Хаттама №1 Күні



Дата18.11.2022
өлшемі20.58 Kb.
#465138
хаттама№1




Хаттама №1
Күні: 31.08.21.
Барлығы: 7
Қатысқаны: 7
I отырыс
Тақырыбы: Білім беру, ұйымдастыру, дамыту мақсаттарының бірлігі – әдістеме жоспарында.
Мақсаты: Өткен жылындағы жұмыс жоспарын талдау және жаңа оқу жылына бағыт беру, бекіту.
1. Бірлестіктің жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарын талдау, бекіттіру.
2. Мұғалімдердің күнтізбелік жоспарларын талқылау, бекіту.
3. Өткен оқу жылының оқу-тәрбие, әдістеме жұмыстарының барлық бағыттары туралы сараптамалық талдау.
4. Үйірме, факультатив сабақтардың, қолданбалы, таңдаулы курстардың жоспарын талқылау, бекіту.
5. Педагогикалық жүктемемен танысу.
6. Жалпы орта білім туралы мемлекеттік ҚР-ның нұсқаулығымен танысу, 5-11 сыныптарда оқытылуы тиісті пән оқулықтарының жағдайын, тақырыптық-күнтізбелік жоспарларды талдау.
1. ӘБ жетекшісі 2021-2022 оқу жылында жалпы бірлестікте 7 мұғалім бар, оның үшеуі математика пәні мұғалімі, физика пәні мұғалімі екеу, информатика пәні бойынша екі мұғалім.
Жаңа оқу жылында 6 отырыс жоспарланып отыр, әр отырыстың мақсаты, тақырыбы, отырыста қаралатын мәселелерден тұрады. Негізгі міндеттеріне тоқталатын болсақ:
1. Пән бойынша негізгі білімді игерту және сапасын көтеру.
2. Өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлға қалыптастыру.
3. Пәндер бойынша қалалық олимпиадаларда нәтижеге жету үшін білім сапасын көтеру барысында жұмыстану.
4. Қалалық шараларға белсенділік көрсету.
5. ОЖСБ-ға, PISA-ға, қорытынды аттестаттауға жыл бойына дайындықты жүйеге қою.
6. Оқу тәрбие алмасу тәжірибелерін, мәселелерін, ақпараттық мақалаларға, басылымдарға жариялауды, авторлық бағдарламалар жасауды ұйымдастыру.
2. Барлық пән мұғалімдері биылғы оқу жылында әдістемелік отырыста қаралып, үйірме, факультатив, қолданбалы курстардың жоспары бекітіледі. Жалпы пәндік күнтізбелік жоспар қала бойынша бірдей болады.
ҚР. Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы №604 бұйрығымен бекітілген жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын негізге ала отырып, жалпы білім беретін пәндердің үлгілік



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет