Жоспары:
1.12-жылдық білім беру жүйесіне көшу
2.12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар
3.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар және 12-жылдық мектептің басты ерекшелігі жайлы оқыту
Лекция мәтіні (қысқаша):
1. 12-жылдық білім беру жүйесіне көшу.
12-жылдық орта білім мазмұнының ең алғашқы бастамасы бастауыш буында жүзеге асатыны белгілі. Себебі бастауыш буында жоғары сыныптарда оқылатын бүкіл пәннің іргетасы қаланып қоймайды, сонымен катар білім алушыға талпынушылық, яғни балалардың оқу әрекеті, танымдық белсенділік, жеке бастың адами қасиеттерінің негізі осы кезенде қаланады. Сонымен қатар осы кезенде баланың белсенділігі, онын рухани және дене күші де дами бастайды. Осы жасқа лайықты мазмұн мен оны оқытудың әдісін саралау, бала жанына қарым -қатынас арқылы оларды дамыту мәселесін ғылыми жолға қою оңай мәселе емес.
12-жылдық білім беру жүйесіне көшу - коғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым - қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы жарыс, адал бәсекеге қабілетті адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс.
2.12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар.
12-жылдық оқытудағы басты мақсат - қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін - өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру.
12-жылдық мектептің негізгі мақсаты - оқушының зерттеушілік және шығармашылық қабілетін дамыту. Біздің басты ұстанымымыз тұлғаның жеке дамуына негізделген жан - жақты зерттеліп, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатындағы стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру.
Оқу эрекеті - баланың дамуының басты шарты оқу үрдісіндегі маңызды мәселелердін бірі. оқушылардың танымдық қабілеттері мен дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істеуге баулу, танымдық белсенділіктерін арттыру құралы.
Оқушылардың әрекеті зерттеушілік әрекет болу үшін педагог нақты мақсаттар коя білуі керек, ал ашып айтатын болсақ: оқушыларға ғылыми зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін үйрету тиіс және де зерттеуші ( оқушы ) не ашу керек екенін қандай әдіспен, қандай нәтижеге жететіндігін елестете білуі керек.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл - ой әрекеті. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының манызды міндеті болып саналады.
Оқушылардың танымдық зеттеу іс - әрекет ерекшеліктеріне мынаны жатқызуға болады: өзіндік мақсаты мен нәтижесінің болуы, оқу нысанының ерекше сипаты. Баланы ізденушілікке баулу, оған зерттеу дағдысы мен білігін игеру бүгінгі білім беру саласының манызды міндеті болып саналады. Егер әр оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет болса, онда баланың кабілетін түрлі әрекетті көрсету үшін зерттеуге дайындау және жеке оқу жетістіктерін есепке алу мақсатында портфолиосын жинақтау қажет.
Білім беруді жанарту - үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең - кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер. Сонымен қатар білім беруді жаңарту үрдісі салт - дәстүрді, мәдени мұраны жалпы ұлттық құндылықтарды көздің қарашығындай сақтауды талап ететін тұрақты жүйелерден тұрады. Сондықтан да 12 жылдық оқытуға біртіндеп көшуді жүзеге асыру - оның қажеттілігі мен тиімділігін әр педагогтың, әр ата- ананың сапалы түрде түсінуін қабылдауы мен оған белсенді түрде араласуына мүмкіндік беруді, асқан ұқыптылық пен сезімталдықты қажет ететін үрдіс.
3.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі:
-
ұлттық құндылықтарды баланың бойына сіңіру арқылы оның жан-жақты дамуына;
-
өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне;
-
адамға табиғатынан берілген шығармашылық қабілетін толық іске асыруына;
-
әр елдің экономикалық, мәдени, саяси өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беру.
12-жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында тұлға құзырлылығын қалыптастыруға тиісті құзыреттіліктерді жүзеге асыруда оқушының жеке даралық ерекшеліктеріне айрықша мән бере отырып, білімді баланың еркін игеруін жүзеге асыру мұғалімдерден тиімді әдіс –тәсілдерді жетілдіре отырып, тың әдістемелік негіздерді қалыптастыруды қажет етеді.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық білім беру жүйесіне көшу
2.12-жылдық оқытудағы басты және негізгі мақсаттар
3.12-жылдық мектептің басты ерекшелігі
Лекция №4
Тақырыбы: 12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар
Жоспары:
1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері
2. Ойын, дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары
3. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі
Лекция мақсаты: студенттерге 12-жылдық білім берудегі жаңа технологиялар жайлы түсінік беру.
Лекция мәтіні (қысқаша):
1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері.
Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуде оқытудың басты мақсаты -адамзат мәдениетінің кез - келген саласындағы іс- әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.
Бала оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау мен зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді, өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс балалардың өз қызығушылығынан басталады.
12-жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдаланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты
бағдары - білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; баланың жалпы және арнайы кабілеттерін дамьпу білім білікті де игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі оқулықтың кұрылымында осы бағдарламаға сәйкес өте жан - жақты оқушылар өзбетімен қызыға іздене отырып мағыналы сұрақтарға жауап бере алады. Қазіргі кездегі баланың интеллектісіне, дербес ойлауын дамьпуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Балаларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқьпудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады. Баланың жеке тұлғасының даму мәселесін шешу оқьпудың тиімділігін арттыру, балалардың мектепке оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.
Белгілі психологтардың айтуы бойынша «Бала ойын үстінде қандай болса, өскенде еңбек үстінде сондай болады» дейді. Сондықтан ойын - адамның өміртанымының алғашқы қадамы.
2. Ойын, дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары.
Оқу процесінде ойын технологиясы ерекше орын алады. Ойын технологиясын қолдану -окушының оқудағы танымдық іс - әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін колдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту технологиясы - шығармашылық ойлауға, сапалы дамуға, қиялдауға, есте сақтау, тіл дамытуға бағытталған.
Коммуникативті оқыту технологиясы - сабақта диалогтық және монологтық оқытудағы жағдайды жасайды, жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз - оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, қасиеттері қалыптасатын мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты.
12-жылдық білім беру жағдайында мұғалім осы компоненттерге сүйене отырып, әрбір технологияны өзіндік жолда әдіс – тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және педагогикалық тәжірибесін пайдаланып, балаларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыруды ықпал етсе, оқушының мінез- құлқында -мінезі, темпераменті,талабы, көзқарасы, талғамы байқалып, үнемі өзін - өзі өзгертуі, өзін - өзі тәрбиелеуі, өзін - өзі дамытуы, өз іс - әрекеттеріне өзгеріс енгізе алуы, өзін үнемі жетілдіре отыруы және рефлексиялық қажеттілікті талап етеді.
3. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі.
Орыстың алдыңғы қатарлы бала тәрбиесімен және оны дамьпу жолдарымен айналысқан ғалымдары Л.С.Выготский, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Д.Б.Элькониндармен қатар казақстандық педагог-психологтар: В.К.Павленко, Қ.Т.Шериязданова, Б.Баймұратова зерттеулері бойынша баланың ең дамуға ыңғайлы да, қолайлы да кезеңі бес пен алты жастағы шақтары екендігі айқындалған.
Психолог А.А.Люблинскаяның пікірінше, алты жасар бала мектеп жағдайында оқуға дайын, себебі ол қимыл-тірек қозғалысы жағынан саналы әрекет етеді. Ойын барысында да ойлы әрекет ету арқылы өзінің не істегісі келетінін біліп, соны дұрыс атқаруға тырысады, өз әрекеттерінен белгілі дәрежеде қорытынды шығарады, ойлай, киялдай біледі деп түйіңдейді. Ал Д.Б.Эльконин алты жастағы баланың ана тілінің дыбыстау жүйесін білетіндігін, есту, көру қабілетінің жақсы дамығаңдығын, сөз қорының жеткіліктілігін, олармен әнгімелесуге, сұрақтарға жауап алуға толық мүмкіндік болатынын айтады. Міне, мұғалім сабақ берген кезде олардың осы сапаларын сүйенеді. Қазіргі таңда 1-4 сыныптардың барлық пәндері бойынша оқулықтар мен оқу- әдістемелік кешендерінің байқауға арналған нұсқалары жарық көріп, республикамыздың мектептерінде эксперименттік байқаудан өтуде.
12-жылдық мектептің бастауыш буын бағдарламасында әр пән бойынша дайындық кезеңі жеке қарастырылып, оған арнаулы сағат бөлініп ерекше көрсетілген. Мұндағы мақсат -психолгиялық тұрғыдан мектепке жаңа келген алты жасар баланың ойын әрекетін жалғастыра отырып, біртіндеп оқу әрекетіне көшуін камтамасыз ететін әдістерді қарастыру. Алты жасар бала үшін жаңа рөл -оқушы, жаңа әрекет - оқу болса, осы мәселелерге олардың шаршамай, жалықпай қызығушылықпен араласып кетуіне, маңайымен қарым - қатысының күшеюіне жағдай жасау мұғалімнің шеберлігін және осы жастағы оқушының психологиялық ерекшелігін жете білуін керек етеді.
Білім берудің бүгінгі күнгі мақсатына сәйкес бастауыш мектептің бітірушісі мыналарды меңгеруі және білуі керек:
-
қоршаған дүние туралы білімі болуы және оны әр түрлі жағдайларда қолдана алуы;
-
өз бетімен және басқалармен ынтымақтастықта жұмыс істей білуі;
-
ауызша және жазбаша қарым - қатынас мәдениетінің болуы, өз құрдастарымен және ересектермен өзара қарым - қатынас жасай білуі;
-
ұлттық және адамзаттық кұндылықтарды түсінуі және қабылдауы;
-
табиғатпен, қоғаммен және өз-өзімен дене, адамгершілік, рухани үйлесімділікке ұмтылуы.
Әр ұстаз оқу – тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақта түрлі әдіс- тәсілдерді пайдаланса игі нәтижеге жетері сөзсіз.
Бақылау сұрақтары:
1.12-жылдық білім беру технологияларының ерекшеліктері
2. Дамыта және коммуникативті оқыту технологиялары
3. 12-жылдық мектептің бастауыш буындарын оқытудың негізі
Лекция №5
Достарыңызбен бөлісу: |