Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы: Библиографиялық көрсеткіш/ Құраст. Д. Искакова. Тараз: ТарМУ. Ғылыми кітапхана, 2013. 63б. «Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлы»



бет3/10
Дата25.02.2016
өлшемі1.81 Mb.
#22227
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Батыр наградалары


Соғыс кезінде 1942 жылы 6 маусымда — «Қызыл ту» орденімен 1944 жылы 6 маусымда — «Москваны қорғағаны үшін» медалімен 1945 жылы шілдеде- 1 дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Қызыл жұлдыз» орденімен 2 рет марапатталды 1970 жылы «Еңбек қызыл ту» орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен 1980]] «Халықтар достығы]]» орденін иеленген КСРО Президентінің 1990 ж 11 желтоқсандағы жарлығымен Б. Момышұлына 1941–1945 ж соғыста неміс-фашист басқыншыларына қарсы күресте асқан ерлігі мен қаһармандығы үшін «Кеңес Одағының Батыр атағы» берілді. 2000 ж «Ғасыр адамы» деп танылды

Жазушы қаламынан шыққан «Офицер жазбалары», «Артымызда Москва», «Генерал Панфилов», «Куба әсерлері», «Жонарқа», «Ұшқан ұя», «Соғыс психологиясы» туындылары- жұртшылықтың қолдарынан тастамай оқитын, өзінен кейінгілерге өнеге ретінде ұсынатын маңызды қазыналар.

Аты бүкіл әлем халқына аңыз боп тараған қазақ елінің ақиық қыраны Б. Момышұлының қайталанбас ғажайып сырға толы өмір жолы мен көркем туындыларына куә болдық.

Кинофильмдер -13-


1967 "Артымызда Москва" «За нами Москва», режиссері: Мажит Бегалин

Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы

2010 — Қазақтың Бауыржаны (Деректі фильм) Қазақфильм. Нематұлы Қалила Омаров

Абай шығармаларының аудармалары


Момышұлы Ұлы ақын мұрасын терең танып қана қоймай, сол мұраны әрі зерттеуші, әрі оны тікелей орыс тіліне аударушы ретінде араласатыны да бар. Абай кітабының көптеген беттеріне қойылған, авторлық белгілерін былай қойғанның өзінде, осы басылымның 39, 143, 146–147, 186, 194, 196–197, 208, 243, 312-беттеріне жазылған көлемді пікірлері осының айғақты деректері. Немесе 1954 ж. «Родной край» альманағының 7-санындағы Абай мұрасы туралы мақаласы мен Абай өлеңін өзі орыс тіліне аударып бастыруынан да көп нәрсенің сырын аңғарғандай боламыз. Тіпті Абай өлеңдерін орыс тіліне аударуды соғыс өртінің ішінде жүрген қысылтаяң көзде-ақ қолға алғанын 1945 жылғы Абай кітабының 210- бетіндегі «Мен көрдім ұзын қайың құлағанын…» деген өлеңнің тұсына: «Найти мой перевод 1944» деп белгі соғуынанда көреміз. Оның Абай кітабына жазылған Һашияларында ә дегеннен көңіл бөлетіні — сауатты деген оқырмандардың өзі ұлы ақын шығармаларының тілін, әсіресе ақын сөздерінің мағыналық қырларындағы нәзіктікті түсіне алмайтын, жете танып біле алмайтын осалдықтарына тоқталады. Абай кітабына жазылған һашияларыңда көбірек пікір қозғап, молырақ ізденетін тұсы — Абайдың орыс классиктерінен аударған шығармаларына байланысты. 1945 жылғы Абай кітабының 143, 147, 186, 194, 198, 208, 248, 312-беттерінде жазылған Абайдың аударма өнеріндегі шеберлігі мен Абай өлеңдерінің өзін қайтадан орысшаға өнер тілімен аудару жөнінде тың пікірлер көтереді.

Момышұлы негізінен Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдеріне ерекше ден қояды. М. Ю. Лермонтовтан Абай аударған сегіз өлең, бір поэманы («Вадим») талдап оқи келе, бұларды шығармашылық аударма жасаудағы ақындық өнердің шыңы деп қарайды. Абайдың Лермонтовтан аударған «Менің сырым, жігіттер, емес оңай…» («Я не хочу, чтоб свет узнал…») деген өлеңін Лермонтовтың тексімен қатар алып салыстыра отырып, аударма ерекшелігіне, әсіресе ондағы Абайдың ақындық өнердегі сөз қүдіреті мен көркемдік талғамының биіктігіне ерекше назар аударады. Момышұлының бұл аударма жайындағы ой толғаныстары мен өзіндікталғам, бағасына байтану тарихындағы соны өрнек үлгі демеске болмайды.

Міне, осы тұрғыдан Абай аудармасын ақындық өнер тұрғысынан талдай келе: «Абай аударғанда: тілін, өлең қүрылысы, ұйқасы, ырғағы, ақынның ішкі сырын бейнелерде мазмұнын толық біліп, түсіне отырып аударған. Өлеңнің қаймағы мен қаспағын жеп, сутін сіміріп, күбіге салып піскенде майын ажырата оқып, көп зерттегендіктен Абай терең бойлап, жеңіл қалқып отырады. Абайдың аудармалары ізбе-із формалистік саяздықтан аулақ болып, негізінен күшейіп, асып жатады. Мағыналы, баянды ырғақпен жетектеп ала жөнеліп, жорғалата оқытып отырады. „Қалауынтапса қаржанады“дегендейін, Абайдың қолдануында жай қарасөз жүйелі айтылғандықтан, өз орнына қолданғандықтан — ауыр салмақты болып, күшті мағынаға ие болып отырады. Олар жүйесін тапқандықтан жібектей жылтырап, желідей созылып отырады»-деп, Абай кітабының шетіне жазған Һашиясында өзінше ой қорытады. Бұл арада Момышұлы аудармашылық өнердің үлкен шығармашылық ізденуден, түпнұсқаны терең танып білуден туатын ерекшелігі жайында көз келген зерттеуші зерделей бермейтін ете нәзік әрі талғамы биік көркемдік танымын аңғартады. Абай кітабын оқудан туындаған Һашияларында айрықша ерекшелеңетін тұсы да Абайдың Лермонтовтан аударған «Қараңғы түнде тау қалғып…» (Из Гете «Горные вершины») деген өлеңін ерекше ден беріп талдауында жатыр. Әлемнің үш ақынының, яғни Гете, Лермонтов, Абайдың бірінен бірі жарыса аударған аудармашылық өнерінің қайталанбас ерекшелігін, ақындық өнер жолындағы бас айналдырар шеберлік жолындағы ізденістерін терең талдап, білуге ұмтылған әрекет жатыр. Гете жазған «Горные вершины» өлеңін әуелі орыс тіліне, одан қазақ тіліне аудару үстіндегі ерекшеліктері хақында жазушы пайымы ментерең мәнді ой толғаныстары жай айтыла салған пікірі емес, тереңдеп зерттеудің аналитикалық түрғыдан талдап оқудан, талмай ізденуден туған өзіндік қайталанбас соны ойлар. «Қараңғы түңде тау қалғып…» өлеңінің аударылу шеберлігі, оңдағы ақыңды қөнер жарысы жайлы пікірінде бірнеше елеулі ерекшеліктер де байқапады: а) Абайдың аударма өнеріндегі ғажап ақындық шеберлігін терең ұғыну үшін осы өлеңнің немісше, орысша, қазақша түпнұсқаларын қатар жазып салыстырған. ә) Енді осы үш өлеңнің түп нұсқаларын Момышұлы өзі жолма-жол аудара бастайды. Яғни немісшесін де, қазақшасын да орысшаға жолма-жол өлеңмен аударады. Мысалы, Гете өлеңінің немісше түпнұсқасын Абай кітабына көшіріп, оны: -14-

«Над всеми вершинами покой, 
В листве не услышишь ты шороха.
 
Птички молчат в лесу
Подожди немного,
 
Скоро отдохнешь и ты…»- деп,


жолма-жол өлеңмен өзі аударады. Яғни немісше мағынасын дәлме-дәл түсіреді. Лермонтов аудармасында қалып кеткен неміс тіліндегі бір өлең жолының («Die voglein sehweigen Wolge») мағынасын орысшаға «Птички молчат в лесу» деп аударып берген. Баукең неміс тіліндегі Гетенің өлеңін түпнұсқадан оқып талдай келіп: «Гете — наивный юноша. Его „Отдохнешь до первой хорчевани“ — юношеский марш беззаботного студента», — деп таниды да оған "3" деген белгі қояды, яғни өз бағасын береді. Ал Лермонтовтың «Горные вершины» деген өлеңінің де түпнұсқасын Абай кітабының бетіне көшіріп жазып, ол туралы: «Лермонтов-зрелый, как поэт с налетом пессимизма. У Лермонтова вольный перевод», — деп таниды да, оған "4" деген белгі қояды. Соңында Абайдың кітабындағы «Қараңғы түнде тау қалғып…» аудармасының үстіне Момышұлы оның орысша өзі тікелей аударған жолма-жол аудармасын:

«В темную ночь горы дремлют
Ко сну уходят блаженному.
 
В степи тихо тишине внемлют
Ночь опускается легким покрывалом.
 
Не пылит дорога
Ни шороха листвы (Не могут встряхнуться листвы)
 
Если наберешься терпения немножко…»-


Қалпында аударып берген. Абай аудармасының табиғатына ене отырып: «Абай-символизирует, обобщает многопланно… о вечном покое, У Абая глубже, у Абая близко к адекватному» — деп, "5" деген белгі қойып, аса жоғары бағалайды. Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып…» өлеңінің үстіне «Реквием» деп тақырып қояды да, оны «Произведение траурного характера»деп, өз анықтамасын береді. Жоғарыда аталып отырған әлемдік үш ақынның туындыларын талдап, аударып, өзінше салыстырып бағалаудағы негізгі мақсат та әр ақынның өздері жырлап, аударып отырған тақырыбын өздерінің ақындық қуаты мен шеберлігіне қарай өзіндік мотивке орай қүратын қайталанбас ерекшелігіне көз жеткізу, сөзіну, өзінше танып білуге тіреледі. Осы арқылы үш Ұлы ақынның бір тақырыпты жырлауында үш түрлі ақындық қуаттағы ерекшеліктің барлығын анықтап, әділ бағасын бере кетуді де ұмытпайды. Лермонтов пен Абай аудармасында да осы өлеңнің немісше түпнұсқасында бар «Құстан үнсіз орманда» деген өлең жолы аудармада қамтылмай қалғанын да ескертіп өтеді. Мұндағы Момышұлы мақсаты — Абайдың аударма өнеріндегі ақындық шеберлігін, осы жолдағы ақындық өнер жолындағы ізденістерін анықтай отырып, Абай өз аудармаларында өзі аударып отырған ақындар мен ой, шеберлік, ақындық өнер жарыстыруға ұмтылған шын мәніндегі ақындық өнердегі іргеліде жаңа сапа танытатын ізденісін көрсетуге назар аударады.

Момышұлыда Абай өлеңдерін өлеңмен жолма-жол аударма жасау тәжірибесі де ұшырасады. Кейбір өлендерді тұтас, ал көпшілігінің тек бір-екі шумақтарын ғана аударып, өз қалам құдіретін байқап көргендей әсер қалдырады. Оның Абай өлеңдерін аударуы әдеттегідей жолма-жол аударма деп қарауға келе бермейтін сияқты. Өйткені Абай өлеңінде рухы мен көркемдік бояуы табиғи қалпында аумай түсетін аударма өлең жолдары да ұшырасып отырады. Бұл ерекшелік әсіресе Абайдың ұлттық бояуы басым өлеңдерін аударғанда анық сезіліп тұратыны бар. Мысалы, Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар…» өлеңінің бастапқы шумағын алып қарайық: «Құлақтан кіріп бойды алар Жақсы ән мен тәтті кұй. Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй…» — деген:

«Пленяя слух, забирают душу мою вполон
Красива песня и сладка мелодия
И погружают меня в мир размышлений
Если песню ты любишь — люби как и я…»


түрінде аударылған. Өлеңінің рухы, ішкі мағынасы түпнүсқадағыдай жетіп-ақ түр. Ал Момышұлының жолма- жол аударып берген өлеңдері де орысшасын оқығанда, түпнұсқасын оқығандай сөзімге белеп отырады. Мысалы: «Күшік асырап ит еттім, Ол балтырымды қанатты Біреуге мылтық үйреттім, Ол мерген болды, мені атты..» дегенді: «Научил его обращаться с ружьем, Он, став метким стрелком, — стрелял в меня..,» деп аударады. * Жазушының Абайдың Лермонтовтан аударған өлеңдерінің кейбірінің орысша түпнұсқасы барын көре тұра, қайтадан орысшаға аударатыны бар. Яғни, Абай қазақшалаған өлеңді орысшаға аударады. Мұның себебі де Абай өзі аударып отырған тұпнұсқаға, оның рухы мен көркемдіқ бояуына қаншалықты жақындай алды, . -15-

автормен ақындық өнер жарысына түсетін Абайдың аудармашылық құдіреті неде екендігін

нақтылытанып-білуден туған өзіндік ізденіс мақсатында жатса керек. Өйткені Момышұлының көзқарасыңда өлеңді сөзбе-сөз сірестіріп аударуға іштей қарсылық айқын сезіліп тұрады. Абай аударған «Теректің сыйы» өлеңінің аударылу шеберлігіне кеңіл белгенде де Момышұлы сөздің көркемдік бояуының қанықтығы мен әр сөздің өз орнында тұрып, табиғи қиысу қалпына да ерекше назар аударады. Лермонтов өлеңінің тексі мен аударма өлеңінің тексін қатар алып салыстырып, осы ерек- шелікті сөзінуі себепті де: «… Абайдың ойы терең, керкі көлемді, теңеуі бай, ұтымды келіп отырады. Ішкі ырғақтары қарқынды келіп, қалпынан шықпай жатады», — деп бағалауы сезімталдықтың белгісі

Соғыстан кейін Бауыржан Момышұлы Совет Армиясы Бас штабының Жоғары әскери академиясын бітіреді. Әскери-педагогикалық жұмыспен айналасып, Совет Армиясы әскери академиясында сабақ береді. 1956 жылы полковник атағымен отставкаға шыққан Бауыржан біржола шығармашылық жұмыспен айналысады. Ол қазақ және орыс тілдерінде бірдей жазып, өз өмірінде көрген-білгендерін арқау етеді. Оның қаламынан туған, өмір шындығын арқау еткен тамаша романы мен әңгіме, повестері қалың оқушының іздеп оқитын шығармаларына айналады. Олар бірнеше қайтара басылып шығады. Бауыржан бірнеше орден, медальдармен наградталады, Кеңестер Одағының батыры атағын алады. Алайда халықтың өзі «батырым» деп танып, ардақтаған қаһарман ұлына бұл атақ Отан соғысы біткеннен кейін жарты ғасырдай уақыт өткенде барып берілген болатын. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың жарлығымен оған «Халық қаһарманы» деген атақ берілді. Алайда аласапыран қысылшаң жағдайға ұшыраған кейбір полктердің батальон, роталарымен байланысы үзіліп, жауынгерлердің қай жерде, қандай халде екенін білу қиынға соқты. Сондай жағдайға ұшырағандардың бірі – Бауыржан басқарған бірінші батальон еді. Баукең енді шегінудің нақты жоспарын жасады. Батальонның алдында жүретін он бес адамнан құрылған (алдыңғы жақты барлайтын) барлаушы қойып, взвод-взводпен бөлек-бөлек болып, бірінің ізімен бірін жүргізе жылжуды ұйғарды. Батальон алдындағы барлаушыларды аға лейтенант Рахимов пен саяси жетекші Мұхаметқұл Сләмқұлов басқарды. Күндіз жау көзіне түспеу үшін жауынгерлеріне түнделетіп жүруді бұйырды. Күндіз қалың тоғайда тыныстап, түнде барлаушылар арқылы белгіленген бағытпен сақтана жүріп отырды. Қалың қарағайлы тоғай іші қар. Жауынгерлер шаршады. Әйтсе де табанды төзімділік көрсеткен батальон екі күннен кейін Новлянск пен Ивановск деревняларының аралығынан шықты. Барлаушылардың айтуынша, осы Ивановск деревнясында панфиловшылардың 1075-полкінің бірінші батальоны тұрады екен. Бұлар әлі шайқасқа қатыспапты. Әдісқой, тәжірибелі комдив И.В.Панфилов бұл полкті уақытша әдейі резервте ұстап тұр екен. «Б.Момышұлы басқарған батальон түгелдей жау қолынан қаза тауып, жойылып кетті» деген лақапты естіген олар түгелдей аман оралған жауынгерлерді зор қуанышпен қарсы алды. Бауыржан бастаған батальон жауынгерлерін көргенде И.В.Панфилов қуанғаннан көзіне жас алды. Иван Васильевич көптен көрмеген бауырын кездестіргендей Бауыржанды қаусыра құшақтай алып, бетінен сүйіп: «Жарайсың, сұңқарым!» деп арқасынан қақты.

Кеңес әскерлерінің 1942 жылғы қаңтар-ақпан айларындағы ұрыстарында 8-гвардиялық дивизияның Бауыржан Момышұлы басқарған полк жауынгерлері ерекше көзге түсті. Дивизия екі ай ішінде батысқа қарай 500-600 шақырым алға басып, фашистердің мыңдаған солдаты мен офицерін қырды, көптеген техникасын жойып жіберді. Бауыржан Момышұлының қатардағы жауынгерлер жайлы айтқан небір қасиетті сөздері халқымыздың есінде. Даңқты қолбасшы солдаттың мінез-құлқын, парасатын, елі үшін шыбын жанын қиятын ерлігін керемет білген. Соның арқасында оларды ерлік жеңістерге бастап, жігерлендіріп отырған. Бауыржан Момышұлы соғыс жылдарында адуынды да қатал әскери басшы болып қана қойған жоқ, сонымен қатар қарамағындағы жауынгерлер мен офицерлердің ақылгөй жетекшісі, зерделі де білгір, байыпты да мейірман тәрбиешісі де бола білді. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орында

Момышұлы Бауыржан туралы кинофильмдер:

  1. 1. 2010 — «Қазақтың Бауыржаны» «Легендарный Бауыржан» режиссері: Қ. Умаров 
    Жанр: «Деректі фильм» Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы


  2. 2. 1967 — «Артымызда Москва» «За нами Москва», режиссері: Мажит Бегалин 
    Өндіріс: «Қазақфильм» Шәкен Айманов атындағы


-16-

   Герои Советского Союза





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет