Халметова гулнора эрматовна


Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды



бет2/2
Дата19.02.2022
өлшемі53.93 Kb.
#455551
1   2
Халметова мақала эстетикалық пәндер

Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды; 

Өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды. 
Педагог баланың қай жағынан дарынды екенін анықтауды ерте жасынан қолға алуы керек. Кейбір балалар өздерінің дарынды екендігін көрсетуге қабілетті болса, кейбіреулері өз талантын көрсетуге асықпайды немесе өздері де байқамайды. Осындай кезде біз ата-ана, психологтармен, керек кезде сол оқушылардың құрбыларымен, сыныптастарымен бірігіп жұмыс атқаруымыз өте қажет. Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Жас жеткіншектің бойындағы табиғат берген ерекше қабілетті, дарындылықты тани білу, оның одан әрі дамуына бағыт-бағдар бере білу ерекше қиын іс.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: «Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді. Сондықтан әрбір ұстаз бұған жол бермеуі керек». Психологтер соңғы жылдары адам бойындағы дарындылықтың екі түрін бөліп көрсетті. Біріншісін «Туа біткен» данышпан деп, ал екіншісінің өкілін «Келе-келе қалыптасқан» данышпан деп атау қабылданған. «Туа қалыптасқан» данышпандар - Моцарт, Рафаэль, Пушкин, тағы басқалары өз туындыларында керемет қабілеттілік танытқан. Бұл топқа қазақ халқының ішінен Шоқан Уәлиханов пен Мұхтар Әуезовты жатқызыпты. Ал «келе-келе қалыптасқан» данышпандардың ең үлкен қасиеті - қажымайтын жігер, білімге деген құштарлық, өзіне-өзі қоятын талаптың қатаң болуы екен. Ондайлардың саны мол.
Эстетикалық циклдағы пәндерге оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер оқушының бойындағы бейімділігін анықтауға ықпалын тигізетіні сөзсіз. Ал бейімділік - оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі. Оқушының шығармашылық қабілетін дамытуға мектеп қана мақсатты түрде ықпал ете алады. Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулап олардың белсенділіктерін қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдануға болады.Олар мынадай:

  • Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау .

-Арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру. 
- Қиялдау арқылы сурет салғызу, рөлге бөліп оқыту, ұнатқан кейіпкерге мінездеме беру.
- Ой шапшаңдығын сөз байлығын дамытуда салған суреттерін әңгімелей білу. Мәтін ертегі әңгіме бойынша сурет салғызу.
Ал сабақтан бос уақытта оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың жұмыс түрлері:

  • Орталық мұражайға апару.

  • Әр түрлі кездесулер өткізу, әр тақырыпта пікір талас, алған әсерлерін суретке бейнелеу.

  • Журналдарға жазылу, үнемі пайдаланып отыру. 

Балалар салған суреттерден сызықтар мен штрихтарды жиектеген мен түсті дақтардың ерекше бай әлемін кездестіруге болады. Сонымен қатар ондағы таңдаған мазмұнның тікелей қатысы мен болған оқиғаны қабылдаудың өзгешелігі, оны қағаз бетіне бейнелеу тәсілі адамды қуантпай таң қалдырмай қоймайды. Бейнелеу әрекеті жас суретшінің көңіл-күйі мен сезімін беру үшін үлкен қызмет етеді. Бала қолына карандаш немесе қылқалам мен бояу алған кезде ол өзін және өзгелерді толғандыратын оқиға мен көріністерді қағаз бетіне түсіруге ұмтылады. Бейнелеу әрекетінің нәтижелері баланың сурет салу шығармашылығының мәселесін зерттеушілердің қызығушылығын осы кезге дейін толғандырып келді. Бейнелеу әрекетіне қабілеттілік психологтардың айтуынша туа біткен қасиет емес, ол тікелей пәндік әрекет арқылы дамиды. Бейнелеу өнерін жақсы меңгерген бала сурет салу үшін мазмұн таңдауда кең еркіндік алып оның бастапқы кезеңдегі ойы үлкен бір тұтастыққа ие болуына ықпал етеді. Төменгі сынып оқушылармен жұмыс жасауда теориялық талдау қортындылары мен өзіндік бақылауды пайдалана отырып оқушының білім, білік, дағдыларын арттыратын бейнелеу әрекетіндегі сурет салудағы әдіс-тәсілдерді ұсыну керек.
Бейнелеу өнер сабақтарында шығармашылық жұмыстардың әр түрлі тұрпаттары мен әдіс – тәсілдер түрін пайдалану оқушының дарындылығын дамытуда көмектеседі.
Баланың бойында музыкалық қабілет жас кезінен басталады. Мектеп жасына жеткен бала психологиялық түйсіну мен музыканы көз алдына елестетуді біршама меңгеріп шығады. Оның бойында музыкаға деген өзіндік ой саналық және сезімдік тұрғыдағы қарым-қатынас қалыптасады. Сонымен бірге әуен-саз, өлшем-ырғақ жүйесін есіту тәжірибесі қалыптасып, есте сақтап қалу қабілеті де жинақталады. Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.
Музыканы қабылдау – музыка сабағында қолданылатын іс-әрекеттердің кез-келген түрінің іргетасы, бастапқы нүктесі ретінде қарастырылады, яғни музыка тыңдау, ән айту, музыкалық білімділігін арттыру, нота сауаты. Музыканы дұрыс қабылдай білуге тәрбиелей отырып, бірте-бірте музыканы тыңдай білу мәдениетін қалыптастырған жөн. Музыканы қабылдау тек оны тыңдау барысында емес, сабақтың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. Ән үйрену үшін алдымен тыңдау, сонан соң орындау керек, сондықтан орындау барысында интонация тазалығына, мәнерлігіне назар аударған жөн.
Оқушылардың музыкаға деген тиянақты ынтасы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ән айту олардың музыкалық қабілетін (есту, ырғақ, есте сақтау) қалыптастырумен қатар, ортақ табысқа қуана білу, эстетикалық талғам-сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Арнайы зерттеулер мен іс-тәжірибелердің көрсетуі бойынша төменгі сынып оқушыларының музыкаға деген қызығушылығы бар ынтасымен дамып жетіледі. Оқушының эмоциялық әсерін, музыкалық есту қабілетін, лад пен ырғақты сезіну, есте сақтау шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән үйрену кезеңінде оны таза айтуды үйрену үшін алдымен айтылған дыбысты есте сақтай отырып қабылдап, сонан соң дыбысты дұрыс, дәл елестетуді қадағалау қажет. 4,5,6, сынып оқушылырының мінез-құлқы психология, педагогика әдебиетінде қиын, өзгерісті деп қарастырылады.
Дауыс ерекшеліктерін дамытудың әдістері мынадай жағдайларды қамтиды:
1. Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарының мөлшеріне
үнемі бағыт беріп отыру.
2. Әнді еркін,қиналмай айту,сонымен қатар әншілік өнердің
ережелерін қатаң сақтау.
3. Жәймен,асықпай дем алу және оны біртіндеп шығару.
4. Көмейдің тұрақты қалпы,оның маңызды қасиеті.
5. Дауысты дыбыстарды дұрыс айту, дауыссыз дыбыстарды
қысқа, нақты келтіру.
6. Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту.
7. Сабақ барысында үйлесімді сезімге бой алдырушылыққа бағыттау,
ал сабақтың шарықтау бөлімінде бірыңғай немесе жеке көркемдік
нәтиже қажет.
8. Балалардың жеке басының өзгешеліктерін есептей отырып,
музыкалық материалдарды таңдай білу. Жеке қадағалау формалары:
1.Фонитарлық бақылау (тексеру)
2.Ән айтуын жеке тексеру
3.Күйді не әнді тыңдау
4.Әрбір топпен қосымша сабақтар өткізу
Оқушылардың сабақ кезеңінде дамытылған музыкалық қабілеттері сабақтан тыс музыкалық-танымдық үйірмеде ұштастырылып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай ән айту дағдылары қалыптастырылады. Көрнекті музыка әдіскері О.А.Апраксина: «Если уроки пения и внеклассные кружковые занятия составляют стержень, вокруг которого обьединяются и другие силы, то результаты получаются исключительно плодотворные»,-деп жазған. Музыка адам өмірінің жан серігі,музыканы сүймейтін адамды кездестіру мүмкін емес, өйткені ол баршаға қажет,оның тілі кім-кімге де түсінікті.
Міне, сондықтан музыка пәні мұғалімдерінің міндеті-шәкірттерін музыка өнерінің сарқылмас қазынасының ең асылдарын ала білуге тәрбиелеу.
Осы негізде айтылған академик А.Жұбановтың «Гимнастика денені қалай түзесе, музыка да адам жанын солай түзейді» деген нақыл сөзі оқушылардың эстетикалық, рухани байлығын кеңейтіп, қанаттандыру керек екенін дәлелдейді.
«Бұлақ көрсең көзін аш» деген ұлағатты сөзге сүйеніп, бар мүмкіндікті пайдаланып, баланың қабілетін ашу – мұғалім міндеті.
Қорыта келгенде, Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болуы үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын, дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да қабілетті ұландарымыз. Халқымыз «Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» деп бекер айтпаған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет