Мақсаты : оқушылардың ой-өрісін кеңейту ;
математика пәніне қызығушылықтарын арттыру;
санау жүйелері туралы білімдерін молайту.
Құралдар : плакаттар , портреттер , кестелер, слайдтар.
1-жүргізуші :
Бүгінгі конференциямызда сандар тарихына тоқталамыз , көптеген жаңа мәліметтермен естіп , таң қаласыздар. Конференциямызға әр мемлекеттен қонақтар келді және әр ауылдардан келген ұстаздарда жетерлік.
Жұмысымыз қызықты өту мақсатында мынандай тапсырманы орындауларығызды сұраймыз .
Тапсырма : Мына иероглифтар қандай санды білдіреді ?
1 245 386 саны
1986
(конференция соңында жауаптарын бересіздер)
2-жүргізуші :
Осыдан бірнеше жыл бұрын археологтар ежелгі адамдардын тұрған жерлерін тапты . Олар тапқан қасқырдың сүйегіне 30 мың жыл және 55 кетік бар екенін анықтады. Бұл кетіктерді істегенін бір мәні бар . Аңшы кеттіктерді бес-бестен 11 бөлікке бөлген және алғашқы бес бөлігі жекеше тұр , оның асты ұзын сызықпен сызылған . Осыған қарап мынандай ой туады : аңшы кеттіктерді істегенде бес-бестен санаған , яғни қолдағы саусақтарды қолданған.
1-жүргізуші :
Осындай заттар Сібірде және басқа да жерлерде табылған , олар тастан жасалған заттар , әшекейлер, бұйымдар . Осының барлығында 3-тен, 5-тен , 7- ден топтастырылған кеттік , нүктелер.
Ең бірінші адамдар қолданған математикалық ұғымдар – олар «артық», «кем» , «бірдей» . Ежелгі тайпа адамдар өзара сауда саттықпен айналасқан , аулаған балықтарын екінші тайпаның адамдарынан тас пышақтарға ауыстырған . Санау білмегеннен , олар бір пышақ жанына бір балық қойып отырған.
2-жүргізуші :
Ғалымдардың болжамы бойынша ең бірінші сандардын атау алған ол 1 және 2 . Ежелгі римляндар 1 ойлап тапқанда сүйенгендері –ол Күн аспанда жалғыз, 2санын олар табиғаттағы жұп заттармен байланыстырған : құстың – канаттары , жануарлардың құлақтары , аңдардың көздері т.с.с.
Мысалы папуастардың тілдерінде 1- «урапун», 2- «оказа» ,
3- « урапун-оказа» , 4-«оказа-оказа» , осылай 6-ға дейін санаған , ал әрі қарай атауларды «көп» деп кете береді , 10-ді көп, 100-де көп деп атаған.
1-жүргізуші : Егер шыққан сөздер ұшып кетсе , ал жазылған таңбалар қалады – деп ежелгі адамдар бекер айтпаған . Цифрлар пайда болған соң , есептеу жұмыстары жеңілденді . Ертеде адамдар 10-дап, 20-лап , 60-тап санаған , себебі адамда қолында 10 саусақ, ал аяғындағын қоссақ – 20 болады. Ал 60-тық санау осы күнде де кездеседі , 1 сағ – 60 мин , 1 мин – 60 сек , т.с.
Саусақпен санауды тағы бір мысалын келтірейік –ол 12 –лік ,
1 тәулікте -12 сағ , 1 жылда -12 ай , 1 қораптағы қарындаш саны-12,
1 сервиздегі ыдыс- аяқ-12 адамға арналған
Достарыңызбен бөлісу: |