Шетел тілдер педагогикалық колледжі Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы Садирова Гульбахар Тохтасуновна
Сабақтың
мақсаты
- Халық педагогикасындағы ақыл-ой тәрбиесінің мақсаты мен міндеттерін түсіндіру, ақыл-ой тәрбиесінің әдістері, құралдары туралы ақпарат беру.
- Жаңа тақырыпты өту барысында білімалушыларды ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.
- Білім алушылардың ақыл-ойын, интеллектуалдық белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамыту, теориялық біліммен тәжірибені ұштастыруға дағдыландыру.
Халық өз ұрпағын бесікке салғаннан бастап, оның ақыл-ойын, ойлау, сөйлеу жүйесін дамыту жолында өзіндік әдіс-тәсілдерді шебер пайдаланып отырған. Қазақ этнопедагогикасындағы негізгі құрал – халық білімі.
Практикалық іс-әрекет
Дағдылар
Әлем туралы түсініктер
Халық білімдерінің 3 бөлігі:
Халық білімдері материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасуына ықпал етті: - табиғат, шаруашылық, технология, білімдер, дағдылар.
Рационалдық білімдер
- діни түсініктер, сенімдер, қарғыс, баталар халық астрономиясы, санау жүйесі, арбау, мифтер.
Иррационалдық білімдер
Халық түсінігіндегі өмір мұратына жетуге көмектесетін ең басты сапа – ақылдылық. Бұл – жан-жақты жетілген, білімді, салмақты да, байсалды, қарапайым да кішіпейіл, аса ізетті адам. Халық мақал-мәтелдерінде де кісіліктің осы жағына ерекше мән берген. Мысалы: "Ақылды кісі тозбайды", "Ақылды сатып ала алмайсың", «Ақылды айттырмай біледі" т.б Ал, сіздер «ақыл, ақылдылық» туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіздер? 1... 2... 3...
Достарыңызбен бөлісу: |