Жөніндегі комиссия төрағасы Қ. Бүркітбаев



Дата01.07.2016
өлшемі142.2 Kb.
#170287
«БЕКІТЕМІН»

Аудан әкімінің орынбасары,

Аудандық әйелдер істері және

отбасылық – демографиялық саясат

жөніндегі комиссия төрағасы

Қ. Бүркітбаев

«10» желтоқсан 2012 жыл
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның 2013 жылға арналған жұмыс

ЖОСПАРЫ




Іс-шаралардың мазмұны

Откзілетін мерзімі


Жауапты орындаушылар

І . Комиссия мәжілісінде қаралатын мәселелер

І тоқсан

1

Аудандық комиссиянын 2012 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі




Қ. Бүркітбаев,

Е. Метелев




ІІ тоқсан

1

15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы апталығы» жоспарының орындалуы туралы есебі. ауыл округтерінің әкімдері және бөлім басшылары




Ауыл округтерінің әкімдері және бөлім басшылары, АІСБ басшысы А.Тулегенов

ІІІ тоқсан

1

Аудандық деңсаулық сақтау саласының аудан әйелдерінің ұрпақ әкелу , деңсаулығын сақтау мен нығайтуда, өмір сүру сапасын жақсартуда атқарған жұмыстары туралы




Аудандық деңсаулық сақтау бөлімі

2

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу жайлы туралы есебі




Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша)

3

Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасына сәйкес әйел азаматшаларға және жас отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек жайлы




Жұмыспен қамту орталығының директоры А.Жәнібеков

ІV тоқсан

1

Ауыл округтерінің әкімдерінің және әйелдер кеңесінің төрайымдырының гендрілік теңдік саясатын іске асыруда атқарылған жұмыстары туралы есебін тындау. Төменарық, Аққорған, Бесарық ауылдық округтері




Төменарық, Аққорған, Бесарық ауыл округтерінің әкімдері

2

Ауданда кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық профилактикасы іске асырылуы туралы




Аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық білім бөлімі

3

Көпбалалы аналардың әлеуметтік қорғау мәселелері , жетім және мүгедек балалардың мүдделерін қорғау мәселелері




Аудандық жұмыспен қамыту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

Сараптамалық жұмыстар

1

Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік стратегиясын іске асыру жөніндегі 2013 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының орындалуына мониторинг жасау

Жылына 1 рет

Е. Метелев

Комиссия мүшелері



2

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу жұмыстарына сараптама жасау

Тоқсан сайын

Аудандық ішкі істер бөлімі (келісім бойынша)

3

Әйелдер, отбасы, неке, ерлер мен әйелдердің қарым-қатынастарына байланысты жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында шыққан материалдарға сараптама жасау

Жылына екі рет

Комиссия мүшелері

Көпшілік – мәдени жұмыстар (Байқаулар, акциялар, кездесулер)

1

Жергілікті мемлекеттік құрылымдарымен және қоғамдық бірлестіктерімен бірігіп, шаралар ұйымдастыру;

  • Дүниежүзілік денсаулық күніне (7 сәуір)

  • -Халықаралық отбасы күніне (15 мамыр)

  • Балаларды қорғау күніне / 1 маусым/

  • Бұқаралық ақпарат құралдары күніне / 27 маусым/

  • Халықаралық жастар күніне /12 тамыз/

  • Халықаралық қарттар күніне /1 қазан/

  • Балалар құқықтары туралы Конвенцияның қабылданған күніне / 20 қараша/

  • Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күніне / 25 қараша/

  • БҰҰ-ның әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою туралы конвенциясын қабылдау күніне / 18 желтоқсан/

Жыл көлемінде

Е. Метелев

Комиссия мүшелері

Ж. Әбдусаметов
А. Тулегенов
Б. Ибрагимов

А. Тилеубергенова


Н. Бакиров
М. Ауанов
Б. Ибрагимов

Ғ. Ахметов





2

8 Наурыз –халықаралық әйелдер күніне орай облыс, аудан әкімінің мерекелік қабылдауын ұйымдастыру

наурыз

Аудандық комиссия

3

Наурыз мейрамы отбасылық, этномәдени дәстүрлерді қайта жаңғыртуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру

Ақпан-наурыз

Аудандық комиссия , Үкіметтік емес ұйымдар, аудандық мәдениет және тілдер дамыту бөлімі

4

Республикалық «Қанатты әйелдер» жәрменкесіне кәсіпкер әйелдерді қатыстыру

2-3 тоқсан

Аудандық ішкі саясат бөлімі, аудандық кәсіпкерлік бөлімі

5

Отбасы күніне орай «Менім жанұям» атты отбасылар арасындағы сайыс

Сәуір-мамыр

«Ақбаян» қоғамдық ұйымымен бірлесіп

6

Ұлы Жеңістің 68 жылдығына орай соғыста қаза тапқан жауынгерлердің жесірлердің, соғыс жылдарында тылда еңбек еткен әйелдерді кеңінен қамтып, құрмет көрсету мерекелік шарасын ұйымдастыру

мамыр

М. Ауанов

Кент және ауыл округтерінің әкімдері



8

1 маусым – балалар күнінне орай «Ананы бағалап, баланы аялап», атты дөңгелек үстөл өткізу.

мамыр

Аудандық білім бөлімі

10

ҚР Конституциясы күніне орай дөңгелек үстел

тамыз

Аудандық әділет бөлімі

11

Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою үшін халықаралық күрес күніне (25 қараша), «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» науқаны аясында іс-шаралар

желтоқсан

Аудандық ішкі саясат бөлімі

Аудандық ішкі істер бөлімі



Аудан әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиямен жұмыс

1

Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, ауыл әйелдері арасында құқықтық ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізу, гендерлік теңдік саясатын түсіндіру

Жыл бойы

Комиссия мүшелері


2

Балалар мен жастарға рухани-имандылық және патриоттық тәрбие беру мәселелері бойынша оқушылармен белгілі қоғам қайраткерлерімен, саясаткер әйелдер, жазушылармен кездесу ұйымдастыру.

Жыл бойы

Комиссия мүшелері

2

Жергілікті құқық қорғау органдардағы гендерлік саясатты қалыптастыру және іске асыру мақсатында семинар-тренинг өткізу

3-4 тоқсан

Аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық прокуратура (келісім бойынша)

3

Отбасы, әйелдер, балалар құқықтары мен мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін қоғамдық ұйымдармен мемлекеттік органдардың өзара байланыстарын дамыту

Жыл бойы

Аудандық комиссия

4

Жеке азаматтарды қабылдау, олардың арыз-шағымдарын дер кезінде қарау

Үнемі

Қ. Бүркітбаев,

Аудандық комиссия



Ақпараттық-ағарту жұмыстары

1

Елбасы мен Үкімет тарапынан жүргізілетін отбасылық-демографиялық саясатты, қоғамның саяси өміріндегі әйелдердің орнын, оның ішінде лидер әйелдердің бизнесін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы барынша насихаттау, жергілікті баспасөзде арнайы айдарда материал шығару.

Үнемі

Аудандық комиссия

2

Аудандық комиссияның атқарып жатқан жұмыстарын БАҚ-да жариялау

Үнемі

Аудандық комиссия

Ескерту: Жылдық жоспарға жыл бойына өзгерістер мен толықтырулар еңгізілуі мүмкін
Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасында 2006-2016 ж.ж арналған Гендірлік тендік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, ауданының 2012-2016 ж.ж арналған іс-шара жоспары бекітілген. Комиссияның жылдық жоспары әзірленіп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Аудандық екі комиссия отырысы, облыстық комиссия мүшелерінің қатысуымен 1 комиссия көшпелі отырысы өтті.

Аудандық комиссия отырысында қаралған мәселелер.



  1. 15 мамыр – Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы апталығы» жоспарының орындалуы туралы есебі (хабарламашы АІСБ басшысы

А.Тулегенов)

2. Ана мен бала денсаулығын қорғау жайлы (хабарламашы аудандық



ауруханасының бас дәрігері С.Ысқақов)

3. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтын алдын алу жайлы (хабарламашы



аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғ.Ахметов)

4. Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасына сәйкес әйел азаматшаларға

және жас отбасыларға көрсетіліп жатқан көмек жайлы (хабарламашы Жұмыспен қамту орталығының директоры А.Жәнібеков)

Облыстық комиссияның көшпелі отырысында аудан әкімінің орынбасары, комиссия төрағасы Қ. Бүркітбаев «Жаңақорған ауданындағы отбасы мәртебесін көтеру мен отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған жұмыстар туралы» баяндама жасады

Халқымыз ер-азаматты шаңырақ иесі десе, әйел-ананы отбасының алтын қазығы деп жоғары бағалаған. Ерлі-зайыптыларға арнап айтылған осы бір тамаша теңеу ғасырдың тереңінен толғанып, өмірдің бай тәжірибесінен шыққан болса керек.

Бұрын «әйел теңдігі» ұғымы-мәселе болса, бүгінгі күні ол «гендерлік теңдік» деген үлкен саясатқа ұласып, мемлекет басшысының қолдауымен осы гендерлік теңдік аясында «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң қабылданды.

Осы қабылданған құқықтық нормативтік құжат аясында, ауданымызда азаматтық қоғам ұлттық гендерлік теңдік саясатты жүзеге асыруға және өмірдің барлық саласында гендерлік теңдікке қол жеткізу тетігін жасауға белсенді түрде, жұмыстар жүргізіп келеміз.

Елбасы Жолдауында «Қоғамның өркениеттік деңгейі оның әйелдерге деген қарым-қатынасымен өлшенеді...» деп тұжырымдауында үлкен мән жатыр. «Отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың профилактикасы туралы» Заң тек әйелдерге ғана емес, отбасының басқа да мүшелерінің тең құқықтарын сақтап, тұрмыстағы, қысымды болдырмауға ықпал етеді.

Жыл басынан бері әйелдерге жасалған зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында аудан көлемінде 350-ге жуық жадуал таратылып, 4 плакат шығарылды. Бұл аудан халқының құқықтық сауаттылығын ашуға жәрдемін тигізді. Есепті мерзіге аудан бойынша жалпы әйелдер саны – 39054-ке жетсе, оның туу жасындағылар 19565-і құрап отыр

Аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық – демографиалық саясат жөніндегі комиссиясы Қазақстан Республикасында 2006-2016 жыларға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру жөніндегі іс – шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып, ауданның 2012-2016 жылдарға арналған іс-шара жоспары жасалып бекітілген.

Жыл сайын комиссияның жылдық жоспары әзірленіп, жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

«Аудандық комиссияның 2012 жылы атқарылғын жұмыстарының есебі», «Гендерлік теңдік стратегиясын түсіндіру жөніндегі ақпараттық –ағарту жұмыстарын ұйымдастыру жұмыстары туралы», «Ауылдық округ әкімдері мен әйелдер кеңесі төрайымдарының бірлесіп атқарып отырған гендрлік теңдік саясатын іске асыру жұмыстары туралы» Жаңақорған кенті мен Өзгент, Жаңарық, Сунақата, ауылдық округі әкімдерінің есебі, сондай-ақ «Аудандық денсаулық сақтау саласы басшылығының ұрпақ әкелу, денсаулығын сақтау мен нығайтуда, өмір сүру сапасын жақсартудағы атқарған жұмыстары туралы» аудандық аурухананың бас дәрігері Сәулебек Ысқақаовтың, «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты, жезөкшелікті, адам саудасына байланысты қылмыстармен күрес жүргізу туралы» аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы Ғалымжан Ахметовтың, «Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасы апталығы» жоспарының орындалуы жөнінде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ә. Төлегеновтың хабарламалары тыңдалған.

Аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінде Гендерлік теңдік саясат стратегиясын жүзеге асыру максатында мемлекеттік мекемелер және Үкіметтік емес ұйымдармен, ішкі істер бөлімі, әйелдерге қатысты құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мәселелері бойынша, өзара іс-қимыл жасасу нысандары мен әдістері, әйелдердің абыройы мен ар-намысына қол сұғатын, оның отбасынадағы беркесі мен тынышын алатын қоғамдық беделін түсіретін қылмыстың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар тұрақты беріліп келеді. Аудандық емханада «Болашақ аналар мектебі» жұмыс істейді. Әр аптаның бейсенбі күні дәрігерлер жүкті әйелдермен «қауіпсіз жүктілік», «босануға дайындық», «нәресте күтімі», «босаңғаннан кейінгі кезең» және «жанұяны жоспарлау» сияқты сабақтары өткізіледі.

Есепті мерзмде 5 суицид фактілері орын алды. Жүргізілген зерделеу жұмыстарының нәтижесінде өзіне-өзі қол жұмсап, о дүниелік болғандардың басым көпшілігі 15-25 аралығындағы қыз-келіншектерді құраған. . Алдағы уақытта мұндай қолайсыз оқиғаларға жол бермеу мақсатында психологиялық тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

«Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасында да әйелдер мен ауыл жастарына бағдарламаға қатысуға басым бағыт беріліп ол ойдағыдай іске асырылып отыр.

Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша кәсіптік даярлауға 62 әйел, әлеуметтік жұмыс орындарына 86 әйел жолданса, оның ішінде 20 әйел өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. Жастар тәжірибесімен 77 қызбала жолданған.

Бағдарламаның 4 бағыты бойынша ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында жасалған жол жөндеу жұмыстарына 9 әйел азаматша жұмысқа тартылған.

Ауданымызда әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Денсаулық, білім, экономика, мәдениет, әлеуметтік саланың тізгінін түзу ұстап жүрген әйелдердіғ қай-қайсысын алсақ та өз беделдерімен қатар, сол саланың жауапкершілігін арттырып, жұртшылықтың құрметіне бөленуде.

Кешегі кеңес дәуірі кезінде де отбасының бірлігін сақтап, бала тәрбиелеп, ерлерін сыйлап, қызмет пен отбасының тірлігін қатар алып, әсіресе партия, кеңес жұмысында және басшылық қызметтерде, егін даласында, мал шаруашылығында ерлермен қатар еңбек етіп, еліміздің байлығын молайтқан аналарымыздың ерен еңбектері бүгінгі ұрпаққа қашанда үлгі-өнеге . « Ауданының құрметті азаматы» халық депутаттары аудандық кеңесі атқару комитеті председателінің орынбасары болған Патима Тілеубаева, Мавжуда Бегалиеваны , ауылдық Кеңес Председателі болған Жақсыгүл Бегманованы, аудандық партия комитетінің бөлім меңгерушісі болған Манзура Құлымбетованың, ұлағатты ұстаз көп жыл мектеп басқарған Хадиша Баязитованы, аудан әкімі аппаратында бөлім меңгерушісі болған Жәмила Бадированы, Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болған күрішші Қамар Үсенбаеваны, темір тұлпар тізгіндеген Айша Наубаева, тағы басқа да апаларымызды мақтаныш тұтамыз.

Бүгінгі таңда әйел аналар ұрпақ тәрбиелеумен қатар қоғамымыздың барлық салаларында да белсенділік танытуда. Олар қандай қызмет атқарса да, аналық құқығын гүлдендіре отырып, үлкен жауапкершілік пен сенімділіктің, жоғарғы кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, уақыт көшінен қалмай, болашаққа деген сенімнің зор ұйытқысы бола білуде.

Ауыл әкімі қызметін атқарып жүрген Азия Қыстаубаева, басшылық қызметті қатар алып жүрген Зина Балабиева, жеке кәсіпкер Баян Божбанбаева, аудандық мұрағат директоры Зағипа Әбжалелова, №166 мектептің директоры Құралай Орынбасарова, №3 мектеп-интернат директоры Ләззат Нәлібаева, аудандық пошта бастығы Жанаркүл Исмаилова, «Май зауыты» ЖШС-нің төрайымы Гүлнәр Мансурова, Жаңарық ауылдық округінің «Марат» шаруа қожалығының төрайымы Рәйлаш Сәруарова, тағы басқа да әр түрлі салаларда еңбек етіп жүрген апа-қарындастарымыз алтын ұя отбасының ұйытқылары болуда. Олардың есімдері аудан жұртшылығына жақсы таныс. Оларды үлгілі отбасы ретінде бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен насихаттап келеміз. Мұндай өнегелі отбасылар ауданда көптпе саналады.

Ауданда кәсіпкерлік саласында көптеген әйелдер жұмыс атқаруда. Атап айтсақ, олар сауда, қоғамдық тамақтандыру орындарында, тағы басқа салаларда кәсіпкерлікті дамытуға лайықты үлесін қосуда. Ғалия Тұрабаева, Сара Құсайынова, Баян Божбанбаевалар кәсіпкерлікті ауданда алғашқылардың бірі болып қолға алған. Олардың кәсіпкерлік жұмыстарын кейінгілерге үлгі-өнеге ретінде дәріптеп келеміз.

Ауданда «Отбасылық шаралар тұрақты өткізіліп келеді. Мұнда шараларда «Үлгілі отбасылар» арасында сайыстар өткізу дәстүрге айналған. Халықаралық отбасы күні қарсаңында барлық кент, ауылдық округтерде түрлі мәдени-көпшілік шаралар ұйымдастырылды. «Отбасы апталығы» күніне орай «Салауатты отбасы», мектептерде «Менің отбасым», «Біз бір отбасымыз», «Отбасын жоспарлау-жарқын болашақ кепілі», «Мен отбасыммен мақтанамын», «Отбасы және мектеп», «Отасындағы әкенің ролі» деген тақырыптарда кештер, ашық тәрбие сағаттары, диспут, токшоу, кездесулер, семинар-кеңестер өткізілді. Отбасылық концерттер, «Толағай», «Жанұямен бірге», «Салауатты отбасы» отбасылық сайыстар ұйымдастырылды. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында аудан әкімі бір топ өнегелі отбасы Батыр аналарды қабылдап, сый-құрмет көрсетілді.

Гендерлік теңдік саясатты насихаттау мақсатында «Аймақта отбасылық-демографиялық саясатты дамыту әлеуметтік қызметіне 400 00 теңге бөлінген.

Үстіміздегі жылы «Ақбаян» әйелдер қоғамдық бірлестігі Жайылма және Сунақата ауылдық округтерінде «Отбасы, жас отбасылар арасында неке құндылықтарын сақтау, демографиялық мәселелерді арттыру, ұлттық мәдени дәстүрлерді насихаттау мақсатында» пікір-таласын өткізген.

Гендерлік теңдікке қол жеткізу жөнінде мемлекет басшысы жүргізіп отырған мемлекеттік саясатты басшылыққа ала отырып, халық арасында әйелдерді сайланбалы қызметке тарту, әйелдердің қоғамдағы ролін, белсенділігін арттыру, мерекелік тойлар, үйлену тойлары мен жиындарды жаңаша деңгейде өткізуді насихаттау мақсатында жұмыстар жүргізіліп келеді. Сондай-ақ алдағы уақытта қиын отбасыларына психологиялық, рухани, діни кеңестер беру және олардың белсенділігін арттыру, жастайынан түрлі салада еңбек еткен әйелдердің еңбек жолын насихаттау мақсатында олармен тұрақты кездесу өткізу жоспарлануда.

Гендерлік саясаттың мақсаты, меніңше қоғамның дамуын зор үлес қосатын жаңа типтегі әйелдер қауымын тәрбиелеу. Анаған-мынаған еліктеуді қойып, ер-азаматқа арқа сүйеп, алтын басын бағалап, өз орнын біліп отырған әйелдің екі дүниеде де бағы жанады.



Алайда, кейбір жас жұбайлардың бірін-бірі сыйламағандығынан көбінесе ажырасып кету фактілері жиі кездеседі. Мысалы жыл басынан бері ауданда 402 отбасын құраса, 52 отбасы ажырасуға ниет білдіріпті, соның тең жартысы ажырасып кетіпті. Мұның бәрі бірін-бірі сыйламағандықтан, отбасылық ауыртпалықтарға шыдас бере алмағандықтың айғағы. Сондықтан да бұл мәселеге көпшілік болып, көңіл бөліп, белсенділік танытуымыз керек деп білемін.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет