Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында қолдану XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер»
МАШТИЕВА БАЯН ЗИЯДИНОВНА
«Ақкөл орта мектебі»
математика пәнінің мұғалімі
Халықтық педагогика элементтерін математика сабағында қолдану XX ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Ұстаздық өмірдегі тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – оқушыны оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу, ойлау дағдыларын жетілдіру, сол үшін өзіме әдістемелік тақырып қылып «Оқушылардың математика сабағында танымдық қабілеттерін арттыру» - деп алдым. Осы мақсатпен оқушының ойлау қабілетін дамыту негізгі ұстанымым болып табылмақ.
Математикалық білім беру жалпы адамзаттық мәдениетті қалыптастыруда өзіндік үлесін қосады. Сонымен қатар , халықтың мәдени, салт-тұрмыстық әдептерімен математиканы ұштастыра оқыту математикалық негізі бар халықтық мәдениеттін элементтерін ескеру болып табылады. Әр оқушының қалыптасып дамуында, өздері күнбе – күн өмірден сезілетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақтың халықтық педагогикасы. Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, танымдық мұрасы, салт – дәстүр, әдеп – ғұрып, аңыз ертегілері, жұмбақ, мақал – мәтелдер, өлең – жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар баға жетпес қазына.Осы арқылы бала бойында математикалық ілім–білімге тән ынталылық, қызығушылық, логикалық ойлай білу, ықшамдылық, сапалылық, үнемшілдік қалыптасады.
Қаншама заман өтсе де маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім – тәрбиенің түп қазығына айналдыру – ата – ананың, ұжымның, жалпы мұғалімдердің басты борышы. Сабақ барысында халық педагогиканы пайдалану нәтижесінде бойында ұлттық құндылықтары сіңірген, өз мүмкіндігіне , өзіне-өзі талап қоя білетін, математика пәніне үнемі қызығушылығын арттырып , оны орындай алатын тұлғаны тәрбиелеуге болады. Назарларыңызға халықтық педагогика элементтері пайдаланған сабақтар мен сабақтан тыс іс-шараларды ұсынамын.