«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен



Дата09.06.2016
өлшемі88.42 Kb.
#125457


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2014 жылғы «___» ________ №_____ бұйрығына 2-қосымша

«Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелері
1. «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Жол шаруашылығын құқықтық қамтамасыз етуді жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қыркүйектегі № 845 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында автомобиль жолдарын пайдалану ережелерінің 12-тармағы 1) тармақшасының және Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің «Автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 7 ақпандағы № 64 қаулысымен бекітілген «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының негізінде көрсетіледі (бұдан әрі – қызмет беруші).

2. Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);

3) www.e.gov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы немесе www.elicense.kz «Е-лицензиялау» порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

4. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына техникалық шарт беру болып табылады.

2. Көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі

іс-қимылдар тәртібін сипаттау
5. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (әрекеттерді) бастау үшін негіз көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын (бұдан әрі – өтініш) көрсетілетін қызметті берушінің алуы болып табылады.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттердің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:

1) көрсетілетін қызмет беруші кеңсесінің қызметкері өтінішті алған сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркейтін журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызмет беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуін қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысына жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуіне қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкеріне орындауға береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері көрсетілетін қызмет берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жеті жұмыс күні ішінде, ХҚО арқылы – жеті жұмыс күні ішінде, портал арқылы түскендерді – жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушының өтініші қарағаннан кейін төрт сағат ішінде ХҚО ақпараттық жүйесіне немесе көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе порталға көрсетілетін қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз түріндегі немесе электрондық құжат түрінде техникалық шартты жолдайды.

7. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттің) нәтижесі мынадай рәсімді (әрекетті) орындауды бастау үшін негіз болады:

1) көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге құжаттарын қызмет берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарары;

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысы орынбасарының қарары;

4) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының қарары;

5) техникалық шартты рәсімдеу және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысына қол қою үшін тапсыру;

6) техникалық шартты көрсетілетін қызметті алушының кеңсесіне, ХҚО ақпараттық жүйесіне немесе порталға тапсыру.


3. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау

8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы;

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары;

4) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы;

5) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері.

9. Көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелері арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) дәйектілігін сипаттау:

1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің қызметкері өтініш түскен сәттен бастап он бес минут ішінде оны кіріс хат-хабарларды тіркейтін журналда тіркейді және көрсетілетін қызметті беруші басшысының қарауына енгізеді;

2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы екі сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін қарайды және оларды көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасарына жолдайды;

3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының орынбасары көрсетілетін қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуіне қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысына жолдайды;

4) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының басшысы көрсетілетін қызметті алушының өтінішін үш сағат ішінде ұсынылған талаптарға сәйкес келуіне қарайды және көрсетілетін қызмет берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкеріне орындауға береді;

5) көрсетілетін қызметті берушінің Пайдалану және жұмылдыру дайындығы басқармасының қызметкері көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының өтінішін жеті жұмыс күні ішінде, ХҚО арқылы түскенін – жеті жұмыс күні ішінде, портал арқылы түскендерді – жеті жұмыс күні ішінде қарайды.

Көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті өзге де құжаттарын қарағаннан кейін төрт сағат ішінде ХҚО ақпараттық жүйесі немесе қызметті берушінің кеңсесі арқылы немесе порталға қызметті берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған қағаз түрінде немесе электрондық құжат түріндегі техникалық шартты жолдайды.

10. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаты осы «Халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының арналармен, байланыс және электр беру желілерімен, мұнай құбырларымен, газ құбырларымен, су құбырларымен және теміржолдармен, басқа да инженерлік желілермен және коммуникациялармен қиылысуына рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосышаға сәйкес блок схемада келтірілген.

4. ХҚО өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
11. ХҚО жүгінудің тәртібін сипаттау, көрсетілетін қызметті алушының өтінішін өңдеу ұзақтығы:

ХҚО қызметкері 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушының өтінішін және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті өзге де құжаттарын тіркейді және көрсетілетін қызметті алушыға ХҚО қызметкерінің ЭЦҚ-сымен куәландырылған ақпараттық жүйе арқылы электрондық құжат нысанындағы құжаттардың көшірмесін жолдайды;

12. Құжаттардың топтамасын ХҚО тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

ХҚО көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.

13. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

белгіленген үлгідегі жазбаша өтініш;

белгіленген тәртіппен әзірленген және бекітілген жобалық құжаттаманың көшірмесі;

жұмыстарды жүргізу орындарында белгілер мен қоршауларды орналастыру схемасының көшірмесі;

жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік кестесі;

уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде).

Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе құжаттардың шығарылған электрондық көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

14. ХҚО құжаттарды тапсырған кезде ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді:

1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;

2) сұрау салынған мемлекеттік қызметтің түрі;

3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;

4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;

5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;

6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері.

15. Мемлекеттік қызметті ХҚО арқылы алу процесінің сипаты, оның ұзақтығы:

1) ХҚО қызметкері көрсетілетін қызметті алушы жүгінген сәттен бастап 15 минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін береді;

2) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және көрсетілетін қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.

16. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді ХҚО қызметкері мемлекеттік органдардың уәкілетті тұлғаларының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің ақпараттық мониторинг жүргізу жүйесі арқылы алады.

17. ХҚО арқылы ақпараттық жүйелердің қызметтік өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

18. ХҚО құжаттарды қабылдау операциялық залда жедел қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібінде жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті броньдауға болады.

19. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібін және рәсімдерінің (әрекеттерінің) кезеңділігін сипаттау:

портал арқылы электрондық сұрау салу кезінде көрсетілетін қызметті алушының жеке «кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күнін көрсету арқылы мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

20. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жолданады.

21. Портал арқылы ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламентке 3-қосымшада келтірілген.



____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет