251
Деңгейлеп оқыту технологиясының психологиялық негізі болып
табылатын теория – Л.С.Выготскийдің “оқыту процесінде білім алушының
ақыл-ойының дамуы “актуальді даму” аймағынан “жақын арадағы даму”
аймағына ауысу “ теориясы.
Бұл ауысу тапсырмаларды қайталап орындауға арналған бірінші
деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейге ауысу негізіндегі іс-
әрекет арқылы жүзеге асады. Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы білім
алушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды. В.П. Беспалько
бұл деңгейлерді төртке бөледі: бірінші деңгей - “міндетті, білім алушылық”,
екінші –
алгоритмдік, үшінші – эвристикалық , төртінші – шығармашылық
деңгейде қабылдау. Бұл деңгей әрбір тақырыптың ең негізгі де, басты
қарапайым
мазмұнын ашып, сол тақырыпты білуге міндетті тұтас бейнесін
береді.
Бірінші деңгей - базалық деңгей ретінде қабылданған. Бұл міндетті деңгей
болғандықтан барлық білім алушы тапсырманы толық орындауы тиіс.
Екінші деңгей – қосымша мәліметтер алғашқы деңгейде алған білімді
одан әрі кеңейтіп, тиянақтайды, негізгі мазмұнын нақтылайды, ұғымдардың не
үшін, қалай қолданылатынын көрсетеді. Бұл деңгейде өтіп кеткен материалды
білім алушы талдап, бұрынғы тапсырмаларға ұқсас орындайды. Бірақ бұларды
орындау үшін алған білімдерін түрлендіріп пайдалану керек.
Үшінші деңгей –өз бетіндік жұмысты қалыптастыру мақсатында білім
алушылар жаңа тақырып бойынша меңгерген қарапайым білімдерін жетілдіріп
тереңдетеді. Жаңа білімді талдау,
жинақтау, салыстыру арқылы меңгеруіне,
қорытындылай білуіне жол ашылады. Бұл деңгейде ребус, сөзжұмбақ,
анаграмма құрастырады.
Төртінші деңгей– бұл деңгейде берілген тақырып бойынша өз бетімен
жұмыс істеуге дағдыланады. Реферат,
баяндама, өлең, жұмбақ, жаңылтпаш
құрастыру тапсырмалары беріледі.
Деңгейлеп оқыту, біріншіден, білім алушының жеке қабілетін анықтауға,
екіншіден, білім алушылардың бір-бірінен қалмауына мүмкіндік берсе,
үшіншіден, әр білім алушы өздігінен жұмыс істеуге дағдыланады, төртіншіден,
әр білім алушы өз деңгейімен бағаланады.
Деңгейлік тапсырмаларды еңгізгендегі басты мақсат –
білім алушыны
“қабілетті” және ”қабілетсіз” деп жасанды түрде әр түрлі топтарға бөлуді
болдырмау. Осы арқылы деңгейлік және дербес оқыту принциптері мен қатар,
барлық білім алушыға қатысты ізгілендіру прицнипі де сақталады. Деңгейлік
тапсырмалар білім алушының әр түрлі білім дәрежесіне сай ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмаларды орындағанда, мұғалім – бақылаушы, кеңесші,
оны қолдануда білім алушының ақыл-ой еңбегін жетілдіру талабы
қойылады. білім алушыға деңгейлік тапсырмалар
оны орындау әдістемелік
кешенімен ұсынылады.
Деңгейлік тапсырмалар рейтинг-ұпай – балл жинау әдісімен
бағаланатынын ескерсек, білім алушылардың деңгейлік сабақ өткеннен кейін де
сол тапсырмаларда жіберген қателіктеріне, тапсырмаларын орындауда
қолданған тәсілдеріне талдау жасап, қателіктері
мен кемшіліктерін анықтай
252
білуге мүмкіндік береді. Келесі тапсырмаларда білім алушы неғұрлым көбірек
ұпай жинау үшін ізденіп білім берушіден, жолдастарынан, қосымша
материалдардан білім жинайды.
Деңгейлік тапсырмалар:
- білім алушының өз қабілетіне, болашағына сенуіне;
- білім алушыны ынталандыруға;
- білім алушы мен білім берушіның ынтымақтастық қарым-қатынас
достығына;
- білім алушының өз білімін өзі бағалай білуіне;
- баға әділдігіне;
- білім көрсетудің әділ сайысына мүмкіндік береді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу»
бағытымен-қарапайымнан
күрделіге,
репродуктивтік
тапсырмалардан
шығармашылық
сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне
қарай бірнеше мәрте қайта оралып отыру әр білім алушыға оқу материалымен
жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша
тілін дамытуға мүмкіндік береді.
Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әртүрлі белсенді формаларды
(топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар)қолдану-
оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу
материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағды қалыптастыру
мақсатында, кейіннен –
алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау
мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады.
Қазіргікездетехнологиядабілімдімеңгертудіңшығармашылық
деңгейін
жетуүшінБлумжүйесіпайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: