Содан қайтадан Қызыл Армия қатарына шақырылып, түрлі әскери бөлімдерде взвод, рота, командирі болады. 1941 ж. Ұлы Отан соғысы басталысымен, Бауыржан даңқты генерал-майор И.В.Панфиловтың басшылығымен Алматы маңында жаңадан жасақталған 316 атқыштар дивизиясының құрамында майданға аттанады, батальон, полк командирі қызметтерін атқарады. Соғыстың соңғы жылдарында гвардиялық дивизияны басқарады. 1941 жылғы күзгі, қысқы кескілескен шайқастар кезінде өз батальонын 27 рет шабуылға бастап шықты. 5 рет қоршауды бұзып, негізгі жауынгерлік құрамымен аман-есен дивизиясына қосылды. Жауынгерлік іс-қимылдарға қатысты ұрыстан шығу, шегініс жасау тәсілдерінің арнайы тарау болып әскери жарғыға енуі, тактикада «ошақты» және «икемді қорғаныс» ұғымдарының қалыптасуы Бауыржан Момышұлының осындай тәжірибелерінің жиынтығы болып табылады. Оның қолбасшы, терең ойлай білетін әскери мамаң ретіндегі таланты соғыста полк, дивизия басқарған жылдары кеңінен ашылды. Бауыржан Момышұлы жау шептеріне ішкерлей еніп ұрыс жүргізу теориясын соғыс тәжірибесінде алғаш қолданушылардың және оны дамытушылардың бірі болды. 
Бауыржан Момышұлы - әкери педагогика мен әскери психологияны байытушы баға жетпес мұра қалдырған дара тұлға. Оның атақ, даңқы, батырлығы А.Бектің «Волоколамск тас жолы» атты кітабында суреттелді. Кітап неміс, чех, еврей, ағылшын, француз, т.б. шет ел тілдеріне аударылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет