Ж. Ғылыми кеңестің шешімі (Хаттама №15)



Дата16.06.2016
өлшемі34.8 Kb.
#140048
25.05.2013 ж. Ғылыми кеңестің шешімі

(Хаттама № 15)
1. «Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы анықтаған кемшіліктерді жою жөніндегі академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің іс шаралар жоспарын» бекіту туралы.

Қаулы етті:

1. «Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы анықтаған кемшіліктерді жою жөніндегі академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің іс шаралар жоспарын» бекіту туралы.


2. Ғылыми зерттеулердің тәжірибелік маңызы және олардың нәтижелерінің үдемелі индустриалдық-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы аясында сұранысқа ие болуы.

Қаулы етті:

1. Факультеттер ҚарМУ ғалымдарының ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізу үшін инвесторлар табу бойынша жұмыстарын күшейтсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, факультет декандары.

Мерзім: бір жылдың ішінде.

2. Университет ғалымдарының қолданбалы құрамдас ғылыми жобаларын нығайту үшін кәсіпорындарда ҚарМУ кафедраларының филиалдарын ашу бойынша жұмыстары жандандырылсын.

Жауаптылар: биология-география, физика-техникалық, химия факультеттері мен математика және ақпараттық технология факультеттерініз декандары, аталған факультеттердің кафедра меңгерушілері.

Мерзім: бір жылдың ішінде.

3. Қаржыландырлатын ғылыми жобалар жетекшілерінің зерттеу нәтижелері туралы жыл сайынғы есебі тәжірибеге енгізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Инновациялық-технологиялық орталықтың директоры, қаржыландырлатын ғылыми жобалардың жетекшілері.

Мерзім: жыл сайын.

4. Ғылыми зерттеулер жасау үшін мемлекет пен университет қаражатынан бөлінген қаржы мақсатты бағытта жұмсалуына аудит жүргізілсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, бас бухгалтер, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.

Мерзім: 2013 жыл маусым.
3. Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың академиялық еркіндік принциптері мен Болон процесі аясында академиялық ұтқырлық бағдарламаларын жүзеге асыруы туралы.

Қаулы етті:

1. Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың академиялық ұтқырлық бағдарламасы мен академиялық еркіндік қағидаларының жүзеге асырылуы қанағаттанарлық деп танылсын.

2. Сыртқы және ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасының қатысушылар саны университеттің барлық мамандықтарының студенттерін тарту арқылы ұлғайтылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Студенттерді тіркеу және академиялық ұтқырлық орталығының жетекшісі, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзім: 2015 жылға дейін.

3. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасы магистранттар мен докторанттардың ішкі академиялық ұтқырлығын кеңінен дамыту жұмыстарын жоспарлы түрде жүргізсін.

Жауаптылар: ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзім: 2015 жылға дейін.

4. Оқытушылардың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессорлық-оқытушы құрамы серіктес жоғары оқу орындарында дәріс оқу тәжірибесі енгізілсін.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, Студенттерді тіркеу және академиялық ұтқырлық орталығының жетекшісі, кафедра меңгерушілері.

Мерзім: үнемі.

5. Біріктірілген білім беру бағдарламалары бойынша мамандарды бірлесіп даярлау, студенттермен және магистранттармен академиялық айырбасты жандандыру мақсатында Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасы, Студенттерді тіркеу және академиялық ұтқырлық орталығы, шетелдік және отандық жоғары оқу орындары, халықаралық ұйымдар арасынан серіктестер санын көбейтсін.

Жауаптылар: Жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық бағдарламалар басқармасының бастығы, Студенттерді тіркеу және академиялық ұтқырлық орталығының жетекшісі, кафедра меңгерушілері.

Мерзім: бір жылдың ішінде.

6. Элективті пәндер каталогын құру кезінде оқытушылар мен білім алушылардың академиялық еркіндік қағидалары жетекшілікке алынсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, факультет декандары, кафедра меңгерушілері.

Мерзім: бір жылдың ішінде.

7. Академиялық ұтқырлық бағдарламасына конкурстық негізде қатысу үшін студенттерге ҚарМУ грантын құру мүмкіндігі қарастырылсын.

Жауаптылар: оқу ісі жөніндегі проректор, бас бухгалтер, экономикалық жоспарлау және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы.

Мерзім: 2013 жыл маусым.


4. 2013-2014 оқу жылына арналған оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбелерді бекіту.

Қаулы етті:

1. 2013-2014 оқу жылына арналған оқу жоспарлары мен академиялық күнтізбелер бекітілсін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет