І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
лығы дегеніміз сыншылдық, әдеби-
теориялық ой-пікірге тікелей байла-
нысты. Себебі, қазақтың ұлттық жаз-
ба әдебиетінің ең бірінші негізі таза,
табиғи ұлттық тілі болуы керектігі
айқын сезілген еді. Осыны терең
түсінген алғашқы қазақ публицист-
тері қазақ тілінің тазалығы мәселе-
сінде біршама нық позиция ұстады.
Олар әдеби-теориялық талдау жасап
жаңашылдық сипатын ашып берме-
се де Абай мен Ыбырай шығармала-
рын әрдайым үлгі ретінде ұсынып
отырды. А. Құрманбаевтың «Қазақ
тілі хақында», Д. Сұлтанғазиннің
«Біздің қазақ тілі туралы бес-алты
ауыз сөз», «Қазақ тілінде жазу ту-
расында» атты мақалаларының не-
гізгі айтар ойы Абай мен Ыбырай
салған прогресшілдік жаңа жолды,
поэзиялық жаңа үлгіні ұстауға ша-
қыру болды. Бұл мақалалардағы зерт-
теу нысанасына алынған еңбектер-
дің фольклорлық үлгілерді жинап-
жариялаған кітаптар екенін ескер-
сек, тіл білімі ғылымы саласында да
ізденістердің болып жатқанын жоққа
шығара алмаймыз.
Қазақ баспасөзі бетінде тіл та-
залығын сақтау үлкен пробле ма лық
мәселе ретінде жан-жақты тал қыға
түсуі, орыс классиктерінің шы ғар-
малары мен Абай, Ыбырай өлең-
дерінің жариялануы сыншылдық,
әдеби-теориялық ой-пікірдің өріс
алуы на әсер етіп қана қоймай, қазақ
поэзиясы туралы ғылыми мәндегі
жаңа әдеби-теориялық көзқарасты
ту ғызды. Қазақ поэзиясындағы «ескі»
және «жаңа» өлең туралы салыстыр-
малы пікірлердің айтылуы, ұлттық
әдеби-теориялық ой-пікірдің ғылы-
ми сипатта көрінуінің алғашқы бел-
гісі секілді. «Түркістан уалаятының
газеті» қазақ кітаптарындағы араб,
татар, парсы сөздерімен шұбарлан-
ған өлеңдерді сынап, «қазақ тілінің
қандай жарасып, бір-біріне жабы сып
тұратынын», өлеңінің әуезді келіп,
белгілі бір ырғаққа құрылатынын та-
ныту үшін Орынбай ақынның өлеңін
мысалға ұсынады. «Дала уалаятын-
да» А. Құрманбаев Ы. Алтынсарин-
нің «Кел, балалар, оқылық», «Жаз»,
тағы басқа өлеңдерін «қазақ өлеңі
мен поэзиясының тамаша үлгісі» деп
бағалай отырып, «Сал-сал», «Зарқұм»
сияқты қиссаларды сынға алады. Ал
Д. Сұлтанғазин орыс әдебиетінен
өне ге алуды нұсқаған Абай, Ыбырай
жолының жаңашылдығын ашып көр-
сету мақсатында Шортанбай ақын-
ның «Зар заман» өлеңін мысалға
алып, тек тіл тазалығы жағынан ға на
емес, мазмұны мен идеясының алға
ұмтылған дәуір талабына сай кел-
мейтінін сынайды. Автор сол кездегі
қазақ поэзиясындағы екі бағыт тың
бар екенін ашып берді. Шор танбай,
Дулаттарда заманына қар сылық са-
рыны басым болса, Абай, Ыбырай-
лардан келешекке сену, өнер-білімге,
ғылымға үндеген ағартушылық идея
басталғанын салыстыра тұжырым-
дайды.
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|