Хаттама №4 Ректордың 2012-2013 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы есебі және келер оқу жылына қойылатын міндеттер туралы



Дата26.02.2016
өлшемі38.02 Kb.
#26313
10.10.2013 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 4)
1. Ректордың 2012-2013 оқу жылындағы университеттің қызметі туралы есебі және келер оқу жылына қойылатын міндеттер туралы.
Қаулы етті:

1. Университеттің 2012-2013 оқу жылындағы қызметі қанағаттанарлық деп танылсын және ректордың есебі бекітілсін.

2. Факультеттер барлық мамандықтардың ҚР БҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының мамандықтардың ұлттық рейтингісі критерилеріне сәйкестігін қаматамасыз етсін және жоспарлы жұмыстар атқарсын.

Жауаптылар: бірініші проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, Стратегиялық даму, СМЖ және аккредиттеу орталығының директоры, факультет декандары.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

3. Философия докторларын даярлау мамандықтарының санын ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілсін, республиканың ұлттық жоғары оқу орындары базасында докторларды мақсатты даярлау перспективті жоспарын әзірлесін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, декандар.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

4. Қазіргі маманға қажетті тәжірибелік икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыру аспектісінде іс-тәжірибе түрлерінің бағдарламасының мазмұнын қайта қарастырсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: 1 наурыз 2014 жыл.

5. Орталық Қазақстан өңірінің мекемелерімен және кәсіпорындарымен үш жақты шарт негізінде мамандарды мақсатты даярлау бойынша жұмыстарды күшейтсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, факультет декандары.

Мерзімі: 2014 жылдың ағамында.

6. Тарих, заң, кәсіби көркем-өнер, математика және ақпараттық технология факультеттерінің профессорлық-оқытушылар құрамы жоғары рейтингті журналдардың редакциялық алқасына ғылыми мақалаларды жариялау үшін өтініштер берсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, аталған факультеттердің декандары.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

7. «Халық тарих ағымында» арнайы бағдарламасын жүзеге асыру үшін тарих факультетінің базасында «Тұлғатану» пәнаралық ғылыми-зерттеу орталығы құрылсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, тарих, филология, философия-психологиялық, әлеуметтік-педагогикалық факультеттерінің декандары.

Мерзімі: 20 желтоқсан 2013 жыл.

8. Университет ғалымдарының жобаларын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыратын кәсіпорындарға енгізу үшін оларды алдыға жылжыту бойынша шаралар кешенін әзірлесін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, Коммерциализациялау офисінің менеджері.

Мерзімі: 1 қараша 2013 жыл.

9. Педагогикалық мамандықтардың жұмыс оқу жоспарына таңдау бойынша компоненттерге инклюзивті білім беру бағдарламасын жүзеге асыратын мектептерде жұмыс істейтін түлектерді даярлау үшін арнайы курстар енгізсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы, әлеуметтік-педагогикалық, биология-географиялық және философия-психологиялық факультеттерінің декандары.

Мерзімі: сәуір 2014 жыл.

10. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ базасында философия докторларының ғылыми дәрежесіне диссертациялық кеңесін құру жөнінде нәтижелі жұмыстар жүргізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.

11. Қазақстан жоғары оқу орындарының диссертациялық кеңесінің құрамында жұмыс істеу мақсатында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ ғалымдары қажетті құжаттарды рәсімдеп, қаралуға тапсырсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, факультет декандары.

Мерзімі: жыл ағымында.

12. Химия, физика-техникалық, кәсіби көркем-өнер, экономика, математика және ақпараттық технология факультеттерінің декандары болашақ энергеиткасы, баламалы және қалыпқа келу энергетикасын дамыту, «жасыл экономика» технологиялары бойынша ғылыми-техникалық жобаларды әзірлеу жөніндегі қызметтерін жандандырсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, аталған факультеттердің декандары.

Мерзімі: оқу жылы ағымында.

13. Студенттердің ғылыми жобалар әлеуетін жүзеге асыру мақсатында физика-техникалық факультетінде студенттердің тәжірибе-құрастыру бюросын ашсын.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, физика-техникалық факультетінің деканы.

Мерзімі: сәуір 2014 жыл.

14. «Универ – студенттер әлемі» интернет-форумы, «Жастар әлемі - Мир молодёжи» газеті арқылы қазақстандық патриотизмді қалыптастыру және рухани-өнегелік құндылықтарды насихаттау бойынша жұмыстар күшейтілсін.

Жауаптылар: тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор, баспасөз қызметінің жетекшісі.



Мерзімі: тұрақты.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет