Cөздік
Антропология – (грек. anthropos адам және logos – ілім, сөз)- философиялық антропология – мәдениеттің, инабаттылықтың, құқықтың және адам өмірінің негізін іздейтін философия. Ізденістің негізі адамның табиғаты және оның өмірлік мүддесі.
Архетип (грек. arche – бастау және typos – пішін, үлгі) – алғашқы бейне, идея. К.Юнгтың психологиясында адамдардың психикасында, жадында сақталып қалған мифологиялық қалдықтар және көне адамдардың тәжірибесчінен қалған символдар, схемалар, халықтардың немесе адамзаттың коллективті өмірінің нәтижесі.
Верификация (лат. werifikate – ақиқатты, істеймін) – ғылыми сөйлеймдерің, тұжырымдардың ақиқаттылығын эмпириялық тексеру арқылы анықтайтын методологиялық ұғым.
Деконструкция (лат.dekons - алып тастау) - әдеби мәтіндердің ішкі қайшылығын ашу, жасырын мағынасын табу, мәтіндердегі тірек болар негізгі ұғымдарды, метафорлық қабаттарды табу. Ж.Деррида ұсынған мәтіндерді зерттеу методологиясы.
Интенционалдық (лат. intehs- талпыну)- сана интенционалды, яғни бір затқа (нәрсеге) бағытталғанымен сипатталады. Алғашқы рет сананың интенционалдығы туралы айтқан философ Ф.Брентано, кейіннен Гуссерль жалғастырған (таза сана).
Интуиция (лат. intueru зер салу, қадалып қарау) – білімді немесе құбылыстың мәнін дәлелсіз тұтас қабылдау, логикаға сүйенбей аңдау, кенеттен аңғару.
Менталитет (лат. mentos - ойға қабілеттілік, ақылдың құрамы) - әртүрлі әлеуметтік топтардың мінез-құлқын, тұрмыс салтын, көңіл-күйін, дүние танымын анықтайтын, және соларға ықпал ететін рухани өмірдің қалыптасқан жүйесі. Этникалық қауымдастықтың ұрпаққа жалғасатын тарихи - әлеуметтік құбылыс.
Нигилизм (лат. nihi- ештене емес)- қоғамдағы, мәдениеттегі құндылықтарды жоққа шығаратын принцип. Кейде жоққа шығару, басқа бір құндылықтарды насихаттау үшін пайдаланылды. Осы ұғымды батыс философиясында Ницше мен Шпенглер кең қолданды.
Парадигма (гр. paradejgm – мысал, үлгі)
1) антика және ортағасыр философиясында шынайы және рухани дүниенің өзара қатынасын сипаттайтын ұғым;
2) заманауи ғылымында (Т.Кун) ғылыми қауымдастық қабылдаған ғылыми дәстүрді қамтамасыз ететін ғылыми нәтижелер, теориялар, әдістер т.б. Парадигманың ауысуы жаңа ғылымии революцияның пайда болуын білдіреді.
Редукционизм (лат. redutio – кейін шегіну, бұрынғы күйге қайтып оралу). Барлық пәндерге ортақ тіл арқылы ғылыми білімнің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған методологиялық бағдарлама.
Фальсификация (гр. felsif - жалған, жасаймын).Гипотеза және теорияның жалғандығын классикалық логиканың ережелеріне сүйеніп анықтайтын методологиялық ұстаным.
Эпистема – (гр. episteme білім) – сөздер мен заттардың арасындағы байқауға түспейтін мәдени дәуірге сай жасырын құрылым. Фуконың «Слова и вещи. Археология гуманитарных наук» атаулы еңбегінің басты ұғымы.
«ХІХ – ХХ ғасырлардағы классикалық емес Еуропа философия» тақырып бойынша ұсынылатын тест тапсырмалары:
$$$ 1
Иррационализмнің өкілдері:
A) Лейбниц, Фейербах, Маркс;
B) Шопенгауэр, Кьеркегор. Ницше;
C) Лейбниц, Бэкон, Гегель;
D) Маркс, Боэций, Фейербах;
E) Ницше, Фрейд, Гегель.
$$$ 2
Интуитивизм өкілін атаңыз:
A) Вебер;
B) Шестов;
C) Фромм;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 3
«Өмір сүру» философиясының негізгі өкілі:
A) Спиноза;
B) Сократ;
C) Вольтер;
D) Шпенглер;
E) Кант.
$$$ 4
«Дүние ерік және елес ретінде» еңбектің авторы:
A) Вебер;
B) Шопенгауэр;
C) Ницше;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 5
«Үрей метафизикасын» пайымдауға тырысқан алғашқы философ.
A) Кант;
B) Аристотель;
C) Шопенгауэр;
D) Ницше;
E) Фрейд.
$$$ 6
Біздің адам сүйгіштігіміздің бірінші өсиеті - «Әлсіздер мен ұсқынсыздар өле берсін. Тіпті өлуге оларға көмектесу керек» деген өсиеттің авторы.
A) Бергсон;
B) Шопенгауэр;
C) Фрейд;
D) Спенсер;
E) Ницше.
$$$ 7
«Билікке кұштарлық» ұгымын қалыптастырушы:
A) Вебер;
B) Шопенгауэр;
C) Ницше;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 8
«Түйе, арыстан, бала» адамның адамға айналуының жолы сияқты. Осы метафора кімдікі?
A) Вебер;
B) Шопенгауэр;
C) Ницше;
D) Бергсон;
E) Фрейд.
$$$ 9
«Жоғарғы адам» /Асқан адам/ кімнің идеясы?
A) Маркстың;
B) Гегельдің;
C) Шпенглердің;
D) Хайдеггердің;
E) Ницшенің.
$$$ 10
А.Бергсон «... Бұл интеллектуалдық көңіл ауудың турі арқылы заттың ішкі әлеміне енуге болады, оның ішіндегі бірден-бір, әрі айтып жеткізе алмайтын нәрсемен тұтасып кету мақсатында» деп анықтаған:
A) тәжірибелік;
B) пайымдаушылық;
C) интуициялық;
D) интеллектуалдық;
E) сезімдік.
$$$ 11
Позитивистер бойынша философтарға кажеттісі ....
A) дүние құрылымының сонғы себептерін іздеу;
B) философияны діни сананың бір түріне айналдыру;
C) болмыстың пантеистік табиғатын макұлдау;
D) ғылым мен өнердің ұлы метафизикалық бірігуін ойластыру;
E) ғылыми танымның логикасы және методологиясымен айналысу.
$$$ 12
«Алғашқы позитивизм» өкілдерін көрсетіңіз.
A) Конт, Спенсер;
B) Мах, Авенариус;
C) Шлик, Франк;
D) Карнап, Нейрат;
E) Поппер, Бергман.
$$$ 13
Танымның негізгі түпкі бастамасын позитивизм өкілдері қалай есептейді?
A) гипотеза принципі;
B) интерпретация принципі;
C) практикалык принцип;
D) верификациялау принципі;
E) эмпирикалык принцип.
$$$ 14
Огюст Конт шығарған қандай философиялық бағыт позитивтік, яғни «дұрыс болымды» білімнің ролін арттырып жіберді?
A) экзистенциализм;
B) позитивизм;
C) прагматизм;
D) неотомизм;
E) неофрейдизм.
$$$ 15
«Позитивті ғылым өзіне өзі философия» - деп кім айтты?
A) Платон;
B) Маркс;
C) Кант;
D) Карнап;
E) Конт.
$$$ 16
Позитивизмнің тарихи формасына жатпайтыны:
A) логикалық позитивизм;
B) аналитикалық философия;
C) неопозитивизм;
D) эмпириокритицизм;
E) мегапозитивизм.
$$$ 17
Ницше, Шпенглер, Бергсон. Дильтей философиясындағы ізденілген ұғым.
A) дін;
B) өмір;
C) апория;
D) идея;
E) табиғат.
$$$ 18
Феноменологияның негізін салушы кім?
A) Ницше;
B) Гадамер;
C) Гуссерль;
D) Кьеркегор;
E) Хайдеггер.
$$$ 19
XX ғ.философиялық діни бағытты көрсетіңіз?
A) постпозитивизм;
B) экзистенциализм;
C) неотомизм;
D) персонализм;
E) позитивизм.
$$$ 20
Адам өзін өзі калыптастырады, өмір сүре отырып өз мәніне ие болады деген пайымдау қандай философияның алғашқы принципі?
A) позитивизм;
B) экзистенциализм;
C) неотомизм;
D) персонализм;
E) прагматизм.
$$$ 21
«Шекаралы жағдайда» яғни өлім мен өмірдің, түңілу мен азаптың ортасында калған адам үлгісін қандай философиялық бағыттан көреміз?
A) прагматизмде;
B) герменевтикада;
C) неотомизмде;
D) марксизмде;
E) экзистенциализмда.
$$$ 22
«Бөтен», «Оба», «Сизиф туралы аңыз» еңбектерінің авторы.
A) Камю;
B) Сартр;
C) Марсель;
D) Хайдеггер;
E) Ясперс.
$$$ 23
Э.Гуссерльдің феноменологиясының негізгі түсінігі:
A) конвенционализм;
B) кызығушылық;
C) коэволюция;
D) интенционалдык;
E) ақпарат.
$$$ 24
Батыс философы К.Поппердің ойынша ғылымның басталуы
A) мәселе;
B) теория;
C) эксперимент;
D) гипотездерді шығару;
E) бакылау.
$$$ 25
Фальсификация қағидаларын кім кұрастырған?
A) К.Поппер;
B) И.Лакатос;
C) П.Фейерабенд;
D) Т.Кун;
E) М.Полани.
$$$ 26
Батыстағы «Үшінші толқынның» идеологы және философы:
A) Ф.Фукуяма;
B) П.Бжезинский;
C) Д.Белл;
D). Хантингтон;
E) О.Тоффлер.
$$$ 27
Француз философы, XX ғ. жазушысы, экзистенциализмнің өкілі:
A) Ж.Сартр;
B) С.Кьеркегор;
C) Тейяр де Шарден;
D) Б.Рассел;
E) Д.Дьюи.
$$$ 28
Классикалык структурализмнің өкілі:
A) Камю;
B) Фуко;
C) Дьюи;
D) Марсель;
E) Ясперс.
$$$ 29
Герменевтика - дегеніміз:
A) аударма;
B) логикалык мазмұндама;
C) сәтті табылған шешім;
D) сөз айналымы;
E) мәтіннің мазмұны
$$$ 30
Постмодернизмнің өкілі:
A) Камю;
B) Конт;
C) Деррида;
D) Сартр;
E) Пирс.
$$$ 31
Постпозитивизм философиясы кімнің есімімен байланысты?
A) А.Сен-Симонның;
B) О.Конттың;
C) Р.Авенариустің;
D) Э.Махтын;
E) М.Поланидың.
$$$ 32
Неофрейдизм өкілі:
A) Хабермас;
B) Гаусс;
C) Конт;
D) Фромм;
E) Ясперс.
$$$ 33
Постпозитивизмдегі «әдістемелік анархизмді» енгізген:
A) Фейерабенд;
B) Кун;
C) Лакатос;
D) Поппер;
E) Витгенштейн.
$$$ 34
Қай америкалық ғалым «парадигма» түсінігін енгізген?
A) Поппер;
B) Кун;
C) Мах;
D) Вебер;
E) Койр.
$$$ 35
«Тіл - бұл болмыстың үйі» - деген сөздің авторы:
A) С.Тулмин;
B) М.Хайдеггер;
C) Ж.П.Сартр;
D) К.Ясперс;
E) И.Лакатос.
$$$ 36
«Болмыс және уақыт» кітабының авторы:
A) Хайдеггер;
B) Ясперс;
C) Марсель;
D) Аббаньяно;
E) Барт.
$$$ 37
«Экзистенциализм - бұл гуманизм», «Болмыс және ештеңе» атты еңбектерінін авторы:
A) Сартр;
B) Маритен;
C) Камю;
D) Марсель;
E) Хайдеггер.
$$$ 38
Хайдеггер философиясындағы Dаsеіn категориясы нені білдіреді?
A) адам болмысын;
B) таза болмысты;
C) табиғат болмысын;
D) осындағы болмысты;
E) рухани болмысты.
$$$ 39
Философия, дін, ғылым және қарапайым сананың арасындағы жерді иеленген деген неопозитивисті атаңыз
A) Б.Рассел;
B) А.Камю;
C) О.Конт;
D) Ж.Деррида;
E) Ж.Маритен.
$$$ 40
«Мен неге христианин емеспін?», «Ақикаттың мәнін зерттеу» еңбектерінің авторын атаңыз
A) Б.Рассел;
B) А.Камю;
C) О.Конт;
D) Ж.Деррида;
E) Ж.Маритен.
$$$ 41
М. Фуконың "Сөздер және заттар" атты еңбегінің негізгі ұғымы...
A) конструкция;
B) деконструкция;
C) маргиналдык;
D) эпистема;
E) нышан.
$$$ 42
Қандай бағыт бойынша «бейсаналык» - негізгі категория?
A) психоаналитикалык;
B) марксистік;
C) кантиантстволык;
D) прагматикалык;
E) позитивистік.
$$$ 43
«Философиялык ұнтақтар», «Немесе-немесе» т.б. еңбектердің авторы:
A) Сёрен Кьеркегор;
B) Артур Джон Пассмор;
C) Ханс Айзенк;
D) Герберт Спенсер;
E) Пьер Лаплас.
$$$ 44
Адам «еркіндікке тәуелді» ұғымының авторы.
A) Ж.П.Сартр;
B) М.Хайдеггер;
C) К.Ясперс;
D) А.Камю;
E) С.Кьеркегор.
$$$ 45
«Тарихтың мәні және мақсаты», «Ақыл және экзистенция» еңбектердің авторы
A) Ж.П.Сартр;
B) Д.Мур;
C) К.Ясперс;
D) С.Тулмин;
E) Д.Остин.
$$$ 46
«Білім археологиясы», «Сөз және зат», «Клиниканың пайда болуы» - бұл шығармалар қазіргі заман философының еңбектері. Оның есімін көрсетіңіз:
A) Делез;
B) Деррида;
C) Фуко;
D) Лиотар;
E) Бодрийяр.
$$$ 47
«Постмодерн шарттары» жұмысының авторын атаңыз
A) Лиотар;
B) Беньямин;
C) Делез;
D) Фуко;
E) Деррида.
$$$ 48
«Симулякр» - бұл терминнің авторы:
A) Делез;
B) Фуко;
C) Кристев;
D) Барт;
E) Деррида.
$$$ 49
«Логикалык-философиялық трактат», «Философиялык зерттеулер» еңбектерінің авторы:
A) Д.Остин;
B) А.Айер;
C) Р.Карнап;
D) Б.Рассел;
E) Л.Витгенштейн.
$$$ 50
XX ғ. 60-70 ж. батыс философиясындағы структурализмнің өкілі:
A) К.Леви-Строс;
B) Ж.Лакан;
C) М.П.Фуко;
D) К.Поппер;
E) а+Ь+с
$$$ 51
Ғылыми - зерттеу бағдарламасы кағидасының авторын атаңыз.:
A) М.Полани;
B) С.Тулмин;
C) И.Лакатос;
D) Т.Кун;
E) К.Поппер.
$$$ 52
Парадигма - бұл:
A) ғылыми коғамның ұстанған көзкарасы;
B) ғылыми тілдің логикалық талдауы;
C) гипотеза;
D) ойлау;
E) кұндылықты бағалау.
$$$ 53
Синергетика - бұл:
A) табиғат туралы ғылым;
B) өзіндік ұйымдастыру туралы ғылым;
C) желдің багыты туралы ғылым;
D) кристаллдың пайда болуы туралы ғылым;
E) социум туралы ғылым.
$$$ 54
Деконструкциянын авторы:
A) Франк;
B) Деррида;
C) Франкл;
D) Рассел;
E) Фромм.
$$$ 55
Ғылыми-техникалық ойдың өрістерінің нәтижесінде зат пен сана сезімінен баска «үшінші әлем» пайда болады деп қорытынды жасаған:
A) Ч.Моррис;
B) Ч.Куайн;
C) К.Поппер;
D) О.Нейрат;
E) О.Карнап.
$$$ 56
Витгенштейн өзінің «Философиялық зерттеулер» шығармасында философияны калай түсіндіреді?
A) табиғат туралы ілім ретінде;
B) құдай туралы көзқарас ретінде;
C) тілдегі сөйлемдердің мағынасын айқындауға бағытталған белсенділік ретінде;
D) болмыс туралы ілім ретінде;
E) таным туралы ілім ретінде.
$$$ 57
Экзистенциализм бойынша адам өмірдегі дағдарысты жағдайлар қалай аталады?
A) шекаралық;
B) конфликті;
C) жатсынған;
D) шешілмейтін;
E) қиын.
$$$ 58
«Философиялық зерттеулер» еңбегінде тіл туралы идеяны тілдік ойын ретінде дайындаған кім?
A) Фуко;
B) Кун;
C) Поппер;
D) Деррида;
E) Витгенштейн.
$$$ 59
«Постиндустриалды қоғам» терминінің авторы
A) Поппер;
B) Белл;
C) Фуко;
D) Фромм;
E) Вебер.
$$$ 60
Гадамер - ... өкілі
A) экзистенциализмнің;
B) модернизмнің;
C) герменевтиканың;
D) феноменологияның;
E) структурализмнің.
$$$ 61
Интерпретация арқылы бұрынғы мәдениет әлемін түсіну қалай аталады?
A) патристика;
B) схоластика;
C) онтология;
D) гносеология;
E) герменевтика.
$$$ 62
Психоанализдің негізін енгізген, австриялық дәрігер-психиатр:
A) Юнг;
B) Фромм;
C) Юм;
D) Фрейд;
E) Пирс.
$$$ 63
Бейсаналық процестің негізгі түрлерін көрсетіңіз:
A) білу;
B) сезу;
C) таң қалу;
D) түс көру;
E) қуану.
$$$ 64
Қандай кұбылысты зерттеу З.Фрейдтің психоанализінің пайда болуына мүмкіндік туғызды?
A) өнегелі сананың өзгешелігі;
B) санасыздықтың ерекшелігі – (бейсаналықтын);
C) діни сананың ерекшеліктері;
D) рационалдық ойлаудың өзгешелігі;
E) әдемділікті айыра білушіліктің ерекшеліктері.
Тесттердін дұрыс жауаптары
1 B
2 D
3 D
4 B
5 C
6 E
7 C
8 C
9 E
10 C
11 E
12 A
13 D
14 B
15 E
16 E
17 B
18 C
19 C
20 B
21 E
22 A
23 D
24 D
25 A
26 E
27 A
28 B
29 E
30 C
31 E
32 D
33 A
34 B
35 B
36 A
37 A
38 D
39 A
40 A
41 D
42 A
43 A
44 A
45 C
46 C
47 A
48 A
49 E
50 E
51 C
52 A
53 B
54 B
55 C
56 C
57 A
58 E
59 B
60 C
61 E
62 D
63 D
64 B
Әдебиеттер
-
Абдильдин Ж.М. Диалектика Канта. – Алма – Ата, 1974. – 32 б.
-
Әбішев Қ. Философия. – Алматы: «Жеті жарғы» 2001. – 29 б.
-
Гуннар Скирбекк. Нилс Гилье. История философии. М., 2001. – 135 б.
-
Есім Ғ. Фалсафа тарихы. – Алматы: «Рауан» 2004. – 62 б.
-
Зотов А.Ф., Мельвиль Ю.К. Западная философия ХХ века. – М., 1987. – 133 б.
-
Камю А. Бунтующий человек. – М., 1990. – 71 б.
-
Кун Т. Структура научных революций. – М., 1977. – 112 б.
-
Ницше Ф. Так говорил Заратустра. – М., 1990. – 62 б.
-
Новейший философский словарь. – М., 2005. – 296 б.
-
Рассел Б. История западной философии. – М., 1969. – 97 б.
-
Современная западная философия. Словарь. – М., 1991. – 328 б.
-
Философия. Оқу құралы. – Алматы: «Ақыл кітабы», 1991. – 76 б.
-
Фромм Э. Иметь или быть? – М., 1990. – 233 б.
-
Философский энциклопедический словарь. – М., 1994. – 57 б.
Мазмұны
Кіріспе .....................................................................................3
1 Сциентистік бағыт...................................................................4
1.1 Позитивизм ..............................................................................4
2 Іс-әрекеттік бағыт...................................................................11
2.1 Прагматизм .............................................................................11
2.2 Марксизм философиясы.........................................................17
3 Антропологиялық бағыт.........................................................18
3.1 Өмір философиясы..................................................................18
3.2 Философиялық антропология................................................21
3.3 Экзистенциализм.....................................................................22
4 Діни философиялық бағыт.....................................................25
4.1 Неотомизм................................................................................25
4.2 Персонализм............................................................................27
5 Әлеуметтік сыни бағыт...........................................................27
5.1 Герменевтика және «постструктуралистік-постмодернистік
кешен»......................................................................................30
Сөздік.......................................................................................34
«ХІХ-ХХ ғасырлардағы классикалық емес Еуропа
философия» тақырып бойынша ұсынылатын
тест тапсырмалары.................................................................36
Әдебиеттер..............................................................................49
Достарыңызбен бөлісу: |