Хасанова и. У. Рахметова а. Ж



Pdf көрінісі
бет2/29
Дата01.11.2023
өлшемі1.71 Mb.
#482146
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
xasanova

АЛҒЫ СӨЗ 
 
Адамзат игілігі үшін жан-жақты қызмет атқаратын тілді әрі таза, 
әрі көркем, әрі өткір, әрі әдеби дәрежеде және халық тілінің шұрайлы 
байлықтарымен сусындаған, екшеленген, белгілі бір нормада сауатты 
қолдана білу – үлкен мәдениеттіліктің белгісі. Мәдениетті адамның 
бір қыры – тіл мәдениетінің жоғары болуы. Адамның сөйлеу 
шеберлігі, жазу сауаттылығы – ұлттық мәдениеттің де көрсеткіші.
Д.Э. Розенталь сөзімен берсек, «Мәдениетті сөз – ұлттық дәстүрмен, 
мағына дәлдігімен, сөздік қорының кеңдігімен, грамматикалық 
сауаттылықпен, әдеби мәнерлілігімен ерекшелене алатын сөз». 
Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Демек, 
сөйлеу мәдениеті дамымайынша, жоғары ақыл мәдениетіне жету 
мүмкін емес, сондықтан тіл тазалығы үшін, мағына дәлдігі үшін, тіл 
өткірлігі үшін жүргізілетін жұмысты мектептің бастауыш сатысынан 
бастап-ақ, қазақ тілі пәнін оқытуда қолға алған жөн. Мұнда бастауыш 
сынып мұғалімінің атқарар жүгі ауыр, әрі зор. 
Тұңғыш елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттық сана ұлттық тілмен 
қалыптасады» деп айтқанындай, ана тілі арқылы балалар тіліндегі 
дүниенің тілдік бейнесін ұлттық тағылым мен тәрбиеге, ұлттық ойлауға 
сай қалыптастыруынан саналы ұрпақ тәрбиелеу жүзеге асады. 
Оқу-әдістемелік құралда қазақ тіліне арналған тапсырмалар 
жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес жасалды. Бұл оқу-
әдістемелік құралдың мақсаты – түрлі деңгейдегі тапсырмалар 
үлгілері арқылы бастауыш сынып оқушыларының ана тілін жетік
терең 
меңгеруіне, 
ұлттық 
танымдық 
көкжиегін 
кеңейтіп, 
интеллектуалдық 
деңгейін 
көтеруге 
көмектесу. 
Танымдық 
тапсырмалар жеңілден-күрделіге қарай бағытталған. Оқушылар 
қоршаған ортаның қыр-сырын түсінеді. Жоғары сыныпта бастауышта 
алған білімін дәлелдей алады.
Тапсырмаларды орындау нәтижесінде оқушылар теориялық 
білімдерін тәжірибеде тез әрі дәл қолдана алу, дағдыларына ие болады:
Біріншіден, тапсырмалар оқушының білімін нақтылайды, әрі 
нығайтады.
Екіншіден, 
өздігінен 
жұмыс 
істеуге 
жаттықтырады, 
коммуникативтік дағдыларын дамытады. 
Үшіншіден, ұлттық менталды ойлауын, ұлттық танымын кеңейтеді. 
Төртіншіден, сыни ойлауға жетелеп, шығармашылыққа баулиды. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет