Халықаралық Кришна Санасы Қоғамының (хксқ-ның) билік қызметін түсіну Кіріспе



Дата25.02.2016
өлшемі67.5 Kb.
#21015
Халықаралық Кришна Санасы Қоғамының (ХКСҚ-ның) билік қызметін түсіну

Кіріспе

Бұл құжатқа Басқарушы Орган Комиссиясы (БОК/GBC – Governing Body Commision) дауыс берген және қазіргі уақытта бұл БОК-ның ресми құжаты болып табылады. Келесі мәселелер көбінесе құжаттың мақсаты мен бағытын ұсынады.

«Билік тармақтары» тақырыбы бұл мұрағат пен заңдылық мәселесі. «Мұрағат» немесе «заңдылық» мәселесі дегенде біздер ХКСҚ-ның болашағы үшін аса маңызды тақырыптарды айтпақпыз. Бұл мәселелердің болашақ ұрпаққа қатысы болмақ. Бұл мәселелерді қалайша Шрила Прабхупаданың ниеті мен мақсатын көрсететіндей бағыштауға болатыны жайлы осы сияқты құжаттарда сөз етіледі.

«Билік тармақтары» құжаты осы мәселенің толық және ақырғы пікірі емес. Қайта, бұл жақсы алғашқы қадам. БОК-ның күтуінше бұл құжат алдағы уақытта талай толықтырулар мен өзгертулерге ұшырап, әлде қайда жан-жақты болып, жақсартылады.

Гурулардың*, басшылар мен шәкірттердің жүріс-тұрысын айқындайтын тармақ ерекше маңызға ие. Қазір осы тәжірибелерді енгізе бастау БОК-сын құжаттың пайдасы мен жөндеуді қажетсінетін жерлеріне қатысты бағалы кері байланыспен қамтамасыз етеді.

Тақырыптың тарихы

Бірнеше жыл бұрын БОК ХКСҚ-ның болашағына арналған жүйелі жоспарды дамыта бастады. Олар қозғалыс үшін аса маңызды бірнеше мәселелерді таңдап оларды талқылайтын комитеттерді құрды. Сондай комитеттердің біріне ХКСҚ-ындағы билік тармақтары арасындағы қарама-қайшылықтарды зерттеп, олардың арасындағы түсініспеушілікті жою әдісін ұсыну тапсырылды. Бұл комитеттің мүшелері Бхану Свами, Гурупрасада Свами, Прахладананда Свами, Рамай Свами, Шиварама Свами, Бадринараян Даса, және кештеу Ниранджана Свами болды.



*рухани ұстаздардың

Эссенің негізгі тақырыбы

Осыған орай, бұл эсседе тек қана бағыштаушы немесе өсиеттеуші рухани ұстаздар, бағыштаушы немесе өсиеттеуші рухани ұстаздардың шәкірттері, аймақтық БОК-сы, Өңірлік Секретарлар, Ғибадатхана Президенттері және ХКСҚ-ның басқа да өкілетті басшылары ұстануы қажет принциптер айқындалады. Мақсат рухани ұстаздар мен басшылар арасындағы түсініспеушілікті болдырмаумен қатар, осы ықтимал түсініспеушіліктердің олардың біріккен қамқорлығындағы бхакталарға әсерін азайту.



«Рухани ұстаз» терминін анықтау

Есте сақтарлық нәрсе, осы сәттен бастап, бөлек анықтама берілмегенше, біз «рухани ұстаз» терминін атағанда ойға екеуін қатар: бағыштаушы ұстаздар мен өсиеттеуші рухани ұстаздарды аламыз (осындай іс-әрекет ететін әкімгерлерді қосқанда). Қосымша, біздер «рухани билікке» сілтеме жасағанда уағызы (шикша) мен мысалы бхактаның беріле құлшылық етуіне сенімін қалыптастырған және бхактаның болашақ дамуына негіз болатын кез келген «рухани ұстаз» немесе әкімгерді ойға аламыз.



ХКСҚ-ындағы билік

Бұл эссе ХКСҚ-ы менеджмент жүйесінің, және де гуру-таттва сияқты – рухани ұстазды таңдау процесі мен рухани ұстазға қажетті қасиеттер мен міндеттердің егжей-тегжейлі немесе анықтауыш анализі емес.

Бұл эссенің негізгі алғышарты мынадай: бағыштаушы рухани ұстаз болсын, өсиеттеуші рухани ұстаз болсын, санньяси болсын, Басқарушы Орган Комиссиясы мүшесі болсын, аймақтық секретарь болсын, өңірлік секретар болсын, ғибадатхана президенті болсын, жиын көшбасшысы болсын, немесе ХКСҚ-ындағы кез келген басшы болсын, осындай бхактаға жүктелген өкілеттілік тек қана ол толық БОК-сы Органы билігі астында ХКСҚ-на құлшылық ету жөніндегі Шрила Прабхупаданың өсиеттеріне бойсұнған жағдайда ғана толық болып есептелінеді.

Осы алғышарттарды орнықтыру үшін біз Мәртебелі Мейірбан осы принциптерді өз ілімінде, бұған қоса өзі қол қойған ресми құжаттардың ішінде дәйекті де нақты орнықтырғаны туралы ескертсек те жеткілікті. Осыған сәйкес Шрила Прабхупада толық БОК-сын негізгі билеуші орган деп нақты белгілеген, бұған қоса БОК-сының өкілеттілігі, керек кезде рухани ұстаздар ретінде құлшылық ететін барлық бхакталарды қосқанда, бүкіл ХКСҚ-на рухани билік (шикша) жауапкершілігін де енгізетінін анық көрсеткен:

Репортер: «Сіздің жолыңызды жалғастыру үшін қозғалыстың басты ұстазы ретінде тағайындалатын біреу бар ма?»

Шрила Прабхупада: «Мен осы жауапкершілікті алатын біраз үлгеруші шәкірттерді дайындап жатырмын. Мен оларды БОК етіп тағайындадым» (Шрила Прабхупаданың репортермен болмеде болған әңгімсіе, Лос Анжелес, 4 Маусым, 1976 жыл)

Өзге тілмен айтқанда, толық БОК-сы ХКСҚ-ында жоғары билеуші орган болғанымен, оның міндеттері басқаруды ғана емес, сонымен қатар оқыту.

Биліктің екі тармағы

Әр бхакта өзінің рухани шабытын ХКСҚ-ындағы жоғары билеушілерден алатын болғасын, қоғамның ішінде әр қайсысының өзіндік өкілдері бар биліктің екі тармағы жұмыс атқарады – біреуі бастапқы рухани болса, екіншісі бастапқы әкімшілік. Биліктің екі тармағы да біздің Негіз–салушы-Ачарьяның нұсқауына бойсұнудағы өзінше ерекше, сонымен қатар бір-біріне тәуелді мақсаттарға қызмет етеді. Екеуін де өздерінің қамқорлығының астындағы бхакталарға таяныш беру мақсатында БОК-сы мақұлдаған. Бұл таяныш өсиет, әрі мысал арқылы беріледі.

Осы контекстіде рухани биліктің екі тармағын бір-бірінен айыра отырып – бастапқы рухани және бастапқы әкімшілік ретінде – біз бастапқы әкімшілік тармақты бастапқы рухани тармаққа қарама-қарсы қойып отырған жоқпыз. Немесе біздер биліктің рухани тармағы басым немесе асылында әлде қайда таза деп ұйғармаймыз.

«Әкімшілік басқару да рухани әрекет...оны Кришна жаратқан» (Шрила Прабхупадамен бөлмедеболған әңгіме, 16 қаңтар, 1977, Калькутта)

«Біздің уағыз жұмысымызда...біздер сондайма көп меншікпен, ақшамен, және көптеген сатып алынған және сатылған кітаптармен жұмыс істейміз, бірақ бұл мәмілелер Кришна санасы қозғалысына тиесілі болғасын олар ешқашан материалды болып есептелмеуі керек. Егер біреу осындай әкімшілік басқарудың ойына батса, бұл оның Кришна санасынан аулақ екенін білдірмейді. Егер біреу күн сайын маха мантраның он алты айналымын қайталаудың реттеуші принциптерін қатаң ұстанса, оның Кришна санасы қозғалысын тарату үшін жасайтын материалдық дүниедегі іс-әрекетінің Кришна санасының рухани дамуынан еш айырмашылығы жоқ» (Шримад Бхагаватам, 5.16.3, түсінік)

Рухани қоғамда әкімгер тек қана ережелерді жариялау мен мәжбүрлеу арқылы өзінің басқару міндетін орындап билік жүргізе алмайды. Ережелердің өзінің рухани негізі болуы керек және олардың енгізілуі мен орындалуы Вайшнав принциптеріне сәйкес болуы қажет. Осы түсінікпен құлшылық ететін әкімгерлер көбінесе өздерінің қамқорлығынаң астындағы бхакталар арасында толық рухани беделге ие.

Сондықтан біздер «рухани» және «әкімшілік» тармақтар арасындағы ұқсастықты көруіміз керек. Бірақ бірталай айырмашылықтар да бар, бұл қатар ұқсастықтар мен айырмашылықтарды түсіну осы екі терминнің олардың түсініктемесімен бірге дәл қолданылуын қажет етеді.

Басқарудың Рухани Тармағы

Басқарудың Рухани Тармағы Кришнадан басталады, және Брахма, Нарада, Вьясамен жалғасып біздің Негіз–салушы-Ачарья Шрила Прабхупада арқылы бүкіл шәкірт мұрагерлігімен жалғасады. Біздің сампрадайяға бойсұңғыш адамдар және толық БОК-сының билігінің астында құлшылық ететіндер ХКСҚ-ның қолдауымен бұл рухани тармақта шикша мен таяныш беруге хұқылы. Бұл рухани тармақ Басқарушы Орган Комиссиясы мүшелерін, аймақтық секретарларды, рухани ұстаздарды, санньясиларды, өңірлік секретарларды, ғибадатхана президенттерін, жиын көшбасшылары мен дүние кезуші уағыздаушылар мен қоғам уағыздаушыларын қамтиды. Шын мәнісінде, өзінің өнегесімен және жүріс-тұрысымен рухани ұстаздың айтқанына қатаң бойсұнатын кез келген адам рухани тармақты таныстыру үшін тағайындалуы мүмкін.

Адамдар үшін, көбінесе, беделді рухани басқарушы болып олардың бағыштаушы немесе өсиеттеуші рухани ұстазы табылады. Жазбаларда бхакталар өздерінің рухани ұстаздарына бойұсынып, оларға берік болуы керектігі туралы айқын айтылады. Осыған орай рухани ұстаздар өздерінің шәкірттерін бхакти дамытуға үйретіп, оларға әсер етеді. Яғни рухани ұстаздар өз шәкірттеріне Кришна санасында сәтке жетуге қажетті рухани білім мен шабыт беруде зор рөл атқарады.

Басқарудың әкімшілік тармағы

Басқарудың әкімшілік тармағында және Шрила Прабхупаданың өсиетіне сәйкес Қоғамды билеу мен оның ережелерінің орындалуы толық БОК-сы арқылы іске асады. Біздер әкімшілік жүйеге байланысты «билік» сөзін қолданғанда, жазбалар беделі сияқты, абсолютті, күнәсіз билікті айтпай, Шрила Прабхупаданың өсиетіне сай келетін уағыздаушы қозғалыс құруға қажет өкілеттілікті айтамыз. Сол өкілеттілікті іске асыру үшін, оның жолын жалғастырушылар, ғибадатханалардың, ғибадатханада тұрмайтын жиын бхакталараның, ферма мен гурукула секілді жобалардың, және басқа да мекемелер мен ұйымдарының дамуын қамтамасыз ету үшін Шрила Прабхупаданың өзі ұсынған ХКСҚ-ның әкімшілік жүйесін қабылдады. Осылайша мұндай ұлғайып жатқан өріс пен оның мүшелеріне жақсырақ құлшылық ету үшін бұл жүйе қазіргі уақытта Басқарушы Орган Комисссиясы мүшелерінен тұратын әр түрлі аймақтық, ұлттық, континенттік басқарушы органдарды, аймақтық секретарларды, рухани ұстаздарды, санньясиларды, өңірлік секретарларды, ғибадатхана президенттерін, жиын көшбасшылары мен дүние кезуші уағыздаушылар мен қоғам уағыздаушыларын қамтиды, және тек қана жоғарыда аталғандармен шектелмейді.



Қайшылықтарды анықтау

Мінсіз әлемде ХКСҚ-ы Шрила Прабхупада ойлағандай іс әрекет жасай алғанымен, біздер биліктің бір тармағындағы адамдардың биліктің екінші тармағындағы адамдардың ісіне араласу беталысын байқаймыз.

Мысалы, кейде өз ісін жетік білетін және жаупкершілікті әкімгерлердің ісіне рухани басшылардың араласатын жағдайлары болады. Ондай рухани көшбасшылар (шын мәнісінде оған жауапты болғанымен) өздерін олардың уағызы әсер ететін аймақтық әкімшілік басқару жүйесінің бір бөлігі деп есептемейді. Соған қарамастан олар осы жүйенің ішіндегі кейбір жобаларды тура немесе жанама түрде басқарып келді.

Осылайша кей кездері рухани көшбасшылар өздері қиысатын әкімшілік жүйенің келісімісіз бхакталарды, қаржыны, тіпті олардың жолын жалғастырушылар мен оларға тәуелді жандардың («тәуелді жандар»- тек қана рухани тәуелді жандар ғана емес. Кей жағдайларда бхакталар өздерінің рухани басшыларына қаржылай да тәуелді және рухани басшылар құрған құрылымдар арқылы қаржылай демеу көреді) жауапкершілігіндегі жобаларды басқарады. Осылай істей келе, ондай рухани көшбасшылар оларға тәуелді жандардың құлшылығы мен түзу ниетін өздерінің рухани көшбасшы беделінен дамып бөлек құрылған әкімшілік жүйге бағыттауға ынталандыру арқылы абайсызда биліктің әкімшілік тармағына зиян келтіруі мүмкін.

Оқиғаның бұлай дамуы түсінбестік туғызып қана қоймай, сепаратизм рухын да жандандырады. Осы сияқты жағдайлар, жәбірлеуден, әсіресе рухани ұстаздарды жәбірлеуден қорыққаннан кіші әкімгерлер көбінесе қанағатсыздығын тура айтудан өзін өзі тоқтатуына қарамастан, әкімгерлер үшін де жанжал мәселесін туғызуы мүмкін.

Өзге жағынан талапқа жауап бермейтін қамқорлық көрсететін әкімгерлер де кездеседі. Бұл рухани ұстаздың шәкіртінің әдеттегі қарым-қатынасы мен құлшылық етуіне балама ұсынып араласу бейімділігін тудыруы мүмкін.

Мысалы, әкімгерлер өз қамқорлығының астындағылардың садханасын, пәк уағыздауын, немесе беріле құлшылық етудегі тазалығын дамытудың орнына әкімшілік мақсаттарға көбірек көңіл бөлуі мүмкін. Ол түгіл осындай әкімгер деп аталатындар оларға көмек берілуі үшін немесе басқа басшыларды солай жасауға өкіл етуге шаббыттандыру үшін түк істемесе де, кейде тіпті олардың әкімшілік көзқарасына қажет қаржыны қамтамасыз етпейтін өз қарамағындағылардың рухани дамуын елемеуі мүмкін.

Биліктің әкімшілік тармағына деген құрмет

Жоғарыда айтылған оқиғалар биліктің рухани және әкімшілік тармақтары арасында шиеленістің себебін туғызады.

Әрине, кейде жергілікті ұйымдасқан сангхалардың әкімшілік жүйесімен байланысы жоқ қаржылай тәуелсіз бхакталар да кездеседі. Дегенмен, жиын бхакталарына қамқорлық көрсетудегі жергілікті әкімшілік жүйенің ішіне әрбір бхактаны немесе бхакта болуға ұмтылатын адамды сол жерде құрылған жүйеге енгізу үшін ещқандай әрекеттер жасалмай жатыр деп ұйғаруға болмайды.

Сондықтан, ХКСҚ-ы әкімгерлері жасаған құлшылыққа құрметпен қарай отырып, рухани ұстаз басқа әкімшілік шешімдерге араласудың немесе шәкірттеріне жаңа құлшылық пен сангха (жоба) ұсынудың алдында, оның шәкірттері тұрып жатқан аймақтағы әкімгерлерден үнемі мақұлдау сұрауға талпынуы керек.

Бәрінен дұрысы, ол әрине, шәкірттерге олардың рухани ұстазымен қарым-қатынасы орнағаннан бастап, жергілікті әкімдерге құрмет көрсетуді үйрету. ХКСҚ-ның әкімгерлері Шрила Прабхупада қалдырып кеткен ғибадатхананы, Муртиларды, кітап таратуды және тағы басқа стандарттарды ұстаудағы жауапкершілікті атқарады.

«Мурти орнату күйзеліссіз және мәңгілікке тұрақты табынуды білдіреді.» (Шиванандаға жазылған хат, 2 қыркүйек, 1971 жыл)

Сондықтан рухани ұстаздар шәкірттерін Шрила Прабхупаданың миссиясына олардың жергілікті әкімгерлерімен және көшбасшыларымен біріге жұмыс істей отырып құлшылық етуге үйретуі керек.

Бірақ бұл әкімгердің өз қамқорлағандағылардың хұқылы қажеттерін немесе одан шәккірттеріне дұрыс қамқорлық көрсетілуін қадағалауды сұрайтын рухани ұстаздардың алаң білдіруін елемеуге толық бостандығы бар деп түсінуге болмайды. Қайта олар рухани ұстаздардың алаңы мен олардаң шәкірттерінің қажеттіктеріне зейінді болуы керек.

Егер рухани ұстаз шәкірттерге қойылған жауапкершілік пен міндеттер деңгейін ескере отырып, оның жергілікті әкімшілік жүйесінің қарамағындағы шәкірттеріне деген қамқорлық жөнді деңгейде емес екенін сезінсе, онда ол олардың атынан, осы құжатта көрсетілгендей, әкімшілік жүйесінің жоғары өкілдеріне, жергілікті БОК-сына, немесе ХКСҚ-ның басқа да әдістерін пайдаланып шағымдануы мүмкін.

Бұл мәселені алда жан-жақты қарастырамыз. Бірақ оған көшпес бұрын әуелі қысқаша сенім мәселесін талқылаймыз. Биліктің екі тармағындағылар осы жерде талқыланатын кең ауқымды мәселелерге қатысты сенімнің маңызын ескеруі керек.



Билік сенімнің үнемі дамуына негізделеді

ХКСҚ-ның бас құндылығы ол оның мүшелерінің сенімі. Тіпті ғибадатханалар, жобалар, түсер қаражат пен тек қана аздаған ізбасарлар болғанның өзінде, сенім бар жерде, сөздің шынайы мағанасында сәттілік болады. Келесі хатта Шрила Прабхупаданың жазғанын қарастырайық:

«Санскрит әдебиетінде жігері мол адамдар Сәттілік Құдайының мейіріміне бөленеді дейтін мақал бар. Әлемнің Батыс жағында осы сөздің айтарлықтай дәлелі бар. Осы әлемнің жағындағы адамдарды материалдық өрістеу жігерлендіреді және олар соған қол жеткізеді. Осы сияқты, Шрила Рупа Госвамидің өсиетіне сәйкес, егер біздер рухани мәселеге жігерленсек, онда біздер бұл жолда да сәттілікке жетеміз. Мәселен, мен сіздердің мемлекеттеріңізге есейген шағымда келдім, бірақ менің бір ғана артықшылығым болды: жігер мен Рухани Ұстазыма деген сенім. Менің ойымша осы ғана маған үміт отын беріп келеді, және кейін сіздердің арқаларыңызда жеткізген аздаған дүниелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.» (Джая Говиндаға жазылған хат, Титтенхурст, 15 қазан, 1969 жыл)

Ал өзінің «Бхагавад Гита Қаз Қалпында» 9.3, кітабына берген түсінігінде Шрила Прабхупада былай деп жазады: «Сенім Кришна санасында алға жылжу үшін ең маңызды фактор болып табылады...Тек қана сенімнің арқасанды адам Кришна санасында өрістей алады.»

Биліктің рухани тармағындағылар өздеріне тәуелді жандардың беріле пәк құлшылық етуге, біздің сампрадайяға, Шрила Прабхупадаға, ХКСҚ-ы мен оның ішіндегі әкімшілікке деген сенімін құнарландыратындай және қорғайтындай уағыздап, өзін өзі осыған лайық ұстауы керек. Рухани ұстаздардың ХКСҚ-ы әкімгерлерінің олар (рухани ұстаздар) биліктің рухани тармағының лайық өкілдері екеніне деген сенімін құнарландыру мен қорғау сияқты қосымша жаупкершілгі де бар. Егер рухани ұстаздар керісінше іс әрекет жасаса, олар басқалардың сенімін жойып жібереді.

Керісінше, биліктің әкімшілік тармағындағылар биліктің рухани тармағындағылар мен олардың шәкірттерінің сенімін дамытып қорғайтындай әкімшілік етіп, уағыздап, өзін өзі осыған лайық ұстауы керек. Әкімгерлер қамқорлығындағы бхакталарға шынайы алаңдаушылық көрсететін болса, рухани ұстаздар шәкірттерін әкімгерлердің құлшылығына көмектесуге жігерлендіреді. Бірақ егер әкімгерлер рухани принциптер мен жауапкершілігіндегі бхакталардың рухани мүддесіне қайшы іс әрекет ететін болса, бұл да басқалардың сенімін жойып жібереді.

Сондықтан, ХКСҚ-ның барлық мүшелерінің сенімін қорғау үшін биліктің екі тармағы да ұстанатын анық принциптерді белгілеп көрсету керек.

Рухани ұстаздар тәуелсіз емес

Нақты мақұлданған принциптердің қажеттілігін айқындау үшін біздер ХКСҚ-ның әкімшілік жүйесіндегі рухани ұстаздардың жай-күйін қарастырамыз.

Шрила Прабхупада осы дүниеден өтпей тұрып, ХКСҚ-ның жалғыз бағыштаушы рухани ұстазы, негізгі шикша гуру, және БОК-нан жоғары тұрған жоғары әкімшілік басқарушы болған:

«...біздер Кришна Санасы Қозғалысын Басқарушы Орган Комиссиясы, БОК арқылы басқарып отырмыз. Бізде бүкіл дүние жүзіндегі істерге қарайтын 20 жуық БОК-лары бар; ал БОК-сы үстінде мен тұрмын. БОК-сы билігінің астында әр орталықта ғибадатхана президенті, секретарь, қазынашы бар. Яғни ғибадатхана президенті БОК-сының алдында жауапты, ал БОК-сы менің алдымда жауапты. Біздер осылайша билік етеміз...» (Васудеваға жазылған хат, Жаңа Вриндабан, 30 маусым, 1976 жыл)

Шрила Прабхупаданың жоқ кезінде жүйе ішінара өзгерген. Мәртебелі Мейірбан БОК-сы ХКСҚ-ында жоғары әкімшілік басқарма болуы тиіс деп өсиеттеген. Снымен қатар ол Қоғамда көп рухани ұстаздар болуы керек деп атап көрсеткен:

«Тәңір Чайтаньяның шынайы өкілінің басшылығының астында Оның өсиетіне бойсұнатын кез келген адам рухани ұстаз болуы мүмкін; және мен өзім жоқ кезде бүкіл дүние жүзіне Кришна Санасын тарату үшін менің шәкірттерімнің рухани ұстаз болуларын қалаймын.» (Мадхусуданаға жазылған хат, Навадвипа, 2 қараша, 1967 жыл)

Бұл қиын жағдайға әкеліп соқтырады. Көптеген рухани мекемелердің жалғыз бас ретінде әрекет ететін бір ғана рухани ұстазы бар, бұл ретте ХКСҚ-ында бірнеше рухани ұстаздар бар. Бұған қоса бүкіл мекеме үшін «жоғары әкімшілік орган» болатын «басқарушы орган» да бар. ХКСҚ-ында құлшылық ететін рухани ұстаздар Шрила Прабхупаданың өсиетіне бойсұнып толық БОК-сы Органы астында жұмыс істейуі керек деп есептелінеді.

Рухани ұстаздар сол себептен БОК-сы мақұлдаған құжатта көрсетілгендерді қосқанда, Қоғамның кәсіби әдеп кодексі мен саясатына құлақ асып, және БОК-сының әкімшілік шешімдеріне бойсұнуы міндетті. Осы міндеттердің ішіне шәкірттерін ХКСҚ-ның өңірлік әкімшілік жүйесіне қатысы жоқ жобалар мен жүйелерге немесе рухани ұстаздардың өздерімен ғана араласуға жігерлендірудің орнына, шәкірттердің өңірінде қызмет атқаратын ХКСҚ-ның бхакталар қамқорлығы жүйесі мен әкімгерлер құрастырған жобаларға құлшылық етіп араласуға жігерлендіру де кіреді.



Шәкірттер өздерінің басшылары арасында жанжал туғызбауы керек

Шәкірттер сонымен қатар ХКСҚ-ның ішіндегі аумақты көріністі түсінуі керек. Әрине ХКСҚ-ның кез келген басқа әкімгеріне немесе белгілі бір БОК-сы мүшесіне қарағанда рухани ұстаз рухани жағынан әлде қайда алға басар болуы мүмкін (белгілі бір рухани ұстазға қарағанда жергілікті БОК-сы мүшесі немесе ХКСҚ-ның әкігері рухани жағынан әлде қайда алға басар болатын да жағдайлар кездесуі мүмкін).

Дегенмен, Қоғамның рухани әкімшілігіне қатысты, біздер ашып көрсеткендей, Шрила Прабхупада толық БОК-сы мен оның жеке мүшелеріне және басқа ХКСҚ-ның әкімгерлеріне тиісті өкілеттілік жүктеді.

Егер шәкірт оның рухани ұстазы БОК-сы мен ХКСҚ-ның заңдары мен ережелерінен жоғары тұр деп ойласа, бұл рухани ұстаз бен басқа да басшылармен жөнделуі тиіс. Әйтпесе, бұл жалған ой оның рухани және әкімшілік басшылары арасындағы жанжал туғызатын іс әрекеттерге әкеліп соғуы мүмкін.

Шынымен де, барлық бағыштаушы және өсиеттеуші рухани ұстаздар ХКСҚ-ның ішіндегі өзінің басшыларына қалай бойұсынуы керек болса, барлық шәкірттер де сол сияқты өздерінің ХКСҚ-ндағы басшыларына бойұсынуы керек.

Сондықтан, барлық рухани ұстаздар өзінің мысалы мен өсиеттері арқылы шәкірттерін бхакти ғылымына үйретіп қана қоймай, рухани ұстаздардың өздерінің әкімшілік жүйемен дұрыс қарым-қатынасын мысалға келтіре отырып, шәкірттеріне ХКСҚ-ның бұл жүйесімен дұрыс қарым-қатынас орнатуды да үйретуі қажет.



Негізгі принциптер

Шәкірттер алуы тиіс білім

ХКСҚ-ындағы рухани ұстаздың міндеті өз шәкірттерінің әр қайсысна келесі мәселені айқын түсінуге көмектесу:



  1. Рухани ұстаздың беделі Шрила Прабхупадаға деген құштарлыққа негізделеді. Бұл Шрила Прабхупаданың осы ХКСҚ–ы миссиясында жұмыс істеу өсиетіне деген құштарлықты да білдіреді.

  2. Рухани ұстаз ХКСҚ-ның мүшесі болып табылады, солай бола тұра, оның көшбасшыларының коллективті ықыласы мен БОК-сы Органының алдында есепті.

  3. Рухани ұстаз тек қана рухани ұстаз болғандықтан ХКСҚ-ы қорын пайдалануда ерекше хұқық пен артықшылық қа ие болмайды. Бұдан басқа, рухани ұстаз өзінің шәкірттеріне байланысты хұқықтары мен артықшылықтарын теріс пайдаланбауы тиіс.

  4. Барлық бағыштаушы және өсиеттеуші рухани ұстаздар ХКСҚ-ндағы өзідерінің басшыларына қалай бойұсынудың үлгі өнегесін көрсетсе, шәкірттер де сол сияқты өздерінің ХКСҚ-ндағы басшыларына бойұсынуы керек.

  5. Шәкірттердің мақсаты рухани ұстаз арқылы Кришнаға берілу, және бұл рухани прогресс барысында осы шәкіртке көмектесетін ХКСҚ-ның әкімшілігіндегі басқа да үлкен кісілерді танып, оларға құрмет көрсетуді де білдіреді.

  6. Рухани есейген әкімгерлер олардың бағыштаған шәкірттері болып табылмайтын бхакталарға негізгі шикша гуру болуы мүмкін, және бағыштаушы рухани ұстаз мұндай қарым-қатынасты толық мадақтауы керек.

Гурудың жүріс-тұрысы

Бұдан басқа, әкімшілік билік тармағына құрмет көрсетіп, басшылырдың биліктің рухани тармағына деген сенімін қорғап дамытуға көмектесу үшін, әр рухани ұстаз келесі жұмыстарды атқаруы керек:



  1. Тек қана өзінің жоспарларына ерудің орнына, алғашқы рет келгенде немесе тіпті белгілі ХКСҚ-ның ғибадатханасына немесе уағыз орталығына келмес бұрын, жергілікті басшыдан ол (рухани ұстаз) өзінің сапары кезінде сол ятраға қалай құлшылық етуіне болатынын сұрау.

  2. Жергілікті ғибадатханасы немесе уағыз орталығы жоқ аймаққа немесе өңірге өзінің сапарын жоспарламас бұрын, ең алдымен аймақтық БОК-ынан ол (рухани ұстаз) құлшылық ететіндей жергілікті көшбасшылардың сол орын мен өңірге байланысты жобалары бар жоқтығын сұрау

  3. Егер әкімшілік шешімдерге байланысты келіспеушіліктер болса, тиісті басшылармен қызмет етуге барын салуы қажет. Егер еш келісім табылмаса, рухани ұстаз тиісті басшының шешімімен келісуі тиіс. Бұған қоса қажеттік туса, оның жоғары тұрған басшыларға жүгіну хұқығыбар.

Ікңмгерлердің міндеттері

ХКСҚ-ы ішіндегі келісім үшін, биліктің рухани тармағына құрмет көрсету үшін, рухани ұстаздар мен олардың шәкірттерінің биліктің әкімшілік тармағына деген сенімін қорғап дамыту үшін, барлық әкімгерлер келесі жұмыстарды атқаруы тиіс:



  1. Олардың қарамағындағы бхакталардың қамқорлығына байланысты мәселелерде аймаққа келетін бағыштаушы рухани ұстаздар мен басқа да дүние кезуші уағыздаушылардың беретін ақыл-кеңесіне сезімтал болу.

  2. Өздеріне тәуелді жандардың беріле пәк құлшылық ету мен бағыштаушы рухани ұстаз бен өсиеттеуші рухани ұстазды қабылдау мен оларға құлшылық етудегі принциптерге деген сенімін қорғау

  3. Олардың әкімшілік өкілеттілігіндегі бхакталарға қамқорлық көрсету жұйесін (яғни ақал-кеңесші жүйесі, брахмандық кеңес басқармасы т.б.) мадақтау және оған қолдау көрсету.

  4. Өздерінің билік тармағындағы әкімгерлеріне бхакталарға қамқорлық көрсету принциптерін үйрету

  5. Келетін рухани ұстаздарға олардың шәкірттерінің денсаулығы мен аман-саулығы туралы хабарлау

  6. Келетін рухани ұстаздар мен басқа да дүние кезуші уағыздаушыларға мұқтаждық көріп отырған және олардың көмегіне сезгіш шәкірттермен араласуына көмектесіп қолдау көрсету

  7. Бағыштауға ұсынуға қатыста, әкімшілік пайда үшін жергілікті әкімшілік жағынан қысым немесе айла-амалға жол бермейтін шынайы жүйені кепілдендіру

Қорытынды

Бхакталардың рухани өмірінің гүлденуін ілгері бастыру үшін, Шрила Прабхупада ХКСҚ-ында биліктің айқын тармақтарын қосатын әкімшілік жүйені құрастырды. ХКСҚ-ның әр мүшесі осы жүйені құрметтей отырып онымен қалай жұмыс істеу керектігін үйренуі тиіс. Әкімшілік жүйенің мақсаты рухани: бхакталармен араласу арқылы, құлшылық етуге мүмкіндік беру арқылы және тиімді уағыздау стратегияларын ұсыну арқылы ХКСҚ-ы мүшелерінің рухани өркендеуіне жәрдемдесу. Осымен біріге, ХКСҚ-ы шынайы рухани ұстаздан бағыштау алудың терең маңызын растайды.

Жоғары беделді адам, ол әрине, ХКСҚ-ындағы көптеген бхакталардың бағыштаушы рухани ұстазы, қазір және болашақта да, әр бхактаның өсиеттеуші рухани ұстазы болып табылатын, біздің Негіз–салушы-Ачарья, Шрила Прабхупада. Бұған қоса қазіргі кезде ХКСҚ-ында құлшылық ететін көптеген бағыштаушы және өсиеттеуші рухани ұстаздардың да маңызы зор.

Барлық рухани ұстаздар мен олардың шәкірттері рухани алға басу үшін ХКСҚ-ы қамтамасыз етеін материалдық негізді ұстап тұрған және шәкірттерді оқытып бағыштауға көмектесетін біздің қоғамдағы көптеген әкімгерлердің рөлін бағалауы керек. Барлық рухани ұстаздар мен олардың шәкірттері өздері рухани жағынан пайда көруі мен Қоғамның гүлденуіне көмектесу үшін ХКСҚ-ның әкімшілік жүйесінде біріге жұмыс істеуі тиіс.

Бірлік пен екі жақты құрмет рухы Қоғамның бірлігін сақтаудағы, Шрила Прабхупаданың ойынан шығудағы, санкиртана миссиясын таратудағы ең дұрыс жол.

Тәңір Чайтаньянаның көңіл күйінде бола тұра, Шрила Прабхупада санкиртана қозғалысы бүкіл әлемге, «әр қала мен ауылға» тарауын қалады. Ол осы тілегін өзінің үзілмейтін сапарлары, жазба еңбектері мен уағызы арқылы көрсеткен. Ол өз шәкірттерінен жер жерлерде орталықтар ашуды, кітап таратуды, көз тартар фестивальдар ұйымдастыруды, прасад таратуды т.б. өтінді. Шрила Прабхупада ХКСҚ–ы Тәңір Чайтаньяның бата айы секілді ұлғайып көтерілуін қалады.



Осы мақсатта Шрила Прабхупада ХКСҚ-ын әкімшілік жүйесі бар рухани мекеме ретінде құрды. Бұл жүйенің мақсаты ол орнықтырған стандарттарды ұстанып, бхакталарға баспана мен рухани гүлдену ұсыну және санкиртана миссиясын қолдау мен ұлғайту. Бейімделген жандарға Шри Шри Гаура-Нитай рақымшылығын жеткізу арқылы Шрила Прабхупаданың көңілінен шығу үшін, ХКСҚ-ындағы барлық адамдар - рухани ұстаздар, шәкірттер, және сонымен қатар әкігерлер – осы жүйе ішінде бірлік рухымен жұмыс істеуі тиіс.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет