«Халықаралық жария құқығы»


Дәріс 16. Тақырыбы: Халықаралық экономикалық құқық



бет6/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#131924
1   2   3   4   5   6   7

Дәріс 16. Тақырыбы: Халықаралық экономикалық құқық

  1. Халықаралық экономикалық құқық ұғымы, қалыптасуы және қайнар көздері.

  2. Халықаралық экономикалық құқықтың кағидалары. Халықаралық экономикалық шарттар.

  3. Мемлекетаралық экономикалық қатынастар саласындағы халықаралық ұйымдар.

1. Экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мемлекеттің экономикалық саясаты мен ұйымдық-құқықтық шаралар жүйесіне байланысты. Қазіргі кезеңде кез келген мемлекеттің экономикалық саясатындағы айқын және кезекті сәтсіздіктерден шығудың тиімді жолдарын жасауға, экономикалық реформалауға үлкен мән берілуде. Экономикалық даму үшін құқық арқылы экономикаға ықпал ету, экономикалық проблемаларды басқара білудің ықтимал проблемаларының тәжірибелік маңызы зор.Қазіргі таңдағы әлемдегі халықаралық экономикалық қатынастар үшін мәселелердің көпшілік бөлігін бара-бара ұлттық құқықпен ғана емес, сонымен бірге халықаралық құқықтың нормаларын, қағидаларын, институітарын қолдану арқылы немесе негізінен халықаралық құқықпен қарастыру орын алып келеді. "Мемлекеттің ішкі қузырет биліктерін тәуелсіздікті саналы, үйлестірілген күйде түрлі шектеулер деңгейде ақырындап беру (астын сызған - біз, автор) туралы сөз болып отыр, яғни бекітілетін құқық нормаларында ұлттық, аймақтық, блоктық мүдделермен қатар, тұтастай алғандағы халықаралық қауымдастықтың мүдделері де көрініс табуы керек"1. Интернационалдық үрдісі, немесе қазіргі кезде айтылып жүргеніндей, шаруашылық өмірдің жаһандасуы айқын және оны көпшілік мойындап отыр. Әсіресе халықаралық құқық үлкен ықпалдарға ұшырауда, себебі: мемлекет пен оның ұлтгық құқығына ірі көлемді ықпалдар халықаралық құқық арқылы жүзеге асырылады. Жаһандасу процесі халықаралық құқық жүйесінің ерекшелігін, халықаралық жүйенің тұтастай алғанда өнімді қызмет етуін тағы бір рет дәлелдеп отыр.Халықаралық құқықтың даму тарихы бір мыңжылдықпен шектелмейді. Бұл, бір жағынан алғанда, басқа мемлекеттердің құқықтарына ұдайы ықпал ететін көнеден келе жатқан құқықтық жүйелердің бірі; екінші жағынан алғанда ұлттық жүйелерге өзара тәуелді болып келеді. Осы заманғы халықаралық құқықтың беделі жоғары. Оның құқықтық табиғатымен санаспайтын мемлекст жоқ шығар. Сонымен қатар, халықаралық қүқық үшін субъектілер арасындағы қатынастарды жоғары деңгейдегі сеніммен бекіту сипаты тән. Ал, сенім, өз кезегінде халықаралық (әлемдік) әділ құқықтық тәртіпті орнатудың кепілі болады. Тұтастай әлемдік қауымдастықтың қауіпсіздігі әділ бейбіт тәртіптің алғышарты болып табылады. Халықаралық қауіпсіздіктің жалпыға ортақ жүйесі жеке мемлекеттің қауіпсіздігімен қамтамасыз етіледі.Халықаралық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету проблемасы Біріккен Ұлттар Ұйымы қызметінің жаңа маңызды бағыттарының біріне айналып келеді. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1984 ж. 18 желтоқсандағы "Халықаралық экономикалық қатынастардағы сенімді нығайту шаралары туралы" 39/210, 1985 ж. 17 желтоқсандағы "Халықаралық экономикалық қауіпсіздік" 40/173 қарарларында, БҰҰ Бас Ассамблеясының ХХХХІ сессиясында қабылданған "Халықаралық құқықты дамыту туралы" 1987 жылғы Мсморандумда, халықаралық әмбебап ұйымның өзара тиімді экономикалық қатынастарды қалыптастыру мәселелеріне деген ұстанымын баяндайды. Мұндай қатынастар әділ, тең құқылы және демократиялық негізге сай құрылуы керек, ол халықаралық құқықтың жалпыға ортақ жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады.Халықаралық экономикалық қатынастар адамзаттың ғаламдық проблемаларын шешуде маңызды рөл атқарады. Олар елдер арасындағы экономикалық айналымды реттеу қажеттігіне байланысты пайда болады және саяси сипатқа ие. Мемлекеттер осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі субъектілері ретінде өздерінің сыртқы саясатының мәселелерін шешеді, сыртқы экономикалық саясат оның бір бөлігі болып табылады. Экономикалық қатынастарды демократияландырудың объективті қажеттігі туындайды, ол халықаралық экономикалық құқықтың көптеген күрделі проблемаларын шешуді қамтамасыз етеді. Сонымен, халықаралық экономикалық құқық - халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы, олардың халықаралық экономикалық қатынастары саласындағы қызметін реттейтін қағидалар мен нормалардың жиынтығын көрсететін халықаралық құқықтың бір саласы.Халықаралық құқық ғылымы халықаралық экономикалық қатынас мәселелерімен толық көлемде тек әлемдік капиталистік нарық жедел дами бастағанда ғана айналыса бастады. Халықаралық құқық халықаралық экономикалық қатынастардын кең көлемді саласын іс жүзінде реттемеген де болатын. Ал халықаралық аренада экономикалық қарым-қатынас қатысушылары ұлғая берді. Сөйтіп, реттеу объектісінің заңдық табиғатын айқмндаудың объективті қажеттігі пайда болды. Мемлекеттердің экономикалық қызметі халықаралық құқықтық реттеуге мұқтаж еді. Мемлекеттердің тиісті сипатта әрекет ету тәжірибесі де байқалып келеді, яғни қандай да бір тәртіптің бар екендігі туралы, нақтырақ айтқанда экономикалық тәртіп туралы айтуға болады.Халыкаралық экономикалық құқыққа арналған алғашқы ғылыми зерттеулер екінші дүниежүзілік соғыстан кейін пайда бола бастады. 1964 ж. сауда және даму жөніндегі БҰҰ-ның Женева Коңвенциясы өткізілді. Бұл халықаралық форум халықаралық экономикалық құқықтың құқықтық табиғаты туралы көптеген пікірталастарды бастап берді. Екі бағыт қалыптасты: халықаралық-құқықтық және шаруашылық-құқықтық.Халықаралық-құқықтық бағыт халықаралық экономикалық құқықты халықаралық жария құқықтың бір бөлігі немесе саласы деп белгілейді. Ал, екінші бағыт халықаралық экономикалық құқыққа халықаралық экономикалық қатынастар объектісі болып табылатын кез келген нормаларды жатқызады. Халықаралық экономикалық құқықты қалыптастыру туралы мәселе 1967 ж. Г.И. Тункиннің еңбектерінде қайтадан көтеріле бастады. Ол мемлекеттер арасындағы сауда және басқа экономикалық қатынастарға қатысты жалпы халықаралық құқық нормаларының ұлғайып келе жатқанын көрсетті. Мұндай процесс халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуына әкелді. Е.Т. Усенконың еңбектерінде халықаралық экономикалық құқық халықаралық жария құқықтың бір саласы ретінде қарастырылған. Сонымен қатар, оны халықаралық шаруашылық қатынастарын реттейтін түрлі тәсілдерді зерттейтін "кешенді пән" ретінде белгілеу туралы да ұсыныстар айтылды. Г.И. Вельяминов оны халықаралық сауда құқығы деп атауды ұсынды, себебі оның реттеу заты бірінші кезекте мемлекеттердің сауда-экономикалық қатынастары болып табылады деді.Күрделі және қарама-қайшылықты даму нәтижесінде құқық ғылымында билік аралық сипаттағы мемлекетаралық экономикалық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығын халықаралық құқықтың бір саласы - халықаралық экономикалық құқық көрсетеді деген тұжырымдама бекітіліп қалды.Халықаралық экономикалық құқықты айқындау проблемасы жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің (ЖХЭТ) идеялары мен қағидаларын саралаумен тығыз байланысты. Дамушы мемлекеттер жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің мақсаттарын мынадай етіп айқындады:

- мемлекеттердің өз табиғи ресурстарына толық және тұрақты тәуелсіздік етуі, дербес теңдік, экономикалық және әлеуметтік жүйелерді таңдау еркіндігі және кемсітушілікке жол бермеу сияқты қағидаларды жүзеге асыру;

- дамушы мемлекеттерге халықаралық шешімдер қабылдау процесінде әділ рөл беруді қамтамасыз ету;

- осы елдердің әлемдік нарықтағы экономикалық өзара байланыстың нақты салаларындағы талаптарын қанағаттандыру.ЖХЭТ-тің қағидалары мен нормалары халықаралық экономикалық құқықтың құрамдас бөлігі болуы тиіс. Мұндай экономикалық тәртіпті орнату халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының халықаралық экономикалық қатынастар саласына таралатынын білдіреді. Жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің (ЖХЭТ) жеке бір маңызды идеялары алғашқы рст қосылмау қозғалысының, сауда және даму женіндегі БҰҰ Конференциясының (ЮНКТАД), "77 топтың" аясында XX ғасырдың 60-жылдарында пайда болып, жасалып жатты, ал өткен ғасырдың 70-жылдары - ЖХЭТ-тің аяқталған тұжырымдамасына қарай ақырындап өзгере берді. "77 топ" ЮНКТАД-тың Женевадағы 1964 ж. алғашқы конференциясында ұйымдық нысанда ресімделіп, қатарына енген алғашқы дамытушы елдердің саны бойынша өз атауын алды. ЖХЭТ тұжырымдамасында халықаралық экономикалық қатынастарда демократиялық бастаулардың қажеттігі туралы идеялар тұжырымдалған. Олар теңқұқылық және әділеттілік, өзара ынтымақтастық, ішкі істерге қол сұқпау қағидаларына негізделуі керек болатын.Жаңа халықаралық экономикалық тәртіп (ЖХЭТ) тұжырымдамасы - халықаралық экономикалық қатынастардың қайта құрылуының жетекші тұжырымдамаларының бірі ретінде дамушы мемлекеттердің бастамасымен бекітіліп қалды. Олар өздерінің экономикалық дербестігі, халықаралық экономикалық катынастардың демократиялығы үшін күресті бастап кетті. Осы тұжырымдаманың қалыптасуына нормативтік базаның маңызы зор болды. ЖХЭТ-ті орнату үшін Декларация мен әрекетер бағдарламасы, сондай-ақ мемлекеттердің экономикалық құқықтары мен міндеттерінің Хартиясы қабылданды, олар БҰҰ Бас Ассамблеясының VI Арнайы сессиясында және БҰҰ Бас Ассамблеясының 1974 ж. XXIX сессиясында қабылданған болатын. Бағдарламада "бейбіт шаруашылық байланыстарда,... сауда мен қызмет көрсету салаларында кемсітушілік пен шектеулерді жоюды қоса алғанда, әділ, тең құқылы және өзара тиімді қатынастарды орнату" талабы мазмұндалған. Халықаралық экономикалық қатынастарды демократияландыру және сауықтыруда, халықаралық экономикалық құқықтың қалыптасуына оң әсер ете отырып, ЖХЭТ құжаттары белгілі бір дәрежеде бірізді емес. Кемшіліктеріне қарамастан, ЖХЭТ тұжырымдамасының пайда болуы жаңа, анағұрлым жоғарырақ тәртіптегі халықаралық экономикалық қатынастардың туындауына әсер етті. Осы заманғы ұғым бойынша жаңа халықаралық экономикалық тәртіптің мазмұнының құқықтық тәртіп ретінде шекарасы кеңейіп келе жатқанын атап өту керек. Халықаралық құқықтың барлық субъектілері (ЖХЭТ-тегі сияқты дамушы елдер ғана емес) халықаралық (әлемдік) экономикалық қуқықтық тәртіптің болуына мүдделі. Халықаралық (әлемдік) экономикалық тәртіпке мынадай сипат тән:

- экономикалық күштің үстемдік етуі, мемлекеттердің экономикалық санкцияларды аралас қолдануы;

- мемлекеттерді экономикалық даму деңгейлері мен нарық экономикасының дәрежесі бойынша бөлудің фактілік заңдастырылуы;

- түрлі құқықтық режимдердің қалыптасуы, кейінірек – барынша қолайлылық режимін, преференциал режимін заңдастыру;

- халықаралық қауымдастық қатысушыларыньщ екі жақты реттеуден кеп жақты реттеуге өтуі;

- халықаралық-құқықтық реттеу саласында мемлекеттердің ішкі құзыреттерінің өсуі.

Халықаралық Қаржы Корпорациясы (ХҚК), Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) және Халықаралық Даму және Қайта құру Банкі (ХДҚБ) үшмүшелік топ құрды, ол Бүкіләлемдік Банк атауын алды. Халықаралық Қаржы Корпорациясының мақсаты қаржыландыруға көмек көрсету; инвестициялық мүмкіндіктерді бір жерге жинақтау болып табылады. Халықаралық Даму Ассоциациясы (ХДА) Халықаралық даму және қайта құру банкінің филиалы болып табылады. ХДА несиелерше мынадай талаптарға сай келетін елдер үміткер бола алады: экономикалық жағынан дамымаған болуы, салыстырмалы түрде жеткілікті экономикалық, қаржылық және саяси тұрақтылығының болуы, өйткені ұзақ мерзімге берілген несиені ақтауы тиіс; төлем балансымен қиыншылықтарының болуы және шетел валютасын беруге әлсіз перспективалары болуы керек, себебі жеңілдікпен берілетін қажетті барлық қаражаттар өзін-өзі ақтауы тиіс; шынында да даму ісінің жолын қууы керек, ол мемлекет жүргізетін саясатта бейнеленуі тиіс. ХДА-ның барлық несиелері дерлік 50 жылға жәие үстеме пайызсыз беріледі. Өнеркәсіптік даму жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымының (ЮНИДО) мынадай негізгі мақсаттары бар:

- даму жолындағы елдерге индустрияны дамытуға және оны жеделдетуге барлық мүмкіндіктермен көмектесуді қолдау және дамыту;

- даму жолындағы елдерге инфрақұрылым саласындағы және өндіріс салаларында мекемелерді құру және нығайтуға көмектесу, сондай-ақ осы мемлекеттердің өзін-өзі қамтамасыз етуіне жәрдемдесу;

- дамыған және даму жолындағы елдер арасындағы консультацияларға, келіссөздерге көмек көрсету;

- даму жолындағы елдер мен дамыған елдер және даму жолындағы елдер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған арнайы шаралар қабылдау.

Тарифтер және сауда жөніндегі Бас Келісім (ГАТТ, 1995 ж. бастап Бүкіләлемдік Сауда ұйымы - БСҰ) өз сипаты бойынша мемлекеттердің мемлекетаралық, Әмбебап (бүкіләлемдік) маңызды бірлестігі болып табылады, ол БҰҰ аясынан тыс, бірақ онымен бірлесе жұмыс істейді. Ол қазіргі таңдағы бірден-бір көпжақты келісім болып табылады, ол халықаралық сауданың келісілген ережесін бекітеді. Бұл экономикалық ұйымның негізгі мақсаты - әлемдік сауданы ырықтандыру және әлем халықтарының жай-күйінің экономикалық өсуіне, дамуына жәрдемдесу үшін тұрақты негіз қалыптастыру болып отыр. ГАТТ (БСҰ) - әлемдік сауданы жүзеге асыру нормаларын жасау және оларды бұзған жағдайдағы санкциялар жөніндегі бас орган; халықаралық нарықтағы бәсекелестіктікте сауда және өзге де кедергілерді төмендетумен айналысатын орган; сауда дауларын реттейтін орган.



ГАТТ келісімі - бұл халықаралық сауда кодексі. Бұл халықаралық экономикалық ұйымның басты қағидалары мынадай болып келеді:

- барынша қолайлылық қағидасы;

- отандық өндірісті қорғау шаралары басқадай сауда құралдарымен емес, кеден тарифтері арқылы артықшылықтармен жүргізілуі тиіс;
Дәріс 17. Халықаралық экологиялық құқық


  1. Халықаралық экологиялық құқық ұғымы және оның мазмұны.

  2. Халықаралық экологиялық құқықтың қайнар көздері және қағидалар жүйесі.

  3. Халықаралық экологиялық құкықтағы халықаралық ұйымдар.

1. Халықаралық экологиялық құқық жеке мемлекеттердің қоршаған ортасының ұлттық жүйелеріне және ұлттық юрисдикция әрекетінен тыс жердегі қоршаған орта жүйелеріне турлі сипаттағы және түрлі қайнар көздерден келтірілетін залалдардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттердің әрекеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығын көрсетеді.Түрлі сипаттағы ластанулар экологияға зиянды әсерін тигізеді. Халықаралық экологиялық құқықтың нормалары зиянды салдардың болмауын, оны шектеуді немесе алдын алуды қамтамасыз етеді. Бір табиғат объектісінің өзі бір мезгілде түрлі әсерге ұшырауы мүмкін. Ол жеке-жеке зиянсыз болғанымен, жиынтығында зиянды нәтижелерге әкеп соқтыруы ықтимал.Түрлі кезеңдерде, түрлі авторлар құқықтың осы саласының мазмұнын белгілеу үшін әр түрлі терминология қолданып келді. Олардың ішінде кең таралғаны "табиғатты халықаралық-құқықтық қорғау", "қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғау", "халықаралық табиғат қорғау қүқығы", "қоршаған ортаның халықаралық құқығы", "халықаралық экологиялық құқық" сияқты атаулар. Соңғы ұғым құқықтың осы саласының мазмұнын толық көлемде белгілеп береді.Қоршаған ортаны халықаралық-құқықтық қорғаудың негізгі объектілеріне:

- құрлық, жер қойнауы, Дүниежүзілік мұхит, аспан денелері, әуе кеңістігі, ғарыш кеңістігі, жердің өсімдіктер және жануарлар дүниесі;

- негізгі ластау көздері: а) өнеркәсштік химиялық қалдықтар, ядролық қару, мұнай және газ, көлік құралдары; б) адамның құқыққа сай және құқыққа қайшы әрекеттері жатады.

Халықаралық қауымдастық қоғамдық қатынастардың осы саласын арнайы құқықтық реттеуге мүдделі болып отыр. Оған экологиялық мәселелері бойынша екіжақты және көпжақты шарттардың өсуі дәлел бола алады. Халықаралық өкілдік ұйымдар күн тәртібіне табиғатты пайдалану мәселелерін қойып отыр.Халықаралық экологиялық қуқық — осы заманғы халықаралық құқықтың салыстырмалы түрде алғанда жас салаларының бірі. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымактастық халықаралық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажетті алғышарттардың барлығын жасайды. Халықаралық қауымдастық табиғатқа әскери немесе басқа да қастандық жасау құралдарын қолданып, ықпал етуге ұмтылмауға шақырады. Жердің динамикасын, жағдайын, құрылымын қасақана өзгертуге тыйым салынады. Халықаралық экологиялык құқық халықаралық құқық субъектілеріне қоршаған ортаға әскери құралдарды пайдалану арқылы әсер етуге кімде-кімге көмектесуге, қолдануға, түрткі болуға тыйым салады. Оған бейбіт мақсаттар үшін ғана рұқсат береді



3. Қоршаған ортаны қорғау проблемаларының шешімін табу қызмет саласына халықаралық ұйымдардың кең көлемін тартып отыр. Жалпы құзыретті халықаралық ұйымдар қоршаған орта мәселелерімен айналысады. Оларға Біріккен Ұлттар Ұйымы, оның мамандандырылған мекемелері жатады. 1972 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі Бағдарламасы (ЮНЕП) жасалды.БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелерінің Жарғылық ережелері олардың халықаралық экологиялық құқық саласындағы міндеттемелерін тура бекітіп бермейді. Сонымен бірге, қоршаған ортаны қорғаудың жеке аспектілері осы мекемелердің табиғатты қорғаудағы ынтымақтастыққа іс жүзінде қатысумен расталып та отыр. Қоршаған орта проблемалары мен БҰҰ-ның қандай да бір мамандандырылған мекемелерінің негізгі мақсаттарының арасындағы өзара байланыс түрлі сипатқа ие. Мысалы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауылшаруашылық ұйымының (ФАО) жарғылық ережелерінің орындалуы табиғат элементтерін ауылшаруашылығы өндірісі мақсаттарына пайдаланумен, табиғат ресурстарын ұтымды пайдаланумен байланысты болып келеді.Басқа мамандандырылған мекемелер, мысалы ИМО, ИКАО, МАГАТЭ, теңіздің, әуенің қоршаған орталарын, энергияны қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге икемделген. Адамдар өмірінің нақты жағдайларын, денсаулықты, жұмыс күшін, қоршаған ортаны жақсарту мәселелері тұтастай алғанда БДҰ, ЮНЕСКО, ХЕҰ кызметтерінде қарастырылады.

Дәріс 18. Тақырыбы: Халықаралық қылмыстық құқық

  1. Халықаралық қылмыстық құқық ұғымы. Біріккен Ұлттар Ұйымының халықаралық қылмыстық құқықты дамытудағы рөлі.

  1. Халықаралық сипаттағы қылмыстық істер және олармен
    күресудегі мемлекеттердің міндеттемелері. Қылмыстық істермен күрестегі халықаралық ынтымақтастық.

  2. Қылмыскерлерді ұстап берудің құқықтық мәселелері.

  3. Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы (Интерпол).

1. Қылмыстылық жағдайы жөне онымен күрес проблемалары мамандардың ғана емес, сонымен қатар маман емес көпшіліктің де назарын осы салаға аударып келеді. Бұл мәселе криминология құзыретіне кіреді. Ол қылмыстылықты мемлекетте немесе оның жеке аймағында белгілі бір нақты кезеңде жасалған барлық қылмыстардың жиынтығын сипаттайтын қоғамдағы әлеуметтік құбылыс деп айқындайды. Қылмыстылық - бұл болып, өзгеріп тұратын құбылыс, яғни ол қоғамның белгілі бір даму сатысында пайда болады, әлеуметтік-экономикалық құрылымдар мен нақты саяси жүйелердің тарихи ерекшеліктеріне сәйкес түрлі елеулі өзгерістерге де ұшырап отырады. Мемлекеттің қылмыспен күрестегі рөлі қандай? Ол көбіне-көп сақтандырушы -превентивті, репрессивті және тәрбилеу сипатындағы ішкі мемлекеттік шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, мұндай шаралар оң нәтижелерге жету үшін аздық етеді. Қылымыспен күресте мемлекеттер ынтымақтастығына үлкен рөл беріліп келеді.Осындай мәселелерді зерттеумен халықаралық қылмыспен күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы саласындағы қатынастарды реттейтін нормалар мен қағидалар жүйесі ретінде халықаралық қылмыстық құқық айналысады. Халықаралық қылмыстық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын жетілдіру ұлттық және халықаралық деңгейде қылмыстылықтың өсіп кетуімен негізделіп отыр.Халықаралық қылмыстық құқықтың тарихы XIX ғ. соңына келіп тіреледі және оның тарихи тамыры тереңде жатыр. "Оның кейбір институттары мемлекет пен құқықтың пайда болуының қайнар көздеріне жатқызылуы мүмкін. Бірінші кезекте, қылмыскерлерді ұстап беруге (әдеттен тыс қамау) қатысты және ол оның ең кене институтының бірі болуымен қатар, халықаралық қылмыстық құқықтың қайнар көзі де болып табылады. Жалпы халықаралық құқықтың белгілі бір кезеңденуіне сәйкес келетін халықаралық қылмыстық құқықтың кезеңденуі қылмыскерлерді ұстап беру институтынан басталған"'1889 ж. Қылмыстық құқықтың халықаралық одағы құрылды, ол барлық мемлекеттерге халықаралық қылмыстық құқықты жетілдіру ісінде ынтымақтасуды ұсынды. Мұндай ынтымақтастық халықаралық қылмыскерлерді қудалау жөнінде келісілген мемлекетаралық шаралар жүргізу арқылы көзделген болатын.XIX ғ. алғашқы халықаралық-құқықтық актілер құлдык және құл саудасы мәселелеріне қатысты болды. Мысалы, 1815 ж. Вена конгресі осы мәселе жөнінде арнайы декларация қабылдады. Англия, Франция. Ресей, Австрия және Пруссия қатысушысы болған 1841 ж. Лондон шартында құл саудасы қылмыстық құбылыс деп танылды және барлық мемлекеттерді құл саудасымен айналысады деп күдіктенген теңіз кемелерін тоқтатып, тінтуге, кіріптарларды босатып, кінәлы адамдарды әділ сот оргапдарына беруге шақырды.

Мемлекеттік құқық қорғау құрылымдарына басқа елдердегі өз әріптестерімен Интерпол арналары бойынша өзара әрекеттесуге құқық берілген.Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы Бас Ассамблеядан, Атқарушы Комитеттен, Бас Хатшылықтан Ұлттық орталық Бюродан және Интерпол кеңесшілерінен құралады.Бас Ассамблея Интерполдың жоғары басшылық органы болып табылады. Ол жылына бір рет ұйымның қызмет әдістеріне, қаржы мәселелеріне, мүше-мемлекеттер арасындағы тиімді ынтымақтастықты жетілдіру жолдарына, сондай-ақ болашақтағы бағдарламаларды талқылау және бекітуге байланысты негізгі мәселелердің барлығын шешу үшін жиналады. Бас Ассамблея шешімдерінің орындалуын Атқарушы комитет бақылайды, ол өз мәжілістерін жылына үш рет шақырады. Орталық үйлестіруші орган - Бас хатшылықты Бас Хатшы басқарады. Бас хатшылық- бұл ұдайы әрекет ететін әкімшілік және техникалық орган. Ол Лионда орналасқан, төрт бөлімнен тұрады: жалпы әкімшілік, байланысу және криминалды мәліметтер, құқықтық мәселелер және техникалық қамсыздандыру бөлімдері.Байланысу және криминалды мәліметтер бөлімі терроризм, ұйымдасқан қылмыс, "ақша жымқыру", жалған ақша жасау, құжаттарды қолдан жасау және есірткі саудасы сияқты қылмыстық істер мәселелерімен айналысады. Сонымен бірге, бұл бөлім халықаралық қылмыстық істер туралы мәліметтер жинауға және тергеуге жауап береді, халықаралық хабарламалар дайындайды, сондай-ақ өз тақырыптары бойынша конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастырады. Бөлім қызметкерлері халықаралық қылмыстылықтың негізгі проблемаларына мәліметтерді тактикалық және стратегиялық саралаудың қайнар көздерін пайдалана отырып зерттеу жүргізеді.Әрбір елмен ұлттық орталық бюро (ҰОБ) арқылы мәліметтер алмасу жүргізіледі. ҰОБ - бұл Интерполдың бөлімшесі ретінде және елдің Интерполдағы өкілдігі ретінде қызмет ететін мемлекеттік полиция органы. ҰОБ мәліметтерді алады, өңдейді және тиісті ұлттық құқық қорғау құрылымдары мен олардың шетелдік әріптестеріне және Бас Хатшылыққа жібереді.1994 ж. Римде Интерполдың Бас Ассамблеясының 63-сессиясында ұлттық бюроларды қайта құру жөнінде қарар қабылданды. Экономикалық қылмыс, жеке адамға қарсы құқыққа қайшы әрекет, есірткі саудасы және басқа да қызметтік бағыттар бойынша құрылымдық бөлімшелер құруға ұсыныстар жасалды. Сонымен біргс, Интерпол арналары бойышііа берілетін халықаралық сұратуларға, тергеу тапсырмалары мен хабарларын орындау және жіберу мерзімдерінің жіктелуін мемлекеттік деңгейде бекітуге ұсыныстар жасалды.Ұлттық Орталық Бюро қылмыстық істер мен халықаралық іздестіруде журген адамдар туралы мәліметтер алмаса отырып. хабарламалардың бір көшірмесін Бас Хатшылыққа жібереді. Олар мәліметтердін компьютерлік базасына кіргізіледі, сол арқылы Бас Хатшылықтағы арнайы адамдар жеке азаматтардың криминалды әрекеттеріне қатысты мәліметтерді саралауға мүмкіндік алады. Саралау нәтижелері барлық ҰОБ-ға жіберіледі.Интерполда сондай-ақ ҰОБ-ның біреуінің сұрауы бойынша немесе Бас Хатшының шешімі бойынша бюроға жіберілетін халықаралық хабарламалар жүйесі әрекет етеді. Мысалы, "қызыл бұрыштамалар" - бұл "іздестіруде" деген грифтегі хабарлама, онда ҰОБ-ның біреуі екінші біреуге қамауға алу ордерінің әдеттен тыс ұстап беру жөніндегі сұратуымен бар екендігін хабарлайды. Сондай-ақ көк, жасыл сары және қара хабарламалар:

- куәгерлерді немесе сезіктіні анықтау;

- белсенді қылмыскерлер туралы ескерту;

- жоғалып кеткендер туралы мәліметтер алу;



- мәйітті салыстыруға көмектесуді өтіну үшін жіберіледі. Жоғарыда аталып өткендерден басқа, ұрланған мүліктердін және қылмыскерлердің пайдаланатын жана әдіс, тәсілдерінің арнайы сипаттамалары дайындалады және жіберіледі.ҰОБ сұратуы бойынша Бас Хатшылық құқықтық (оның ішінде заң актілерінің көшірмелерін) және техникалық проблемалар бойынша жалпы мәліметтер жібереді.Мәліметтер алмасу барлық орталық бюроларды біріктірген телекоммуникация жүйесінің арқасында жүзеге асырылады. Интерпол мәліметтер алуды ғана қамтамасыз етпейді, сонымен бірге іздестірілуде жүрген азаматтарға, өзінің ұрланған меншік заттарына және халықаралық қылмыстық істер бойынша өзінің файл-досьелерін пайдаланады.Хабарламалардың 80%-ы Еуропа континентіндегі елдерге жіберіледі. Статистика көрсетіп отырғандай, ол жерлерде зорлық-зомбылык, ірі ұрлықтар, жасөспірімдердің тарапынан жасалатын құқық бүзушылықтарына байланысты ауыр қылмыстар жасалады. Географиялық факторлар Еуропаны контрабанда мен есірткіні қолданудың транзиттік аумағы деп белгілейді.Еуропа Хатшылығы 1986 ж. құрылған және 1988 ж. дейін Интерполдың тұрақты аймақтық конференциясы ретінде әрекет етіп келді. Кейінірек, Байланыс жөніндегі Еуропа бюросы деп қайта аталды. Ол түрлі Еуропа елдеріндегі жедел іздестіру және тергеу шараларымен қоса жүретін құқықтық және техникалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізеді. Бұл түрлі еуропалық елдердегі кәсіби дайындықтың, ынтымақтасу мүмкіндіктерінің, құқық қорғау органдары қолданатын тәсілдерінің бір-бірінен елеулі айырмашылықтарының болуына байланысты,Интерпол ҰОБ-ның Қазақстан Республикасындағы ынтымақтасу субъектілері Интерполдың Бас Хатшылығы, Интерполға қатысушы елдердің Ұлттық Орталық Бюролары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бөлімшелері, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет басқармасы, Қазақстанның Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті, Қазақстан Республикасы Салық қызметі органдары, Қазақстанның Бас кеден басқармасы, Қаржы полициясы органдары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету жөніндегі Мемлекеттік Комитет, Қазақстан Республикасының Бас Прокуратурасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты және Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі. Интерполдың Қазақстандағы ҰОБ-ы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. ҰОБ-ның мақсаты қылмыстылықпен күресте ұлттық заңдар мен көпшілік мойындаған адам құқықтары мен бостандықтарын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі органдары бөлімшелерінің Интерполға мүше-мемлекеттердің осындай органдарымен халықаралық өзара әрекеттестігін қамтамасыз ету.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет