Химия және химиялық технология факультеті



бет1/7
Дата17.09.2023
өлшемі35.8 Kb.
#477761
  1   2   3   4   5   6   7
УМКД ИКГ каз 1 курс ХТНВ Тулешов


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


Химия және химиялық технология факультеті


Химиялық физика және материалтану кафедрасы



Келісілген:
Факультет деканы
_____________________ Оңғарбаев Е.К.
"_______"___________2013 ж.

Университеттің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді


Хаттама №_6_ «_21_»_06_ 2013 ж.
Бірінші проректор
___________________ Ахмед-Зәки Д.Ж.
"__21__"___06____ 2013 ж.



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




«IKG1301 - Инженерлік және компьютерлік графика»
Мамандық «5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы»
Оқу түрі күндізгі

Алматы 2013 ж.
«Инженерлік және компьютерлік графика» пәнінің оқу әдістемелік кешенін «5В072000 - Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығының Негізгі оқу жоспары және «Инженерлік және компьютерлік графика» пәнінің Негізгі оқу бағдарламасы негізінде т.ғ.к, аға оқытушы Төлешов Е.А. құрастырған.

Химиялық физика және материалтану кафедрасының


мәжілісінде қаралып ұсынылды.

« 8 » мамыр 2013 ж., хаттама № 38


Кафедра меңгерушісі _________________ Төлепов М.І.




Факультеттің әдістемелік (бюро) кеңесінде ұсынылды.


« 23 » мамыр 2013 ж., хаттама № 9

Төрағасы (Төрайымы) ________________________ Сыздыкова Л.И.




Алғы сөз

«Инженерлік және компьютерлік графика» техникалық сызу және сонымен қатар сызба геометриясының элементтерін кұрайтын жалпы инженерлік оқу пәні болып саналады.


Негізгі оқу бағдарламасы «Органикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы үшін тәжірибелік білім беру бағдарламасына сәйкес әзірленген. Негізгі ережелер студенттердің міндетті түрде игеруіне тиісті жалпы білім деңгейін анықтайды.
Инженерлік және компьютерлік графика - конструкторлық кұжаттардың негізгі ережелерін оқып - біліп және дайындалуы студенттер оқуының бірінші сатысы болып есептелінеді, сызу мен геометрияның сызба геометриясы, инженерлік және компьютерлік графиканың белгілеулері, ұғымдары, терминдері мен анықтамаларын сәйкестікке келтіруге назар аудару қажет.
Инженерлік және компьютерлік графика анықтылық пен дәлдікті қамтамасыз ете отырып, өзінің бірқатар қорытындыларын техникалық сызбаларды орындаудың практикасына тасымалдайды.
Компьютерлік графика – әртүрлі көріністерді алудың мәселелерінмен айналысатын, ақпараттанудың аймағы болып табылады.
Компьютерлік техниканың көмегімен графикалық көріністерді өңдеу және жасау тәсілдері мен құралдары. Растрлық графиканың Adobe Photoshop, CorelDRAW графикалық редакторларының көмегімен көріністерді жасау және өңдеу.
Студентер сызбаларда компьютерде орындаудың заманауи тәсілдері туралы мәліметтерді алулары тиіс. Сонымен қатар, оларды АutoСАD графикалық ортасында қарапайым сызбаларды орындауға үйрету, яғни, компьютерлік графикамен толық таныстыру.
Сызбаның көмегімен техникалық ойларды беру тәсілдері; геометриялық конструкциялау (модельдеу) аппаратының негіздері; нүктелердің; сызықтардың; жазықтықтардың; беттердің кескіндерін салудың теорилық негіздері туралы түсінігі болуы керек.
Жазықтыққа кеңістікті кескіндеудің негізгі проекциялық модельдерін, Г. Монждың екі, үш қырлы кешенді сызбасының аппаратын, жазық және кеңістіктік пішіндердің құрылу заңдарын, олардың кескіндерін салу тәсілдерін, КҚБЖ (Конструкторлық құжаттаманың бірыңғай жүйесі) негізгі талаптарын білуі керек;
геометриялық фигуралардың өзара тиесілігіне және өзара қиылысуына арналған есептерді оқуды, шешуді; олардың бейнелері бойынша қарапайым тетіктердің геометриялық пішіндерін анықтауды және осы кескіндерді құрама бірліктің өзінен де, сызбасы бойынша да орындауды; құрама бірліктер сызбаларын оқуды; сәулеттік-құрылыс сызбаларын және құрылыс конструкциялары түйіндерін оқуды жасай білуі керек;
сызба құралдарымен практикалық жұмыс істеу; күрделілігі орташа тетіктер мен құрама бірліктердің заттарын, сызбаларының кескіндерін оқу; тетіктердің, құрама сызбалардың және жалпы түрдегі сызбалардың нобайлары мен жұмыс сызбаларын орындау; тетіктер мен құрама бірліктердің сызбаларда өлшемдерді қою және тетіктерді өлшеу; ақпараттық-анықтамалық материалдар мен әдебиеттер көздерін пайдалану; конструкторлық құжаттаманы өндірістік құжат ретінде қабылдау, кеңістіктік бейнелермен ойлау дағдыларын иелену керек.
Техникалық және конструкторлық құжаттаманы құрастыруда; қазіргі автоматтандырылған программаларды қолдана отырып, тетіктердің жұмыстық сызбаларын рәсімдеу кезінде КҚБЖ МЕСТ-тарын пайдалануда құзыретті болу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет