«Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми Орталығы туралы ереже п қАЗҰУ



Дата07.07.2016
өлшемі109.91 Kb.
#182871


ӘЛ-Фараби атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


БЕКІТЕМІН

Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі проректор

_____________ Т.С. Рамазанов

«_____»_______ 2013 ж.


«Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми Орталығы туралы

ЕРЕЖЕ
П ҚАЗҰУ


Көшірме

Код

Басылым

Дайындалды

Келісілді

Келісілді



П ҚАЗҰУ

Бірінші

Сұлтанбаева Г.С.


Экономикалық және өндірістік мәселелер жөніндегі проректор м.а.


Нұргазин М.С.

Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі департамент директоры

Тасибеков Х.С.

Журналистика факультетінің деканы

Әбиманұлы Ө.

Философия және саясаттану

факультетінің деканы

Масалимова Ә.Р.


Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі бөлім басшысы

Садыханова Г.А.


Бухгалтерлік есепке алу және есептеу басқармасының басшысы - бас бухгалтер

Жүсіпова Р.Қ.


Құқықтық жұмыс және әскери-жұмылдыру қамтамамсыз ету басқармасының басшысы

Құрманалиев Б.О.

Кадр және мұрағат істері басқармасының басшысы Мадиярова А.C.

Аккредитация, рейтинг және сапаны басқару жөніндегі орталықтың директоры Минажева Г.С.

Алматы қ., 2013 ж.



I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Білім туралы», «Ғылым туралы», «БАҚ туралы», Заңдары, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» мемлекеттік кәсіпорны (ары қарай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) Жарғысы негізінде әзірленіп, «Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы қызметінің мақсаты, міндеттері мен тұжырымдарын, сондай-ақ қызметкерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындаудағы қарым-қатынас тәртібін айқындайды.

  1. «Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының мемлекеттік тілдегі толық атауы: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» мемлекеттік кәсіпорны жанындағы «Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығы; қысқарған атауы: «Медиасфера» ғылыми орталығы. «Медиасфера» Гуманитарлық зерттеулер ғылыми орталығының орыс тіліндегі толық атауы: Научный центр гуманитарных исследований «Медиасфера» при Республиканском государственном предприятии на правах хозяйственного ведения «Казахский национальный университет имени аль-Фараби» Министерства образования и науки Республики Казахстан; қысқарған атауы: Научный центр «Медиасфера».

  2. «Медиасфера» ғылыми орталығы өз қызметінде Қазақстан Республикасының әрекеттегі заңдарын және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Жарғысы мен басқа да нормативті құжаттарды, осы Ережені басшылыққа алады.

  3. «Медиасфера» ғылыми орталығы жүргізетін және үйлестіретін зерттеулер мен алынатын ғылыми нәтижелердің жоғары сапасына, ұжымның шығармашылық мүмкіндіктерін барынша жүзеге асыруға жағдай жасауға жауапты.


2. ОРТАЛЫҚ НЫСАНЫ, МАҚСАТЫ ЖӘНЕ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2.1. «Медиасфера» ғылыми орталығы қызметінің басты нысаны гуманитарлық ғылым саласында іргелі, басым бағыттағы, қолданбалы, ізденістік және т.б. ғылыми зерттеулер жүргізу болып табылады.

  1. «Медиасфера» ғылыми орталығының негізгі мақсаты зерттеу, насихаттау және жарияланымдау арқылы білімді сақтау, әзірлеу және тарату бойынша ғылыми, ғылыми-ұйымдастырушылық жұмыстарын үйлестіру болып саналады.

  2. «Медиасфера» ғылыми орталығының негізгі міндеттері:

- елдің саяси-әлеуметтік, экономикалық-инновациялық ахуалы мен дамуын тиімді бағалауға бағытталған ақпараттық-коммуникативтік технологияларды зерттеу, талдау және әзірлеу;

- қоғамның рухани-өркениетті, мәдени дамуына ықпал етерлік коммуникациялық менеджмент және стратегиялық әдіс-тәсілдерді зерттеу, талдау және әзірлеу;

- ақпараттық-сандық дәуір талаптары мен ақпараттық қоғам дамуының шетелдік және қазақстандық тәжірибесін зерттеу, талдау;

- білім қоғамы дамуының озық тәжірибелерін зерттеу, ұлттық моделін айқындауға бағытталған гуманитарлық сараптаулар жүргізу, талдау;

- ақпараттық мәдениет, ақпараттық саясат, ақпараттық теңдік, ақпараттық пәрменділік, коммуникативтік үндеу мәселелерін зерттеу, олардың жүйелілігін, ықпалдылығын, нәтижелелігін талдау;  

- ұлттық және жаһандық коммуникация арналары мен PR-индустриясын зерттеу, ұлттық медиа-нарық дамуына бағытталған ақпараттық-коммуникативтік технологиялар әзірлеу;

- елдік брендинг, мемлекеттік имиджеология, мемлекеттік ақпараттық саяси науқандарды кәсіби жүргізуге бағытталған HR, PR-технологияларын зерттеу, талдау және әзірлеу;

- елдің зияткерлік дамуын бағытталған материалдық емес құндылықтарды бағалау мақсатында қоғамдық пікірді зерттеу, әлеуметтік жобалау;  

- елде және шетелде іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізу үшін грант алу мақсатында байқауларға қатысу;

- ақпараттық, коммуникативтік және гуманитарлық технологиялардың деректер базасын жинақтау, жасау;

- Қазақстандағы БҰҰ өкілдігімен бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу, ақпараттық науқандар, біліктілікті арттыру шараларын ұйымдастыру, өткізу;

- «журналистика», «мәдениеттану», «саясаттану», «әлеуметтану» мамандығы бойынша білім алатын ғылыми жобаларға қатысатын, ғылыми жарияланымдары бар магистранттар және PhD докторанттардың өндірістік тәжірибе, ғылыми тәлімгерліктен өтуін ұйымдастыру;



  • «Медиасфера» ғылыми орталығының қызмет саласы ғылыми-зерттеулер жүргізетін отандық және шетелдік ғалымдармен тәжірибе алмасу, бірлескен жобаларды үйлестіру, жүзеге асыру;

  • республикадағы және шетелдердегі ғылыми-зертеу мекемелерімен ғылыми байланыстар орнату мақсатында келісім-шарт жобаларын жасау;

  • конференция және симпозиум, өндірістік тәжірибе, ғалымдардың шетелде білімін жетілдіру, ғылыми экспедиция жүргізу, көрмелер, тақырыптық кездесулер ұйымдастыру;

  • ғылыми еңбектерді отандық және шетелдік баспаларға даярлау, бірлескен баспа жобаларын жүргізу;

  • ғылыми зерттеулердің мақсатына жету үшін заңмен шектелмеген басқа да әрекеттерді жүзеге асыру.

2.4. «Медиасфера» ғылыми орталығы ғылыми-зерттеу бағдарламалары аясында меншіктің барлық түріне жататын ғылыми мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындармен жекелей де ынтымақтастық негізінде де ғылыми зерттеулер жүргізеді.

2.5. «Медиасфера» ғылыми орталығы қызмет саласы:

- ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарын әзірлеу;

- ғылыми-зерттеулер жоспарларын дайындау;

- ақпараттық қорлар жасау, БАҚ мониторингі, контент-талдаулар, факторлық талдаулар, ақпараттық-коммуникативтік талдаулар, гуманитарлық сараптаулар жүргізу;

- ғылыми сипаттағы түрлі шараларды ұйымдастыру және қаржылық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

- зерттеу жұмыстарын ғылыми-ақпараттық қамтамасыз ету;

- баспа қызметін жүзеге асыру;



  • қызметкерлердің магистратура, PhD, тәлімгерлік арқылы біліктілігін арттыру;

  • ғылыми интеллектуалды меншік қорғау, еңбек және оны қорғау туралы заңды сақтау;

- елдегі және шетелдегі басқа да ғылыми ұйымдармен байланыс орнату.

2.6. «Медиасфера» ғылыми орталығының ғылыми-зерттеу жұмысы:



  • кәсіби білікті журналист, қоғаммен байланыс, саясаттанушы, әлеументтанушы мамандарымен;

  • жоғары оқу орындары мен елдегі және шетелдегі басқа ғылыми ұйымдардан жіберілген тәлімгерлермен;

- курстық, дипломдық жұмыстарын, докторлық диссертацияларын, сондай-ақ басқа да зерттеу жұмыстарын орындайтын білім алушылармен орындалады.

2.7. «Медиасфера» ғылыми орталығы Ғылыми кеңесі мәжілісінде қарастырылған және бекітілген, аяқталған ғылыми зерттеу жұмыстары бойынша ғылыми есептер әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық жұмыс жөніндегі департаментіне бекітілген тәртіп бойынша жіберіледі.


3. ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1. «Медиасфера» ғылыми орталығының экономикалық қызметі сыртқы қорлардың (гранттар, демеушілік қолдау) есебінен жүзеге асады.

3.2. «Медиасфера» ғылыми орталығының қаржылық қоры:



  • ҚР қауіпсіздігі мен тәуелсіздігі мүддесіне сай келетін мемлекеттік ғылыми зерттеу бағдарламасы, приоритетті қолданбалы ғылыми зерттеулер, стратегиялық зерттеу бағыттары бойынша орындалатын зерттеулерді мақсатты қаржыландыру қорлары есебінен;

  • мемлекеттік ғылыми қорлардың гранты бойынша орындалатын зерттеулерді мақсатты қаржыландыру есебінен;

  • халықаралық бағдарламалар, халықаралық және шетелдік коммерциялық емес ұйымдар мен қорлардың гранттары мен субсидиялары, байқау жобалары, ынталы тақырыптар мен әзірлемелер бойынша зерттеулерді мақсатты қаржыландыру есебінен;

  • шарт (келісім) бойынша жұмыс орындауға тапсырыс берушілер, соның ішінде шетелдік тапсырыс берушілер есебінен;




  • басқа да Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша рұқсат етілген қаржылар есебінен құралады;

  • «Медиасфера» ғылыми орталығының ақшалай қаржысы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың есеп шотына түседі;

  • «Медиасфера» ғылыми орталығының ақшалай қаржысы ғылыми-иновациялық жұмыс жөніндегі проректор бекіткен смета бойынша жаратылады.


4. ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
4.1. «Медиасфера» ғылыми орталығын еңбек шарты негізінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректоры тағайындайтын директор басқарады. «Медиасфера» ғылыми орталығының директоры тікелей әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректорына, Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректорға бағынады.

  1. «Медиасфера» ғылыми орталығының жұмысын Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректоры үйлестіреді.

  2. «Медиасфера» ғылыми орталығы директоры:




  • «Медиасфера» ғылыми орталығы қызметінің басшылығын атқарады;

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесі шешімдерін жүзеге асырады;




  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесіне ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарын қарастыруға ұсынады, оларды ұйымдастырады және орындалуын басқарады;

  • Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми кеңесі алдында ғылыми-зерттеу жұмыстары жоспарының орындалу барысы, сондай-ақ «Медиасфера» ғылыми орталығы қызметінің басқа да мәселелері бойынша есеп береді;

  • «Медиасфера» ғылыми орталығы есептерін бекітеді;

  • бекітілген жоспар мен смета аясында «Медиасфера» ғылыми орталығының барлық материалдық қорларын басқарады;

  • штаттық қызметті атқаруға тиісті тұлғаларды таңдайды;

  • «Медиасфера» ғылыми орталығының қызметі мен ғылыми нәтижелеріне жауапты болады;

  • «Медиасфера» ғылыми орталығы құзыреттілігіне қатысты басқа да мәселелерді шешеді.

Директор қызметін ереже бойынша бұқаралық коммуникация, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық мәселелер мен гуманитарлық білімдер бойынша арнайы маманданған ғылым докторы атқара алады.
5. ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ
«Медиасфера» ғылыми орталығы қызметтік нұсқаулықтар талаптарына сәйкес ғылыми қызметкерлерден тұрады.
6. ЕСЕП ЖӘНЕ ЕСЕП БЕРУ
- «Медиасфера» ғылыми орталығы жыл сайын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі департаментіне өзінің ғылыми-зерттеу және ғылыми-ұйымдастыру қызметі бойынша есеп ұсынады;

- «Медиасфера» ғылыми орталығының қызметін кешенді және мақсатты тексеру әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тиісті бөлімдері жүзеге асырады.


7. ЖОСПАРЛАУ

7.1. «Медиасфера» ғылыми орталығы «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясына, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2015-2020 жж. Даму стратегиясына сәйкес ғылыми қызметінің негізгі бағыттарын анықтайды. «Медиасфера» ғылыми орталығының ғылыми қызметі жоспарының негізіне тақырыптық жоспарлар, ғылыми-зерттеу жұмыстары жобалары, тапсырыс берушілермен шарт жобалары, ғылыми өнім нарығын конъюнтуралық зерттеу мен тұтынушы сұранысын бағалау жатады.


7.2. Ғылыми және инновациялық қызметін тиімді ұйымдастыру мақсатында «Медиасфера» ғылыми орталығы:

- тақырыптық жоспарлар мен приоритеттерді анықтап, инновациялық ғылыми идеяларды қолдайды;

- түрлі қорлардан қаржылық ассигнацияларды тартады;


  • мемлекеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруға ұсынылған ғылыми тақырыптар мен инновациялық жобаларды сараптауды ұйымдастырады;

  • отандық және шетелдік зерттеу тәжірибесіне мониторинг жүргізеді;

  • ғылыми конференциялар мен семинарларды өткізеді.


8. ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ ЕҢБЕК АҚЫСЫ


  1. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Медиасфера» ғылыми орталығының ғылыми өнімдерін өндіруі, қызметін көрсетуі, ғылыми жобаларды орындауын қамтасыз ету үшін университеттің есеп шотындағы «Медиасфера» ғылыми орталығының қаржылық қорына сәйкес қызметкерлерді ұсынады.

  2. «Медиасфера» ғылыми орталығының қызметкерлерімен еңбек қарым-қатынасын жалақы шарттары, шарт мерзімі, өнім сапасын талаптары, ҚР еңбек заңдарына сәйкес жұмыс беруші мен қызметкердің мүддесін білдіретін басқа да мәселелер қарастырылған еңбек шартымен реттеледі.

8.3. Қызметкерлердің еңбек ақысы қарастырылған жалақысы мен ережесін, қаржы мөлшерін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бекітілген тәртіп бойынша анықтайды.
9. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
9.1. ҚР заңдары мен халықаралық келісімдер мен шарттарға сәйкес «Медиасфера» ғылыми орталығы жоғары оқу орындары және шетелдік ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады.

9.2. «Медиасфера» ғылыми орталығының халықаралық ынтымақтастық саласындағы қызметі мынадай бағыттарды қамтиды:



- бәсеке қабілетті зерттеулерді жүргізу мен ғылыми жобаларды бірлесіп әзірлеу;

  • шарт негізінде немесе арадағы фирмалар арқылы өзінің ғылыми өнімдерін шетелдік нарыққа шығару және жүзеге асыру;

  • ғылыми және инновациялық жобаларды жүзеге асыруда шетелдік инвестицияны тарту;

  • өзара тәжірибе алмасу, ғылыми кадрларды дайындау мен тәлімгерліктен өткізу;

  • бірлескен халықаралық конференциялар мен семинарлар, іскерлік кездесулер өткізу;

  • жүргізілген зерттеулер бойынша шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдармен дербес және бірлескен жарияланымдар жариялау.


10. ОРТАЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН ТАРАТУ
«Медиасфера» ғылыми орталығының қызметін тарату әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми кеңесі шешіміне сәйкес әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ректоры жүзеге асырады.




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет