І БӨЛІМ. Әдеби мұраны зерттеудің негізгі арналары
3-ТАРАУ. Ә. Бөкейханұлы – әдебиеттанушы ғалым
Әдебиеттану ғылымында акаде-
миялық зерттеу мектептері қалып-
тасқан елдердің зерттеу еңбектері-
мен қатар қоюға болатын алғашқы
ғылыми сипаты айқын мақалалар
да жазыла бастады. Ол – қазақ хал-
қының ардагер перзенттерінің бірі
Әлихан Бөкейхановтың «Туземец»
деген жасырын атпен жазылған «Қо-
быланды» жырындағы әйелдер» деп
аталатын мақаласы. Бұл – ұлттық
әде биет туралы ғылымның арғы бас-
тау ларынан бері келе жатқан ғылы ми
ізденістер жолында нақты бір көр кем
шығарманы ғылыми-зерттеушілік,
әде би-теориялық тұрғыда тұтастай
алып талдаған алғашқы еңбек. Шо-
қанның өзі жазып алған эпостық
жырларын тарихи, ғылыми тұрғыда
сөз еткенімен, теориялық талдауларға
бара бермегені белгілі.
«Ұлтшыл-алашордашыл» атанған
арыстарымыздың соңғы кезге дейін
ғылыми айналымға қосылмай келген
еңбектері секілді, бұл мақаланың
да ғылыми-зерттеушілік ой-пікірді
да мытудағы үлесі назардан тыс қа-
лып келді. «Қобыланды батыр»
жырын немесе қазақтың эпостық
жыр ларын кейіндегі кеңес өкіметі
тұ сында монографиялық тұрғыда
қа рас тырған фольклористика ғы лы -
мындағы еңбектердегі басты тұ жы-
рымдарға негізгі өзек болған ойлар
осы мақаладан туындап отырса да,
белгілі себептермен сілтеме жасау
құрметіне де ие бола алмай қалды.
Қоғамды қайта құруға байла нысты
жаңаша көзқарастың әсерінен ал-
ғаш рет «Қазақ фольклорис тика сы-
ның тарихы» (1988) атты еңбекте
С. Қасқабасов «ХІХ ғасырдың ІІ жар-
тысындағы қазақ фольклорис ти ка-
сы» деген тарауында сөз етіп, ғылыми
ой-пікірдегі маңызын ашып берді.
Со ның өзінде Ә. Бөкейханов туралы
еш теңе айта алмай, амалсыздан «Ту-
земец» мақала авторының ла қап аты,
В. М. Сидельниковтың айтуынша ав-
торы Ә. Диваев. ...Сол уақыт үшін
әрі озық, әрі баспа бетінде ашық
айтылмайтын ойларды батыл көтер-
гені үшін өз есімін жасырып, «Тузе-
мец» деп қол қойған», – деп қорқа-
қорқа барған [8, 138]. Қалай дегенмен
де қазақ фольклорының зерттелу
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ
|