Хх ғасырдағы 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті



Дата18.04.2024
өлшемі201.85 Kb.
#499155


Тақырып: ХХ ғасырдағы 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті
Орындаған:Жумагалиева Б.А
Тексерген:Табулдинова А.М
Топ:КФ-301

ХХ ғасырдағы 20-30 жылдарындағы Қазақстан мәдениеті

Қазақ мәдениетінің өкілдері ХХ ғасырды әрі үмітпен, әрі қауыппен қарсы алы. Дүниежүзілік прогресс Қазақстанға да жете бастады. Ресейдің Москва, Петербург, Омбы, Қазан, Уфа және басқа қалаларында оқитын қазақ жастары орыстың прогрессивті мәдениет үлгілерін қазақ өлкесіне таратты. Қазақтың алдыңғы қатарлы жас өркеніне білім беруде Уфа қаласында орналасқан «Ғалия» медресесінің ролі зор болды. Бұл оқу орнын


Б.Майлин, Н.Манаев және т.б. қазақ зиялылары тәмамдады. ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың тоғысында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, С.Торайғыров, М.Сералин, Х.Досмұхамедов, Ж.Досмұхамедов, Ж.Ақбаев, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Б.Қаратаев, Ж.Сейдалин, М.Тынышпаев, М.Шоқай, Ш.Бөкеев, Қ.Құдайбергенов, Ғ.Қарашев және басқа қазақ зиялылары қазақ халқын ағарту ісіне, оның рухани жағынан өсіп, толысуына елеулі үлес қосты. Өзіне туысқан халықтардағы сияқты Қазақстандағы мәдени қайтадан жаңғыру орыс экспансиясына қарсы шығудан басталды. ХХ ғасырдың басында қазақтан шыққан алғашқы саяси қайраткерлердің бірі Міржақып Дулатов қазақ халқының манифесі – «Оян, қазақ!» өлеңін жариялады. Ол тұңғыш рет халықтық ашық күреске шақырған ұран тастады: «Қазақстаннан болған социал-демократтарға бір ауыз сөз айтамын: Еуропаның пролетариясы үшін қанды жас төгуіңіз пайдалы, бірақ өз халқыңыз қазаққа артық назар салыңыз, орыстың қара халқының күнелтуі ауыр, сонда да алды ашық. Қазақ халқы алты миллиондық бір ұлы тайпа бола тұрып, басқа халыққа қарағанда жәрдемсіз азып-тозып кетер». Міржақып саяси мәселелермен қоса өз шығармасында қазақ мәдениетін тұйықтан шығаратын жолдар іздейді. Ең алдымен мәдени тоқыраудың себебін М.Дулатов бодандықтан көреді. Екі ғасыр арасында қазақтың ұлттық санасының оянуына үлкен әсер еткен тұлғаның бірі — Әлихан Бөкейханов. Ол қазақ хандарының тікелей ұрпағы, ұлт-азаттық қозғалыстың жетекшісі, қазақтың алғашқы саяси партиясының басшысы, қазақтың бірінші ұлттық үкіметі – Алашорданың
көсемі еді. Әлихан Бөкейханов сан қырлы қоғамдық қызметтерімен бірге
қазақтың рухани мәдениетін алғашқы зерттеушілердің қатарында болды. Ол Абайдың шығармашылығы туралы тұңғыш мақаланы жариялады, қазақ эпосы мен фольклоры жөнінде әлі күнге дейін ғалымдарды өзінің ой тереңдігімен таң қалдыратын еңбектер жазды. Солардың ішінегі құндысы – 1899 жылы «Түркістан ведомостыларында» жарияланған «Қырғыздың «Қобыланды» аңызыңдағы әйел» атты еңбегі еді. Әлиханның бұл жерде көтеріп отырған мәселесі бұрынғы қазақтың рухани мәдениетінің бай мұраларына байланысты. Аталған аңызда мұсылмандық дін мен ежелгі тәңірлік түсініктердің қарым-қатынасы, көшпелілер мәдениетіне тән ана мен әйелді қастерлеу, ел намысын пендешіліктен жоғары қою т.б. мәселелер талқыланады. Шексіз сахара қазақ мәдениетін көптеген жылдар бойы сыртқы жаулардан қорғаштап, өзіндік ерекшеліктерін сақтауға себебін тигізді. Дүлей далада тек жүз бен руға бөлінбеген тұтас қауым ғана өмір сүре алатын еді. Қысқаша айтқанда, Әлихан мен Міржақып, Ахмет Байтұрсынов пен Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов пен Сұлтанмахмұт Торайғыров секілді алаштың арыстары өз күресінде халқының ғасырлық мұрасынан қашанда күш-қуат алып отырды. Қазақтың рухани мәдениеті мен менталитетінде өшпес із қалдырған алып тұлғаның бірі – Шәкәрім Құдайбердіұлы. Оның шығармашылығының негізгі тақырыбы мораль философиясы мен мәдениет ілімін қамтиды. Шәкәрім Абайдың немере інісі және ұлы ақынның мұрасына сүйенген. Ол арнайы оқу орнында оқымаса да, араб, парсы, орыс, шағатай тілдерін өз бетімен үйреніп, сол тілдердегі шығармалардан дала ойшылы тұрғысынан ой қорытқан. Абай сияқты Шәкәрім де қазақ елін қалай өркениетті, мәдениетті елдер қатарына қосамын деп талпынады. Оның ойынша, бұл азаматтық өтеудің басты шарты туған елдің бүкіл тарихи мәдени құндылықтарын жоғалтпай, оларды заман талабына сәйкес қолдану. Шәкәрімнің рухани ізденісінде ежелгі сақ-түрік заманынан қалыптасқан ғарыштық дүниетаным ерекше орын алады. Тәңірі, Нұр, Күн, Табиғат – ол үшін қасиетті, киелі ұғымдар. ХХ ғасыр әдебиетінің аса көрнекті өкілі Ахмет Байтұрсынов болды. 1895 жылдан бастап А.Байтұрсынов педагогикалық және әдеби шығармашылықпен айналысты. Қазақ әдебиетінде алғаш А.Байтұрсынов «Қырық мысал», «Маса» атты шығармаларымен көрінді. «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге, рухани көтерілуге шақыру, адамгершілікті, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ол орыстың классик жазушысы И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, «Қырық мысал»деген атпен Петербургте 1909 жылы жеке кітап етіп бастырды. «Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ахаңның ғана ардақты атын айтамыз. Одан басқа жалпақ елдің сынына толып, мейірін қандырған кісілер санаулы. Ахаң ашқан қазақ мектебі, Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаңның салған әдебиеттегі орны – «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылаған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайтын істер болатын. Оны жұрттың бәрі де біледі. Бұның шындығына ешкім де дауласпайды. Сондықтан 50 жылдық тойын істеп отырған қуанышты күнде Ахаңа біздің айтатын сөзіміз: Ахаң еңбегі жанған жанның бірі. Істеген ісінің жемісі – артынан келе жатқан жастар. Оның арты Ахаң мектебіне тізіліп, кіріп жатқан жас буын, жаңа өсіп келе жатқан қазақ әдебиеті Ахаңды өзінің басшысы деп санайды. Қаламынан тамған бал ем болудан айнымайды. Әлде болса, өмірінің ұзақ болып, еңбегінің өнімді болуын тілеуден қазақ баласы қайтпайды», — деп жазды М.Әуезов. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ баспасөзі жақсы дамыды. Егер ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанда бар-жоғы 2 басылым болса, «Түркістан уалаятының» газеті (1870-1883) және «Дала уалаятының» газеті (1888-1902), 1905 жылдан бастап бірқатар жаңа басылымдар шыға бастады. 1907 жылы «Серке», «Қазақ газеті» шыға сала, патша үкіметі пәрменімен өз жұмыстарын тоқтатуға мәжбүр болды. 1911 жылы Троицк қаласында қазақтың көрнекті жазушысы М.Сералиннің редакторлығымен «Айқап» газеті шығарылып, онда қазақ әдебиеті, этнографиясы, тарихы бойынша материалдар басылды. Қазақ баспасөзінің қалыптасуына, әсіресе 1913-1918 жылдары Орынбор және Торғай қалаларында А.Байтұрсынов жетекшілік еткен «Қазақ» газеті өлшеусіз үлес қосты. Газеттің мақсаты қазақ арасында ағартушылық ісін дамыту деңгейін көтеру мәселелері болды.
Сайып келгенде, қазақ баспасөзі халықтың рухани дамуына игі әсерін тигізді. Өзінің барлық 2000-ның үстінде тұратын бай музыкалық коллекциясын Затаевич 500-ге жуық хабаршылардың көмегімен жинақтады. А.В.Затаевичтің қазақтың халықтық музыкасын жинақтап, бастырудағы жанқиярлық еңбегі музыкалық, ғылыми және әдеби қоғам арасында орасан зор қызығушылық туғызды. Көрнекті совет жазушысы А.М.Горький бұл жөнінде: «Міне, менің алдымда «Қазақтың 1000 әні» жинағы жатыр. Олар нотаға түсірілген, олардың аса ерекше әуендері – болашақ Моцарттарға, Бетховендерге, Шопендерге, Мусорскийлерге және Григтерге таптырмайтын бай материал» деп жазды. Затаевич еңбектері аса көрнекті француз жазушысы, музыка зерттеушісі және қоғам қайраткері Ромен Роланның назарына ілікті. 1926 жылы Затаевич Р.Ролланға өзінің шығарған «Қазақтың 1000 әні» жинағынжібереді. Көп кешікпей Затаевич Ролланның жауап хатын алды. Онда Р.Роллан: «Ең алдымен, мен сіздің алабөтен энергиямен осынау бастаған тамаша ісіңізді, адам айтқысыз қиын аштық, эпидемия жағдайында аяқтан шыққаныңызға тәнті болғанымды білдіргім келеді. Сіздің маған жіберген «Қазақ халқының 1000 әні» атты еңбегіңіз менің туған күніме арналған ең тамаша сыйлық болды.»,-деп жазды. 2500 ән мен күйлерді жазып алған Затаевичтің ісін қазақстандық фольклоршылар Д.Д.Мацуцин мен И.В.Коцык жалғастырды. 30 жылдары қазақ музыкасын зерттеуге Б.Г.Ерзакович және Алматы музыкалық-драматикалық техникумы ғылыми-зерттеу кабинетінің қызметкерлері А.К.Жұбанов пен Е.Г.Брусиловский құлшына кірісіп, көп шаруа бітірді. Халық музыкасын оқып-үйреніп, нотаға түсіру жұмыстары, әсіресе Алматы мемлекеттік консерваториясын ұйымдастырғаннан кейін (1944) және 1946 жылы Қазақ ССР-ы Ғылым Академиясы құрылғаннан кейін кең құлаш жайды. Аталған ғылым ордалары жыл сайын Қазақстанның түкпір-түкпіріне бірнеше рет ғылыми-экспедициялар жіберіп, халық музыкасын нотаға түсірді. Экспедиция мүшелері Қазақ ССР-нің барлық облыстарында, Өзбек ССР-нің қазақтар тұратын облыстарында, Ресейдің Таулы Алтай облысында, Астрахан, Омбы, Орынбор облыстарында және Қарақалпақстанда болып, 1980 жылға дейінгі аралықта 10000-ға жуық ән мен күйді нотаға түсірді. Қазақтың халық музыкасын зерттеуге және насихаттауға Қазақ ССР-ы Ғылым Академиясының академигі, өнертану докторы, профессор А.Қ.Жұбанов (1906-1968) зор үлес қосты. 1945 жылы Қазақстан ғылым академиясының бірінші президенті Қ.И.Сатпаевтың ұсынысымен А.Қ.Жұбанов ғылым академиясы жанынан өнертану Секторын құрды. Сектордың Жұбанов басқарған музыка бөлімінің негізгі бағыты қазақтың халық музыкасын және оны құрушылары мен орындаушыларының шығармашылығын зерттеу болды. Жұбанов 1000 ән мен күйді жазып алды және аса көрнекті екі күйші – композиторлар Құрманғазы мен Дәулеткерей шығармаларын өзінің түсініктемелерімен басып шығарды. Жұбанов зерттеушінің алғашқы тырнақалды еңбегі 1936 жылы басылып шыққан «Қазақ халық композиторы-Құрманғазы» очеркі болды. Бұнда зерттеуші қазақтың халық композиторы шығармашылығына терең талдау жасап, оның күйлерінің идеялық мазмұнын, әлеуметтік мәнін ашып, композитордың аспаптық музыканы дамытудағы аса көрнекті рөлін ашып берді. А.Қ.Жұбанов халықтың кәсіби-композиторлары шығармашылығын зерттеуді жалғастыра отырып, 1942 жылы «Қазақ композиторларының өмірі және шығармашылығы» атты кітабын бастырып шығарды. Бұл XIX ғасырда өмір сүріп, шығармалары музыкалық классикаға айналған бір топ халық композиторларының үлкен тобының шығармашылығын қорытындылаудың алғашқы талпынысы еді. 1958 жылы аса көрнекті музыка зерттеушісінің қаламынан «Ғасырлар пернесі» атты жаңа кітап басылып шықты. Кітап халықтың күйші композиторлары Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап, Бәйсерке, Абыл, Ықылас, Сармалай шығармашылығы туралы 10 монографиялық очерктерден тұрады. 1967 жылы А.Қ.Жұбановтың келесі монографиялық зерттеуі «Замана бұлбұлдары» жарық көрді. Бұл зерттеуде А.Қ.Жұбанов қазақ халқының аса көрнекті әнші композиторлары Біржан сал, Ақан сері, Мұхит, Абай, Балуан Шолақ, Жаяу Муа, Ыбырай, Құлтума, Сары, Майра, Естай, Әсет, Нартай, Кенен өмірі мен шығармашылығы туралы 15 очеркпен қатар, 9 очеркте аса көрнекті әнші орындаушылар Әміре Қашаубаев, Қали Байжанов, Қасым Бабақов, Темірболат Арғынбаев, Жүсіпбек Елебеков, Қуан Лекеров, Манарбек Ержанов, Ғарифолла Құрманғалиев, Әли Құрмановтардың қайталанбас өнерлеріне терең мазмұнды сипаттама берді. Халық музыкасының бағалы басылымына З.Жанұзақова құрастырған «Қазақ халқының аспап музыкасы» жинағы жатады. Домбыра, қобыз және сыбызғыға арналған алғашқы бұл еңбекке А.Жұбанов, Ж.Қаламбаев, З.Қоспақов және З.Жанұзақова жазып алған 87 күй енді. Шағын кіріспе мақалада З.Жанұзақова аспаптары туралы, олардың түрлері, бұрауының түсірілуі, ойнау техникасы туралы қызықты мәліметтерді келтіре отырып, күйлердің тақырыптық мазмұнының сан алуандылығынан хабар береді. «Оларда,-дейді Жанұзақова – адам сезімі мен толқынысының аса нәзік нюанстары беріледі: бала туғанына байланысты қуаныш та, жақын адамынан айрылуына байланысты қайғы да, сүймейтін адамға күйеуге берілген қыздың мұңы да, айырылысу сағынышы да, табиғат сұлулығына сүйсінуден туындаған музыкалық портрет те кездеседі». Қазақтың музыкалық фольклорын зерттеу ісіне П.В.Аравин көп еңбек сіңірді. Алматы, Орынбор, Астрахань, Ленинград және Москва архивтері материалдарының негізінде, ол аса көрнекті халық композиторы Дәулеткерей Шығаевтың шығармашылығы жан-жақты талданған монография жазды. Композитордың аспаптық классиканың алтын қорына енген бірқатар белгілі күйлерін талдай отырып, автор Дәулеткерейдің патриот және гуманист ретіндегі шығармашылық бейнесін ашып берді. Қазақтың халық музыкалық аспаптарын оқып-үйрену және қалпына келтіру, сондай-ақ оларды фольклорлық-этнографиялық ансамбльдерге, оркестрлерге пайдалану ісіне Құрманғазы мемлекеттік консерваториясының профессоры Б.Сарыбаев өлшеусіз үлес қосты. Ғалым археологиялық қазбаларды, мұрағаттық құжаттарды, ғылыми еңбектерді зерттеудің нәтижесінде 30-дың үстінде халықтың көне музыкалық аспаптарын іздеп тапты. Бұл жұмыс өнертанушының 1978 жылы жарық көрген «Қазақтың халық аспаптары» атты монографиялық еңбегінде қорытындыланды. Соңғы жылдары халық музыкасын зерттеу ісінде Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваторияның профессоры Қ.Ахмедияров, доцент К.Сахарбаевалар жемісті еңбек етіп жүр.
Қазақстанның көркем мәдениеті Кеңес өкіметі жылдарында әлденеше рет өрлеу мен құлдырау кезеңін басынан өткізді.Егер Қазан төңкерісінің жеңісі тұсында қазақ халықының әдебиеті мен сазгерлік мәдениетінің жеткілікті бай даму тарихы болса,бейнелеу,театр және кино өнері жаңа пайда болу шағында немесе мүлде жоқ еді.Көркем интеллегенцияның шығармашылық туындылары қазақ қоғамының таптық және идеялық-саяси жіктелуін айқын бейнелейді,таптық принциптерді жалпы адамзаттық қазыналардан бағалы санады.Қазақстанның Орталық Азия аймағы елдерімен,Қытаймен байланысы ұзақ уақытқа тыйылды. 20 ж.ж. екінші жартысында профиссионалды театр өнері және қазақтың ұлттық бейнелеу өнері пайда болды.Әнші Ә.Қашаубаев Парижбен Майндегі Франкфурттың концерт залдарында табыспен ән шығарды.Ұлы Отан соғысынң қарсаңында Қазақстанда қазақтың мемелекеттік акдемиялық драма театры,Республикалық орыс драма театры,Қазақтың мемлеткеттік опера және балет театры, ұлт аспаптар оркестрі,симфониялық оркестр, Республикалық қуыршақ театры, Қазақстан суретшілері және жазушылар одағы жұмыс істеді.Өнер саласындағы алты оқу орнында 600-ден астам адам оқыды. Қазақ кеңестік өнерінің қалыптасуы Кеңес өкіметінің орнауы коммунистік идеологияға сай шығармашылыққа өріс ашты.Орынборда,Алматыда,Ақмолада,Семейде,Петропавлда,Оралда,Қостанайда және Қазақстанның басқа да қалаларында клубтар,халық үйлері пайда болды.Қазақ және орыс тілдерінде хор,драма,әдебиет үйірмелері,халық театрлары ұйымдастырылды.Ұлттық әскери құрамалар мәдени-бұқаралық жұмыстың орталығына айналды. Халықтық музыка зерттеле бастады.Этнограф және сазгер А.В.Затаевич екі мың үш жүзден астам халық әндері мен күйлерін жазып алып, «Қазақ халқының 1000 әніә және «Қазақ халқының 500 әні мен күйі» деген жинақтар жариялады. 1925жылы Парижде дүниежүзілік халықтар көрмесінде ұйымдастырылған өнер шеберлерінің жарысында — Одақ халықтарының атынан қатысып, екінші орынға ие болды.1926 жылы қаңтарда Қызылордада ұлттық қазақ театры ашылды.Оның бастауында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Қ.Жандарбеков,Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев,И.Байзақов т.б тұрды. Театрды дарынды драмашы,режиссер Жұмат Шанин басқарды. Сахнада қойылған алғашқы шығарма М.Әуезовтың «Еңлік Кебек» пьесасы болатын.Театр өмірінде Ғ.Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай пьесаларының қойылуы» үлкен оқиға болды. Әлем әдебиетінің классиктерінен театр Н.Гогольдің «Үйлену» мен «Ревизорын», В.Шекспирдің «Оттелосын» сахнаға шығарды. Қазақстан үкіметі осындай атаулы табыстары үшін 1937 жылы театрға Қазақ академиялық драма театры атағын берді.1930 жылдары Семейде, Ақтөбеде, Шымкенте, Петропавлда, Қарағандыда театрлар ашылды. 1933жылы Алматыда ұйғыр музыкалық-драма театры, 1937 жылы Қызылордада корей театры ұйымдастырылды.
Қазақстан кино өнері де 1930 жылдардан бастау алды. «Шығыскино» тресінің Алматы бөлімшесі болды. Ол қазақ даласында бірқатар деректі және дыбыссыз көркем фильмдер түсірді.1934 жылы хроникалы фильмдер студиясы ұйымдастырылды.1938 жылы «Ленфильм» қазақтың бірінші дыбысты фильмі — «Амангелді» картинасын жасап шығарды.1934 жылғы қаңтарда Қазақ мемлекеттік музыка театры ашылды.1934 жылы сазгер А.Қ.Жұбанов Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік оркестрін құрды.1936 жылы Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филормониясы ашылды.Қазақстанның өнері 1936 жылы мамыр айында Мәскеуді өткен қазақ өнерінің алғашқы онкүндігінде өзінің өсіп,толысқанын көрсетті. «Онкүндікте» «Қыз Жібек», «Жалбыр» опералары көрсетілді. Әйгілі әнші Күләш Бәйсейітоваға КСРО халық әртісі құрметті атағы берілді. Жергілікті ұста,шеберлер мен зергерлер дайындаған бұйымдар Петрапаволдағы, Көкшетаудағы (1986 ж,) көрмелерде жұртқа таныстырылды.
Ауыл зергерлерінің сақина,сырға,алқа,белдік,білезік,жүзік сияқты заттарды әсемдеп жасауы да кең таралды.Қазақ ауылында зергерлік әсем бұйымдар жасайтын шеберлер құрметке бөленетін.Көздің жауын алатын мұндай тамаша бұйымдарды кедейлердің сатып алуға халі келмейтін. Халық шеберлері жасаған тамаша бұйымдардың игілігн көретін феодалдық ауқатты топтар. Қазақтың қолөнерлік,зергерлік өнер туындылары-көрнекті бұйымдар тек Қазақстанда ғана емес,Ресейде де белгілі болды. Тіпті шетелдерге де әйгілі болды.1968 жылы Париждегі дүниежүзілік көрмеге қойылған бұйымдар ішінде қазақ зергерлік өнерінің заттары, ұлтық киімдер болған. Қазақ музыка аспаптары Мәскеуде 1972 жылы өткізілген көрмеде жұртшылыққа таныстырылды.
Қазақ музыка өнері. Кеңес дәуіріндегі қазақ музыка мәдениетінде пайда болған еуропа жанрлары да эпикалық туындылардан алыстап кете алмады. Опера, симфония, театралды-сахналық спектакльдердің мазмұны қазақ баласына ыстық эпикалық шығармалардан алынды. Мысалы, Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Ер-Тарғын», Е. Рахмадиевтің «Алпамыс» опералары, Ғ. Жұбанованың «Еңлік Кебек», Е.Брусиловскийдің «Қозы Көрпеш Баян сұлу» балеттері, «Қыз Жібек» көркем фильмі, «Қыз Жібек», «Еңлік Кебек» спектакльдері, Б.Аманжолдың «Еңлік Кебек» фортепианолық циклы, Ж.Жексембекованың «Қыз Жібекке симфониялық алым» (дань) және тағы да басқалары. Аталған шығармаларда негізін құраған эпостың өзі әртүрлі қамтылған. Себебі, әр жанр шамалы өзгерістер енгізсе де өз жанрлық заңдылықтарын сақтап қалады. Және мұндай қойылымдарда шығарманың авторы эпостың мазмұнын толық пайдаланбай, тек басты проблеманы, нақты ситуацияны алады. Кейде тіпті эпоста аса мән берілмейтін психологиялық сәттер опера, балет және спектакльдерде күрделендіріліп, басқа қырларынан танылады. Қазақ халқының музыкалық мәдениетінің ежелден келе жатқанын және оның күміс көмей, жезтаңдай әнші, бармағы майысқан күйші болғанын тарихшыларымыз орынды сөз еткен. Өнердің халыққа кең тараған түрінің бірі ән мен аспаптық музыканың өткен заманда қай бағытта дамығанына шолу жасау, бүгінгі өмір жастарымызға рухани тәрбие беруде зор мәні бар екенін білеміз. Қазақ музыка мәдениетінің қайраткерлері классикалық, халықтың мәдени мұралардың барлығын игере, халық шығармашылығының сарқылмас қазынасын түгел пайдалана отырып, өз шығармаларында көркем өнердегі шынайы, өмірлік мазмұнды жырлайды.
20-шы жылдардың екiншi жартысынан бастап И. В. Сталиннiң басқаруымен қалыптасқан тоталитарлық жүйе Қазақстанның мәдениетiнiң дамуына үлкен кеселiн тигiздi. Оның үстемдiк eтyi нәтижесiнде Қазақстандағы мәдениет салалары Коммунистiк партияның саясатына сәйкес жұмыс iстeyre тиiс болды. Әcipece бұл халыққа бiлiм беру саласында ерекше көрінic тапты. Атап айтқанда, бұл кезде шығарылған оқулықтар, партия, комсомол және пионер ұйымдары, жас ұрпақтың санасы мен мiнез-құлқына сталинизмнiң догмаларын талқылады. Мектептiң қызметi де бұрмаланды.
Бұл кезде халыққа бiлiм беру iсiнде, соның iшiнде оқу орындарында партиялық өмip күшейдi. Оқу-тәрбие про¬цестерiн идеологияландырудың үстінде жалпы көрсеткiштi қудалау, оқу процестерiн формальды жүргiзу өрiстедi.
Тоталитарлық жүйенiң күшеюi халыққа жоғары бiлiм беру саласында да өз әcepiн тигiздi. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен техникумдары халық шаруашылығының кадр жөнiндегi қажетiн қанағаттандыра алмады. Студенттер мен профессор-оқытушылар құрамында жергiлiктi халықтьң өкiлдерiнiң саны баяу өсті. 1936 ж. Қазақтың мемлекеттiк университетiндегi 42 оқытушының 8 ғaнa қазақ болды. 1940 жылы Алматы малдәрiгерлiк-зоотехникалық институты студенттерiнiң арасында қазақтардьң үлес саны 12-ақ пайызын қамтыған.
Партиялық-мемлекеттiк құрылымның идеологиялан¬дырылған саясаты профессионалдық оқу орындарының жағдайына бәрiнен де көп зиян келтiрдi. Ғалымдарды, жоғары оқу орындары қызметкерлерiн қудалау мен жазалау шаралары 20-шы жылдарда басталып, Сталин өлгенге дейiн жургiзiлдi. Осының нәтижесiнде 30-шы жылдардың орта кезiнде А. Байтұрсынов, С. Асфендияров, Х. Досмухамедов, Т.Жүргенов, О.Жандосов және басқа аса көрнекті ғалым, педагогтардың өмірі қиылып кетті.
1928 жылы араб әрпi латын әрпiмен, ал 1940 жылы кириллицамен (орыс әрпiмен) күштеп алмастырылды. Мұның кесірінен бiр ұрпактың өмірі барысында қазақ өзбек, түркімен, башқұрт, татар, қырғыздардың басым көпшiлiгi араб жазуымен жарық көрген ата-баба мұрасын, рухани байлығын игерiп, пайдалануға қабiлетсiз болып шыкты. Ал мұның өзi көптеген халықтардың тарихи зердесiн көмескiлеп, олардың белгiлi тобының мәңгүрт болуына әкеп соқтырғанының бер жағында, елдегi қазақтар Қытай Халык Республикасы, Aуғанстан, Иран сияқты елдердегi сауаттарын араб жазуымен ашып, кiтаптарды осы графикамен шығарып келген шетелдiк бауырлас қазақтармен хат жазысып, хабарласу мүмкіндігінен айырылды.
1920-1930 жылдарда араб әрпiмен шыққан басылымды пайдаланғандар «пантуркист», «панисламист», тiптi, «халық жауы» деп жарияланып, қудалауға ұшырайтын болды. Кiтапхана қорларынан әкiмшiлдiк-төрешiлдiк жүйенiң теориясы мен практикасына мазмұн мен қайшы басылымдар, ең алдымен олардың iшiндегi араб әрпiмен басылғандары аластатылды. Сонымен бiрге дiнге қарсы күрес сорақы-лықпен жүргiзiлдi. Шiркеулер мен мешiттердiң мемлекет қарамағына зорлықпен алынуы, оларды қopa-жайға, қоймаға, қосалқы жайға айналдырылуы, дiнге сенушiлердiң ар-ожданын аяққа басу, азаматтық сан ғасырлық мәдени және рухани өміріндегі құрамдас бөлiгi болып келген дiндi барша жұртқа құбыжық етiп көрсету халықтың орынды наразылығын туғызды.
Қазан төңкерiсiнен кейiн тоталитарлық жүйенiң үстемдiгiне, оның қайшылктарына қарамастан Қазақтың мәдени дамуында кейбiр iлгерiлеушiлiктiң болғанын айту керек, оны бiз мәдени төңкерic деп атап келдiк. Бұл төңкерiс қилы-қилы жағдайлардың арқасында мүмкін болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда жалпы қоры 98 мың кiтабы бар 139 кiтапхана болса, 1925 жылы олардың саны 300-ге жеттi. 1929 жылы республикада 494 оқу үйi, 74 қызыл отау, 11 театр, 9 мұражай болды. Ауылдың жерде 1747 кiтапхана жұмыс iстедi. Бiрақ бұл кiтапханалар мен оқу үйлерi жөндi ғимараты жоқ, қарабайыр жағдайда өмip сүрдi. Олардың жұмысын жүргiзушi адамдардың сауаттары да, кәсiптiк дәрежесi де төмен едi. Тiптi қалалардың өздерiнде мәдени ошақтарда iстейтiн адамдардың бiлiм деңгейi көбiнесе төмен болатын. Бiрақ бiлiмге, мәдениетке деген халықтың құштарлығы, ынта-ықыласы мәдениет ошақтарының қарапайым формада болса да көбейе түсуінe жол ашты.
Республикада мерзiмдi баспасөз және кiтап шығару ici дамып келе жатты. «Степная правда» (қазiргi «Казахстанская правда») жене «Еңбекшi қазақ» газеттерi, «Қазақстан» жорналы шыға бастады. Кеңес өкiметiнiң алrашқы жылдарында газеттер мен жорналдар көбiнесе мемлекеттiк, кәсiподақтық, кооперативтiк қордың есебiнен жаздырылып алынды және мәдени-ағарту мекемелер желiсiне, кеңестiк және кооперативтiк ұйымдарға келiп тұрды. Газеттер жұрт көп жиналатын жерлерге iлiндi, оларды дауыстап оқып беру ici ұйымдастырылды. Қазақстанның белгiлi көптеген мәдениет қайраткерлерi өздерiнiң шығармашылық жолын осы газеттерде жалғастырды.
1925 жылы республикада не бары 31 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 13 газет шықты. Кейiн олардың қатары өсе бердi. 1930 жылы Қазақстанның 27 ауданында өз газеттерi шыға бастады. 1931 жылы республиканың «Еңбекшi қазақ» газетiнiң 900 қоғамдық тiлшiсi iстедi. 1926 жылы не бары 41 газет шықса, бiрiншi бесжылдық жылдарында 120 газет, оның iшiнде қазақ тiлiнде 62 газет шығып тұрды. Олардың қатары жыл санап толығып, екiншi бесжылдықта жалпы саны 280-ге жеттi.
Республикада кiтап бастыру ici едәуiр дамыды. Шығарылатын кiтаптардың таралым данасы өстi. 1925 жылы 443 мың дана таралыммен 96 кiтап шықса, 1930 жылдары үш миллион даналық 200-ден аса кiтап шығарылды
Республикада қазақ тiлiндегi алғашқы оқулықтар Қазан қаласында бастырылды. Орыс тiлiндегi оқулықтар Мәскеу¬ден алдырылды. Қазақ тiлiнiң тұңғыш әлiппесiн жасап, соңынан iз салған жаңашыл ағартушы-ғалым Ахмет Байтұрсынов елде oқy-ағарту iciн дамытуға үлкен еңбек сiңiрдi. Ол жазған мектеп окулықтары 1927-1928 жылдарrа дейiн пайдаланылып келдi. Қазақ оқушыларының ересек буыны сауатын Байтұрсыновтың «Әлiп-биiмен» ашып, ана тiлiн Байтұрсыновтың «Тiл құралы» арқылы оқып үйрендi.
1933 жылдан бастап бастауыш мектеп 4 кластық, орталау мектеп 7 кластық және орта мектеп 10 кластық болып қайта құрылды. Қоғамдық саяси пәндердi оқытуға және оқушы¬ларға жаңаша идеялық тәрбие беруге ерекше мән берiлдi. Екiншi бесжылдық жылдарында республикада мұrалiмдер саны eкi еседен астам көбейiп, 14 мыңнан 31 мыңға жеттi.
Қазақ AKCP-i құрылғаннан кейiн ғылым, өнер мәселелерiнiң бәрiн және архивтердi ағарту халық комиссариатының ғылыми бөлiмi немесе секторы басқарды. Ол 1921 жылғы тамыз айында академиялық орталық болып қайта құрылды. Оның бастамасымен 1924 жылы алғашқы археологиялық карталар жасалды, қазақ халқы тарихының жекелеген маселелерi, оның iшiнде халық — азаттық қозғалысының тарихы зерттеле бастады. 1932 жылғы наурызда Алматыда КСРО Fылым Академиясының тұрақты базасының құрылуы республикадағы ғылымының дамуында маңызды кезең болды.
Бұл тұста ауыл шаруашылық ғылымын өркендету үшiн арнаулы ғылыми орындар: егiншiлiк, ауыл шаруашылығы, экономика, электрлендiру, су шаруашылығы, жемiс-жидек институттары ұйымдастырылды. 30-жылдардың екiншi жартысында Қазақстан ғылымы одан әpi өркендедi. 1940 жылдың қарсаңында Қазақстанда 110 ғылыми-зерттеу мекемeci жұмыс iстедi және оларда 1727 ғылыми қызметкер еңбек eтті. КСРО Fылым Академиясының Қазақстандық базасы 1938 жылы КСРО Fылым Академиясының Қазақ филиалы болып қайта құрылуы республикада ғылымды жаңа белестерге көтеру үшiн мол мүмкіндіктерге жол ашты.
30-шы жылдары Қазақстанның әдебиетi мен өнеріне бiраз өзгерiстер, елеулi оқиғалар болды. 1934 жылғы 12-18 маусымда Қазақстан жазушыларының 1 съезi болып, онда халықтардың рухани қазынасынан нәр алған қазақ әдебиетiнiң М. Жұмабаев, С. Сейфуллин, 1. Жансугiров, Б. Майлии, М. Әуезов, Ж. Аймауытов сияқты саңлақтармен бiрге қазақ әдебиетiнiң қаулап өсiп келе жатқан мол жеткiншектерi бар eкені көрiндi. Келесi жылы халық поэзиясының алыбы Жамбылдың туғанына 90 жыл толуын бүкiл Кеңес елiнiң халықтары атап өттi. 1936 жылы республика еңбекшiлерi Сәкен Сейфуллиннiң әдеби қызметiнiң 20 жылдығын мерекеледi. Қазақстанда қазақ жазушыларымен бiрге осындағы туысқан халықтардың өкiлдерi орыс, ұйғыр, татар қаламгер¬лерiнiң шығармашылығы да кең өpiскe шығып келе жатты.
Осындай жетiстiктерге қарамастан 1937 жылы сталиндiк қанды тырнақтың жазықсыз жандарды қудалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою процесi кең өpic алды. С. Сейфуллин, 1.Жансүгiров, Б. Майлин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты қазақ халқының тұлғалы ұлдары «халык жауы» деген айып тағылып, қасiреттi қудалаудың құрбаны болды.
20-шы жылдары қазақ көркем театрының дамуы бас¬талды. 1926 жылғы 13 қаңтарда Қызылорда қаласында қазақтың тұңғыш драма театры ашылып, М. Әуезовтiң «Еңлiк-Кебек» пьесасын қойды.
1932 жылы республикада тұнғыш музыка-драма техникумы, ал 1934 жылы бiрiншi музыкалық театр ашылды. Сол жылы либереттосын М. Әуезов жазrан «Айман-¬Шолпан» музыкалық комедиясының қойылуы қазақ операсының туғанын паш еттi.
1936 жьлы май айында Москвада өткен Қазақстан әдебиетi мен өнерiнң aлғaшқы онкүндігi қазақ әдебиeтi мен өнер жетiстiктерiнiң айғағы болды. Үкімет қазақ халқының әдебиет пен өнер қайраткерлерiнің таланты мен шеберлiгiн жоғaры бағалады. Жазушылардың, артистердiң мәдени құрылыс қайраткерлерiнiң үлкен бiр тобы — Ж. Жабаев, С. Сейфуллин, А. Жұбанов, Т. Жүргенов және басқалар үкiмeт наградаларына ие болды. К. Бәйсейiтова КСРО Халық артисi деген жoғaры атақ алды, ал көп адамдаpғa Қазақ КСР-iнiң халық артисi және еңбек сіңірген артисi деген атақтар берiлдi.
1937 жылы қазақтың музыкалық театры опера жене балет театры болып қайта құрылды. Қазақ драма театры да айтарлықтай табыстарға жеттi.Республикадағы маңызды оқиғалардың бiрi кино өнерiнiң дүниеге келуi едi. 1938 жылы «Аманкелдi» фильмi экранға шығып, ұлттық кино өнерiнiң ipreci қаланды.
Қорытып айтқанда, көптеген қиыншылықтарға, бұрмалаушылықтapғa, кемшiлiктeрге қарамастан Қазақстанда 20-шы және 30-шы жылдарда мәдени дамуда бiрсыпыра iлгерлеушi¬лiктер орын алды. Егер 1937-1938 жылдары «сталиндiк жезтырнақ аппарат» қазақ зиялыларын қудаламағaнда бұл табыстар қомақтырақ болуы мүмкiн eдi. Сондай-ақ: республика мәдениетiнiң одан әpi кеңiнен дамып, құлаш жаю процесiне1941 жылы басталған Ұлы Отан соғысы да кepi әcepiн тигiздi.
Сталин қайтыс болғаннан кейiн 50-шi жылдардың орта шенiнен бастап жеке адамға табынушылықтың зардаптарын жойып, социалистiк зандылықтарды қалпына келтiруге бағытталған бiрсыпыра шаралар iскe асырылды. 1950 жылы 26 желтоқсанда «Правда» газетiнде жарияланған «Қазақстан тарихының мәселелерi мapкcтiк — лениндiк тұрғыдан баяндалсын» деген мақаланы талқылауға байланысты бүкiл Одаққа, тiптi дүние жүзiне танымал тұлғалы қайраткерлер М. О. Әуезов пен Қ. И. Сәтбаев, сондай-ақ, республиканың басқа да көрнекті жазушылары мен ғалымдары орынсыз жазғырылып, датталды.
«Жылымық жылдары» деген атпен тарихқа енген 50-шi жылдардың екiншi жартысынан былайғы кезеңде көптеген игi ic атқарылды. Басшылықтың ұжымдық принципi енгiзiлiп, әкiмшiл-әмiршiл басқару жүйесi босаңси бастады. Қағазбастылықпен, жиналыс, мәжiлiс өткiзумен әуестенушiлiкпен күрес күшейдi. Ұлт мәселесiндегi бұрмалаушылықтар түзетiле бастады. Ұлттық республикалардың құқықтары кеңейтiлдi.
Сол жылдардағы рухани мәдениеттегi субъективизм мен тұрпайысоциализм элементтері бiрқатар қиындықтарға әкелдi. Мәселен, әдебиет пен өнердің өмірді көпе-көрнеу боямалайтын тартыссыз шығармалары одан әрі туындады.
Кино өнерiнде картиналарды аз жасау керек, бiрақ олар бipден «асыл қазыналар» қатарына кipyi керек, әрбiр фильмде қазiргi заманның аса маңызды күрделi мәселелерi, барлық жақтары мiндеттi түрде көрсетiлуi керек деген нұсқау бойынша жұмыс жүргiзiлдi. Әрине, мұндай көзқарас кезiнде «асыл қазынаның» — сырт көзге қомақты, бiрақ ic жүзiнде өмір шындығынан, көркемдiк шеберлiктен аулақ, атүсті жасалған шығармалар көбейдi. Мұндай сипат әдебиетшiлердiң айтуынша, белгiлi дәрежеде «Жамбыл» фильмiне тән болды. Кеңес әдебиетi мен өнерінде «тартыссыздық теориясы» елеулi зиянын тигiздi. Оның рухымен жазылған шығармалар сахнада ұзақ өмip сүре алған жоқ.
Бұл кезде мәдени-ағарту мекемелерi әлi де жетiспейтiн едi, олардың көпшiлiгi нашар жабдықталған және бiлiктi мамандармен қамтамасыз етiлмеген болатын. Күрделi құрылысқа және мәдени-ағарту мекемелерiн жөндеуге қаржы жеткiлiктi мөлшерде бөлiнбедi.
1951 жылдан 1955 жылға дейiн республикада 8 жаңа жоғары және 22 арнаулы оқу орны ашылды. Қарағандыда eкi жоғары оқу орны — медицина және тау-кен институттары, Семейде малдәрiгерлiк-зоотехникалық және медицина институттары жұмыс icтей бастады. Жаңа жоғары оқу орындарының Ақтөбе медицина /1957 ж, Целиноград ауьшшаруашылық /1958 ж) Өскемен құрылыс-жол /1958 ж/ иниституттарының ашылуымен бiрге бұрыннан бар жоғары оқу орындары кеңейiп, оларда жаңа факультеттер пайда болды. 1956 жылдан бастап Шымкент технология иниституты құрылыс материалдары кәсiпорындарының жабдықтарын монтаждау және пайдалану жөнiндегi инженер-механиктердi даярлай бастады. Қазақ ауыл шаруашылығы институтында электрлендiру және гидромелиорация мамандықтары бойын¬ша жаңа инженерлiк факультеттер мен бөлiмдер ашылды.
Қорытып айтқанда, 50-шi жылдар Қазақстан үшiн одақтық баланстағы рөлi өскен, индустриялық қуаты артқан, мәдениетi бiраз дамыған, сөйтiп экономикасы өрлеу жолына түскен кезең болды.
Осы жылдарда мәдениет саласының материалдық ¬техникалық негiзiн нығайтуда бiраз жұмыстар icтелдi. Республикада мәдени объектiлердiң құрылысы жаңа типтiк жоба бойынша, мектеп пен мәдени мекемелерiнiң алдына өмiрдiң өзi қойған жаңа талаптар ескерiле отырып жүргiзiлдi.
Тоғызыншы және оныншы бесжылдық кезiнде жаңа баспалар құрылды. Бұлар: «Қайнар», Қазақ Совет Энциклопедиясы, жастарға арналған «Жалын», «Өнер» баспалары. Республикада жылма-жыл қазақ, орыс, ұйғыр, нeмic, корей тiлдерiнде 30 миллиондай дана таралыммен 2 мыңға жуық кiтап шығып тұрды. 70-80 жж. бес томдық «Қазақ ССР тарихы», он томдық «Қазақ тiлiнiң түсiндiрме сөздiгi», он бiр томдық монографиялық жұмыс – «Қазақстанның металлогениясы», тоғыз томдық «Қазақстанның өсiмдiктерi» және диалектикалық логика жөнiнде бiрсыпыра iргелi монографиялар жарық көрдi. Бiр жолғы тиражы 5 миллион данамен 415 rазет, ондаған жорнал шығарылды.
Селолық жерлерде 6 мыңнан астам клубтар мен мәдениет сарайлары қызмет көpceттi. Оларда 12 мыңнан астам көрке¬мөнерпаздар ұжымы icтедi. Ондаған халық театрлары, ән-би ансамбльдерi, қазақ ұлт-аспапты халықтық оркестрлерi, халық хорлары құрылды.
Қазақстан селоларында мәдени-бұқаралық жұмыстың мәдениет университетrерi мен мектептерi, көшпелi өнертану кафедралары, көркемдiк шығармашылық бiрлестiктер, атеизм автоклубтары және т.б. сол секiлдi жаңа формалары кеңiнен тарады.
Село тұрғындарының тұрмысына телевизия, радио, баспасез, кино бұрынғыдан да көбiрек ене бастады. Ауыл мен деревняның, мәдени дәрежесi Қазақстанның село зиялы¬ларының сан және сапа жағынан едәуiр өcyiмен сипатталды. Орта есеппен бiр колхоз бен совхозға 70-шi жылдардың басында 45 жоғары және арнайы орта бiлiмi бар маманнан келдi.
1970 жылға қарсы телевизия республиканың барлық облыстарына дерлiк ендi. Қазақстанда телевизияның 15 программалық орталығы және осынша студиясы, сондай-ақ телевизия бағдарламасын тарататын және қабылдап алып қайта тарататын жүйелер iстедi. 4 республикалық және 19 облыстық бағдарламалар арқылы радио хабарлары қазақ, орыс, ұйғыр, корей тiлдерiнде жүргiзiлдi.
1976 жылдың аяғында республикада 10282 кино қондырғысы болып, олар бiр жылда 290 миллион кино көрерменіне қызмет көрсеттi. Халық aғapтy ici де бiрсыпыра алға басты. Мәселен, республиканың жалпы бiлiм беретiн 10154 мектебiнде 1970 жылы 3 миллион 140,8 мың бала оқыса, 1977 жылы 9217 мектепте 3 миллион 266,1 мың бала оқыды. 1970 жылы Қазақстанда 46 жоғары және 190 арнаулы орта оқу орны болып, оларда 416 мыңнан астам студент бiлiм алды. Студенттердi 160 мамандық бойынша әзiрледi. Республиканың техникумдарында жастар 182 мамандық бойынша оқытылды. 1986 жылы республикада жоғары оқу орын¬дарының саны 55-ке, ал арнаулы орта оқу орындарының саны 246-ғa жеттi. жоғары оқу орындары мен техникумдарда 550 мыңдай студент оқыды. Республика халқының әрбiр 10 мың адамына 160 студенттен келдi.
ХХ ғ. 60-80 жж. қазақ әдебиетi 1. Есенберлиннiң, Ә. Нұршайықовтың, М. Мақатаевтың, Т. Айбергеновтың, О. Сүлейменовтың, М. Шахановтың, К,. Мырзалиевтiң, Ф. Оңғарсынованың, Ә. Кекiлбаевтің, О. Бекеевтiң және басқалардың шығармалары арқасында елеулi табыстарға жеттi. Сазгерлер Ш. Қалдаяқовтың, Л. Хамидидiң, Н. Тiлендиевтiң, Ә. Еспаевтың, І. Жақановтың әндерi Қазақстанның музыкалық мәдениетiнiң алтын қорына кiрдi. Ә. Қашаубаев негiзiн салып кеткен ән өнерiндегi игi дәстүрдi Б. Төлегенова, Е. Серкебаев, Ә. Дiнiшев, Р. Жаманова, Р. Бағланова, Р. Рымбаева т. б. Жалғастырып, байыта түсті. «Ботагөз», «Аққан жұлдыз», «Meнің атым Қожа», «Қыз Жiбек», «Атаманның ақыры», «Транссiбiр экспресi», «Бейбарыс сұлтан» кинофильмдерi республика кино өнерінің таңдаулы туындылары деп бағаланды. Бiрақ экономикадағы тежеу мен тоқырау құбылыстары қоғам өмірінің мәдени салаларына да салқынын тигiзбей қоймады.
Соңғы жылдары Әдебиет жөне өнер институтының ғалымдары әзірлеген он томдық «Қазақ өдебиетінің тарихы» жинағының маңызы өте зор болды. Қазақ әдебиетінің көп томдық тарихын шығару кезінде ғалымдар халықтың ғасырлар бойғы көркемдік мұрасын ұлт азаттығы жолындағы күресімен байланыстырды, оған талдау жасап, кезең-кезеңдерге бөліп көрсетті. Сондай-ак Қазақ әдебиетінің проза жөне поэзия саласында бірсыпыра елеулі шығармалары жарық көрді. Олар: Нұр-Исламның казақ даласындағы шырақшысы болған әйгілі Ақтайлақ бидің адамдық асқақ тұлғасы мен өскен ортасын, заман ауанын шебер кестелеген Қ. Жұмаділовтың «Прометей алауы», Э. Төрехановтың Ескендір Зүлқарнайынның сүйген жары — шығыс аруынын трагедиялық тағдырын арқау еткен «Роксана», А. Егеубаевтың «Қүтты Жүсіп», Алаш көсемдерінің көркем бейнесін сомдаған С. Досановтың «Қылбүрау», Төле биден бата алган Қызай биінің қилы тағдырын қызықты баяндағанЖ. Ахмадидің «Есенгелді би» және «Жарылғап би» романдары жене т. б. Ал поэзия саласында «Қазақтың ақын кыздары» деген атпен республикалық дәрежеде жабық мұшайра жарысы ұйымдастырылды. Мұшайраның әдеби-мәдени шарасы Одақта өткізіліп, нәтижесінде «Гүлдесте» атты кітап дүниеге келді. Оған қазақтың ақын қыздарының жоғары бағаланған өлең-жырлары енді.
Мемлекеттің жаңа кезеңдегі жүргізіп отырған ұлт саясатымен байланысты қазақ тілін қайта түлету, мейлінше көкейкесті проблемаға айналды. 1989 ж. кыркүйектегі «Тіл туралы Заң» және Қазакстан Республикасының Конституциясы бойынша ол мемлекеттік тіл деп жарияланды. Іс жүргізуді қазақ тіліне көшіру жөнінде жан-жақты шаралар белгіленіп, олар біршама жүзеге асырылды. Қазақстаннын барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында қазақ тілінде окыту белімдері ашылды. Мұның өзі ауылдан қазақша оқып келген жастардың ана тілінде тиянақты білім алуына жағдай жасады. 1997 жылы «Тіл туралы» екінші рет Заң кабылданып, Республикада қазақ тілін дамыту аясында жаңа қадам жасалды. Қазірде «Қазақстан Республикасында тiлдердi дамыту мен қолданудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы» қабылданды. Ол рет-ретімен жүзеге асырылып, нәтижесін бере батады.
Тіл мәселесімен айналысатын арнайы комитеттің құрылуы — мемлекеттің бұл іске ерекше кеңіл бөліп отырғанын дәлелдеді. Тілдер жөніндегі комитет мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту жөніндегі жұмысты жүйелі түрде жүргізетін орталыққа айналды. Оның жанынан тілдік орта кұру, мемлекеттік тілді оқытатын мамандарды қайта даярлау, тілдерді окытудың жаңа өдіс-тәсілдерін калыптастыру республикалық орталығы құрылды. Бұл орталық Білім мен ғылым министрлігімен бірлесе отырып, мемлекеттік тілді жеделдетіи оқып-үйренудің бірыңғай жүйесін талдау жасауды жүзеге асыруды қолға алды.
1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан үкіметі тұңғыш рет идеологиялық үктемдіктен бас тартатынын, мәдени-шығармашылық бостандықты жариялап, оны қорғау, өнерге қол жеткізуге көмектесетін жағдаилар туғызу, жариялылықты қамтамасыз ету және шығармашылық қызметкерлерінің жұмысын халыкқа жария ету жөнінде міндеттемелер алды. Міне, осының нәтижесінде экономикалық қиындықтарға қарамастан, республикада мәдениеттің басты ошағы болып саналатын мемлекеттік театрлардың бірде-бірі жабылған жоқ. Қайта жаңадан Көкшетауда қазақтың музыкалык драма театры, Ақтөбеде драма театры, Ақмолада музыкалык драма театры, Батыс Қазақстан облысында Мәдениет институты және Қазақ драма театры, Мәдениет министрлігі жанынан күрделі мәдениет мөселелері бойынша Ғылыми орталық ұйымдастырылды.
Жалпы 2001-2006 жылдар аралығында Қазақстан облыстарында 10 жаңа театрлар, Елордада жаңа екі театр ашылды. Республика сахна өнерінің бет-бейнесін бұл кезеңде 47 театр айқындады. Олардың қатарында екі өзбек және неміс, кәріс, ұйғыр театрлары да бар. Мәдениет және акпарат минстрлігінің басшылығымен Қазақстанның өз ішінде және іргелі халықаралык театр фестивальдерін өткізу үрдіске айналды. 2006 жылы Астанада балет артистерінің I халықаралық конкурсы, Алматыда Орталык Азия елдерінің бірінші халықаралык театр фестивалі өткізілді. Оған Әзербайжаннан, Төжікстаннан, Қырғызстаннан, Татарстаннан, Түркіменстаннан тоғыз театр қатысты.
Бұл жылдары өнердегі менеджменттің тиімді үлгісінің өмірге келген жайттары орын алды. Мәселен, Айман Мұсаходжаева «Солистер академиясы» оркестрін ұйымдастырып, бүкіл музыкалык білім беруді қайта кұру жөнінде ұтымды жұмыс жүргізді. Соның нәтижесінде 1998 жылы Астана қаласында тұңғыш рет ұлттық музыка Академиясы құрылды. Алматыда Жәния Әубәкірова музыкалық мектептің негізінде колледж ашты. Елімізде тың тұрпатты бірқатар шығармашылық ұжымдар — 3 симфониялық оркестр, 2 камералық оркестр, қазақтың халық аспаптары оркестрі, хореографиялық ансамбль ұйымдасты. «Гүлдер ансамблі» республикалык мемлекеттік гастрольдік-концерттік бірлестігі», «Республикалык және халықаралық мәдени бағдарламалар дирекциясы» қосылу арқылы «Қазақ әуендері ұлттық концерттік бірлестік» акционерлік коғамы құрылды.Қ. Қайсеновтың, С. Бакбергеновтың т. б. майдангер қаламгерлердің шығармашылық мұралары кеңінен насихатталды.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет