Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Конференция онлайн форматта өтеді



Дата03.01.2022
өлшемі77.5 Kb.
#450136
Инф.письмо 29 қаңтар


АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті


Құрметті әріптестер!

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті 2021 жылдың 29 қаңтарында



«ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ: ТЕОРИЯ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕ» атты

Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді.

Конференция онлайн форматта өтеді.
Конференцияда келесі бағыттар бойынша жұмыстар жоспарланады:
Гуманитарлық ғылымдар

Секция 1. Тарих (Отан, жалпы), пәлсапа, саясаттану, әлеуметтану, дінтану, мәдениеттану, этномәдениеттану, құқықтану, экономика.

Секция 2. Филология (тіл және әдебиет): қазақ, орыс, шет тілдері.

Секция 3. Педагогика, этнопедагогика, психология, дефектология.
Жаратылыстану ғылымдары

Секция 1. Математика, физика, информатика.

Секция 2. Жағрафия, биология, химия, экология.
Конференцияға қатысуға оқудың барлық формаларындағы студенттерді, магистранттарды, докторанттарды және білім беру мекемелерінің қызметкерлерін шақырамыз.

Конференция жинағына мақалалар 2021 жыл, 25 қаңтар, сағат 18.00 дейін қабылданады.



Конференцияның жұмыс тілдері - қазақ, орыс, ағылшын.

Ұйымдастыру комитеті конференция материалының жинағының электронды Pdf форматында шығатынын ескертеді. Конференция қатысушыларына сертификаттар беріледі. Конференцияға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне мына электронды поштаға universdulati@mail.ru баяндаманы (мақала) электронды түрінде өткізу қажет. Баяндамалар электронды түрде қабылданады.
Ұйымдастыру жарнасы -3000 тг.
Қатысу тәртібі

Мақала материалдары келесі талаптарды қанағаттандыру керек.



Баяндама (мақала) мәтіні 5 беттен аспауы керек және тіркеу формасы MS Word мәтіндік редакторы бойынша жазылған болуы керек:

  1. Кестелердің, схемалар, суреттердің тақырыбы көрсетілуі керек және Windows-та терілген болуы қажет.

  2. Парақтың параметрлері: жоғарғы -2 см, төменгі -2 см, оң -2 см, сол -2 см.

  3. Шрифт: Times new Roman, кегль – 14.

  4. Жоларалық: 1 интервалмен.

  5. Жаңа жол: 1 см.

  6. Келесі жолда – ортасынан баяндама тақырыбы БАС ӘРІПТЕРМЕН (ҚОЮ ШРИФТПЕН).

  7. Баяндама тақырыбы астына – парақ ортасына жәй әріптермен (қою шрифтпен) автор (лар) – дың тегі, аты-жөні жазылады.

  8. Астына: жұмыс орындалған мекеменің толық аты (қою шрифтпен) (мақала авторы оқитын немесе жұмыс істейтін жоғары оқу орны, кәсіби орта оқу мекемесі, мектеп).

  9. Бір интервалдан кейін жаңа жолдан – баяндама (мақала) материалдары.

11.Әдебиеттер тізімі еңбекте көрсетілу тәртібіне қарай мақаланың соңында жазылады. Сілтеме берілген әдебиеттер мәтінде қисық, тік жақшаның ішінде әдебиеттер тізіміндегі нөміріне сай нөмірмен көрсетіледі. Дәйектеме (цитата) қолданған жағдайда міндетті түрде түпнұсқаның парағы көрсетілсін: /1,с. 256/.


Баяндаманы мына мекен-жайға жіберіңіздер:
080000, Қазақстан Республикасы, Жамбыл облысы, Тараз қ.,

Төле би көшесі, 62. М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті,

Эл. почта: universdulati@mail.ru

Телефондар: 87071630482



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет