«Химия» пәнінен
тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы
10-сынып
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт)
Нұр-Сұлтан, 2019
МАЗМҰНЫ
1.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 3
2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3
3.Күтілетін нәтиже 3
4.Ойлау дағдыларының деңгейі 4
5.Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6.Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5
7.Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 15
3-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 24
4-ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 32
Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
«Химия» пәні бойынша жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған жаңартылған мазмұндағы оқу бағдарламасы
Күтілетін нәтиже
Білу
негізгі химиялық ұғымдарды;
атомистикалық теорияны;
органикалық заттардың химиялық құрылыс теориясын;
түрлі белгілері бойынша заттарды жіктеуді;
органикалық және бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарының номенклатурасын, құрылысын, физика-химиялық қасиеттерін;
полимерлі материалдардың, металдар мен қоспалардың, бейметалдар мен олардың қосылыстарының кейбір салаларда қолданылуы және ерекше қасиеттерін;
Түсіну
түрлі заттардың химиялық реакцияларға түсу қабілеттерін;
кинетикалық теорияның, гомогенді және гетерогенді катализдің негіздерін;
құрылысына байланысты органикалық және бейорганикалық қосылыстардың химиялық қасиеттерін;
ең маңызды органикалық және бейорганикалық заттардың химиялық өндірілу қағидаттарын;
Қолдану
табиғатта, тұрмыста және өндірісте болып жатқан химиялық құбылыстарды түсіндіру үшін;
заттарды сапалық талдау әдістерін;
қоршаған ортада экологиялық сауатты болу ережесін;
қоршаған ортаның химиялық ластануының тірі ағзаларға әсер етуін бағалау әдістерін;
химиялық эксперименттер нәтижелерін әзірлеу, жүргізу, бақылау, жазу және талдау үшін ғылыми әдістерді білу және сыни тұрғыда ойлауды; жанғыш, улы заттарды, зертханалық құрал-жабдықтарды пайдалануда қауіпсіздік ережелерін қолданады;
Талдау
заттардың қасиеттері олардың құрамы мен құрылысына байланысты екенін;
химиялық реакцияның жылдамдығы мен химиялық тепе-теңдік түрлі факторларға байланысты екенін;
периодтық жүйеде элементтердің қасиеттерінің өзгеру үрдісін талдайды;
Синтездеу
органикалық және бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары арасындағы генетикалық байланыстарды;
заттардың химиялық байланыс және құрылыс теориясының көмегімен химиялық айналымдардың болып өту мүмкіндіктері мен нәтижелері туралы дәлелді пайымдауларды жинақтайды;
Бағалау
әртүрлі материалдардың қасиеттерін;
химиялық реакциялардың жылдамдығына әртүрлі факторлардың әсер етуін;
химиялық тепе-теңдікке сыртқы ортаның түрлі жағдайларының ықпал етуін;
қоршаған орта мен адам денсаулығына химиялық өндірістің әсер ету зардаптарын;
түрлі дереккөздердің ақпараттарының дұрыстығын бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |