Халықаралық ТҮркі академиясы әлішер науаи хамса ләйлі – Мәжін



Pdf көрінісі
бет47/77
Дата20.05.2024
өлшемі3 Mb.
#501480
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77
Әлішер-Науаи.-ХАМСА

Ескен желдің лебінен Ләйлінің жұпардай хош иісін сезген Мәжнүннің 
күндіз де, түнде де тыным көрмей қыста даланы шарлауы және ғашық 
жарына бақытты тағдыр қолын беріп, жіптің соңғы түйінін ұстауы, 
сөйтіп мақсатқа жететініне илануы.
Баса алмай сорлы Мәжнүн жан құмарын,
Естідім шөл далада қаңғығанын.
Бетпақты, тау шатқалын жазы-қысы,
Кезетін секілді бір түз тағысы.
Тамұқтай қақтаса да тандыр – аптап,
Жүретін байғұс жігіт сандырақтап.
Ыстықта жерге түскен әуе айналып,
Көлеңке іздемейтін ол ойланып.
Сары аяз қызыл шұнақ сақылдаса,
Не шара тағдыр қоймай тақымдаса.
Батқан бір меңіреу, мылқау мұңға терең,
Үй-күйсіз, үсіп өлсін қылмас елең.
Жабысқан ғашықтықтан қайғы-нала,
Ентелеп іздегені Ләйлі ғана.
Ләйліден хабар алса шарқ ұрады,
Талпынып соған қарай алқынады.
Асыққан гүл құшуға таңғы желдей,
Дал ұрып, ынтығады жанды үзердей.
Аязды бұйым көрмей тұрған қақап,
Жеткенше жанталасар жылдам тақап.


314
Ләйлінің аңқығандай гүлжұпары,
Бұлбұлдай бақты аңсаған мұң жұтады.
Көз байлап бейне қасірет – қараңғылық,
Кідірмес шеңгелдесін боран бүріп.
Ып-ыстық ынтықтырып жар құшағы,
Тарс жұмып екі көзін алға ұшады.
Жүгірер тәлтіректеп шалынғанша,
Жарының есігіне соғылғанша.
Лап қойып ашылса есік жын ұрғандай,
Сұлайды сойыл тиіп жығылғандай.
Ес жиса, көз алдында тұрар Ләйлі,
Шолпаннан таңда туған бір аумайды.
Шоқ түссе жаны қалай жай таба алар,
Жүрегі ұшқын атып майша жанар.
Бас қояр аяғына, ұрып маңдай,
Дүниені екі бірдей ұмытқандай.
Ләйлі де жаттан қорғап шын ғашығын,
Жасырар түкпіріне құжырасының.
Өтпейді өкініште өмірі бос,
Сүйіскен мұңлықтардың көңілі хош.
Құдіретін махаббаттың топшылағын,
Ғашықтар жаға алады тек шырағын.
Жаратқан, Науаиыңды мұңға көмбе,
Адал, пәк махаббаттан қылма кенде!
Ескендірдің Арастудан қыстың жай-жапсары мен адамдардың оны 
не себептен қалайтынын және қақаған аязы мен ақ қар, көк мұзына 
қарамастан табиғи түрде соны тілейтінін сұрағаны. Данышпанның 
күлімдей отырып, ашық жауап беру арқылы білгірлік әлемінің маржанын 
шашуы.
Сұрады шалқар ойлы дана Ескендір:
«Ұстазым Масихамен теңескен бір!


315
Ысқырған қаһар төгіп айдаһардай,
Адамға зәрлі қыстан пайда қандай?
Желдетер, дауылдатар, борандатар,
Жолаушы жолда қалған арам қатар.
Болғанмен түні ұзақ, қысқа күні,
Боранның ұлып тұрар тыстағы үні.
Денеңді суық қарып тас боп қатар,
Көзіңнен жас ағызып қоқшақтатар.
Неге осы халық қысқа жалпы құмар,
Қандайлық жаздан оның артығы бар!
Қыс қысып, бүрістірсе безілдейді,
Сонда да адам неге безінбейді?»
Айтты ұстаз кенелдіріп мазмұнды ойға:
«Септігі білгірліктің аз мұндайда.
Шерте алар табиғатты кім маңдайдан,
Келеді қыс болмаса ылғал қайдан?
Жалындап, жанталасу жастыққа тән,
Қиын ғой кейде суып бастықпасаң.
Сыртыңнан қысқан сайын қара суық,
Ішіңнен қызу қаулар аласұрып.
Шаруақор жаздағыдай қысылмайды,
Әңгіме-дүкен үшін қыс ыңғайлы.
Барлығын керегінің күзде ыңғайлап,
Жамбастап жатар үйде қыз-қыз қайнап.
Ақ таңнан жауып тұрса қар сабалап,
Халайық шыта қоймас онша қабақ.
Күйбеңнен арқа босап бір тынығар,
Кеңесіп, қауқылдасып, күлкі қуар.


316
Сауықпен, салтанатпен түнді аунатып,
Көз ілмес ұзақ таңға думандатып.
Мехнаттан қыс болмаса кім босайды,
Шаршаған шаруалар да бір жасайды.
Ән шырқап, өлең айтып тоқ басуға,
Сораптап шарап тартар от басында.
Қисаяр ұйқы жеңіп меңдетсе егер,
Тыңайып, қуат жинап сергектенер.
Ұйқысыз тіршіліктің жоқ бір күні,
Табиғат тарту еткен тәтті ұйқыны.
Ұсталар өз үйінің бұрышында,
Отырар түні бойы жұмысында.
Пенденің дегеніне уақыт көнбей,
Ұзақ таң сарсаң қылар атып бермей.
Кім, сірә, қол қусырып қарап қалар,
Біреулер білім іздеп талаптанар.
Түбінде отырып ап шырағының,
Тауысып көздің майын, қуады ілім.
Майшамды екі ұшынан жақса-дағы,
Белгілі таңға дейін жатпағаны.
Аз емес қайырымдылар, мейірімділер,
Алдымен солар түннің пейілін білер.
Жарқылдап көп көзіне түсе бермес,
Бетіне адалдықтың тіке келмес.
Тілеумен тек жақсылық оқиғалар,
Түнімен дұғаларын оқиды олар.
Табады қарауытқан түнен медет,
Өмірді одан сайын нұрмен бөлеп.
Ертеден қыстың мәні елге әйгілі,
Уақыт қой – бізге берген мол байлығы.


317
Міне, осы – қыстың әмән керегі де,
Халықтың оны аңсайтын себебі де».
Сайып кеп терең ойын кең арнаға,
«Бақытың артсын!» – деді кемел дана.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   77




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет